«сырттай және кешкі, ҚашықТЫҚтан оқыту» факультеті



Pdf көрінісі
бет26/75
Дата21.04.2023
өлшемі1,17 Mb.
#85147
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   75
депрессия - басу, тежеу) әсерлерінің маңызы мүлде ерекше. Олардың мұңдай 
қабілеттері клеткалық мембрананың өткізгіштігі төмендеуіне, клеткалардан және 
басқа құрылымдардан гистаминнің босауын азайтуға, антителолардың түзілуін 
төмендетуге, антиген мен антителоның реакциясын тежеуіне, дәнекер ұлпадағы 
коллаген мен мукополисахаридтердің түзілуін нашарлатуына байланысты. 


Глюкокортикоидтардың әсерінен белоктың ыдырауынан пайда болған 
заттардан көмірсутекті заттар түзіледі, бүл әсіресе лимфа ұлпаларында күшті 
болады. Аз мөлшерде глюкокортикоидтар басқа гормондардың әсерін күшейтеді. 
Глюкокортикоидтардың синтезі мен секрециясы гипофиздің кортикотропин 
гормонымен реттеледі. 
Канадалық зерттеуші ғалым Г. Селье алғаш рет бүйрек үсті бездерінің 
гормондары организмге түрлі қауырт жағдайларда өте қажет екенін көрсетті. 
Адамның қатты күйзелісі кезіндегі тітіркендіргіштерді ол с т р е с с о р (ағыл. 
стресс - қатты күйзелу, абыржу, қауырт жағдай) деп атады. Бүйрек үсті 
бездерінің қыртыс қабатының гормондары айтарлықтай азайса, стресс 
жағдайында организм өліп кетуі мүмкін. 
М и н е р а л к о р т и к о и д т а р бүйрек үсті безінің түйнекті зонасыңда пайда 
болады. Бүл топқа альдостерон мен одан белсенділігі 20-30 есе төмен 11-ші 
дезоксикортикостерон жатады. Минералкортикоидтар бүйрек ұлпасында, тер және 
сілекей бездерінде, ас қорыту жолының шырышты қабатындағы клеткаларға әсер 
ету арқылы су мен тұздардың алмасуын реттейді. Бұл топтың басты гормоны 
альдостеронның әсерінен натрийдің алғашқы несептен бүйректің нефрондарына 
қайта сіңуін күшейтеді және калийдің қайта сіңуін азайтады. Натрийден кейін іле-
шала су бүйрек каналшаларына қайта сіңеді, яғни альдостерон гормоны натрийдің 
қайта сіңуін күшейту арқылы судың алмасуына да әсерін тигізеді. Альдостерон 
жеткіліксіз болған жағдайда бүйрек арқьглы организмнен натрий көптеп 
шайьглады жөне дене сусызданады. Ал оның көбеюі денедегі қабынуларды 
күшейтеді. 
А д р е н о к о р т и к о и д т а р - андростерон, эстрол жөне прогестерон 
гормондары бүйрек үсті бездерінің ретикулярлы (торлы) зонасының 
клеткаларында түзіледі. Жыныс бездерінің гормондарына қарағанда бұлар 
анағұрлым әлсіздеу келеді. Дегенмен бұлардың әсері жыныс бездерінің 
гормондары тәрізді. Олар жасөспірімдерде қосымша жыныс белгілерінің 
қалыптасуына көмектеседі. Олардың маңызы, өсіресе балалық және қартайған 
шақта күшті болады. Адам қартайып, жыныс бездерінің қызметі тоқтаған кезде 
бүйрек үсті бездері негізгі жыныс гормондарын түзуші құрылым болып қалады. 
Бүйрек үсті бездерінің м и л ы қабатының гормоңдары негізінен екеу: 
адреналин және норадреналин. Адреналин бүйрек үсті бездерінде ғана, ал 
норадреналин басқа мүшелерде де пайда болады. Бұлар дофамин гормонымен 
бірге биогендік катехоламиндерге жатады. Үшеуі де тирозиннің туындысы болып 
есептеледі де, тирозиназа ферментінің әсерінен ыдырайды. Катехоламиндер 
организмдегі барлық үлпалар мен клеткаларға өсер етіп, оларда күрделі 
биохимиялық әрекеттерді тудырады жөне коптеген физиологиялық қызметтердің 
ерекшеліктерін айқындайды. 
Катехоламиндердің әсер етуі түрлі биохимиялық реакциялармен байланысты. 
Бүлар химиялық ұқсастығына қарамастан организмге әртүрлі әсер етеді. 
Физиологиялық 
әсерлері 
олардың 
таңдамалылығына, 
цитоплазмалық 
мембраналардың адренорецепторларымен қарым-қатынасына, түрлі мүшелердің 
құрылысына байланысты келеді. 


Катехоламиндер адренорецепторларға қысқа мерзім әсер етеді және ол пайда 
болған өзгерісті қалпына келтіруге рефлекторлық және гуморальдық (лат. гумор 
мүйық) механизмдер арқылы қатысады. Катехоламиндердің организмге әсері өте 
көп және жан-жақты. 
Адреналинның жүрек-қан тамырлар жүйесіне ықпалы зор. Ол жүректің 
жұмысын күшейтіп, соғу ырғағын тездетеді, қозғыштығын үлғайтып, 
импульстердің өткізгіш жүйесі арқылы қозғалысын жақсартады. Қан тамырларын
дифференцияланбаған жеке-жеке клеткалар тобынан тұрады. 6 айға толғанда 
ұрықтық қыртысты заттар 3 есе кеміп, жаңа клеткалары көбейеді де, 7 жасқа дейін 
жетіледі. 
Милы 
қабаттың 
хромаффиндік 
клеткалары 
3-4 
жаста 
дифференциацияланады да тез өсе бастайды. Осы мерзімнің ішінде милы 
қабаттың жалпы салмағының 28-29% қалыптасады. Содан соң 8 жасқа дейін 
өспейді де қалған мөлшері 8-10 жас арасыңда тез өсіп, одан ері ақырындап, жалпы 
өсуі 16-20 жасқа дейін созылады. 
Бір жастағы балалардың хромаффин ұлпалары адреналинді жақсы өндіреді. 
6-7 жаста норадреналин мен дофаминнің қанға шығуы күшейеді. Ал қыз 
балаларда 9 жаста, ер балаларда 10-11 жаста адреналиннің мөлшері екінші рет 
үстем болады. 
Қыртысты қабаттың без клеткалары 9-11 жаста қайтадан күшті өсе бастайды 
да, 11-12 жаста толық өсіп жетіледі. 
Бүйрек үсті бездерінің қызметінен туындайтын аурулар, олардың қыртысты 
және милы қабаттарының гормондарына байланысты. Милы қабаттың 
гормоңдары жетіспегенде, көбінесе 10 жасқа дейін кішкентай балалардың 
миындағы жүйке клеткаларына қанттың жетіспеуінен талма ауруы байқалады. 
Сабақты көп оқығанда, ұзақ уақыт жүгіріп, көп ойнағанда бала есінен танып 
қалады. Мүндай жағдайда балаға жиі-жиі, әсіресе сабақ оқыр, ойнар алдында тәтті 
тағамдарды молырақ немесе суға еріткен бал, қант беру керек. Ауру 10 жастан 
кейін өзінен-өзі басылып кетеді. 
Қыртысты қабаттың г и п о с е к р е ц и я с ы н д а ұ зақ уақыт гормондар 
жетіспегенде Аддисон ауруы дамиды. Бұл ауру ересек адамдарда көбірек, ал 
балаларда өте сирек кездеседі. Ауру баланың денесінде қоңыр дақтар пайда 
болып (ең алдымен көп үйкелетін жерлерде: шынтақ, сан, мойын, бел), тез 
шаршайды, қимылдары азаяды, немқұрайлық байқалады, жүдейді, қаны 
қоюланып, оның қысымы азаяды. Аурудың денесінен натрий мен хлор шайылып, 
калий жиналғандықтан жүрек әлсіздігі пайда болады. Көмір сутегінің алмасуы 
бұзылады. Баланың асқа зауқы төмендейді, оның бүлшық еттеріңде сіреспе пайда 
болып, кей кезде тыныс еттерінің сіресуінен шетінеп те кетуі мүмкін. 
Кейбір балаларда туа пайда болған қыртыс қабатының г и п е р т р о ф и я с ы
байқалады. Бүл кемшілік тұқым қуалайды деген бірен-саран мәліметтер де бар. 
Аурудың белгілері ерте 2-3 жаста байқалуы мүмкін. Алғаш кезде жылдам өсе 
бастағанымен, кейіннен баланың өсу қарқыны баяулап, бойы аласа болып қалады, 
2-3 жастан бастап ауру қыздардың қолтығында, шабында түктер өседі, бірақ 
емшектері өспейді, етек кірі келмейді. Ауру ер баланың сыртқы жыныс мүшесі 
тез өседі, эрекция пайда болады, сақал-мұрты, кеудесінде, қолтығында, шабында 


түктері қалың болып, ересек ер адамдарға ұқсай бастайды. Бүл ауру көбінесе 
бүйрек-үсті бездерінің ұрықтық мезгілдегі кемшілігіне байланысты. 
Бүйрек үсті безінің милы қабатының гипертрофиясы ісікке байланысты 
байқалады. Қазіргі кезде оның ісіктері балаларда жиірек кездесетін боп жүр. 
Мүндай науқас бала тершең, көзі бақырайған, беті шырайсыз келеді, тіпті 
кішкентай 2-3 жастағы баланың өзінде қанның қысымы жоғарылайды. Мұндай 
балалар жиі-жиі басының ауыратынын, жүрегінің айныйтынын, қағатынын 
айтады. Ісікті алып тастағаннан кейін аурудың белгілері жойьшып, бала жазылып 
кетеді. 
Бүйрек үсті безін операция жасап сылып алып тастаса, жануарлар өліп 
қалады. Ондай жануардың (мысалы, иттің, қойдың) температурасы тез төмендеп, 
арықтап, қимыл-қозғалысы азаяды, қанның қысымы төмеңдейді, қаны қойылады, 
жүрегінің қызметі нашарлайды. Мұндай белгілер адамның бүйрек үсті безінің 
гормондарының гипосекрециясыңда да байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет