Ситуациялық есеп №1



бет8/10
Дата06.10.2023
өлшемі30,52 Kb.
#113237
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ситуациялық есептер Жұқпалы аурулар пәнінен ситуациялық есептер жинағы

Ситуациялық есеп №22
Дәрігерге науқас іштің төменгі жағыныңа ауырсынуына, жиі сұйық шырыш пен қан аралас нәжіске, тенезмге шағымданып келді. Ішін пальпациялағанда сол жақ мықын бөлігінде тығыз сигматәрізді ішекті байқады.

  1. Болжам диагноз?

  2. Тексеру жоспары.

  3. Емдеу принципі.

Ситуациялық есеп №23
Е есімді науқас 27жаста, 15күн бұрын жаздық демалыстан көлден келді, өзінде жалпы жағдайының нашарлағанын, енжарлықты, әлсіздікті, бас ауруын байқаған. Соңғы күндері кезеңді түрде дене температурасының 39-40оС дейін көтерілгенін, содан өздігінен ін көтерілгенін, содан өздігінен 37-38oС дейін түскенін, жүрек айну, эпигастрийде ауыртпалықты, метеоризм, кебу, жиіленген үлкен дәретті байқаған. Дененің әр түрлі бөлігінде көп мөлшерде, полиморфты бөртпе. Бұндай жағдай бірінші рет болып тұр, оны ашық су қоймадан су ішкенімен байланфыстырады.

  1. Болжам диагноз?

  2. Тексеру жоспары.

  3. Емдеу принципі.

Ситуациялық есеп №24
Қабылдау бөліміне С.есімді науқас 32жаста, қатты қорқып, қозған күйде келді. Әзер сөйлеп, өзіне ауа жетпейтінін айтты. Қарағанда: дем алу терең, шулы барлық тыныс алу мускулатурасы қатысады, науқасқа жанасқанда және біраз шу болғанда діріл, шөлін қандыру үшін су бергенде жұтыну бұлшық еті жиырылып, көп мөлшерде сілекейі шыға бастады, гипергидроз, есту және көру галлюцинациялары пайда болды. Ананезінде: 30күн бұрын белгісіз ит аяғы мен қолын тістеген. Сол жерде біріншілік хирургиялық өңдеу жасалған.

  1. Болжам диагноз, хирург қандай қателік жіберген?

  2. Тексеру жоспары.

  3. Емдеу принципі.

Ситуациялық есеп №25
Хирургқа 38жастағы еркек малшы қаралған. Бір апта бұрын оң жақ қолының сырт жағында қатты қышитын қызыл түйіншек пайда болған. Екінші күні көпіршікке айналған, сосын жанынан тағы да көпіршіктер шыққан, саусақтарының тез ісінуі байқалған. температурасы температурасы 37,2oC көтеріліп, қолында ауырсынуды сезбеген. Қарағанда: оң жақ және төменгі білегінің бірден ісінген, терісі өзгермеген. саусақтарының сырт жағы қарайған, диаметрі 5см дейін, жанында сары-қызыл сұйықтығы бар көппіршіктер. Пальпациялағанда ауырмайды. Оң жақ қолтық астындағы лимфа түйіндері ұлғайған.

  1. Болжам диагноз?

  2. Тексеру жоспары.

  3. Емдеу принципі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет