«сырттай және кешкі, ҚашықТЫҚтан оқыту» факультеті



Pdf көрінісі
бет69/75
Дата21.04.2023
өлшемі1,17 Mb.
#85147
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   75
Бақылау сұрақтары: 
1. Рефлекторлы доға туралы түсінік 
2. Рефлексті тудыратын қозу мен тежелу 
3. И. М. Сеченовтың бұл ілімі 
 
 
 
 
 
Лектор__________________ Сембаева Р.С. 
Оқытушы________________ Мейманбаева С.С. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Ф.7.03-23 
 
 
4-дәрістің тақырыбы:Қан айналу жүйесінің құрылысы,маңызы.Жүрек,қан 
тамырлар жүйесі 
Жоспар: 
1.Қанның атқаратын қызметі. 
2. Қан айналымы. 
3. Үлкен және кіші қан айналым шеңберінің артериялары. 
Үлкен қанайналым шеңберінде тамырлар өте көп , олар денедегі барлық 
мүшелерге таралады. Сондықтан қанайналым шеңберінің артериялық 
тамырларын: өлшеуші қолқа тармақтары, қолқа иіні немесе қолқа доғасының 
тармақтары және төмендеуші қолқа тармақтары деп бөлеміз.
Қолқа. Үлкен қанайналым шеңберінің артериясындағы ең жуан тамырлар 
қолқа (aopta) болып табылады .Қолқа тамыры жүректің сол жақ қарыншасынан 
өте жуан болып басталып , азырақ жоғары көтеріледі де иіліп, журектің сыртымен 
омыртқа жотасын бойлап төмендеп, lV бел омыртқасының тұсына дейін созылады 
. Құрлысы және орналасқан жеріне қарай қолқа тамыры өрлеуші , иінді және 
төмендеуші қолқа болып бөлінеді .
Өрлеуші қолқа. Өрлеуші қолқа - қолқа жүректен тік көтерілген бөлігі . 
Қолқаның сол жақ қарыншысынан басталып , екі құлақшаның аралығын қуалай 
өрлеп ,3 жұп қабыртқа тұсынан жоғары оңға қарай ауытқып ,өкпе артериясының 
оң жағын және жоғарңы вена күре тамырдың сол жағын ала, жоғары көтеріліп ,
2 жұп қабыртқа тұсына жеткен жеріне дейінгі бөлігін өрлеуші қолқа деп атайды . 
Бұл бөлікті қолқаның өрлеме бөлігі депте атайды. 
Өрлеуші қолқаның ұзындығы -5-6 см. Ол жүрек үлпершегінің ішінде жатады 
.Және 2 жұп қабыртқа тұсынан қолқа иініне немесе қолқа доғасына ұласады . 
Қолқа иіні ( arcus aorta) 2 қабыртқа тұсынан артқа және солға бұрылып , 
ауатамырды орай иіледі де 4 көкрек омыртқа
тұсынан төмендеуші қолқаға ауысады , сөйтіп қолқа иіні 2-4 көкрек омыртқа 
тұсында , төс сүйегінің алқасының астында, кеңірдектің екіге бөлінген жерінің 
сыртында орналасады . Қолқа иіні жүрек үлпершегінің сыртында жатады . Қолқа 
иінен шыққан тамырлар бас ,мойын және екі қол мүшелерін қанмен қамтамасыз 
етеді .Ол тамырларға кейінрек тоқталамыз . 
Төмендеуші қолқа .( aorta descendens) -қолқа иінінің жалғасы . Ол 4 көкрек 
омыртқасының төменгі жиегін ала аяқталады . Осы жерден оң жақ және сол жақ 
жанбас артериясы мен орталық сегізкөз артериясына бөлінеді . Төмендеуші 
қолқаның орналасуына қарай екіге бөлеміз . Төмендеуші қолқаның көкрек 
қуысындағы бөлігін ( көкетке дейін ) көкрек қолқасы ( aorta thoracica ) , ал құрсақ 
ішіндегі бөлігін құрсақ қолқасы деп атайды . 
Көкрек қолқасы алғашқыда омыртқа бағанасының сол жағымен түсіп , кейін 
оңға ауысады, төменгі беломыртқалардың алдыны қарай кетеді .Сонда өңештің 
сол жағына ауысып , қолқа оралып жатады .Көкірек қолқасының тамыр 
тармақтары осы қуыстағы ішкі мүшелерді , оның қабырғаларын және құрсақ 
қабырғасын қоректендіреді . 


Құрсақ қолқасы беломыртқаның алдыңғы бетінен ұйқыбездің, ұлтабардың 
және аш ішек шажырқайының түбімен оның сыртына қарай созылады . Құрсақ 
қолқасынан тараған қантамырларды құрсақ қуысындағы мүшелердіү оның 
қабырғаларын қоректендіреді . Құрсақ қолқасы жоғарыда айтылғандай мықын , 
құйымшақ артериялары , жамбас қуысындағы мүшелер мен аяқтарға да қорек 
жеткізіп береді. Сайып келгенде қолқалардан дене мүшелердің барлығы 
артериялық қанмен жабдықтайтын артериялар басталады .Енді өлшеуші қолқа 
иіні және төмендеуші қолқаның көкірек және құрсақ қолқаларының 
тармақтарына тоқталамыз . 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет