«сырттай және кешкі, ҚашықТЫҚтан оқыту» факультеті



Pdf көрінісі
бет73/75
Дата21.04.2023
өлшемі1,17 Mb.
#85147
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75
Байланысты:
«сырттай ж не кешкі, ашы ТЫ тан о ыту» факультеті

 
Көру анализаторы - жұп түзінді. Көз анализатордың шеткі бөлімі болып 
табылады. Одан шығатын көру нерві өткізгіш бөлік болып саналады, ал 
қыртысты бөлім әрбір ми сыңарының шүйде бөлігінде орналасады. Көз 
алмасының үш қабықшасы болады. Олар өз ұясына орналасады. Оның сыртынан 
белокты қабықша немесе склера қаптап тұрады, бұл қабықша тығыз дәнекер
тканінен тұрады. Склераның артқы жағында тесік болады, ол арқылы көру нерві 
енеді. Склераның алдыңғы бөлімі мөлдір нұрлы қабыққа өтеді.белокты 
қабықшадан кейін тамырлы қабықша орналасқан. Оған қан тамырлары көп 
келеді, ол қоректендіру функциясын атқарады. Тамырлы қабықшаның алдыңғы 
бөлігі нұрлы қабық деп аталады. Торлы қабық –көздің ішкі үшінші қабықшасы. 
Нұрлы қабықтан кейін екі жағы да дөңес мөлдір линза – көз бұршағы 
орналасқан.Көздің ішкі қуысын шыны тәрізді дене толтырып тұрады. 
Есту және тепе-теңдік анализаторы аса күрделі және маңызды екі түрлі 
функция атқарады: дыбыс тітіркендіруін қабылдайды және дененің кеңістіктегі 
қалпын қадағалайды.Оның перифериялық немесе рецепторлық, өткізгіш және 
орталық немесе қыртысты бөлімдерін ажыратады. 
Есту мүшесі үшке бөлінеді: 1. сыртқы құлақ- құлақ қалқанының және 
құлақтың сыртқы тесігінен тұрады. 
2. ортаңғы құлақ- дабыл қуысынан тұрады, самай сүйегінің ішінде
орналасқан және үш есту сүйекшілері. 
3. ішкі құлақ- самай сүйегінде орналасқан және сүйек пен жарғақша
лабиринттен тұрады. 
Сүйек лабиринтінің ішінде оның формасын қайталайтын жарғақша
лабиринт болады. Лабиринт вестибуляр аппаратына және иірім түтікке бөлінеді, 
иірім түтігі есту анализаторына жатады. Функциясы мен құрылысы неғұрлым
күрделі перифериялық бөлім ішкі құлақта орналасады. Ол есту тітіркенуі мен 
вестибуляр рецепторларынан тұрады, біздің денеміздің бұрыш және түзу сызық 
бойымен қозғалуы вестибуляр рецепторларына адекватты тітіркендіргіш болады. 


Есту анализаторларының өткізгіш бөлімі есту нервімен және орталық
нерв системасындағы нейрондардан тұрады, ал қыртысты бөлім мидың самай
бөлігінне орналасқан. 
Адамның құлағы 16-дан 20000Гц-ке дейінгі әр түрлі жиіліктегі дыбысты
қабылдай алады. Дыбыстардың мұндай шегі есту қабылдауының аймағын 
құрайды. Төменгі шекараға жетпейтін дыбыстар инфрадыбыстар деп, ал жоғары 
шекарадан асатын дыбыстар- ультрадыбыстар деп аталады. 
Ұйқы адамдар мен жануарлар тіршілігінде өте маңызды орын алады. 
Олардың ұйқысы мен сергектігі тәулікте оқтын-оқтын алмасып, қайталанып 
отырады. Мұндай ұйқы біркезді (монофазалық) деп аталады. Ал кейбір 
жануарларда ұйқы мен сергектіктің мұндай алмасуы бірнеше рет қайталанады. 
Оны көпкезді (полифазалы) ұйқы дейді.
Организмнің ұйқы кезінде көптеген әрекеттері өзінің қарқынын өзгертеді. 
Мәселен, тыныс, жүректің соғу жиілігі азаяды, артерия қысымы төмендейді, зат 
алмасуы мен жүйкенің қозғыштық қарқыны бәсеңдейді. 
Ұйқыға мұқтаждық адамның жасына және жеке ерекшеліктеріне байланысты. 
Жас ұлғайған сайын тәуліктік ұйқының мерзімі қысқарады. 
Ұйқының бірнеше түрі бар: қалыпты физиологиялық, гипноздық
наркотиктік, ауытқулы және шартты рефлекс. Ұйқы мен ішкі тежелудің жайылу 
және шоғырлану жылдамдықтары да өзара ұқсас. әдетте, адамда ішкі тежелудің 
жайылуы мен шоғырлануы сияқты ұйқыға кету мен ояну бірнеше минутқа 
созылады. Ұйқы ішкі тежелу сияқты, оны туғызатын жағдайлар жиі-жиі 
қайталанса күннен-күнге тез пайда болады. 
Гипноз дегеніміз иландыру арқылы жасанды түрде туатын адамның ерекше 
рухани күйі. Гипнозды үш сатыға бөледі. Сомноленция (ұйқышылдық) – адам 
ауызша иландыруға әлі де қарсылық етуі және көзін ашуы мүмкін. Гипнотакция 
немесе жеңіл ұйқы – көзін аша алмайды, илану бейім, бірақ гипноздан шыққанда 
амнезия байқалмайды. Сомнамбулизм (терең ұйқы) – гипноз жасаушыға толық 
бағынуымен сипатталады және оянғаннан кейін адамдар бәрін ұмытып қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет