«сырттай және кешкі, ҚашықТЫҚтан оқыту» факультеті


Балалар мен жас өспірімдердің өкпесінің тіршілік сыйымдылығы



Pdf көрінісі
бет56/75
Дата21.04.2023
өлшемі1,17 Mb.
#85147
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   75
 
Балалар мен жас өспірімдердің өкпесінің тіршілік сыйымдылығы 
 
1-кесте 
Бала 
Жасы 
 


10 
12 
15 
17 
Ер 
бала 
1200 
1400 
1630 
1975 
2600 
3520 
Қыз 
бала 
1100 
1200 
1460 
1905 
2530 
2760 
Баланың дем алуды реттеу қабілеті де нашар, бұл баланың сөйлеу 
қабілетімен бірге жетіледі де, 11-12 жаста ересек адамдармен бірдей болады. 
Өкпенің тіршілік сыйымдылығын с п и р о м е т р деген арнайы аспаппен өлшейді. 
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы мен қалдық мөлшері ө к п е н і ң ж а л п ы
с ы й ы м д ы л ы ғ ы н құрады. 
Тыныс алу жиілігі де баланың жасына лайық өзгереді. 
 
Тыныс алу жиілігінің адамның жасына сай өзгеруі 
 
2-кесте 
Жасы 
1 минуттағы 
тыныс 
алу 
жиілігі, рет 


15-20 
20-25 
25-30 
30-35 
44 
26 
20 
18 
16 
18 
 
Газдың алмасуы. Адам мен жануарлардың өмірі үшін ауадағы газдардың 
ішіндегі оттегінің маңызы зор. Адам дем алғанда ішке кіретін ауаның құрамы, дем 
шығарғандағы сыртқа айдалатын ауадан өзгеше. 
 
Тыныс ауасының құрамы 
3-кесте 
Газдардың мөлшері, % 
Газдар 
Сыртқы 
ауада 
Дем 
шығарған ауада 
Азот 
78 
78,8 


Оттегі 
Көмір 
қышқылы 
20,92 
0,033 
16-17 
3-4,5 
2-ші кестеде көрсетілген газдардан басқа дем алғанда ішке кіретін ауаның 
құрамында судың буы, аргон, криптон, ксенон, неон, гелий және сутегі болады. 
Дем шығарған ауаның температурасы сыртқы ауадан жоғары болады, сондықтан 
сыртқа айдалатын ауадағы азоттың пайыздық мөлшері сәл көбірек, бұл 
жылытылғаннан кейін азот молекулаларының кеңеюіне байланысты. Ауадағы 
азот пен басқа газдардың организм үшін маңызы әлі толық анықталған жоқ. Олар 
пайдаланылмай сыртқа қайта айдалады. Бұрын бұл газдар адам организмі үшін 
маңызы жоқ дейтін еді. Ал қазір ұшақ, тік ұшақ, зымырандарды пайдаланып 
ғарыш кеңістігінің жоғарғы қабаттарына шыққандар үшін қажет екендігі 
анықталды. Сондықтан ұшқыш пен ғарышкерлердің, суға сүңгушілердің дем 
алатын ауасының құрамында азот, гелий бар. 3-ші кестедегі көрсеткіштерден дем 
алатын ауаның құрамындағы оттегінің азайып, керісінше, көмір қышқыл газының 
көбейетіні анық көрінеді. 
Ересек адам 1 минөтте өкпесінсн 6-7 л ауаны өткізеді. Алмасатын ауаның 
мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты. Адамның бойы неғұрлым 
биік және салмақты болса, соғұрлым оның өкпесі арқылы ауа көп өтеді. Мысалы, 
ұзын бойлы адамда бұл мөлшер 1 минутте 8 л болса, аласа бойлы кісіде 4,5 л. 
Бірақ бұл заңдылықты балаға аударуға болмайды, ауа балаға ересек адамнан 
көбірек қажет. Тіпті 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л, кейде 7 л ауа өтеді. 
Мұндай ұзақ мерзімді гипервентиляция (лат. гипер+вентиляция -желдету) 
баланың дем алуының ерекшелігіне жатады. Осыған байланысты балалардың 
организмінен бу ретінде судың көптеп шығуы, бүйрек, тері арқылы көмір 
қышқылыпыцң сыртқа айдалуы байқалады. 
Ереск кісіде тыныштық кезінде 3-4 % көмір қышқыл газы айдалатын болса, 
балаларда пайыздық мөлшері соғұрлым аз, мысалы, 5 жастағы балада - 1,7%. 
Дененің көрсеткіштері кеміген сайын сыртқа айдалатын көмір қышқыл газының 
мөлшері төмендейді. Бұл балалардағы гипервентиляцияға байланысты. Ал 
денеден айдалатын көмір қышқыл газының жалпы мөлшері, дененің 1 кг 
салмағына шаққанда, балаларда ересек адамға қарағанда көп болады. 
3.Тыныс алудың нервтік және гуморальдық реттелуі. Тыныс алу мүшелерінің 
қызметінің реттелуі әр дәрежедегі реттеу жолдарымен іске асады. 
Т ө м е н г і дә р е ж е л і т ы н ы с о р т а л ы ғ ы сопақша мида орналасқан. 
Ол бір-бірімен тығыз байланыстағы дем алу мен дем шығаруға жауапты екі 
бөлімнен тұрады. 
Тыныс орталығының нейрондарының қозғыштығы көмір қышқыл газының 
концентрациясына байланысты, яғни гуморальдық реттеу жолы. Оның қандағы 
концентрациясы артқанда тыныс орталығының нейрондарының қозғыштығы 
күшейеді де, тыныс мүшелерінің қызметіне қозғау салады. Көмір қышқыл газның 
тыныс орталығына әсері екі түрлі жолмен іске асады: а) нейрондарды 
қоректендіретін қанның құрамының тікелей әсері; б) рефлекторлы жолмен 
көмірқышқыл газының
арнайы хеморецепторларға әсері. 


Бұлардан басқа да рефлекторлы түрде болатын тыныс алу мүшелерінің 
қызметінің реттелуінің де маңызы үлкен. Айталық, дем алғанда өкпе керіледі де, 
оның қабырғасындағы және қабырға аралық еттер мен диафрагмада орналасқан 
арнайы барорецепторлар тітіркенеді. Оларда пайда болған импульстер орталыққа 
тепкіш жол арқылы сопақша миға барып, оның нейрондарының қызметін тежейді 
де, дем алу тоқтап, дем шығару басталады. Өкпенің керіліп созылуы тоқтасымен 
тыныс алу орталығына баратын импульстер тоқталады, нейрондардың 
қозғыштығы артады да, қайтадан дем алу басталады. Тыныс орталығы бұзылса, 
дем алу тоқталып, тіршлік те жойылады. 
Дем алу мен дем шығаруды реттеуге ми ж а р т ы ш а р л а р ы н ы ң
қ ы р т ы с т а р ы да қатысады. Адам жатғығу арқылы өз еркімен дем алуды 
тоқтата алады. Бірақ бұл организмнің жаттығу дәрежесіне байланысты. Мысалы, 
әдейі жаттыққан индиялық иогтар ұзақ уақыт тынысын тоқтата алады. 
Спортпен шұғылданатын адамдардың тыныс алуының минөттік көлемі 200 
литрге дейін болатыны мәлім, ал спортпен айналыспайтын адамда ол не бары 70-
80 л ғана болады. Ми қыртыстарының тынысты реттеуге қатысуының дәлеліне 
спортшылардың жарыс алдында, студенттердің емтиханға кірерде тынысы 
жиіленетіні мысал бола алады. 
4.Тыныс алу мүшелерінің қызметіне сыртқы ортаның әсері және гигиеналық 
талаптар. Оттегінің жетіспеуіне байланысты өзгерістер. Адам дем алатын ауадағы 
оттегі аз болганда, организмде физиологиялық біраз өзгерістер пайда болады. Ал 
егер тым аз болса, онда ол өзгерітеp ауруға айналады. Тауға шыққанда адам 
оттегісі аз ауамен дем алады. 2,5-3 км биіктікте кейбір кісілср өзін нашар сезінеді, 
бастары ауырып, "жүректері айныйды", бұлшық еттерінің әлсіздігі пайда болады. 
Денесі шынықан спортпен шұғылданатын мықты кісілердің өзінде 5-6 км биіктікте 
жоғарыда айтылған белгілер байқалады. Әлі құрығаны сонша, тіпті қолын да 
қозғалта алмай қалады. Мұндай өзгерістің алдымен адамда өте күшті қозғыштық - 
"эфория", яғни жоғары дәрежеде көңіл шаттануы байқалады да, содан соң ол 
парықсыздык, немқұрайлыққа айналады. Эйфория кезінде адам себепсіз қатты 
күліп, шаттанып, айғайлап, әндетеді, бірақ өз қьлығындағы өзгерістерді 
аңғармайды. Мысалы, ересек адам өзінің фамилиясын жазудың орнына бірқатар 
таяқшаларды сызады, ұшқыш не істеп жатқанын түсінбей, бір кадрға бірнеше 
суретті түсіре береді. Оттегінің қысымы азайған кезде адам өз ісін бақылай 
алмайды. Сондықтан ұшақтардың ішіндегі қысым жердегі ауа қысымына тең етіп 
жасалынған. Содан барып жолаушылар арнайы жаттығудан өтпесе де ұшақтарда 
ұзақ уақыт ұша алады. 
Организмге оттегінің мөлшерінің әсерін байқау үшін арнайы барокамералар 
жасайды. Ішіндегі ауаны copy арқылы оттегінің мөлшерін қажетінше азайтады. 
Мұндай жағдайда дегенмен шыққан ауаның, қанның, несептің, тіпті жұлын 
сұйығының құрамын да өлшеп білуге болады. Айта кететін жағдай, белгілі 
шамадағы таза оттегі адамды тез дұрыс қалпына келтіреді. 
Ұрық анасының жатырында оттегімен плацента арқылы қаматамасыз етіледі, 
оның жүйке жүйесіндегі тыныс орталығы 7 айлығында толық жетілгенімен 
қызмет атқармайды. Бала туыларда оның анасымен байланысы тоқталады, 
сондықтан егер әйел ұзақ босанатын болса, ұрықтың қанында көмір қышқыл газы 


көбейеді де, баланың дем алуы басының жатырдан шығуынан бұрын басталады. 
Мұндай жағдайда баланың тыныс жолдарына ұрық сұйықтығы кіреді де, бала 
тұншығады, шетінеп те кетуі мүмкін. 
Тұншығу (асфиксия) бала туғаннан кейін де болатын жағдайлар байқалады. 
Бала тірі, жүрегі соғып тұрады, бірақ дем алып, дем шығаруы не өте әлсіз, не 
дұрыс емес. Туа болған асфиксия тыныс жодарының бекітіліп қалуына немсе 
жүйке жүйесіндегі тыныс орталығы қызмет атқармағандықтан организмге 
оттегінің аз жеткізілуіне байлапысты. Асфиксияның жеңіл түрлері туа болуы 
мүмкін және жүре келе жүйке жүйесінің, жүрек-қан тамырларының, тыныс 
жүйесінің ауруларына, далаға шықпай, үнемі үйде отыра беруіне байланысты 
болуы мүмкін. 
Таза немесе 50 % оттегімен дем алу жүрек, туберкулез ауруларында 
жағымды әсер етеді. Дегенмен оттегінің мөлшері жеткіліксіз болса да, тым көп 
болса да адам өміріне қатер туғызады. Яғни адам өмірі "тіршілік газының" 
мөлшеріне байланысты. 3 атмосферадан жоғары қысыммен таза оттегімен дем 
алғанда ұстама, өкпенің қабынуы сияқты аурулар пайда болып, тіпті өліп кетуі де 
мүмкін. Қалыпты жағдайда азот оттегін сұйлтатын заттың рөлінде болады. Ал 4 
атмосфералық қысым кезінде азот есірткі іспетті есер етеді. Адамда мастану
орынсыз көп сөйлеу, күлкішіл, ақылының нашарлауы, тіпті бұзлуы, бұшық 
еттердің қызметінің дұыс бағытталмауы, ұытшақтық пайда болады. Сонымен 
қатар, ауаның құамындағы аз кездесетін газдар (гелий, аргон, ксенон, неон және 
криптон)да қысым күшейгенде әер етеді. 
Ал ұлпалардағы оттсгі мен көмірқышқыл газдары бұған керісінше болады да, 
қанмен клеткааралық сұйықтарда газдар алмасады. 16-18 жастағы жігіттер 
оттегінің аздығына сезімтал болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет