Ситуациялық есептер Еңбек гигиенасы саласындағы нормативтік-әдістемелік материалдар Ситуациялық есеп1



бет3/3
Дата12.12.2022
өлшемі18,28 Kb.
#56666
1   2   3
Еңбек гигиенасы, кәсіби гигиена- еңбек процестерінің және айналадағы өндірістік ортаның адам организміне тигізетін әсерін зерттейтін, еңбек етуге қолайлы жағдай туғызу, кәсіби ауруларға жол бермеу шаралары мен гигиеналық нормативтер іздестіретін ғылым, гигиена саласы.
Еңбек гигиенасының негізгі міндеті:
• Адам организміне әсер ететін қолайсыз еңбек жағдайларының алдын алу шараларын өңдеу;
• Еңбекті қорғау мәселелерін шешу, нормативтер іздеу;
• Кәсіби ауруларды уақытында анықтау, науқастарды медициналық тұрғыдан сауықтырып,еңбекке жарамды ету.
• Жаңа технологиялық процестер мен жабдықтарды , аспап құралдарды технологиялық тұрғыдан бағалау.
• Салынып жатқан, салынатын өнеркәсіп орындарына санитарлық сақтық, күнделікті қадағалау жүргізу
Еңбек гигиенасының ағымдағы міндеті- халық шаруашылығының өркендеп даму бағытына қарай, еңбек ету жағдайын және сауықтыруды, сонымен бірге кәсіби аурушаңдықты жою және мүмкіндігінше төмендету.
Еңбек гигиенасы екі бөлімге бөлінеді: жалпы және жеке еңбек гигиенасы.
Жалпы еңбек гигиенасы- өндірістің барлық саласына тән физикалық факторлардың, шаңның, токсикалық заттардың әсер ету зияндылықтарын зерттейді.
Жеке еңбек гигиенасы-ауыл шаруашылығының жеке салаларындағы еңбек жағдайын, жеке мамандықтардың еңбек гигиенасын, еңбек сипаты, зияндылықтар, шаң, шу, химиялық заттар, еңбек тәртібі және т.б.зерттейді.Жеке еңбек гигиенасының міндеті кәсіптік зияндылықтардың денсаулыққа және жұмыс қабілеттілігіне кешенді әсерін зерттеу және оларды болдырмау шараларының жүйесін құрастыру.
Еңбек гигиенасы мынандай мәселелерді: гигиеналық нормативтер; санитарлық ереже жағдайына қарай өндірісті қалыпты ұстау; еңбек үрдісін тиімді етіп жұмыс орындарын сақтау және еңбек режимі мен демалысын дұрыс ұйымдастыру.
Еңбек гигиенасы шешетін басты мәселелер : • Еңбек гигиенасы жұмысшылардың жұмыс жағдайларын жаксарту үшін гигиеналык нормативтердi негiздейдi . • Өнеркәсiп мекемелерiнiн кұрылысын салуға
қажетті санитарлык ережелерді шығарады . • Жумыс орындарын тиiмдi пайдалану , еңбек процестерін ұйымдастыру және еңбек пен демалыс тәртiбiнiн сакталуын қадағалайды . • Салынып жаткан өнеркәсіп орындарында , санитарлык сактык кадағалау жүргізу .

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет