«сырттай және кешкі, ҚашықТЫҚтан оқыту» факультеті


Трансмиссиялы инфекциялардың алдын алу



Pdf көрінісі
бет54/75
Дата21.04.2023
өлшемі1,17 Mb.
#85147
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   75
Трансмиссиялы инфекциялардың алдын алу
 
Қанға еніп иифекциялардың әсерінен организмде пайда болатын ауытқулар 
трансмиссиялы өзгерістер деп аталады. Олар антропонозды аурулар 
— 
безгек, 
бөртпе, сүзек және басқалар, сондай-ақ малдан жұғатын (зоонозды) — бруцеллез, 
туляремия, оба және деп бөлінеді.Безгек – ұстамаға ұласып отыратын ауыр дерт. 
Әсіресе, ол климаты ыстық жерлерде жиі кездеседі. Біздің елімізде безгек іс 
күзінде жойылған, сонда да оның бұрқ ете түсу қаупі бар. 2-4 күнге созылатын 
түрі 
жиі 
кездеседі.
Аурудың қоздырғышы эритроцитте паразиттік өмір сүретін плазмадий. Адам 
организміне безгек масасы шаққан кезде енеді.
Аурудың жасырын (инкубациялы) 
кезеің 10-12 күн. 
Ауру 1,5-2 сағатқа созылатын қалшылдаудан, температураның көтерілуінен 
(40—41°) басталып, сонан соң ағыл-тегіл тер шығып,
температура төмендейді.
Күрт әлсіреу сезімі, бас ауруы кейде лоқсу және пайда болады.
1 немесе 2 күннен соң ұстама тағы қайталанады. Диагноз қаннан плазмадий 
табылғанда ғана расталады.
Безгекті хинин (акрихин) препаратымен емдейді. Аурудан айыққан 
адамдарда тұрақты иммунитет қалыптаспайды. 
Аурудан алдын ала сақтану үшін инфекция көздерін анықтау, массаларды 
қыру шараларын жүргізеді. Безгек көп тараған аймақтарда ауырған және сау 
адамдарды масалардың шағуынан қорғау үшін неше түрлі құралдар қолданылады. 
Жазғы демалы кезінде балаларды. қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. Бөртпе сүзек 
— аса қатерлі жұқпалы ауру, оны сондай-ақ эпидемиялы «бит» сүзегі деп те 
атайды. Инфекция көзі сырқат
кісі, ал оны таратушы –көйлек биті. Аурудын 
жасырын кезеңі 7-23 күн (орта есеппен 14—15күн). Бөртпе сүзек бірден өршіп, 
оған шалдыққан адамның денесі қалтырап, қызуы көтеріледі (39-40,5°), басы 
сыздап ауырады, ауру зардабынан сандырақтайды, көзіне әр нәрсе елестейді. 
Аурудың 5-күні теріде бөртпе пайда болады. Бөртпе сүзекпен ауырған және 
күмәнділердің барлығы ауруханаға жатқызылады. Қанға арнайы анализ жасау 
арқылы диагноз қойылады. Емдеу барысында аурудың күтімі мен тамағына 
ерекше
көңіл бөлінеді.
Ауру шыққан жердегі барлық жұмсақ мүліктерді, төсек-орын, мен іш 
киімдерді дезинфекциялап шығарған, сондай-ақ оған күмәнді адамдардың 
барлығы санитарлық дәрілеуден өткізіледі. Ауруы күдікті адамдардың күн бойы 
температурасын өлшеп бақылауға алады.


Бөртпе сүзектің арнайы сақтық шараларына — Кронтовская-Маевскийдің 
вакцинасымен бүкіл жұртшылыққа белсенді түрде иммунитет қалыптастыру. 
Ауруханалардың медицина қызметкерлеріне (дәрігерлер, емші бибілер,
дәрілеушілер, кір жуушылар, аурухана шаштараздары) егу ең алдымен және 
ұдайы жасалады. Егу аурудан толық қауіпсіздендірмейді, бірақ сырқат жеңіл 
өтеді. 
Совет Одағында бұл сырқат жойылған, бірақ оны мүлдем есептен шығарып 
тастауға болмайды, өйткені халық тығыз орналаскан жерлерде және сақтық 
ережелері бұзылған жағдайда, аурудың бұрқ ете түсуі мүмкін. Сондықтан жүйелі, 
бір тұтас сақтық шараларын жүргізу қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет