Сыздықова Г. М. Ғылым тарихы мен философиясы пәнінен лекция жинағы


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет29/45
Дата18.10.2023
өлшемі0,63 Mb.
#118561
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
  1. Ғылыми пəннің ерекшелігіне жəне қалыптасуына қандай факторлар əсер етеді? 2. Ғылымдарда ғылыми пəннің өзгешелігіне айқын мысалдарды келтіріңіз? 3. Ғылым əлеуметтік институт ретінде қандай негізгі сипаттарын білдіреді? 4. Нешінші ғасырдан бастап ғылымның институцинализациясы басталды? 5. Қандай жаңа ғылыми салаларда ғылым əлеуметтік институт ретінде қарастырылады? 6. Кім «ғылыми ұжым» атты ұғымды енгізген? 7. Р. Мертонның ғылым этосы атты тұжырымдамасының негізгі ұғымдары? 8. Неге ғылым өзін өндеуде «автономды» болу қажет? 9. «Көрінбейтін колледж» атты топтың коммуникативтік түрлері? 10. Қазіргі білім социологиясында нақтылықты құрастыру бейнесі қандай? Ұсынылатын əдебиеттер 1. Əлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. 10 - том.




Өзекті ұғымдар: ғылым-әлеуметтік институт, ғылыми қауымдастық.

  1. Ғылым-әлеуметтік институт





Бөлімдері


Ғылымның әлеуметтік институт ретіндегі белгілері

- білім жиынтығы және олардың иелері


- ерекше танымдық мақсаттар мен міндеттер
- белгілі функциялар
- ерекше таным құралдары мен ұйымдары
- ғылыми жетістіктері бақылау, сараптау және бағалау тетіктері
- белгілі санкциялар

Ғылымның әлеуметтік институт ретіндегі белгілері мынадай:


- ғылыми іс-әрекеттің дербестігін қабылдау
- біртұтас рухани ғылыми кеңістіктің қалыптасуы
адам өмірі мен дамуының ғылыммен тікелей байланыстығы
- ғалымдар санының көбейе беруі

Ғылым әлеуметтік институт ретінде белгілі бір қоғамның даму принциптеріне сүйенеді. Мемлекет ғылымды ұйымдастыру және дамытуға бағытталған белгілі шараларды іске асырып отырады. Ғылымның дамуында оның өзіндік өсуін қамтамасыз ететін моралдық ұстанымдар жүйесі бар. Оның «ғылыми этос» деп атайды.



Ғылыми этостың негізгі принциптерін ХХ ғасырдың 70-жылдары ғылым социологиясының негізін қалаушы Р.Мертон ұсынған. Мертон ғылым әлеуметтік құрылым ретінде негізгі төрт құндылықтық императивке сүйенеді деп есептеді. Олар әмбебаптық, ұжымдық, адалдық және ұйымдастырылған скептицизм.
Әмбебаптық императиві ғылымның обьективтілік, демократиялық және интернационалдық сипатын көрсетті. Ғылыми ақиқат әруақытта күнделікті өмір күйбіңінен жоғары.
Ұжымдық императивті ғылыми нәтиженің әр уақытта белгілі бір топтың, қауымдастықтың бірлескен еңбегінің нәтижесі екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, кез келген ғалым өз еңбегін дамытуда ғылым тарихы мен дәстүріне сүйенеді.
Адалдық императиві ғылым әр уақытта тек ақиқатқа ғана қызмет ететінін нақтылайды.
Ұйымдастырылған скептицизм императиві ғалым өз нәтижесіне, бұрынғы ақиқаттарға әруақытта сын көзімен қарау керектігіне меңзейді.
Қорыта айтқанда, ғылым дегеніміз – әлеуметтік тұрғыдан ұйымдастырылған жаңа білім алу жолындағы ұмтылыс немесе танымдық қызметтің ерекше түрі. Ол – тамшылай төгілген тердің, тынымсыз еңбектенген ізденістің, оқыған үстіне оқып, белгілі бір дәлелдеумен дәйектеудің түбіне тереңдеп бойлаудың, машақаттанудың нәтижесі.
Ғылымды дамытатын негізгі күш – ол ғалым. Танымның негізгі мақсаты – әлемді ондағы бар ақиқаттармен реттеу. Ғылым адамзатты хаостан, бей-берекетшіліктен азат етеді.
Әрбір ғылым саласында оны дамытқан, қалыптасуына үлкен үлес қосқан лидер, көшбасшы бар. Оның айналасына идеялары мен принциптерін қолдайтын ізбасарлары мен әріптестері топтасады. Сөйтіп, ғылыми мектеп қалыптасады.
Ғылыми мектептің қалыптасуы үшін төрт жағдай керек: 1) өміршең идея; 2) жаңашыл ғалым; 3) білімнің әлеуметтік-мәдени қажеттілігі; 4) ғылыми дәстүрді білу.
Ұлы ғалым – ол әлемдік хаосты жйүелеуші, ол әлемді реттейді, оған басқалар білуі үшін есім береді.
Бейтаныс әлемге үңілген ғалымның алдында үш негізгі мәселе тұрады:
1) бұрын ешкімге белгісіз емес жаңалықты ашу
2) бұл жаңалыққа ат беру
3) жаңалықпен басқаларды таныстыру
Әрине мұның бәрі ғалым тұлғасының қасиеттерімен ойшықталады.
Ғылыми элита - ғылыми қауымдастықтың шыңы. Ғылымды ғылыми элита дамытады. Мысалы: Қазақстанда сондай ғылыми элитаның қатарына Қ.Сатпаевты, Ә.Марғұланды, М.Қозыбаевты, О.Жолдасбековті жатқызуға болады. Олардың әрқайсысы Қазақстандық ғылымның ірі салаларын қалыптастырды, жас ғалымдарды топтастырып, ұйымдастырып, ғылыми дәстүрлерді дүниеге келтірді. Қазір олар бастаған кешенді зерттеулер одан әрі дами түсуде.
Ғылым әлеуметтік институт ретінде ғылыми қауымдастық түрінде көрініс береді. Ғылыми қауымдастық – бұл белгілі мамандықпен немесе саламен айналысатын, бір-біріне көзқарастары мен дүниетанымдық ерекшеліктері жақын, ортақ мәселелер қызықтыратын ғалымдардың тобы.
2. Ғылым философиясында ғылымның негізін ғылыми танымның идеалдары мен нормалары, философия, әлемнің ғылыми үлгісі құрайды.
Әлемнің жалпы ғылыми үлгісі – белгілі бір дәуірде ғылымда үстемдік ететін жеке ғылыми әлем үлгілерінің біреуі. Мысалы, классикалық ғылымдағы механикалық принцип барлық ғылымдарға әсер етті, тіпті социология мен саясаттану да осы принципке сүйенді. Сонымен қатар, бірқатар картиналарда көрініс тапты, көркем шығармалардың жекелеген композициялық құрылымдарында, классицизм әдебиетінде қайта дәуірлеу кезеңінде тұрақты қолданыста болды. Бірақ бұл ғылыми білімнің белгілері өнер үшін соншалықты маңызды болмайды, міндетті деп қарастырылмайды, тек көркемдік шешімдерді жүзеге асыру құралдары ретінде қолданылады.
Классикалық емес жаратылыстану ғылымдарында әлемнің жалпы ғылыми үлгісіне кванттық механика мен салыстырмалы теорияға сүйенген әлемнің физикалық үлгісі жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет