УНИВЕРСИТЕТКЕ ЖИНАҚЫ КИІНІП КЕЛІҢІЗ – себебі, Сіздің
сырт келбетіңізге қарап, білім алуға келген студент екеніңізді кез-келген
адам түсіну керек. Кішкене құпияны аша кетсек: жинақы киінген студент
ұстаздар мен университет қызметкерлері тарапынан түсіністік пен ыстық
ықыласқа ие болады. Киім кигенде шектен тыс ашық түсті киінбеуге
тырысыңыз. Қыз балаларға косметика мен бұйымдарды шектен тыс
қолданбауға кеңес береміз.
ЖАН-ЖАҒЫҢЫЗДАҒЫ
АДАМДАРҒА
СЫЙЛАСТЫҚ
ТАНЫТЫҢЫЗ – егер кіре/шыға беріс есікте кӛп адамдар жиналып қалса,
жігіттер қауымы қыз балаларға жол беруі керек, ал студенттер – университет
қызметкерлерін ӛткізіп жіберуі тиіс. Егер дәл сол уақытта Сізден емтихан
қабылдайтын мұғаліміңізге жол берсеңіз Сізден асқан сыпайы адам жоқ!
Университетке кіргенде жігіттер қауымы бас киімдерін шешіп, ал сырт
киімді барлық студенттер гардеробқа ӛткізу керек. Коридорда ары-бері
жүгіруге, кез-келген жерге отыра салуға болмайды. Егер сізге шұғыл түрде
жұмыс жасауға, сабақ орындауға орын керек болса кітапхананың есігі
әрқашан ашық. Лифтке кірерде студенттер университет қызметкерлері мен
оқытушыларға, жігіттер – қыздарға, кішілер - үлкенге жол беруі тиіс.
Кӛпшілік ортада ұялы телефонмен қатты сӛйлесуге, барлық дауыста музыка
тыңдауға тыйым салынады.
ВАХТАДАН ӚТЕРДЕ күзет қызметкеріне бейджигіңізді немесе жеке
бас куәлігін кӛрсетуді ұмытпаңыз. Университетке келудегі мақсатыңызды
айтыңыз. Аталған құжаттар болмаған жағдайда Сіз университетке кіре
алмайсыз. Сонымен қатар, күзетшімен, киімді ӛткізерде – гардероб
қызметкерімен амандасуды ұмытып кетпеңіз! Кӛпшілік ортада романтикалық
қатынастарыңызды ысырып қойыңыз. Себебі, бұл Сіздің айналадағы
адамдарға сыйластықпен қарамайтындығыңызды кӛрсетеді.
КІММЕН ҚАЛАЙ СӚЙЛЕСУ КЕРЕКТІГІН ҦМЫТПАҢЫЗ: ӛз
ойыңызды анық жеткізіңіз, жаргон сӛздерді қолданбауға тырысыңыз!
Оқытушымен сӛйлескенде ӛте сыпайы болуды естен шығармаңыз. Сонымен
қатар, университетте қалай болса солай сӛйлеуге болмайтынын ескертеміз!
САБАҚҚА УАҚЫТЫНДА КЕЛІҢІЗ: студенттер аудиторияға
оқытушыдан бұрын келуі тиіс. Егер Сіз кешіккен жағдайда, есікті жай ашып,
оқытушымен амандасып,кешіккеніңіз үшін кешірім сұраңыз. Рұқсат алған
жағдайда жылдам және студенттердің назарын ӛзіңізге аудармай орныңызға
барып отырыңыз. Аудиторияға кірерде ұялы телефоныңызды ӛшіріп қоюды
ұмытпаңыз. Сабақ үстінде бӛгде дыбыстар, сонымен қатар шулау, қатты
сӛйлеу, музыка тыңдау сабақ ӛтуге кедергі келтіреді. Егер Сіздің оқытушыға
Ф-009/027
12
қояр сұрағыңыз болса қол кӛтеріп сұрай беріңіз. Есіңізде болсын, оқытушы
Сізді аудиториядан тәртіп бұзған жағдайда шығаруға құқылы! Бұл жағдайда
оқытушыдан үндемей кешірім сұраңыз, оқиғаның шиеленісіп кетуіне жол
бермеңіз!
ОҚУ ҒИМАРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ САҚТАҢЫЗ – университетте
кез-келген қоқысты тастауға арналған орындар бар.
Университет қабырғаларына Сіздің шығармашылық қабілетіңізді
кӛрсететін суреттер салуға, шимайлауға тыйым салынады. Бұл Сіздің
тәрбиесіздігіңізбен қатар, университетті материалдық шығынға ұшыратасыз.
Университетте рұқсат берілмеген хабарландыруларды ілуге тыйым
салынады. Егер стендке студенттер мен қызметкерлерге қызықты ақпарат
ілгіңіз келсе, тәрбие жұмысы жӛніндегі проректордың рұқсатын алу қажет.
Университет пен жатақханада темекі шегуге тыйым салынады. Бұл
ережені сақтау қатаң бақыланады, ереже бұзғандарға тәртіп жӛніндегі қатаң
жаза қолданылады. Сонымен қатар, алкогольді ішімдік ішкен күйде жүру
университетте тыйым салынады.
Жоғарыда аталған ережелерді қатаң ұстануға тырысыңыз, әрқашан тек
жақсылық жасауға ұмтылыңыз – басқалар да Сізге сондай жауап қайтарады.
Қандай жағдай болмасын, Сіз «Сырдария» университетінің студенті атанып,
ӛмірдің бір сатысына кӛтерілдіңіз!
СІЗДІҢ КӚМЕГІҢІЗБЕН БІЗ МЫҚТЫ БОЛАМЫЗ!
Жастар Комитеті
Жастар Комитеті – студент жастардың тұрмыс, оқу, бос уақытын
ұйымдастыру туралы маңызды сұрақтарымен ғана айналысып қоймайтын,
оларға әлеуметтік қолдау кӛрсететін бастамашыл, инновациялық, тәуелсіз,
жауапкершілігі мол студенттердің қоғамдық қызметі.
Жастар Комитетінің қызметі студенттік ӛмірді жарқын және әсерлі
ететін кӛптеген іс-шараларды, акциялар мен сайыс бағдарламаларын құруға
және іске асыруға бағытталған. Бұл жерде студенттер ұйымдастыру
шеберлігіне үйреніп қана қоймай ӛздерінің достары мен құрдастарының
таланттарын ашуға кӛмектеседі.
Жастар Кеңесінің негізгі мақсаттары:
–
студенттер бойында белсенді азаматтық позицияны қалыптастыру,
оларды заманауи қоғамда маңызды проблемаларды шешуге белсенді
түрде ат салысуға шақыру;
–
Университет студенттерінің мүдделері мен құқықтарын қорғау және
ӛкілеттілік жасау;
–
студенттердің
мәдени,
шығармашылық,
ұйымдастырушылық
қажеттілігіне жағдай жасау.
Жастар Комитеті жұмысының негізгі бағыттары:
–
Университет студенттерінің бойында патриоттық мақтаныш сезімін
қалыптастыру. Біздің университетіміздің тәрбиеленушісі біздің оқу
Ф-009/027
13
орнының, біздің қаламыздың, біздің мемлекетіміздің патриоты екенін
мақтанышпен сезінуі тиіс;
–
студенттердің
мүдделерін
Университеттің
құрылымдық
бӛлімшелерінің барлық деңгейінде қорғау;
–
университеттің
әр
түрлі
қызмет
шеңберінде
студенттердің
бастамаларын дамыту, әлеуметтік-маңызды іс-шараларды жасау және
іске асыру;
–
белсенді студенттер дайындау;
–
студенттердің ғылыми қызметін ынталандыру;
–
студенттік конкурстар, мерекелер және басқа да кӛпшілік іс-шараларды
ӛткізу;
–
Университет студенттерін университеттің спорттық ӛміріне тарту;
–
студенттердің ортасында бейәлеуметтік жағдайлардың алдын-алу;
–
ҚР және шет елдегі қоғамдық ұйымдарымен және басқа да студенттік,
жастар ұйымдарымен гуманитарлық және ғылыми байланыстарды
дамыту;
Сіз де біздің қатарға қосыла аласыз. Біз Сізді бас оқу ғимаратында №4
кабинетте күтеміз. Біздің есігіміз сіздерге әрқашан ашық!
«7СЫР» және «Мақтаарал» газеттері
Газеттің негізгі міндеті университет қызметкерлері мен студенттерін
ректораттың, Ғылыми Кеңестің, құрылымдық бӛлімшелер мен қоғамдық
ұйымдардың жұмысы жайында хабардар ету, университеттің барлық негізгі
жаңалықтарын жеткізу болып табылады. «7СЫР» газеті А3 форматында
айына 4 рет 3500 данамен шығады. «Мақтаарал» газеті А3 форматында
айына 4 рет 4567 данамен шығады.
Университеттің құрылымдық бӛлімшелерімен байланыс орната отырып
ондағы барлық жаңалықтарды , сонымен қатар жалпыуниверситеттік іс-
шаралардың жоспарын газет бетінде жариялайды. Газет Халықаралық
байланыс бӛлімі, кітапхана, факультеттер, студенттік кәсіподақ, оқытушылар
мен қызметкерлер, сонымен қатар Жастар Комитетімен тығыз байланыста.
Егер де Сіз креативті болсаңыз, мақала және ӛлең жазумен
айналыссаңыз.
Жазбаша
мақалаларыңыз
бен
ӛлеңдеріңіздің
электронды нҧсқасы мен жазбаша нҧсқасын Жетісай қ. М.Әуезов
кӛшесі «7СЫР», «Мақтаарал» газеттерінің редакциясына немесе
Жастар Комитетіне тапсырыңыз. Біз Сізді кҥтеміз!
Студенттің бос уақыты
Университетте сабақ уақытында және де бос уақытта Ӛзіңізді біздің
ұжымның толыққанды мүшесі ретінде сезінуге барлық жағдайлар жасалған.
Егер Сіздің бойыңызда кӛшбасшылық қабілет болса,онда Сіз ӛзіңізді топ
старостасы ретінде, топтағы, университеттегі мәдени-спорттық іс-
шараларды, мерекелерді ұйымдастырушы немесе бастамашы ретінде ӛз
қабілетіңізді кӛрсетіп қана қоймай, оны одан әрі шыңдай аласыз.
Ф-009/027
14
Егер Сізде жаңа идеялар болып, соны жүзеге асырғыңыз келсе –Жастар
Комитетіне келіңіз. Бұл жерде Сіздің идеяңызды, талап-тілегіңізді тыңдап
қана қоймай, Сізге қызықты жұмыстар тауып береді, талантыңызды ашуға
кӛмектесіп, жаңа студенттік жобалар Сіздің қатысуыңызбен жүзеге асып
жатады.
Біздің университетте Жастар Комитетінің қатысуымен студенттердің
талантын шыңдауға арналған кӛптеген үйірмелер қызмет атқарады:
-
«Сырдария құрамасы» Жайдарман командасы;
-
«Назерке» би ансамблі
-
«Жетісай сазы» оркестрі;
-
«Жалын» дебат клубы
-
«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар Қанаты;
-
Қазақстан Студенттерінің Альянсы;
Университеттің спорттық ӛмірі спорттық іс-шаралардың дамуына
бағытталған, студент-спортсмендердің спорттық шеберлігін шыңдауға
арналған оқу-тәрбиелеу процесінің жалғасы болып табылады. Студенттер
қалалық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысып жеңімпаз,
чемпиондар атанып жатады. Спортсмендер қаламыздағы әр түрлі спорттық
жарыстарға қатысып спорттың дамуына ӛзіндік үлестерін қосады. Жеке
спорт түрлерінен біздің студенттер жоғары дәрежелі жарыстарға қатысады.
Есіңізде болсын: осының бәрі Сіздің оқу ҥлгеріміңіз жоғары
деңгейде болғанда ғана жҥзеге асады
Медпункт
Егер сіздің денсаулығыңыз сыр берсе, онда медпункттің есігі әрдайым
ашық. Ол Бас оқу ғимаратында және университет жатақханасында
орналасқан. Университеттің медбикесі –Мыңбаева Роза Аимбетовна және
Абдибекова Кумисай Икрамовна.
Оқу ҥдерісін ҧйымдастыру ережелері
Кредиттік технология бойынша оқытудың жалпы ережелері
Ұлттық білім берудің оқу бағдарламаларын халықаралық тану,
университеттің білім алушылары мен оқытушыларының ұтқырлығын
қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру сапасын арттыру және білім берудің
барлық деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін «Сырдария»
университетінде бірыңғай кредиттік оқыту технологиясы іске асырылады.
«Сырдария» университетінде оқыту мемлекеттік тілде бакалавриаттың
22 мамандығы бойынша жүргізіледі.
Кредиттік оқыту технологиясы білім алушы мен оқытушының оқу
жұмысы кӛлемінің біріздендірілген ӛлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану
арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын ӛз
бетінше жоспарлауы негізінде жүзеге асырылады.
Ф-009/027
15
Кредиттік оқыту технологиясы кезінде оқу жұмысының еңбек
сыйымдылығының есебі кредит арқылы ӛлшенетін оқытылатын материалдың
кӛлемі бойынша жүзеге асырылады.
Кредиттік оқыту технологиясы білім берудің барлық деңгейлері
бойынша бұрын меңгерілген кредиттердің ӛспелі есебін білдіретін
жинақтаушы болып табылады.
Кредиттік жүйемен оқытуда тӛмендегідей негізгі ұғымдар мен
анықтамалар қолданылады:
1) академиялық кҥнтізбе (Асаdеmіс Саlеndar) - оқу жылы бойына
демалыс күндерін (каникулдар мен мерекелерді) кӛрсете отырып, оқу және
бақылау іс-шараларын, кәсіби практикаларды ӛткізу күнтізбесі;
2) академиялық ҧтқырлық – білім алушыларды немесе оқытушы-
зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге: семестр немесе оқу жылына
ӛзге жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) игерген білім
бағдарламаларын міндетті түрде кредит түрінде сынақ ретінде тапсыра
отырып ӛз ЖОО-сында немесе ӛзге ЖОО-да білімін жалғастыру немесе
зерттеулер жүргізу үшін ауыстыру;
3) академиялық еркіндік – білім беру үрдісінің субъектілеріне оларды
таңдау бойынша жиынтық пәндерден, оқытудың қосымша түрлерінен білім
мазмұнын дербес анықтау үшін және білім алушылардың, оқытушылардың
шығармашылық дамуына және оқытудың инновациялық технологиялары мен
әдістерін қолдануға жағдай жасау мақсатында білім беру қызметін
ұйымдастыру үшін ұсынылатын білім беру процесі субъектілерінің
ӛкілеттіктер жиынтығы;
4) білім алушының академиялық рейтингі (Rating) – аралық
аттестаттау нәтижелері бойынша жасалатын білім алушының оқу бағдарлама
пәнін игеру деңгейінің сандық кӛрсеткіші;
5) академиялық деңгей (Degree) – қорытынды аттестаттау
нәтижелері бойынша, тиісті оқу бағдарламаларын меңгерген білім
алушыларға білім беру ұйымдары тағайындайтын дәреже;
6) академиялық сағат - кесте бойынша оқу сабақтардың
(аудиториялық жұмыс) барлық түрлерi немесе жеке бекiтiлген графика
бойынша білім алушылардың оқытушымен байланыс жұмысының уақыты;
7) белсенді ҥлестірмелі материалдар (КҤМ) (Hand-оuts) - білім
алушының тақырыпты шығармашылықпен табысты меңгеру үшін оқу
сабақтарында таратылатын кӛрнекі безендірілген материалдар (дәріс
тезистері, сілтемелер, слайдтар, мысалдар, глоссарийлер, ӛз бетінше жұмыс
істеуге арналған тапсырмалар);
8) білім алушыларды қорытынды аттестаттау (Qualification
Eхamination) - мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында
қарастырылған оқу пәндерінің игеру дәрежесін немесе кӛлемін анықтау
мақсатында ӛткізілетін рәсім;
9) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушының
емтихан сессиясы кезеңінде бір пәннің толық кӛлемін немесе бір бӛлігінің
Ф-009/027
16
мазмұнын аяқтап болғаннан кейін оның игеру сапасын бағалау мақсатында
ӛткізілетін рәсім;
10) білім алушылардың ӛзіндік жҧмыстары (бҧдан әрі - БӚЖ) - ӛз
бетінше оқуға берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен
қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар,
шығармалар мен есеп берулер түрінде бақыланатын тақырыптардың нақты
тізбесі бойынша жасалатын жұмыс; білім алушының санатына қарай ол
студенттің ӛзіндік жұмыстары (бұдан әрі - СӚЖ), магистранттың ӛзіндік
жұмыстары (бұдан әрі - МӚЖ) және докторанттың ӛзіндік жұмыстары (бұдан
әрі - ДӚЖ) болып бӛлінеді; БӚЖ-дің барлық кӛлемі білім алушылардан
күнсайын ӛзіндік жұмыстарды талап ететін тапсырмалармен расталады;
11) білім алушылардың оқудағы жетістігі - білім алушылардың оқу
үдерісінде алатын және жеке тұлғаның қол жеткізген даму деңгейін
кӛрсететін білімі, іскерліктері мен дағдылары, құзыреті;
12) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау - жоғары
оқу орындары дербес анықтайтын бақылау мен аттестаттаудың әртүрлі
нысандары арқылы (ағымдық, межелік, қорытынды) білім алушылардың
білім деңгейін тексеру;
13)
білім алушылардың ҥлгеріміне ағымдық бақылау –
академиялық кезең ішінде, оқытушымен ӛткізілетін аудиториялық және
аудиториялардан тыс сабақтарда білім алушылардың білімін оқу
бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру;
14) Еуропалық трансферт (аударым) және несиелік жинақтау
жҥйесі (ECTS) - білім беру траекториясы, оқу орны және оқыту елі ауысқан
жағдайда білім алушылардың игерген оқу пәндерін (кредит мен бағаларын
қоса алғанда) салыстыру және қайта сынақтан ӛткізуде пайдаланылатын
білім беру бағдарламалары компоненттеріне сынақ бірліктерін (несие)
белгілеу әдісі;
15) жеке оқу жоспары - білім алушымен ҮОЖ және элективті
пәндердің каталогы негізінде эдвайзердің кӛмегімен әрбір оқу жылына
дербес жасалатын оқу жоспары;
16) кредит (Credit, Credit-hour) – білім алушының/оқытушының оқу
жұмысы кӛлемін ӛлшейтін сәйкестендірілген бірлігі;
17) кредиттік оқыту технологиясы - білім алушы мен оқытушының
оқу жұмысы кӛлемінің біріздендірілген ӛлшем бірлігі ретінде кредитті
қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын
дербес жоспарлауы негізінде оқыту;
18) қорытынды бақылау – емтихан түріндегі аралық аттестаттау
кезеңінде жүргізілген оқу пәні бағдарламасын бағалау сапасының мақсатын
игеру, білім алушылардың оқудағы жетістігін бақылау; егер бірнеше
академиялық кезеңдер барысында пәндер оқытылатын болса, онда
оқытылған нақты академиялық кезеңде, пәндерге бӛлімдер бойынша,
қорытынды бақылау жүргізіледі;
Ф-009/027
17
19) межелік бақылау – бір оқу пәнінің ірі бӛлімін (модулін)
аяқтағанда білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау;
20) оқу пәнiне жазылу (Enrollment) – білім алушылардың оқу пәніне
белгілі бір тәртіппен алдын ала жазу рәсімі;
21) оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жҥйесі
-
халықаралық тәжірибеде қабылданған әріптік жүйедегі сандық
эквивалентіне сәйкес келетін және білім алушылардың рейтінгін белгілеуге
мүмкіндік беретін балл түріндегі оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау
жүйесі;
22) Тіркеу офисі
- білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің барлық
тарихын тіркеумен айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін
және оның академиялық рейтингісіне есеп жасауды ұйымдастыруды
қамтамасыз ететін академиялық қызмет;
23) оқытушының басшылығымен жҥргізілетін білім алушының
ӛзіндік жҧмысы (бҧдан әрі - ОБӚЖ) – бекітілген кесте бойынша
оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының аудиториядан
тыс жұмысы; білім алушының санатына қарай ол: оқытушының
басшылығымен жүргізілетін студенттің ӛзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОСӚЖ),
оқытушының басшылығымен жүргізілетін магистранттың ӛзіндік жұмысы
болып бӛлінеді;
24) оқу ҥлгерімінің орташа балы (Grade Point Average - GРА) –
(ағымдық оқу кезеңі бойынша кредиттердің жалпы санына қарай аралық
аттестаттау пәндерінің балдық бағасының сандық эквиваленті мен
кредиттер сомасының қатынасы) білім алушының таңдаған бағдарлама
бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған
орташа бағасы;
25) оқу жҧмыс жоспары (бұдан әрі - ОЖЖ) - мамандықтың ҮОЖ
және білім алушының жеке оқу жоспары негізінде білім беру ұйымдары
дербес әзірлейтін құжат;
26) пәннің сипаттамасы (Curse Description) - пәннің мазмұнын,
мақсаттары мен міндеттерін, қысқаша нысанды қамтитын пәннің қысқаша
сипаттамасы (5-8 сӛйлемнен тұрады);
27) пререквизиттер (Рrereguisite) - оқылатын пәнді игеру үшін қажетті
білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер;
28) постреквизиттер (Роstreguisite) - аталған пәнді оқыту аяқталғанда
оларды зерделеу үшін меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет
ететін пәндер;
29) пәндер бағдарламасы (Syllаbus) - оқитын пәннің сипаттамасын,
мақсаттары мен міндеттерін, оның қысқаша мазмұнын, оның үйренуі
тақырыбы мен ұзақтығын, ӛзіндік жұмыс тапсырмаларын, кеңес беру
уақытын, білім алушылардың білімін тексеру кестесін, оқытушы
талаптарын, бағалау ӛлшемдерін қамтитын оқу бағдарламасы және
әдебиеттер тізімі;
Ф-009/027
18
30) транскрипт (Тrаnsсrірt) – білімді бағалаудың сандық және әріптік
жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары кӛрсетілген тиісті кезеңде ӛтілген
пәндердің тізбесі бар құжат;
31) тьютор – студенттің нақты пәнді игеруі бойынша академиялық
кеңесші рӛлін атқаратын оқытушы;
32) ҥлгілік оқу жоспары (бұдан әрі - ҮОЖ) - білім берудің кәсіптік
оқу бағдарламасының оқу пәндерінің тізбесі мен кӛлемін, оларды оқытудың
тәртібін және бақылау нысандарын реттейтін құжат;
33) элективтік пәндер – белгіленген кредит шеңберінде және білім
беру ұйымы енгізетін таңдау бойынша, білім алушылардың жеке
дайындығын
кӛрсететін
әлеуметтiк-экономикалық
дамытудың
ерекшеліктерін және нақты ӛңірдің, жоғары оқу орындарында ғылыми
мектеп пайда болатын қажеттiліктерін есепке алатын компонентке кiретiн
оқу пәндерi.
34) эдвайзер (Аdvisor) - тиісті мамандық бойынша білім алушының
академиялық тәлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына
(жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және оқу кезеңінде білім беру
бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы;
Достарыңызбен бөлісу: |