Ситуациялық есеп №10 C.есімді науқас 25жаста, ауруының екінші күні жедел жәрдем шақырған. Жедел ауырған, дене температурасы 40oС, қатты бас ауру, әлсіздік, жүрек айну, бір рет құсу болған. Келесі күні жағдайы нашарлаған, терісінде көп мөлшерде бөртпе пайда болды. Қарағанда: есі дұрыс, бірақ қозғалмайды, енжар, бозғылт. Терісінде, әсіресе аяғының, көп мөлшерде геморрагиялық бөртпе, бірен-саран бетінде, денесінде, кей жерде жабысқан. Ентікпе-ТАЖ 36I, жүрек тондары естілмейді, пульсі жіп тәрізді, 104 соққы минутына. АҚ 60/0 мм.с.б. Тілі құрғақ, жабылған, іші жұмсақ, ауырсынусыз, бауыр мен көкбауыр пальпацияланбайды, зәр жүрмейді. Менингиальді симптомдаары жоқ.
Болжам диагноз
Тексеру жоспары
Емдеу принципі
Ситуациялық есеп №11 З.есімді науқас 15жаста, мектеп оқушысы. 8 күн бұрын ауырған – дене температурасы 38oС, мұрын бітелу, тамақтың қыжылдауы. Өздігімен емделген аспирин, антигриппин қабылдаған. Дене температурасы қалыпқа келді, бірақ жағдайы нашарлады: тәбеті жоғалды, әлсіздік күшейіп, зәрі қарайған. Кеше анасы склерасының сарғаюын байқап, дәрігерді шақырған соң, жұқпалы ауруханаға жолдаған. Қарағанда: тері қабааты және склерасы сарғайған, регионарлы лимфа түйіндері ұлғаймаған, тынысы везикулярлы, жүрек тондары анық, ырғақты, АҚ 120/80мм.с.б. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, бауыр ұлғайған, ауырсынусыз, жұмсақ эластикалық консистенцияда, шеті біркелкі. Зәрі қарайған. Науқастың жағдайы жақсарған, тәбеті пайда болды. Сыныбында тағы да 2 оқушы ауырған.
Болжам диагноз
Тексеру жоспары
Емдеу принципі
Ситуациялық есеп №12 Жұқпалы аурухана бөлімшесіне жедел жәрдем машинасымен К.есімді науқас, 28жаста, ауруының 6-күні түсті. Шағымдары: бау ауруы, әлсіздік, тәбетінің жоғалуы, оң жақ қабырға астында және эпигастрийде ауырсыну, жүрек айну, бір рет құсу, сұйытылған нәжіс. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, тері қабаты және склерасы сарғайған. регионарлы лимфатүйіндері ұлғаймаған, тынысы везикулярлы, жүрек тондары анық, ырғақты, АҚ 120/80 мм.с.б. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астында ауырсыну, бауыры ұлғайған, зәрі қарайған. Эпидемиологиялық анамнезінде: Өзбекстанда демалып, арыққа түскен, қайнамаған су ішкен.
Болжам диагноз