«сырттай және кешкі, ҚашықТЫҚтан оқыту» факультеті



Pdf көрінісі
бет13/75
Дата21.04.2023
өлшемі1,17 Mb.
#85147
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   75
Ортаңғы ми вароли көпірінің үстіңгі жағында орналасқан. Мұндағы сұр 
заттар 4 төбешік түрінде шоғырланған: көзді қозғаушы жөне шығыршық 
нервтерінің, қызыл жөне қара субстанцияның ядролары бар. 4 төмпешіктің 
алдыңғыларында алғашқы көру орталығы, артқы төмпешіктерінде алғашқы 


дыбыс орталықтары орналасқан. Олардың қызметіне қарай бағдарлау 
реакциялары орындалады. Қара субстанция үйлестірілген жұтыну, шайнау, 
саусақтардың нәзік қимылдарын реттеуге қатысады. Қызыл ядрода еттің 
тонустары реттеледі. 
Ортаңғы ми мен ми сыңарларының арасында а р а л ы қ ми орналасқан. Ол 2 
төмпешіктен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Төмпешіктерді т а л а м у с, 
ал төмпешік асты аймағын гипоталамус деп атайды. Таламус арқылы мидың 
барлық сезгіш жолдары өтеді. Гипоталамус дененің жоғары дәрежелі вегетативтік 
орталығы болып саналады. Мұнда зат алмасуын, дененің температурасын, аштық 
және шөл сезімдерін, барлық ішкі мүшелердің қызметін реттеу орталықтары бар. 
Мұнда нейросекреттер түзіліп, ол нейросекреттер гипофиз безінде белсендіріледі. 
Сондықтан гипоталамус пен гипофиз зат алмасуын реттейтін біріккен орталық 
болып есептеледі. Гипоталамуста барлық ішкі секрециялық бездердің қызметін 
реттеуге қатысатын орталық та бар. Бұларға қоса, ол адамның ұйқысын жөне 
сергектігін реттеуге қатысады.
Аралық мидың дамуы 13-15 жаста аяқталады. Ми бағанасының ортаңғы 
бөлігін ретикулярлық формация (торлы құрылым) деп атайды. Ол әртүрлі пішінді 
және мөлшерлі, бір-бірімен шырмалып жатқан нейрондардан тұрады. 
Микроскоппен қарағанда торға ұқсас болғандықтан оны торлы құрылым деп те 
атайды. Торлы құрылым негізінен орталық жүйке жүйесінің 3 бөліміне әсер етеді: 
жұлын, мишық және үлкен ми сыңарлары. Ол жұлынның белсенділігін арттырып 
немесе тежеп отырады.Торлы құрылымның әсерінен жұлынның байланыс 
жолдары жеңілденіп, әлсіз тітіркендіргіштің өзіне жұлын рефлекстері толығынан 
және жақсы пайда болады. Ал тежеп әсер еткенде жұлын рефлексі әлсіреп, 
нашарлап тітіркендіргіштің күшті әсерін қажет етеді. Ми сыңарларына 
белсендендіріп әсер етуіне байланысты оның қозғыштығы төмендеп, адам ұйқыға 
кетеді. Ми сыңарлары мен торлы құрылым бір-бірімен байланысты қызмет 
атқарады. Тек қана торлы құрылым ми сыңарларын белсенлендіріп қоймай, 
керісінше, ми сыңарларының қыртыстары да торлы құрылымға белгілі шамада 
әсер етеді. 
Торлы құрылымның мишыққа әсері оның ми сыңарларына әсер ететін. Оның 
жұлынға әсері 2-3 жаста әлі де болса толық қалыптаспағандықтан, жұлын 
рефлексінің пайда болуы жеңілденбейді де, керісінше, қиындай ды, бірақ ми 
сыңарларына әсері ересек адамға ұқсайды. Торлы бөлімнің қызметі бастауыш 
сынып оқушыларында толық қалыптаспаған. 
Қыртыс асты ядролар. Ми сыңарларының ақ заттарының ішіңде қыртыс 
асты ядроларының сұр заттары болады. Ол ядролардың ішінде ең маңыздысы — 
бозарған ядро, қауызды ядро және құйрықты ядролар. 
Бозарған ядро қозғалу кезінде көмекші қимылдарды қамтамасыз етеді және 
ортаңғы мидағы қызыл ядроны тежейді. Бұл ядроның қызметі күшейгенде 
қосымша қимылдар көбейіп, бұлшық еттің тонусы төмендеп кетеді. Мүндай 
жағдайда қажетсіз еріксіз тырбаңдаған қимылдары пайда болады, беті тыржияды 
т. с. с. қимылдар туады. Ондай еріксіз қимылдар, мысалы, хорея ауруымен 
ауырған адамдарда байқалады. 


Бозарған ядроның қызметі нашарлағанда бұлшық еттің тонусы күшейіп, 
көмекші қимылдар мүлдем жойылады. Ондай адамның беті маска тәрізді болып, 
қимылдары икемсіз, бір-біріне сейкестелмейді. 
Құйрықты ядро мен қауызды ядро бозарған ядроның қызметін тежейді. 
Сондықтан бұлардың қызметі күшейгеңде бозарған ядроның қызметі төмендейді, 
ал қызыл ядроның қызметі күшейеді. Мұндайда паркинсон ауруындағы тәрізді 
белгілер байқалады. Ал оның қызметі нашарлағанда хореяға ұқсас кемшіліктер 
пайда болады. 
2-3 жаста қыртыс асты ядроларының мөлшері ересек адамның мөлшерінің 
40%- ындай болады. Оның нейрондары бұл мерзімде әлі де болса 
дифференцияланып (нейрондардың белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуі) 
үлгермейді, аксондарының көпшілігінде миелин қабығы жетілмеген, сондықтан 
балалардың қимылдары өлі де болса ыңғайсыздау, дұрыс бағытталмаған. 
4-6 жаста қыртыс асты ядролары ересек адамның 80%-ындай болады. 7-13 
жаста оның аксондары толық миелинденіп, ересектердің ядроларына жуықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет