Ситуациялық есеп №26 Қабылдау бөліміне 45жастағы еркек оң жақ саусақтарының сырт жағында жараның болуына шағымданып келді. Жарақатты бір апта бұрын алған. Қарағанда: жара 1,5*1,0см, шеті анық, шамалы инфильтрленген, қызарған, пальпациялағанда ауырады, ешқандай бөлінді жоқ, саусақтарының сыртқы жағындағы бұлшық ет біраз дірілдейді.
Болжам диагноз?
Тексеру жоспары.
Емдеу принципі.
Ситуациялық есеп №27 Учаскелік дәрігерді 30 тамызда Н.есімді науқас 52жастағы ет комбинаты жұмысшысы шақырды. Науқас дене температурасының ауқас дене температурасының көтерілуіне 39oС көтерілуіне, қатты бас және бұлшық етінің ауруына, жүрек айнуға, кезеңді құсу мен қатты әлсіздікке шағымданды. 25- тамызда жедел тоңумен, дене температурасының 39,5oC көтерілуімен, шүйде, мойын, арқа және іш бұлшық еттерінің бірден ауырсынуымен басталды. Әсіресе балтыр бұлшық еті қатты ауырған. Ұйқысы нашар, басы ауырған, тәбеті жоқ, құсу болған. Қарағанда: жағдайы ауыр, енжар, тежелу, тері мен склерасы сарғайған, екі көзінде қан құйылулар, склерит. Беті ісінген, қызарған, ауыз-жұтқыншағының шырышы қызарған. Пульсі 110I, АҚ – 100/60мм.с.б. Тілі құрғақ, жабылған. Бауыры ұлғайған, пальпациялағанда ауырсынады. Зәр шығу ауырсынусыз, бірақ зәр шығу сирек, аз мөлшерде. Шүйде бұлшық етінің ригидтілігі мен Кернинг симптомы оң.
Болжам диагноз?
Тексеру жоспары.
Емдеу принципі.
Ситуациялық есеп №28 12 жастағы қыз жедел ауырған, дене температурасы 38,5oC бас ауруы, әлсіздік, жұтынғанда ауырсыну пайда болды. Үйге учаскелік педиатрді анасы шақырды. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, белсенді емес, ұйқы мен тәбеті бұзылған. Дене температурасы 38,5oC , терісі бозғылт, құрғақ, тілі құрғақ, жабылған, бадамша безі, доға мен жұмсақ таңдай қызарған. Таңдай бадамшасы 1-2-дәрежеде ұлғайған, жабынды сұр-ақ түсті, шырыш беткейінен көтеріліп тұрады. Жабынды шырышпен тығыз жабысқан, қиын алынады, артынан қанталайды. Жақ асты және алдыңғы-мойын лимфа түйіндері ұлғайған, пальпациялағанда ауырады. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТАЖ 21I, жүрек тондары анық, ырғақты. ЖСЖ 108I, іші жұмсақ, ауырсынусыз. Анасы жұқпалы науқаспен қатынас болғанын жолға шығарды.
Болжам диагноз?