Сыздықова Г. М. Ғылым тарихы мен философиясы пәнінен лекция жинағы



бет13/45
Дата18.10.2023
өлшемі0,63 Mb.
#118561
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45
Байланысты:
Лекция жинағы 1 -дәріс. Кіріспе. Ғылым философиясы мен методолог-emirsaba.org

Аты, жөні


Еңбектері


Ғылыми жаңалықтары

Фрэнсис Бэкон (1561-1626) – ағылшын ғалымы, философы, эмпиризмнің негізін қалаушы


«Жаңа Атлантида», «Жаңа органон»


Ф.Бэкон адамның танымдық мүмкіндіктерін жан-жақты талдап, оған зиян келтіретін төрт идолды, немесе пұтты бөліп көрсетеді. Дүниені тану барысында адам мынадай төрт қателікке жол береді: - «тектік идолы» - адамның табиғи мүмкіндіктерінің шегі мен сипатынабайланысты, ақыл жеңілтектік көрсетіп, бәрін өз еркіне бағындыруға тырысады. Шын мәнінде табиғаттың мән мағынасын жете түсіну оңай еместігі естен шығарылады. – «үңгір идолы» - бұл адамның жаны мен тәннің ерекше табиғатынан, дағдысынан, тәрбиесінен туындайды. – «алаң идолы» - білімді беруде, алуда тілді пайдаланудан туындайды. – «театр идолы» - білімге сын көзімен қарамай, дәстүрге немесе беделге сүйеніп ойланбай қабылдай салудан туындайды.


Рене Декарт (1596-1650) – француз философы, математигі, ғалымы


«Метод туралы толғаныс», «Геометрия» (1637), «Философия бастаулары» (1644), «Диоптрика»


Р.Декарт материя мен қозғалыстың өзара байланысын түсіндіре отырып, жаратылыстану ғылымына айтарлықтай үлес қосты. Декарт рефлекс ұғымын ғылымға алғаш рет енгізді, аналитикалық геометрияның негізін салды, қозғалыс мөлшерінің сақталу заңын ұсынып, күш импульсі ұғымын қалыптастырды. Декарт аспан денелерінің пайда болуы мен қозғалысын материя бөлшектерінің құйылма қозғалысымен түсіндірді.


Блез Паскаль (1623-1662) – француз философы, математигі


«Жүрек логикасы», «Ойлар», «Толғаулар»


17 жасында атақты Паскаль теоремасын ұсынған.


Исаак Ньютон- (1643-1797) ағылшын ғалымы


«Натуралды философияның математикалық бастаулары»


1666-1667 жылдары 24 жасында әлемдік тартылыс заңын ұсынды, дифференциалды және интегралды есептеуді жасады, классикалық механиканың негізін қалады.


Вольтер Франсуа Мари (1694-1778) – француз ғалымы


«Тарих философиясы», «Хаттар», «Эстетика»


«Тарих философиясы» терминін енгізген. 62-75 жасында «Халықтардың рухы мен адамгершілігінің жалпы тарихының тәжірибесі» кітабын жазған.


Карл Линней -(1707-1778) швед ғалымы


«Табиғат жүйесі»


1735 жылы 28 жасында өсімдік және жануарлар әлемін жүйеледі. Оларды құрылымының күрделене түсуіне қарай ретпен орналастырды.


Михаил Васильевич Ломоносов (1711-1765) орыстың әмбебап ғалымы


«Жер қыртастары туралы», «Суық пен жылудың табиғаты туралы толғаныс» (1749)


Москва мемлекеттік университетінің негізін қалаушы (1755 ж.), материя мен қозғалысты бірлікте қарастырған. Материяның негізгі қасиеттері, ұзындығы, көлемі, салмағы. Тәжірибенің рөлін жоғары бағалаған.


Жан Батист Д'Аламбер (1717-1783) француз ағартушысы


«Динамика туралы» трактат


Кітапты 26 жасында жариялаған, Д.Дидромен бірге энциклопедияны дайындауға қатысқан.


Шарль Кулон (1736-1806) неміс ғалымы




Электр зарядтарының өзара байланысы заңдылығын ашты.


Томас Джефферсон -(1743-1826) ағылшын ғалымы


«Тәуелсіздік декларациясын» жазған


Осы құжатты жазғанда ол небәрі 33 жаста болған.


Жан Батист Ламарк (1744-1829) - француз жаратылыстанушысы


«Зоология философиясы» (1809), «Француз флорасы» (1778), «Омыртқасыз жануарлардың табиғи тарихы» (1815-1822)


Жүре біткен белгілерді одан әрі дамытып,организмнің жеке мүшелерін күшейту – эволюцияның алғышарттары. Сыртқы ортаның ұдайы болып тұратын өзгерістеріне бейімделу барысында органикалық түрлердің құрылымдары жаңа функцияларды игереді, ал бұл өзгерістер болашақ ұрпаққа беріледі.


Пьер Симон Лаплас (1749-1877) француз физигі


«Аспанның механикасының трактаты» (1798), «Ықтималдылықтың аналитикалық теориясы» (1812)


Күн жүйесі газ тұмандарының қозғалысы нәтижесінде пайда болған.


Жорж Кювье (1769-1832) – француз ғалымы


«Жер бетіндегі өзгерістер туралы қозғалыс»


Жер тарихындағы ірі кезеңдер әлемдік катастрофамен, яғни құрылықтардың көтерілуімен немесе төмендеуімен, су тасқындарымен, қабаттардың бір-бірінен ажырауымен аяқталып отырған. Солардың нәтижесінде жан-жануарлар, өсімдіктер жойылып, жаңа жағдайда басқалары пайда болып отырған.


Томас Роберт Мальтус (1766-1834) ағылшын экономисі


«Халықтың өсуі заңының тәжірибесі». Бұл кітапты ғалым 32 жасында жазған.


Автор бұл кітабында халықтың саны геометриялық прогрессиямен, тіршілік етуге қажетті игіліктер арифметикалық прогрессиямен өсетінін анықтап, адам баласы туу процесін реттеп отыруы қажеттігін көрсеткен.


Андре Мари Ампер (1775-1836) - француз математигі, философы


«Ғылымдардың философиялық негізі»


Магниттік құбылыстың алғашқы теориясын жасады, ғылымдарды космологиялық және неологикалық деп екі топқа жіктеді.


Карл Фридрих Гауус (1777-1855)




Параллельді түзу сызықтар табиғаты туралы ойланып, евклид геометриясынан басқа да геометрияның болу мүмкіндігін болжаған


Чарльз Лайель (1797-1875) -ағылшын ғалымы


«Геология негіздері» кітабын 36 жасында жариялаған


Ғалым катастрофа теориясын сынап, жер бетіндегі өзгерістер ұзақ эволюция барысында біртіндеп жүріп отыратындығын дәлелдеген


Николай Лобачевский (1793-1860) - орыс математигі




Евклидтік емес геометрияның өзіндік варианттын ұсынды


Майкл Фарадей (1791-1867) -ағылшын химигі, физигы




Ғылымға электромагнитті өріс ұғымын енгізді


Маттиас Якоб Шлейден (1804-1881) неміс ботанигі




Өсімдіктердің бәрі бір негізден, яғни клеткадан тұратынын дәлелдейді.


Чарлз Роберт Дарвин (1809-1882) - ағылшын ғалымы


«Табиғи сұрыптау нәтижесінде түрлердің шығуы»


Биологиядағы эволюция ілімінің негізін қалады


Юлиус Роберт Майер - (1814-1878) неміс дәрігері


«Күшті анықтаудың сандық және сапалық жолдары, органикалық қозғалыстың заттар айналымындағы орны


Механикалық күш, жарық, жылу, электр, магниттік қозғалыстар бір-біріне өте алады, яғни олар бір-бірімен тығыз байланысты


Джеймс Прескотт Джоуль (1818-1889) - ағылшын ғалымы


«Магниттік электрдің жылулық қуаты мен жылудың механикалық сипаты» (1843)


Механикалық күшті жұмсаудың барысында жылу пайда болатынын көрсетті


Герман Людвиг Фердинанд Гельмгольц (1821-1894) - неміс физигі


«Көз туралы» (1855), «Есту түйсіктері туралы ілім» (1863), «Қабылдаудағы фактілер» (1879)


1847 жылы 26 жасында энергияның сақталу заңын ашты. Бұл заңды дәлелдеу барысында ол Майер мен Джоульдің приоритетін мойындап, бұл заңды мәңгі қозғаушының жоқтығымен байланыстырды.


Альберт Абрахам Майкельсон (1852-1931) - америкалық ғалым


«Жердің салыстырмалы қозғалысы мен жарық беретін эфир туралы» (1887)


ХІХ ғасырда көптеген физиктер мойындаған әлемдік эфир туралы концепцияны жоққа шығарған ғалым.


Осындай ірі жаңалықтар мен ізденістер механикалық, метафизикалық сипаттағы ғылыми дамудың аясын кеңейтті.

ХІХ ғасырдың аяғында, ХХ ғасырдың басында ғалымдар қол жеткізген көптеген тың жаңалықтар ғылымның классикалық үлгісінің аясына сыймады. Мысалы, кішкене жылдамдыққа негізделген механика электромагниттік құбылысын түсіндіре алады. Жарықтың жылдамдығына сәйкес үлкен жылдамдықпен қозғалатын құбылыстарды түсіндіру релятивистік физиканы тудырады. Релятивизм ғылымдағы әрбір мағыналық белгінің, өлшемдік өзіндік шамасы мен өрісі бар екендігіне мән береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет