Сызықтық және тармакталу және цикл операторларына программалауга төмендегі көрсетілген есептерді шыгарып, тусініктеме жазыңдар


Тармақты алгоритмдер. Шартты оператор



бет2/2
Дата05.03.2023
өлшемі51,18 Kb.
#71569
түріПрограмма
1   2
Байланысты:
СРС тапсырмалары 1 модульге

Тармақты алгоритмдер. Шартты оператор.
Жұмысты орындауға арналған тапсырмалар
1. Нақты x, y ( x ≠ y ) берілген. Кішісін олардың жарты қосындысымен, ал үлкенін - екі еселенген көбейтіндісімен алмастырыңыз.
2. Үш нақты сан берілген. Теріс емес сандарды квадраттаңыздар.
3. Егер берілген нақты x, y, z сандарының қосындысы 1-ден кем болса, онда бұл үш санның ең кішісін қалған екі санның жарты қосындысымен алмастырыңыз, кері жағдайда x және y-тің кішісін қалған екеуінің жарты қосындысымен алмастырыңыз.
4. Нақты a, b, c, d сандары берілген. Егер a<=b<=c<=d болса, онда әр санды ең үлкен санмен алмастырыңыз, егер a>b>c>d болса, сандарды өзгеріссіз қалдырыңыз, кері жағдайда барлық сандарды олардың квадратымен алмастырыңыз.
5. Нақты x, y, z сандары берілген. Егер xy-ке қалдықсыз бөлінсе және yz-ке қалдықсыз бөлінсе, онда барлық сандарға бірді қосыңыз, кері жағдайда барлық сандарды нөлге теңестіріңіз.
6. Нақты а саны берілген. f(a) –ны есептеңіз.

7. Нақты а саны берілген. f(a)мәнін төмендегі формулалар бойынша есептеңіз:

8. Нақты a, b, c сандары берілген ( a ≠ 0). ax2+bx+c=0 теңдеуінің нақты түбірлері бар екенін тексеріңіз. Егер бар болса оларды есептеңіз, кері жағдайда экранда “нақты түбірі жоқ” деген мәлімдеме шығу керек.
9. Нақты x, y сандары берілген. Егер x және y оң сан болса, онда оларды түбірден
шығарыңыз; егер тек біреуі оң болса, онда оларды квадраттаңыз. Егер x және y
теріс сан болса, онда олардың абсолют шамасын табыңыз.
11. Нақты x, y сандары берілген. Егер x және y теріс сан болса, онда олардың әрқайсын квадраттаңыз; егер тек біреуі теріс болса, онда оларды 10-ға кемітіңіз. Егер x және y оң сан болса және біреуі [1;3] аралығында жатса, онда оларды түбірден шығарыңыз. Қалған жағдайда “Шарттың ешқайсысы
орындалмады” деген мәлімдеме шығарыңыз.
12. Нақты a, b, c, d сандары берілген. Осы сандардың терістерін квадраттап, ал оң
сандарын түбірден шығарыңыз.
13. Нақты a, b, c, d сандары берілген. Егер кем дегенде бір сан нөлге тең болса, ол
жайлы экранға мәлімет шығарыңыз, кері жағдайда a-ның b-ға және c-ның d-ға
қалдықсыз бөлінетіндігін тексеріңіз.
14. Бүтін a, b, c сандары берілген. Егер a<=b<=c болса, онда барлық сандарды олардың квадратымен алмастырыңыз; егер a>b>c болса, онда әр санды ең үлкен санмен алмастырыңыз, кері жағдайда барлық сандардың таңбасын кері таңбаға ауыстырыңыз.
15. Нақты x, y, z сандары берілген. max ( x + y + z, x*y*z ) + 10 өрнегін есептейтін
программа жазыңыз.
16. Нақты x, y, z сандары берілген. max( x2 + y2, y2 + z2 ) – 1 өрнегін есептейтін программа жазыңыз.
17. Бүтін k, l, m сандары берілген. Оң сандардың квадратының қосындысын
есептеңіз. Егер бір де бір оң сан жоқ болса, ол жайлы экранға мәлімет
шығарыңыз.
18. Бүтін x және y сандары берілген. Егер екі санда жұп болса оларға 1-ді қосыңыз; егер тек біреуі жұп болса, онда олардың көбейтіндісін табыңыз; қалған жағдайда сандарды өзгеріссіз қалдырыңыз.
19. Нақты x, y, z оң сандары берілген. Қабырғаларының ұзындығы x, y, z-ке тең
үшбұрыш бар екенін тексеріңіз. Сандарды енгізгенде олардың теріс емес және
нөлге тең емес екндігін тексеріңіз.
20. Бүтін a, b, c, d сандары берілген. Нөлге тең емес сандардың көбейтіндісін табыңыз. Егер барлық сандар нөлге тең болса, экранға мәлімет шығарыңыз.
21. Бүтін a, b, c сандары берілген. Тақ сандардың қосындысын табыңыз. Егер барлық сандар жұп болса экранға мәлімет шығарыңыз.
22. Бүтін a, b, c, d сандары берілген. Егер a>=b>=c>=d болса, онда барлық
сандарды нөлге теңестіріңіз; егер aқалған жағдайда әр санды 1-ге кемітіңіз.
23. Бүтін x, y, z ( x≠ y, x≠ z, y≠ z ) сандары берілген. Осы сандардың ең кішісін
тауып, оның жұп екендігін тексеріңіз.
24. Нақты a, b, c сандары берілген. (0, +∞ ) аралығында жататын сан үшін
натуралды логарифмді есептеңіз (сан оң және нөлден үлкен болуы керек).
25. Адамның жасына қарап, оларды: әлi мектепке бармаған, мектеп оқушысы, жұмысшы, зейнеткер деген төрт топтың бiрiне жатқызатын программа құрыңдар. Адамның жасы пернетақтадан енгiзiледi.


Конец формы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет