Сүйек мүше ретінде, сүйектердің құрылысы, жіктелуі. Сүйектердің Сүйек ( кость, os). Сүйектер дененің негізгі тіреуіш мүшелері. Олардың құрылысы өте күрделі



бет2/4
Дата02.01.2023
өлшемі116,02 Kb.
#60281
1   2   3   4
Байланысты:
жүйелер

Іштің сыртқы қиғаш бұлшық еті (наружная косая живота, m.obliquus abdominus externus ) – жалпақ ет, төменгі VII қабырғадан басталып, мықын сүйектің қырына барып бекиді. Бұл бұлшық еттің талшықтары қиғаш орналасқан. Ол іштің алдыңғы қабырғасының, іштің ақ сызығының құрылысына қатысады, төменге барып шат байламына ауысады. Одан шат өзегінің алдыңғы, оның тері асты сақинасы пайда болады.
Атқаратын қызметі: омыртқа жотасын бүгіп, оны бір жағына қисайтады, тұлғаны бұрап, кеудені төмен түсіреді.
Іштің ішкі қиғаш бұлшық еті (внутренняя косая мышца живота, m.obliquus internus ), сыртқы қиғаш бұлшық еттің астында орналасқан. Ол бел-кеуде шандырынан, мықын сүйегінің қырынан және шат байламынан басталып, арқадағы III қабырғаға бекиді, іштің алдынғы қабырғасында апоневрозға айналады.
Атқаратын қызметі: омыртқа жотасын бүгіп, тұлғаны кеудені төмен түсіреді, тұлғаны бұруға қатысады.
Ішкі қиғаш бұлшық еттің шандыры төменге қарай бағытталып ұрық бауымен бірге ұмаға барып, аталық жыныс безді көтеретін бұлшық етпен бірігеді.
Іштің көлденең бұлшық еті (поперечная мышца живота, m.transversus abdominus) – ол екі алдыңғы бұлшық еттің астында орналасқан. Төменгі алты қабырғаның ішкі бетінен, бел-кеуде шандырынан, мықынның қыры мен шат байламынан басталып, бұлшық ет талшықтары ішке көлденең орналасқан, алдына келіп апоневрозға айналады және іш қуысының артқы қабырғасының құрылысына қатысады.
Атқаратын қызметі: іш қуысына қысым түсіріп тұрады, төменгі қабырғаларды көтеріп, дем шығаруға ықпал етеді. Осы бұлшық еттер омыртқа жотасын кеуде сарайымен бірге оңға, солға айналуына мүмкіндік береді.
Іштің тік бұлшық еті (прямая мышца живота, m.rectus abdominus)
- төс сүйегінің семсершесінен және V – VII қабырғалардың шеміршегінен басталып, шат сүйегіне келіп бірігеді.
Іштің тік, сыртқы, ішкі қиғаш және көлденең еттерінің апоневроздарымен бірігіп, іш қуысының алдыңғы берік қабырғасы пайда болады. Бұл бұлшық омыртқа жотасын, тұлғаны бүгеді және алға қарай иеді, кеудені төмен қарай тартып, дем шығаруға әсерін тигізеді.
Іштің шаршы бұлшық еті (квадратная мышца живота – m.quadratus abdominus) мықынның қырынан басталып, XII қабырғаға барып бекиді, іш қуысының артқы қабырғасының құрылысына қатысады.
Атқаратын қызметі: омыртқа жотасын бір жаққа қисайтады.
Іш бұлшық еттері, іш қуысындағы мүшелерді ұстап тұрады, ішектің, қуықтың босауына ықпалын тигізеді. Әйел босанғанда тыныс алуға әсерін тигізеді.
Іштің шандыры: іш шандыры бұлшық еттерді сыртынан жауып тұратын кеуде шандырының жалғасы, ал іш қуысының ішін жұқа сір қабық жабады.
Іштің ақ сызығы, кіндік сақинасы (белая линия живота, linia alba) : іштің ақ сызығы төс семсершесінен шат сүйегінің байламына дейін тартылған шандыр. Ол іштің екі қиғаш және көлденең бұлшық еттерінің апоневрозынан пайда болады. Іштің ақ сызығының ортасында кіндік сақинасы бар. Осы жер кейбір жағдайларға байланысты әлсірейді де, жарық пайда болады. Ұрықта кіндік сақинасы арқылы екі кіндік артериясы, кіндік венасы өтеді. Кейін олар семіп байламға айналып орнында кіндік шұңқыры қалады.

Қол және аяқ бұлшық еттері.


Иық белдеуінің бұлшық еттері иық буынының айналасын қоршап, оны түрлі қимылға келтіреді. Бұлшық еттер иық белдеуінің сүйектерінен басталып қар сүйегіне бекиді.
1. Дельта тәрізді бұлшық ет (дельтовидная мышца, m.deltoideus), бұғана сүйегінің латераль бөлігінен, акромионнан және жауырын қырынан басталып, қар сүйегінің дельта тәрізді бұдырына келіп бекиді.
Қызметі: алдыңғы бөлігі иықты бүгеді, ортадағы бөлігі иықты горизонталь деңгейде ұстайды, артқысы иықты жазады.
2. Қыр үсті бұлшық еті (надостная мышца, supraspinatus), жауырынның қыр үсті шұңқырынан басталып, қар сүйегінің үлкен томпағына бекиді. Қызметі: иықты денеден алып кетеді.
3. Қыр асты бұлшық еті (подостная мышца, m.infraspinatus), жауырынның қыр асты шұңқырынан басталып, қар сүйегінің үлкен томпағына бекиді.
Қызметі: иықты сыртқа айналдырады.
4. Кіші домалақ бұлшық ет (малая круглая мышца, m. teres minor), жауырынның латераль шетінен басталады, қар сүйегінің үлкен томпағына бекиді. Қызметі: иықты сыртқа айналдырады.
5. Үлкен домалақ бұлшық ет (большая круглая мышца, m. teres major), жауырынның латераль шетінен басталады, қар сүйегінің кіші томпағына бекиді.
Қызметі: иықты ішке айналдырып, төменге және арқаға тартады.
6. Жауырын асты бұлшық еті (подлопаточная мышца, m. subscapularis),
жауырынның қабырға бетінің шұңқырынан басталып, қар сүйегінің кіші томпағына бекиді. Қызметі: иықты ішке бұрады, оны денеге жақындатады, иық буынын соғылудан қорғап, керіп тартып тұрады.
Қолдың еркін қимылдайтын сүйектерінің бұлшық еттері: тоқпан жіліктің, білектің, қолбасы сүйектерінің бұлшық еттері болып бөлінеді.
Тоқпан жіліктің бұлшық еттері екі үлкен топқа бөлінеді:
алдыңғы топтағы бұлшық еттері қызметі жағынан қолды бүгушілер;
артқы топтағылар – жазушылар;
Алдыңғы топтағы бұлшық еттеріне:
Екі басты бұлшық ет (двуглавая мышца, m. biceps brachii), оның ұзын басы жауырынның буын шұңқырының жоғарысынан, қысқасы – жауырынның құстұмсық өсіндісінен басталып, екі басы бірігіп, қар сүйегінің бұдырына бекиді. Қызметі: бұлшық ет қарды және білекті шынтақ буынын бүгеді, білекті сыртқа қарай айналдырады.
Құстұмсық – иық бұлшық еті (клювоплечевая мышца, m. сoraco-brachialis), жауырынның құстұмсық өсіндісінен басталып, білек сүйегінің ортасына бекиді. Қызметі: бұлшық ет жиырылғанда иық көтеріледі, ішке қарап айналады, иық денеге жақындайды.
Иық бұлшық еті (плечевая мышца, m.brachialis), қар сүйегінің 1/3 –нен басталып, білектің шыбығының адырлы томпағына бекиді. Қызметі: бұлшық ет жиырылғанда білек шынтақта бүгіледі.
Артқы топтағы бұлшық еттері:
Үшбасты бұлшық ет (трехглавая мышца плеча, m. triceps brachii ),
ұзын басы жауырынның буын шұңқырының төменінен, сыртқы және ішкі бастары қар сүйегінің артқы бетінен басталып, шынтақ сүйегінің шынтақ өсіндісіне бекиді. Қызметі: бұлшық ет жиырылғанда білек жазылады.
Білектің шыбығының бұлшық еті (локтевая мышца, m. anconeus), қар сүйегінің латераль айдаршығынан басталып, шынтақтың шыбығына бекиді.
Қызметі: қолдың жазылуына қатысады.
Тоқпан жілік – шыбық жілік бұлшық еті (плечелучевая мышца, m. brachioradialis), қар сүйегінің латераль айдаршық үстінен, иық шандыры бұлшық ет аралығының латераль бөлігінен басталып, шынтақ шыбығының дисталь ұшына бекиді. Қызметі: білекті бүгеді, қол басын супинация мен пронация аралығында ұстайды.
Дөңгелек пронатор (круглый пронатор, m. pronator teres), қар сүйегінің медиаль айдаршық үстінен , иық шандырынан, бұлшық ет аралық медиаль бөлігінен, шынтақ сүйегінің тәждік өсіндісінен басталып, шынтақ шыбығының орта бөлігіне бекиді. Қызметі: білекті бүгеді және ішке қарай айналдырады.
Шыбықтың білезікті бүгетін бұлшық еті (лучевой сгибатель запястья- m.flexorcarpi radialis ) қар сүйегінің медиаль айдаршық үстінен, білек шандырынан басталып, алақанның ІІ сүйегінің негізіне бекиді.
Қызметі: қолдың басын бүгеді, оны азғана ішке айналдырады.
Алақанның ұзын бұлшық еті (длинная ладонная мышца, m.palmaris longus) қар сүйегінің медиаль айдаршық үсті мен білек шандырынан басталып, алақанның шандырына (апоневроз) бекиді. Қызметі: алақанның бүгуіне қатысады, алақан шандырын қатайтады.
Шынтақтың білезікті бүгетін бұлшық еті (локтевой сгибатель запястья, m.flexocarpi ulnaris) екі басты бұлшық ет қар сүйегінің медиаль айдаршық үстінен және шынтақ сүйегінің жоғарғы үштен бір бөлігінен басталып, білектің орта тұсына келгенде екі басы қосылып білезіктің бұршақ, қармақ тәрізді сүйектеріне және алақан сүйегіне бекиді. Қызметі: қол басын бүгеді, оның денеге жақындауына қатысады.
Саусақтарды бүгуші беткейдегі бұлшық ет (поверхностный сгибатель пальцев, m.flexor digitorum superficialis) жалпақ, алдыңғы бұлшық еттердің астында жатады. Қар сүйегінің медиаль айдаршық үстінен, шынтақ сүйегінің проксималь шетінен басталып, бұлшық еттің барлық талшықтары- төрт шандыр болып тарамдалады да, ІІ- ІV саусақтың ортадағы сүйегіне келіп бекиді.
Білектің тереңдегі бұлшық еттері:
Бас бармақты бүгуші ұзын бұлшық еті (длинный сгибательбольшого пальца, m. plexor digitii longus ) шынтақ шыбығының алдыңғы бетінен басталып, бас бармақтың дисталь сүйегіне келіп бекиді. Қызметі: бас бармақтың дисталь сүйегін бүгеді, алақанның бүгілуіне қатысады.
Шаршы пронатор бұлшық еті (квадратный пронатор, m. рronator guadratus ) шынтақ сүйегінің алдыңғы бетінің төменгі үштен бір бөлігінен басталып, шыбық сүйегінің алдыңғы бетінің дисталь ұшына бекиді. Қызметі: білекті ішке айналдырады.
Бармақтарды бүгуші тереңдегі бұлшық ет (глубокий сгибатель пальцев, m.flexor digitorum propundus) шынтақ сүйегінің алдыңғы бетінен басталып, ІІ-V саусақтардың дисталь ұшына бекиді. Қызметі: ІІ-V саусақтарды бүгеді.
Білектің артқы топтағы бұлшық еттері. Олар негізінен бүгілген білекті, қолды жазады. Топографиялық орналасуына негізделіп беткейдегі және тереңдегі болып екі топқа бөлінеді.
Білектің артқы топтағы беткейге орналасқан бұлшық еттері.
Білезікті жазатын шыбықтың ұзын бұлшық еті (длинный лучевой разгибатель запястья, m.extensores carpi radialis longus) қар сүйегінің латераль айдаршық үстінен, иық шандырының бұлшық ет аралық латераль бөлігінен басталып, ІІ алақан сүйегінің сыртына бекиді. Қызметі: білекті азғана бүгіп, қолдың басын жазады және денеден алыстатады.
Білезікті жазатын шыбықтың қысқа бұлшық еті (короткий лучевой разгибатель запястья, m. extensores carpi radialis brevis) қар сүйегінің латераль айдаршық үстінен, білек шандырынан басталып, ІІ алақан сүйегінің сыртқы бетіне бекиді. Қызметі: қолдың басын жазады.
Саусақтарды жазатын бұлшық ет (разгибатель пальцев) қар сүйегінің латераль айдаршық үстінен, білезік шандырынан басталып, бұлшық еттің шандыры төртке тарамдалып қолдың сыртындағы ортаңғы саусақ сүйектеріне, ал ІІ-V саусақ сүйектерінің дисталь ұшының бүйіріне бекиді. Қызметі: саусақтарды, қол-басын жазады.
Шынашақты жазатын бұлшық ет (разгибатель мизинца, m.extensor digiti minimi), қар сүйегінің латераль айдаршық үстінен басталып V саусақтың ортадағы және дисталь сүйектеріне бекиді. Қызметі: шынашақты жазады.
Білезікті шынтақтан жазатын бұлшық ет (локтевой разгибатель запястья, m. extensor carpi ulnaris) қар сүйегінің латераль айдаршық үстінен және білек шандырынан басталып, V алақан сүйегіне бекиді. Қызметі: қолды жазады, денеге жақындатады.
Білектің артқы топтағы тереңде орналасқан бұлшық еттері:
Супинатор -беткейдегі бұлшық еттердің астында орналасқан. Қар сүйегінің латераль айдаршық үстінен, шынтақ буынның қапшығынан, шынтақ сүйегінің қырынан басталып, шыбық сүйектің жоғарғы үштен бір бөлігінің алдына, артына, латераль бетіне бекиді. Қызметі: білекті сыртқа айналдырады.
Бас бармақты алып кетуші ұзын бұлшық ет (длинная мышца отводящая большой палец кисти, m. abductor pollicis longus), шынтақ және шыбық сүйектерінің дорсаль беттерінен, сүйек аралық қабыршықтан басталып, І алақан сүйегінің негізіне бекиді. Қызметі: қол басын, үлкен саусақты басқа саусақтардан алыстатады.
Бас бармақты жазушы қысқа бұлшық ет (короткий разгибатель большого пальца кисти, m. extensor pollicis brevis) шыбық сүйегінің артқы бетінен, сүйек аралық қабыршақтан басталып, үлкен саусақтың проксималь сүйегіне бекиді. Қызметі: үлкен саусақты жазады, аздап алып кетеді.
Сұқ саусақты жазушы бұлшық ет (разгибатель указательного пальца, m.extensor idicis) шынтақ сүйегінің артқы бетінен, білек сүйектерінің аралық қабыршығынан басталып, сұқ саусақтың проксималь сүйегінің сыртқы бетіне бекиді. Қызметі: сұқ саусақты жазады.
Қол басы бұлшық еттері:
Олар негізінен қолдың алақан бетінде орналасқан. Топографиялық орналасуына байланысты үш топқа бөлінеді: латераль (бас саусақ бұлшық еттері), медиаль (шынашақ бұлшық еттері) және ортаңғы бұлшық еттер.
Алақанның латераль топтағы бұлшық еттері:
Бас саусақты алып кетуші қысқа бұлшық ет (короткая мышца отводящая большой палец кисти, m.abductor pollicis brevis) білектің қайық, трапеция сияқты сүйектерінен басталып, үлкен саусақтың проксималь сүйегіне бекиді.
Қызметі: бас саусақты басқа саусақтардан алыстатады.
Бас саусақты бүгуші қысқа бұлшық ет (короткий сгибатель большого пальца, m.flexor pollicis brevis) екі басты бұлшық ет. ІІ алақан және трапеция сияқты сүйектен басталып, бас саусақтың проксималь ұшына бекиді.
Қызметі: бас cаусақты бүгеді.
Бас саусақты қарсы қоюшы бұлшық ет (мышца противопоставляющая большой палец кисти, m.oppenius pollicis brevis) трапеция сияқты сүйек томпағынан басталып, І алақан сүйегінің латераль және алдыңғы бетіне бекиді. Қызметі: бас саусақты басқа саусақтарға қарсы қояды.
Бас бармақты жақындатушы бұлшық ет ( мышца приводящая большой палец кисти, m. abductor pollicis) екі басты бұлшық ет. Олар ІІ-ІІІ алақан сүйегінен басталып, бас саусақтың проксималь сүйегіне бекиді. Қызметі: бас саусақты сұқ саусаққа жақындатады.
Қол басының медиаль топтағы бұлшық етттері:
Алақанның қысқа бұлшық еттері (короткая ладонная мышца, m. palmaris brevis), алақанның сіңірін тартып, шынашақтың томпағында шұңқыр пайда болады.
Шынашақты алып кетуші бұлшық ет (мышца отводящая мизиница) білезіктің бұршақ тәріздес сүйегінен басталып, шынашақтың проксималь сүйегіне бекиді.Қызметі: шынашақты басқа саусақтардан алыстатады.
Шынашақты бүгуші қысқа бұлшық ет(короткий сгибатель мизинца – m.flexor digiti minimi ) қармақ тәрізді сүйектің өсіндісінен басталып, V саусақтың проксималь сүйегіне бекиді. Қызметі: бұлшық ет жиырылғанда шынашақты бүгеді.
Шынашақты қарсы қоюшы бұлшық ет (мышца противопоставляющая мизинец, m. oppenius digiti minimi) қармақ тәрізді сүйектен басталып, V алақан сүйегінің шынтақ бетіне бекиді. Қызметі: бұлшық ет жиырылғанда шынашақты бас бармаққа қарсы қояды.
Қол басының орта топтағы бұлшық еттері:
Құртқа ұқсаған бұлшық ет (червеобразные мышца, mm.iumbricales)
кішкене саусақтардың тереңдегі бүгушілерінің сіңірінен басталып, ІІ-V саусақтың проксималь сүйегіне келіп бекиді.
Алақанның сүйек аралық бұлшық еті (ладонные межкостные мышцы, mm. interossei palmares) ІІ-V алақан сүйектерінің арасындағы үш бұлшық ет. Олар ІІ-V саусақтардың проксималь сүйектеріне бекиді. Қызметі: бұлшық еттер жиырылғанда ІІ-ІV-V саусақтар ІІІ саусаққа жақындайды.
Сүйектер аралық сыртқы бұлшық еттер (тыльные межкостные мышцы) сүйектердің бір-біріне қараған бетінен басталып ІІ-ІV саусақтарға бекиді.
Қызметі: бұлшық ет жиырылғанда І-ІІ саусақтарды ІІ-ден алыстатады.
Иық пен қолдың шандырлары тері асты және меншікті шандырларға бөлінеді. Қолдың тері асты шандырының практикалық маңызы жоқ. Иық-қол меншікті шандыры бұлшық еттер мен сіңірлерді көптеген қапшықтар арқылы қоршап тұрады.
Жамбас бұлшық еттері: мықын-бел бұлшық еті - үлкен бел бұлшық етi бел омыртқадан басталады, ал мықын бұлшық етi мықын шұңқырынан басталады. Бұлшық ет сан сүйегінің кішкене томпағына бекидi. Санды бүгеді, сыртқа айналдырады.
Алмұртша бұлшық ет - құйымшақтың алдыңғы бетінен басталып, отырықшы тесік арқылы шығып, сан сүйегінің үлкен томпағына бекидi. Санды сыртқа айналдырады.
Iшкi жапқыш бұлшық ет - жамбас астауының iшкi бетінен, жапқыш тесiктiн айналасынан, жапқыш қабыршақтан басталып, кiшi отырықшы тесік арқылы шығып, сан сүйегінің үлкен басының шұңқырына бекидi. Санды сыртқа айналдырады.
Жамбастың үлкен бұлшық етi - мықын сүйегінің сыртқы бетінен, құйымшақтан, сегізкөзден, жамбас, кеуде фасциясынан басталып, сан сүйегінің үлкен бұдырына бекидi. Санды сыртқа айналдырады, жазады. Тұлғаны тiк ұстауға қатысады.
Жамбастың орта және кiшi бұлшық еттері - үлкен бұлшық еттің астында орналасқан. Олар мықын сүйегінің сыртқы бетінен басталып, сан сүйегінің үлкен ұршығына бекидi, санды денеден алыстатады.
Сыртқы жапқыш бұлшық ет - жапқыш тесiгiнiн сыртынан басталып, сан сүйегінің үлкен ұршығына бекидi. Санды сыртқа айналдырады.
Санның шаршы бұлшық етi - отырықшы сүйегінің томпағынан басталып, санның үлкен ұршығына бекидi. Санды сыртқа айналдырады.
Аяқтың еркін сүйектерінiн бұлшық еттері - сан, балтыр және аяқ басының бұлшық еттері болып үш үлкен топқа бөлінеді.
Санның бұлшық еттері - алдыңғы, артқы және медиаль бұлшық еттер болып бөлінеді. Санның алдында орналасқан екi бұлшық ет бар. Олар санның 4 басты және таспа бұлшық еттері.
Санның 4 басты бұлшық етi - санның тiк бұлшық етi, санның алдыңғы төменгі қырынан, ал қалған латераль , медиаль және аралық бастары, сан сүйегінің алдыңғы бетiнен басталады. Олар барлығы бiрiгiп мықын сіңірi пайда болады. Санның 4 басты бұлшық етiнің сіңірi тiзе тобығын жауып, меншікті байламға айналып, балтыр сүйегінің үлкен шыбығынын бұдырына бекидi. Балтыр мен тiзе буынын жазады.
Таспа бұлшық етi - жоғарыдан төменге қарай қисық бағытталып, балтыр сүйегінің үлкен шыбығына бекидi. Балтырды бүгеді, санның бүгілуiне жәрдемдеседі.
Санның артқы бетiнің бұлшық еттері
Санның 2 басты бұлшық етi - бұлшық еттің ұзын басы отырықшы сүйегінің томпағынан басталады, ал қысқа басы сан сүйегінің бұдырынан басталады. Санның артқы бетінде орналасып, балтырдың кiшi шыбығына бекидi. Тiзе бүгілгенде оны сыртқа айналдырады.
Санның жартылай шандырлы және жартылай қабыршақты бұлшық еттері - отырықшы томпағынан басталып, балтырдың үлкен жiлiгiне бекидi. Балтыр мен тiзе буынын бүгеді. Бүгілген балтырды ішке айналдырады және санды, жамбас сан буынында жазады.
Санның медиал орналасқан (ортада) бұлшық еттеріне - тарақшы, ұзын, қысқа және санды бiр-бiрiне жақындатушы бұлшық еттер жиырылғандв, сан азғана сыртқа қарап бұрылып, ішке тартылады.
Ал жіңішке бұлшық ет жиырылғанда, балтыр мен тiзе буыны да iшке айналып бүгіледі.
Балтырдын бұлшық еттері - алдыңғы, артқы және латераль болып үш топқа бөлінеді. Барлық бұлшық еттер табан сүйектеріне бекидi.
Балтырдың алдыңғы топтағы бұлшық еттері:
1. Балтырдың үлкен жiлiгiнiн алдыңғы бұлшық еті - балтырдың үлкен жiлiгiнiн латераль айдаршығынан басталып, табанның сына тәрізді сүйегінің медиаль бетiне, I башпайға бекидi. Аяқтың басын жазады, оны жоғары көтереді.
2. Башпайларды жазатын ұзын бұлшық ет - балтырдың үлкен жiлiгiнiн эпифизiнен , балтырдың, кiшi жiлiгiнiн алдыңғы шетiнен, басынан, сүйек аралық жарғақтан басталып, 2-4 башпайлардың сыртына бекидi. 2-4 башпайларды жазады, латераль шетiн көтереді.
3. Үлкен башпайды жазатын ұзын бұлшық ет- балтырдың кiшi жiлiгiнiн медиаль бетiнен, сүйек аралық жарғақтан басталып, башпайлардың шеткі сүйегіне бекидi. Үлкен башпайды, аяқ басын жазады, медиаль шетiн көтереді.
Балтырдың. артқы топтағы бұлшық еттері - беткейдегi және тереңдегi болып екiге бөлінеді.
Балтырдың беткейдегi бұлшық еттері.
1 Балтырдың үш басты бұлшық етi - 3 басы болады. Оның медиаль басы санның төменгі эпифизиндегi медиаль айдаршыктан, латераль басы латераль айдаршыктан басталып, тобықтың томпағына бекидi. Балтырды, аяқтың басын бүгеді, сыртқа айналдырады.
2.Табан бұлшық етi - кішкене қарын мен шандыры бар.
Балтырдың артқы топтағы тереңдегі бұлшық еттері:
1. Балтырдың үлкен жiлiгiнiн артқы бұлшық етi - балтырдың екі сүйегінің арасындағы қабыршақтан басталып, қайықша және сына тәрізді сүйектерге бекидi. Аяқтың басын бүгеді.
2. Үлкен башпайды бүгетiн , ұзын бұлшық ет - балтырдың шыбық сүйегінің төменгі 1/3 бөлігінен басталып, үлкен башпайдын дисталь ( шеткі) сүйегіне бекидi. Үлкен башпайды , аяқтың басын бүгеді.
3. Башпайларды бүгетiн ұзын бұлшық ет-балтырдын үлкен жiлiгiнен басталып, төрт шандырға тармақталып, 2-5 башпайга барып бекидi. 2-5 башпайларды, аяқтың басын бүгеді.
Балтырдың латераль топтағы бұлшық еттеріне - екi бұлшық ет кiредi.
1. Балтыр шыбығынын ұзын бұлшық ет - шыбық сүйегінің басынан басталып, аяқтың сыртқы тобығын айналып, табанға өтеді, бірінші табан, сына тәрізді сүйектерге бекидi. Аяқтың басын көтереді.
2. Шыбықтын қысқа бұлшық етi - шыбық сүйегінің төменгі жартысынан басталып, 5 табан сүйегіне бекидi. Аяқтың басын көтереді, алып кетеді.
Аяқ басының бұлшық еттері (мышцы стопы) аяқ үстінің , табанның бұлшық еттері болып бөлінеді.
Аяқтың үстінің бұлшық еттері.
Башпайларды жазатын қысқа бұлшық ет.
Үлкен башпайды жазатын қысқа бұлшық ет.
Табанның бұлшық еттері - үш топқа бөлінеді.
1. Үлкен башпайдын бұлшық еттері( мышцы большого пальца стопы):
- үлкен башпайды бүгетiн қысқа бұлшық ет.
- үлкен башпайды жақындататын бұлшық ет.
- үлкен башпайды алыстататын бұлшық еттер.
2. Кішкене башпайдын бұлшық еттері ( мышцы мизинца стопы)
- кішкене башпайды бүгушi қысқа бұлшық ет.
- кiшкене башпайды алыстататын бұлшық ет.
3. Орталық топтағы бұлшық еттер (средняя группа)
- башпайларды бүгушi қысқа бұлшық ет;
- табанның шаршы бұлшық етi;
- құрт тәрізді бұлшық ет;
- сүйек аралық бұлшық ет.
Бұл бұлшық еттердің атқаратын қызметтері аттарына сәйкес болып келеді.

Қан физиологиясы. Қанның құрамы. Плазма. Қанның пішінді элементтері.


Қан жасаушы мүшелер
Қан – адамның тіршілігі үшін аса қажет сұйықтық. Қан туралы ғылым - гематология деп аталады. Қанның негізгі қасиеттері:
Тасымалдау қызметі – тіршілікке қажетті заттарды ұлпаларға жеткізеді, ал зат алмасу өнімдерін сыртқа уақытында щығарып отырады.
Тыныс алу қызметі – оттегіні өкпеден ұлпаларға, жасушалардағы көмірқышқыл газын өкпеге жеткізеді.
Трофикалық қызметі – қоректік заттарды, витаминдерді су мен тұздарды ұлпаларға жеткізеді.
Экскрециялық қызметі – зат алмасу барысында пайда болған өнімдерді, азот қалдықтарын, уытты заттарды бүйрекке, тер бездеріне, ішекке апарады ,сосын оларды шығарып тастайды.
Қорғаныс қызметі – қан жасушалары, плазмадагы антиденелер ағзаға енген бөгде заттарды вирустарды, микробтарды, улы заттарды бейтараптайды.
Гуморалдық реттеу – гормондар, медиаторлар, метаболиттер мүшелер мен ұлпаларға өтіп, көптеген үрдістерді реттейді.
Қан жасушалары ұлпа жасушаларымен креаторлық байланыста болады. Креаторлық байланыс жаңарған жасушалардың және жасушалардың табиғи құрылысы мен кейпінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Қан гомеостазды сақтай отырып жасушалар мен ұлпа аралық сұйықтықтың коллоидтық, осмостық тұрақтылығын сақтайды.
Қан көп энергия шығарып, қызып кеткен ағзаларды суытады, ал суыған ағзаларды жылытады. Сөйтіп, дененің қызуын бірқалыпта сақтайды.
Сұйықтық зат ретінде қанға физикалық және химиялық қасиеттер тән. Қанның түсі қызыл, ол эритроцит ішіндегі гемоглобиннің әртүрлі газдармен,басқада химиялық заттармен реакцияға түсіп, тиісті қосындылар құруына байланысты. Мысалы, артерия қанының ашық қызыл түсі қанда оксигемоглобиннің (гемоглобинмен оттегі қосындысы НвО2), вена қанының күңгірт түсі карбогемоглобиннің (гемоглобинмен көмірқышқыл газдың қосындысы НвСО2 ) байланысты болады. Адамға иіс тигенде гемоглобин иісті газбен қосылып карбоксигемоглобин түзіледі де, қанның түсі қызыл күрең тартады. Күкіртсутек әсерінен сулфгемоглобин түзілсе қан қарайып кетеді. Гемоглобиннің азотпен тұрақты қосындысы метгемоглобин қосындысынан қан қоңыр түске боялады.
Қанның иісі оның құрамындағы тез буланатын май қышқылдарына байланысты, дәмі тұзды, меншікті салмағы 1,050 – 1,060.
Қанның келесі физикалық қасиеті – оның тұтқырлығы. Ол жасушаларының, плазманың ақуыздарының мөлшеріне байланысты. Плазманың тұтқырлығы 1,7 – 2,2. Қанның маңызды қасиеттерінің бірі – осмостық қысымы. Қанның осмостық қысымының 60% ас тұзы (NaCL) иондарына байланысты. СИ жүйесі бойынша 302 - 310м. осм/л тең, қан жасушалары мен плазманың осмостық қысымдары бірдей. Қанның ақуыз молекулалары тудыратын қысым онкостық қысым деп аталады. СИ жүйесі бойынша ол 2,0-2,1м. осм/л тең. Осмостық қысымы қанның қысымына тең тұз ерітіндісі изотониялық ерітінді деп аталады, ол 0,9% тең. Қанға қарағанда тұзы аз болса ерітінді гипотониялық ерітінді деп аталады. Мұндай ерітінді су ұлпаларға қарай өтетін болғандықтан олар ісіп кетеді, Тұз мөлшері қандағы тұз мөлшерінен жоғары болса гипертониялық ерітінді дейді. Мұндай ерітіндіде жасуша құрамындағы су сыртқа шығады да жасуша бүрісіп қалады. Қан реакциясы сутегі мен гидроксил иондарының ара қатынасына байланысты. Реакция көрсеткіші рН өте тұрақты көрсеткіштердің бірі, себебі реакция көрсеткіші тұрақты болса ғана зат алмасу мен негізгі тіршілік үрдістері дұрыс бағытта өтеді. Қанның реакциясы сәл сілтілі болып, вена мен артерия қанында бірдей емес. Вена қанында көмірқышқыл көбірек, сондықтан оның реакциясы рН 7,35- 7,36, артерия қанында 7,4-7,42 сәл сілтілеу келеді. Қан реакциясын өзгертпей бірқалыпта сақтауда эритроциттер мен плазманың үлкен мәні бар. Қан плазмасында карбонат, фосфат және ақуыз, ал эритроциттерде гемоглобин буферлік қызметті орындайды.
Қан сарғылттау келген сұйық зат плазмадан және оның ішінде жүзіп жүрген қан жасушаларынан, яғни пішінді элементтерінен тұрады. Ересек адамда қанның көлемі салмағының 6-8%-не тең (5-6 литрдей). Плазма қан құрамының 52-58%-не, қан жасушалары-42-48%-не тең. Плазманың 90-92 % судан, қалғаны (8-10%) құрғақ заттардан тұрады. Соңғыларының 8-9%-і органикалық заттар, оның ішінде ақуыз 6-8% , 0,9 тұз, 0,12%глюкоза, 0,7%май тұрады. Органикалық заттардың көбі ақуыздар: албумин-4,5%, глобулин-1,7-3,5%,фибриноген-0,4%. Албуминдер мен фиброногендер бауырда, глобулиндер бауырда, сүйек кемігінде, көкбауырда, лимфалық түйіндерде түзіледі. Бұлармен қатар плазмада сүт қышқылы, пировиноград қышқылы және молекуласында азоты бар заттар (амин қышқылдары, мочевина, зәр қышқылы, креатин), түрлі ферменттер, гормондар, витаминдер, пигменттер, еріген күйінде оттегі, көмірқышқыл газы, азот болады. Альбумин акуызы жасушадағы су мен денедегі сұйықтықты реттеуге қатысады. Глобулин акуызы қорғаныштық қызмет, яғни антидене түзеді. Фибриноген акуызы қанның ұюына қатысады. Құрамында фибриноген болмайтын қан сарысу деп аталады. Плазма мен сарысудың айырмашылығы плазма қанның сұйық бөлігі, ал сарысу қан ұйығының сығындысы.
Қанның пішінді элементтері: қызыл түйіршіктері - эритроциттер, ақ түйіршіктері - лейкоциттер және пластинкалары - тромбоциттер.
Эритроцит-(erytros-қызыл, cytos-жасуша) қанның қызыл түйіршіктері. Ер адам қанының әр литрінде 4,0-5,0х1012 эритроцит болады, әйел қанында бұл көрсеткіш аздау 3,7-4,5х1012 Эритроцит санының қалыптан тыс басым болуы ( 5,0х1012 ) эритроцитоз, аз болуы (3,7-3,9х1012) эритроцитопения деп аталады. Бұлар сау адамда да, науқаста да кездеседі. Сондықтан физиологиялық және патологиялық болып бөлінеді. Олар өз кезегінде абсолюттік және салыстырмалы болады.
Эритроцит – ядросыз екі жағы ойыс келген дөңгелек жасуша. Оның диаметрі 7,2-8,1мкм, егер диаметрі 8,1мкм-ден асса, эритроцит макроцит деп. Ал 7,2мкм-ден кем болса микроцит деп аталады. Эритроциттегі құрғақ заттардың көбі (90%) гемоглобиннен, ал қалғаны (10%) басқа органикалық және бейорганикалық заттардан тұрады. Әрбір эритроцитте 300млн-дай гемоглобин молекуласы болады. Гемоглобин 1 молекула глобин және 4гем молекуласынан тұрады. Әрбір 1гем молекуласында екі валентті темір атомы бар. Гемоглобиннің бір молекуласы оттегінің төрт молекуласымен әрекеттеседі. Эритроцит саны әйелге қарағанда ер адамда көбірек, осыған орай ер адам қанында гемоглобин көбірек болады. Ер адамның 1литр қанында 130,0-160,0г, әйелде 120,0-140,0г гемоглобин бар. 1литр қанда ең көп дегенде 166,7г/л Нв болады, бірақ оның мөлшері өзгеруі мүмкін, ол эритроцит санына сәйкес келе бермейді, кейде эритроцит саны азайғанымен Нв мөлшері қалыпты деңгейде қалады, ал екінші бір жағдайда эритроцит саны қалыпты болғанымен Нв мөлшері азайып кетеді. Сондықтан дәрігерлік жұмыста әрбір эритроциттегі гемоглобин мөлшері анықталады, қанның реңдік көрсеткіші есептеп шығарылады. Әрбір эритроцитте Нв мөлшері әдеттегі деңгейде болса, ҚРК 1-ге тең болады. 0,86-1,05 аралығында ауытқулар қалыпты жағдайға жатады. Эритроцитте гемоглобин мөлшері көбейіп кетсе, гиперхромия деп, ал азайса гипохромия деп аталады.
Гемолиз - эритроциттің қабығы жарылып немесе еріп ішіндегі гемоглобиннің плазмаға шығуы. Мұндай қан гемолизденген қан деп аталады. Гемолиздің бірнеше түрі бар:
Физиологиялық гемолиз – сау адамда болады. Эритроцит 120-130 күн жасайды, ескірген соң көкбауырда, аз ғана бөлігі бауырда гемолизденеді. Олардың орнына жаңа жас эритроциттер сүйек кемігінде шығып, қанға түседі.
Осмостық гемолиз – эритроциттің іші мен сыртындағы осмостық қысымның айырмашылығынан туындайды. Қанға осмостық қысымы аз, гипотониялық ерітінді құйса, эритроциттің ішіне су кіреді де ол ісінеді, егер судың кіруі тоқтамаса эритроциттің қабығы жарылып, ішіндегі гемоглобин ерітіндіге шығады.
Химиялық гемолиз – эритроциттің қабығына химиялық заттар – сірке қышқылы, эфир, хлороформ, сілті әсерінен гемолиз болады.
Термиялық гемолиз – қанды жылыту немесе суытудан болады.
Механикалық гемолиз – қанды шайқап, араластыру салдарынан болады.
Биологиялық гемолиз – ішек құрттары, жануарлар немесе өсімдік бөліп шығаратын улы заттар – гемолизиндердің әсерінен болады.
Электрлік гемолиз – электр тоғының әсерінен болады.
Эритроциттің маңызы:
Эритроциттер тыныс алуға қатысады.
Эритроциттегі гемоглобин қан реакциясының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Эритроцит осмостық буфер.
Эритроцит ұлпадағы сұйықтықты өкпеге тасиды.
Эритроцит теріс зарядталған, сондықтан оң зарядталған улы заттарды өзіне тартып, адсорбциялайды.
Эритроцит жарылса тромбопластин босап шығады да қанды тез ұйытады.
Эритроцит макромолекуланы тасып, жасушалар арасындағы креаторлық байланысты қамтамасыз етеді.
Лейкоцит – қанның ақ жасушасы, ядросы бар, диаметрі 12мкм, амеба сияқты протоплазмасынан жалған аяқтар шығарып, қозғалады. Бір литр қанда 4,5-9х109/л лейкоцит болады. Қанда лейкоцит санының көбеюі лейкоцитоз, ал азаюы лейкопения деп аталады.
Лейкоцит гранулоцит және агранулоцит деп бөлінеді. Гранулоцит протоплазмасында түйіршіктері бар, агранулоцитте түйіршіктері болмайды. Гранулоциттер бояуына қарай базофил, эозинофил және нейтрофил болып бөлінеді. Базофилдің түйіршіктері сілтілі бояумен көк түске, эозинофил түйіршіктері қышқыл бояумен қызыл түске, ал нейтрофил түйіршіктері сілтілі және қышқыл бояулармен қызыл немесе көк түске боялады. Нейтрофилдер метамиелоцит, таяқша ядролы және сегмент ядролы болады. Агранулоцит лимфоцит және моноцит болып бөлінеді. Лимфоцит үлкен және кіші болып екіге бөлінеді. Олардың ядросы үлкен, дөңгелек бүкіл жасушаны жайлайды. Моноцит ең үлкен лейкоцит, ядросы бұршақ пішінді.
Лейкоцит түрлерінің пайыздық арақатынасы лейкограмма немесе лейкоцитарлық формула деп аталады. Лейкограмма оңға не солға жылжуы мүмкін. Қанда метамиелоциттер пайда болып, жас нейтрофилдер көбейсе, лейкограмманың солға жылжығаны. Бұл лейкопоэздің күшейгенін көрсетеді. Егер сегмент ядролы лейкоциттер саны көбейіп, жас нейтрофилдер азайса, лейкограмманың оңға жылжығаны. Бұл лейкопоэздің нашарлағанын көрсетеді.
Лейкоциттің ең басты қызметі фагоцитоздық, яғни денеге енген бөгде заттарды, микробтарды қармалап алып ферменттерімен қорытады. Фагоцитоз үш сатыда өтеді. Бірінші сатысы миграция деп аталады. Бұл сатыда лейкоцит хемотаксистік қасиеті арқасында бөгде затқа қарай жылжиды, қан тамырдан жалған аяқтары арқылы сыртқа шығады, бұл құбылыс диапедез деп аталады. Екінші сатысында бөгде затты танып, қармап алады. Үшінші сатысында ішіне енген бөгде заттарды ферменттері арқылы қорытып, жұтады.
Нейтрофилдер – лейкоциттердің ішіндегі ең көбі. Метамиелоциттер перифериялық қанда кездеспеуі де мүмкін, сондықтан ол 0-1%, таяқша ядролы 1-5%, сегмент ядролы 45-65% болады. Микробтардан, улы заттардың залалды әсерінен қорғайды.
Базофилдер гепарин бөліп шығарады. Гепарин- қанды ұйытпай сұйық қалпында сақтайтын зат. Капиллярлардың кенересін селдіретіп, басқа заттардың өтуін жеңілдететін зат - гистамин бөледі.
Эозинофилдер- гистаминді ыдырататын гистаминаза ферментін бөледі және құрамында гистамині бар өлі базофил түйіршіктерін қорытады, аллергиялық әсерленіс кезінде көбейіп кетеді және қанда гистамин өте көбейеді.
Лимфоциттер арнайы иммунитет қалыптастырып, бүкіл денедегі иммунитет жайын қадағалайды. Олар Т(тимусқа байланысты), В(бурсаға байланысты) болып бөлінеді. Т-лимфоциттер сүйек кемігінде, жілік майында түзіледі де одан әрі тимуста дамиды. Олар киллер, хелпер және супрессор деп аталатын үш жасушаға бөлінеді. Киллер - өлтіруші, яғни ісік жасушаларын, бөгде заттарды, ұлпаларды дамытпайтын иммунитет жасушасы. Хелпер – көмекші жасуша, В-лимфоцитпен әрекеттесіп, оны плазмалық антидене шығаратын жасушаға айналдырады. Супрессор – қысым көрсетуші немесе реттеуші жасуша, В-лимфоциттің және Т-киллер реакциясы күшейіп бара жатса, тежеп отырады.
В-лимфоциттер жілік майында, түзіліп, көкбауырда, ішектердің лимфоидтық ұлпаларында, бадамша бездерінде одан әрі дамиды. В-лимфоциттер мен Т-лимфоциттер өзара әрекеттескен соң иммунды глобулиндер (антиденелер) пайда болады.
Моноциттер денедегі өлі жасушаларды жұтып, жаңасына орын дайындайды.
Лейкоциттер опсонин деген бөгде заттарды танитын зат бөліп шығарады. Лимфоциттер мен моноциттер организмнің арнайы иммунитетін қалыптастырады, ал лейкоциттер бәрі де фагоцит ретінде бөгде заттарды жояды. Базофил мен эозинофилдер қанды ұйытпай капиллярлардың өткізгіштігін күшейтіп, лейкоциттердің тез каппилярдан сыртқа шығуына көмектеседі.

Лейкограмма



Гранулоциттер

агранулоциттер

базофиль

эозинофиль

нейтрофиль

лимфоциттер

моноциттер

метамиелоцит

таяқша ядролы

сегмент ядролы







0-1%

1-5%

0-1%

1-5%

45-65%

20-40%

2-10%

Тромбоцит - қан пластинкасы, екі жағы дөңес, дөңгелек не сопақша жасуша, диаметрі 0,5-4мкм. Бір литр қанда 180-320х109 /л тромбоцит болады, олар 8-11 тәулік жасайды. Тромбоцит сүйек кемігінде мегакариоциттен түзіледі. Тромбоциттің құрамы күрделі, ол көптеген ферменттерден, АТФ, лизоцим, адреналин, норадреналин гормондарынан, қанды ұйытатын факторлардан және жиырылатын ақуыз – тромбостеиннен тұрады.


Тромбоциттердің қызметі:
Ангиотрофилактикалық қан тамырды коректендіру, яғни тромбоциттер қаннан коректік заттарды сорып алады да, эндотелиймен түйіскен кезде оған беріп отырады.
Адгезивті, агрегациялық қызметі. Қан тамыры қабырғасы жарақаттанса, тромбоциттің пішіні өзгеріп, оның протоплазмасында жабысқақ аяқтар пайда болады. Эндотелий жарақаттанған жердегі мембранаға бекіп, бір-бірімен жабысып, 10-20 тромбоциттен тұратын үйінді құрайды. Бұл процесс агрегация деп аталады.
Ангиотензивтік қызметі қан тамыры саңылауын тарылтады. Бұл жарылған тромбоциттерден шыққан серотониннің әсері.
Гемокоагуляциялық немесе қан ұйыту қызметі, яғни тромбоцит құрамында қан ұюдың 11 факторы бар.
Тромбоциттер қанның креаторлық байланысын, әсіресе қан тамырларының табиғи құрылысын сақтайды.

Қанның ұюы және ұюына қарсы жүйе. Қан топтары. Резус фактор.


Иммунитет.
Ұю – қанның физиологиялық қасиеті, қорғаныс қызметінің түрі. Осы қасиеттің арқасында қан кету тоқтайды. Мұны гемостаз, яғни қан тоқтау дейді.
Гемостаз қан ағуының тоқтауымен аяқталатын физиологиялық үрдістердің жиынтығы. Ол гректің (haemo- қан, stasis- тоқтау) деген сөздерінен алынған. Қанның ұюы оның қорғаныс қасиеті болып, организмнің қан жоғалтуына және микробтардың ағзаға енуіне жол бермейді. Гемостаз процессіне 15 плазмалық, 11 тромбоциттік факторлар, эритроциттер мен лейкоциттерден бөлінетін заттар, эндотелий қатысады. Жарақаттанған қан тамырының жуан жіңішкелігіне, ондағы қысымына қарай гемостаздың екі түрі бар: тромбоциттік гемостаз және коагуляциялық гемостаз. Тромбоциттік гемостаз – тромбоцит пен қан тамыры қабырғасының ішкі бетінің қасиеттеріне, ал коагуляциялық гемостаз – қан ұю жүйесін құратын плазмалық факторларға байланысты.Тамырдағы тромбоциттік гемостаз – қан қысымы төмен ең жіңішке капиллярларда кездеседі.
Көлемі үлкен қан қысымы жоғары тамырдан аққан қанды коагуляциялық гемостаз ғана тоқтата алады.Коагуляциялық гемостаз 3 кезеңде өтеді.
1 кезең – протромбиназаның түзілуі
2 кезең – тромбин түзілуі
3 кезең – фибриногеннің фибринге айналуы .
Пайда болған фибриннің қатысумен тромб құралады да қатайып тығыздалады, яғни ретракцияланады. Ретракцияланған тромб қантамырының жарақаттанған жерін бітеп, сыртқа қан кетуін тоқтатады. Тромб қан тамыры түтігін тарылтады. Тромб пайда боысымен фибринолиз басталады, яғни фибрин ыдырай бастайды. Бұл процесстің мәні қан тамыры саңылауын бұрынғы қалпына келтіру. Әдетте адам қаны бес минут ішінде ұйып болады. Қан ұюының шапшаңдауы гиперкоагуляция, ал бәсеңдеуі гипокоагуляция деп аталады. Адам организмінде ұюға қарсы жүйе немесе фибринолитикалық жүйе бар. Оның қызметі фибринді еріту. Тепе-теңдік бұзылса қанның ұюы бұзылады немесе қан тамырларда ұйып қалады. Сондықтан жүрек-қан тамырлар ауруында тромбоз және эмболия түріндегі асқынулар кездеседі. Қанның ұюы жүйке жүйесі мен қан арқылы реттеледі.
Қазіргі уақытта қосымша факторлар ашылған, олардың кейбірі қан ұюын күшейтеді, оларды акцелераторлар, ал кейбірі әлсіретеді, оларды ингибиторлар деп атайды. Қанның ұюына қарсы заттарды антикоагулянттар деп атайды. Қан плазмасында көптеген ұйытатын заттар болса да, сау адамның қан тамырында әдетте қан ұйымайды, сұйық күйінде сақталады. Мұның себебі қанда оның ұюына жол бермейтін табиғи заттар – антикоагулянттар болады. Табиғи антикоагулянттар: 1. Әрдайым қанда болатын бастапқы антикоагулянттар – антитромбопластиндер, гепарин жатады.
2. Қан ұюы кезінде пайда болатын қосымша антикоагулянттар – фибрин, пептидтер, Х, ХІ факторлар жатады.
Иммунитет. Иммунды жүйе мүшелері.
Иммунды жүйе ағзаның антигендік тұрақтылығын қадағалайтын және регуляция жолымен байланысатын арнайы лимфоидты мүшелер мен тіндердің өзара жиынтығы. Иммунды жүйенің денеден бөгде заттарды шығарып тастау қасиетін –иммунитет деп атайды. Иммунды жүйенің мүшелері екіге бөлінеді: орталық және шеткі болып. Орталық мүшелерге - сүйек кемігі мен айырша без жатады. Иммунды жүйенің орталық мүшелерінде Т- В лимфоциттер түзіледі және олардың антигенге тәуелсіз түрлері ажыратылады. Шеткі мүшелерге: бадамша без, аппендикс , көкбауыр, лимфа түйіндері, өкпе, ішек бойында және басқа мүшелерде орналасқан лимфоидты жиынтықтар жатады. Шеткі мүшелерде лимфоциттер антигенмен жаңасуы нәтижесінде олар пісіп-жетіліп, антигенге тәуелділігі ажыратылады. Яғни , лимфоциттердің жетілген иммунокомпоненттері түзіледі. Организмнің қорғанышы 2 жүйе : арнайы емес (туа біткен табиғи ) және арнайы (жүре пайда болған) иммунитетпен жүзеге асады. Арнайы емес иммунитет факторлары: лизоцин, интерферон, бактериолизин, фагоцитоз – макрофагтар мен лейкоциттер бөгде заттарды қармап жұтуы. Арнайы иммунитет лимфоциттердің арнайы қызметіне негізделген қанның бұл жасушалары бөгде макромолекулаларды танып оларға тікелей немесе қозғыштық белокты молекуланы өңдіріп жауап қайтарады. Денедегі бөгде молекулаларды антигендер деп атайды. Денеге түскен антигенге қарсы организмдер лимфоциттер антидене немесе иммуноглобулиндер түзеді. Иммуноглобулиндер 5 классқа бөлінеді: IgC , IgA , Ig M, Ig D, Ig E.
Қан жасушаларының пайда болуын гемопоэз деп атайды.Ол арнайы мүшелерде өтеді. Қан өндірудің екі: эмбрионалды және постнаталды кезеңдерін ажыратамыз. Эмбрионалды кезеңі жатырда даму кезінде, ал постнаталды кезеңі бала туғаннан кейін басталады.
Қан жасушалары сүйек кемігінде діңгекті жасушалардан пайда болады. Эритроциттердің дамуы эритроцитопоэз, лейкоциттердің дамуы лейкоцитопоэз, тромбоциттердің дамуы тромбоцитопоэз деп аталады. Эритроциттер сүйек кемігінде ретикулоцит түрінде пайда болып, 20-40 сағаттан соң жетіледі. Эритроциттер қанда 100-120 күн өмір сүреді де, көкбауыр мен бауырда ыдырайды.
Гранулоциттер мен моноциттер сүйек кемігінде, ал лимфоциттер айырша безде, көкбауырда, лимфа түйіндерінде, бадамша бездерде, асқазан-ішек жолдарындағы лимфоидты құрылымдарында жетіледі. Лейкоциттер бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін жасайды, олар мононуклеарлы фагоцитар жүйенің жасушаларында жойылады.
Тромбоциттер сүйек кемігінде мегакариоциттерден дамиды. Олар 10-11 күн тіршілік етеді.
Гемопоэз гуморалды және жүйке жүйесі арқылы реттеледі. Гуморалды реттелудің экзо және эндогенді факторлары бар. Экзогенді факторлары биологиялық белсенді заттар, В, С тобының витаминдері, темір, кобальт, мыс және мырыш. Эндогенді факторлары Касл факторы, гемопоэтиндер, эритропоэтиндер, лейкопоэтиндер және тромбопоэтиндер, гормондар. Қанның түзілуін гипофиз, бүйрек үсті бездері, қалқанша без, аталық без гормондары күшейтсе, аналық безінің гормондары тежейді. Гипоталамус, симпатикалық жүйке жүйесі қан жасушаларының түзілуін тездетсе, парасимпатикалық жүйке тежейді.

Тыныс алу жүйесі мүшелерінің анатомиясы.


Тыныс алу – адамдардың тіршілігі үшін маңызы зор. Ол тірі дене мен сыртқы орта арасындағы газ алмасуын қамтамасыз етеді. Ағзаны оттегімен қамтамасыз етеді де, көмір қышқылы газын, су буы сыртқа шығарылады.
Тыныс алу жүйесі – тыныс алу жолы мен газ алмасу мүшесінен тұрады.
Тыныс алу жолына – мұрын қуысы, көмекей, кеңірдек, бронхтар жатады, ал тыныс алатын немесе газ алмасатын мүше - өкпе.
Тыныс алу жолы – жоғарғы ( мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмекей ) және төменгі ( кеңірдек, бронхтар ) тыныс алу жолы болып екіге бөлінеді. Тыныс алу жолында ауа тазарады, жылиды, дымқылданады. Оның кілегейлі қабығында ауамен бірге ішке енген зиянды заттар мен ауру қоздырғыштарға қарсы арналған қорғаныс қасиеттері болады.
Мұрын қуысы. (полость носа – cavitas nasi). Мұрын қуысынан тыныс алу жолы басталады, сонымен бірге иіс сезу мүшесі орналасқан. Мұрынның сыртқы пішіні: түбі, қыры, ұшы және желбезегі болады. Мұрын қуысы сыртқы ортамен желбезек, ал көмекеймен хоаналар арқылы байланысады. Танау тесігі арқылы мұрын қуысына кірген ауа тыныс жолдарын аралап өтеді, ауа жылжиды, тазарады. Мұрын қуысы кірпікше призмалы кілегеймен қапталған, кірпікшелер шаң – тозаң, микробтар жабысқан шырышты алып шығады. Бұл аймақ қан тамырға бай.
Мұрын айналасындағы қуыстарға (околоносовые пазухи – sinus paranasalis) маңдай, жоғарғы жақ (гаймар), торша және сына сүйектердегі қуыстар кіреді. Бәрінің жолы мұрын қуысына ашылады. Қуыстар кеңсіріктен өткен ауаны жылытуға, тазартуға қатысады. Мұрын айналасындағы қуыстар қабынғанда олардың латынша аттарына « ит » жалғауы жалғанады. Мысалы: гайморит, фронтит, спеноидит, этмоидит.
Көмекей (гортань-larynx) мойынның алдыңғы жағында, IV– V мойын омыртқаларының тұсында орналасқан. Қалқанша мембранасының көмегімен тіл асты сүйекке ілініп тұрады. Төменгі жағында сіңірлер арқылы кеңірдекпен жалғасады. Көмекейдің алдынан тіл асты бұлшық еттері, артында жұтқыншақ, ал бүйірінде қалқанша безінің бөліктері мен қан тамыр будалары, кезеген жүйке өтеді. Көмекейде 6 шеміршек бар. Олардың үшеуі жұп, үшеуі тақ.Жұптар: ожау, мүйіз, сына шеміршектер.Тақтары: сақинаша, қалқанша, көмекей үстіндегі шеміршектер. Ең үлкені қалқанша шеміршегі. Оның желбезегі алға қарай шығыңқы бұрыш болып жұптасып, дөңестенеді. Бұл «жұтқыншақ» деп аталады, әйелде, балада көрінбейді. Еркекте жұтқыншақ анық білінеді, жұтынғанда қозғалып тұрады.
Сақинаша шеміршек қалқанша шеміршегінің астында орналасып, көмекейдің негізін құрайды. Көмекей үстіндегі шеміршек – көмекейге кіреберістегі тіл түбірінің артында. Ол адам жұтынғанда көмекейді жауып тұрады, сол кезде тамақ өңешке өтеді. Ожауша шеміршек, сақинаша шеміршектің үстінде екі жапыраққа бөлінеді. Әрбір жапырақтың табаны, ұшы болады. Табанында екі өсікшесі болады, оның біреуіне көмекейдің көптеген еттері, ал дыбыс өсікшесіне дыбыс сіңірі бітіседі. Көмекейдің бұлшық еттері көлденең жолақты, олардың қызметі адам еркіне бағынышты болады.
Бұлшық еттер атқаратын қызметтеріне қарай – дыбыс қуысын тарылтатын, кеңейтетін және дыбыс сіңірін қатайтатын болып бөлінеді.
Дыбыс қуысын тарылтатын бұлшық еттер: сақина – ожау, қалқанша - ожау, көмекей үсті – ожау, көлденең, қиғаш – ожауша бұлшық еттер.
Дыбыс қуысын кеңейтуші бұлшық еттерге: артқы сақина - ожау жұп бұлшық еті жатады.
Дыбыс сіңірін қатайтушы бұлшық еттер: сақина - қалқанша және дыбыс бұлшық еттері.
Көмекей үш қызмет атқарады: 1.тыныс алу; 2. қорғаныс; 3. дыбыс құрау.
Тыныс алу кезінде ауаны өткізеді. Қорғаныс қызметі, жөтелгенде қақырық пен бөгде заттарды сыртқа шығарады. Көмекейдегі дыбыс құрау қызметі тек адамға тән ең басты қызмет.
Кеңірдек (трахея-trachea) көмекейдің тікелей жалғасы. Ол түтікше пішіндес. Ұзындығы 9-15см, ені 1,5–2,7см. Кеңірдек V–VII мойын омыртқаларының тұсынан басталады да, V-ші кеуде омыртқасының тұсында ол екі бас бронхқа бөлінеді. Кеңірдектің бөлінген жерін, оның «бифурка –циясы» деп атайды. Мойын бөлігінің алдында қалқанша безінің мойыны мен төс сүйегінің сабы орналасқан, артында өңеш, бүйірінен тамырлар мен жүйке талшықтары өтеді. Кеңірдек 16–20 жарты сақинаша шеміршектен құралған, олар бір– бірімен буындар арқылы біріккен. Кеңірдектің артқы, өңешке қараған бетінде шеміршек жоқ, тек бірыңғай салалы бұлшық ет пен қабыршақтан тұрады.
Қабырғасы үш қабықтан тұрады:
Ішкі - кірпікшелі эпителимен қапталған сілемейлі шырышты қабық. Онда көптеген шырышты бездер мен лимфа түйіндері болады. Ортадағы - бұлшық етті, оның жоғарысында, көлденең жолақты бұлшық еттер, төменінде бірыңғай салалы бұлшық еттер. Сырты сір қабық.
Бас бронхтар (главные бронхи–bronchus principiales) немесе 1-ші қатардағы бронхтар. Кеңірдек тік бұрыш болып оң және сол жақтағы бас бронхтарға бөлінеді. Бронхтар өкпенің қақпасы арқылы оң және сол өкпеге кіреді. Оң бронх сол бронхқа қарағанда кең және қысқа, кеңірдектің тікелей жалғасы болып саналады. Бас бронхтарда жарты сақинаша шеміршектерден тұрады. Бас бронхтар екінші қатардағы бөліктердің бронхына бөлінеді. Олар өкпенің қақпасына кіргеннен кейін бас бронх талдың бұтағынша тармақталады. Бөліктердің, сегменттер және бөлікшелердің бронхтары шеміршектерден тұрады, ал кішкене бронхтарда шеміршектер азайып, серпімді ұлпа көбейеді.
Бас бронхтың тал бұтағынша тармақталуына қарап оны «бронх талы» деп атауға болады.
Өкпе (легкое–pulmo, pulmonaes) кеуде қуысының екі жағында орналасқан. Пішіні кесілген конусқа ұқсайды. Конустың ұшы жоғарыға, табаны төменге қараған, ұшы табанына қарай кеңейген. Ұшы бұғана сүйегінен 2 – 3см жоғарыда тұрады.
Өкпенің үш беті бар: алдыңғысы – қабырға, төменгісі – көкет, ортадағысы – аралыққа қараған медиал беттері. Әр өкпе бір–біріне қараған медиал бетінде ойыстанады. Ол – «өкпенің қақпасы» (ворота легкого-hilus pulmo) деп аталады. Өкпенің қақпасы арқылы бас бронхтар, өкпе артериясы, 2 өкпе венасы, лимфа тамыры өтеді. Бұлардың өкпеге өткен тұсын-өкпенің түбірі (корень легкого–radix pulmo) деп атайды. Осы жерде лимфа бездері шоғырланған.
Әр өкпе сайлар арқылы бөліктерге бөлінеді. Оң өкпеде үш, сол өкпеде екі бөлік бар. Өкпенің бөліктері сегменттерге бөлінген, олар конусша. Оң өкпеде 11 сегмент, сол өкпеде 10 сегмент бар. Бронх сегменті дегеніміз 3-ші қатардағы бронхтар мен артерия, вена тамырларынан тұратын өкпенің бөлігі.
Сегменттің бронхтары бөлікшелердің бронхтарына бөлінеді, одан бронхиолаларға бөлініп, өкпенің шетіне қарай бағытталады. Шеткі бронхиола альвеолаға тармақталады. Альвеола жолының қабырғасы кеңейіп, көпіршіктей альвеола пайда болады.
Бронхиолалардан басталған тыныстық жолдың жиынтығы–жүзім шоғырына ұқсайды. Оны «ацинус» деп атайды.
Ацинус-өкпенің капилляр мен ауа толған альвеоласының газ алмасатын құрылыс бірлігі. Альвеола алды ашық, арты жабық көпіршік, ішінен бір қабатты жалпақ эпителимен қапталған. Ересек адамдардың өкпесінде 300–500млн. альвеолалар болады. Өкпеге оның қақпасы арқылы өкпе артериясы кіреді. Өкпе артериясы бронхтар мен бронхиолалар артериясына тармақталады, ең соңында альвеоланы қоршаған капиллярдың торы пайда болады. Осы жерде газ алмасу өтеді, қан оттегіге кенеліп, өкпе венасы болып, жүрекке бағытталады.
Өкпе қапшығы (плевра–pleura) өкпені жан – жағынан жауып тұрады. Өкпе қапшығы оң және сол өкпені бөлек–бөлек жауып тұрады. Өкпе қапшығы ішкі және сыртқы екі жапырақтан тұрады. Ішкі жапырақ өкпеге жабысып, ал сыртқы жапырақ кеуде қуысының ішін қаптайды. Екі жапырақтың арасында қуыс болады, онда сұйықтық болады, ол тыныс алу кезінде екі жапырақтың үйкелісін азайтады.
Көкірек аралық (средостение-mediastinum) кеуде қуысының оң және сол өкпе қапшықтарының арасында орналасқан, мүшелердің жиынтығын–«көкірек аралық» деп атайды.
Көкірек аралық–сыртқы жағынан плевраның медиаль бетімен, алдынан төс сүйегінің артқы бетімен, ал артында кеуде омыртқаларымен, төменінде көкетпен шектелген. Өкпе тамырлары мен кеңірдек көкірек аралығын, шартты, алдыңғы және артқы көкірек аралық деп аталатын екі бөлікке бөлінеді.
Алдыңғы бөлігінде ішкі кеуде артериясы мен веналары кеуделік лимфа түйіндері, жүрек, ал жоғарысында айырша без және ірі тамырлар орналасқан.
Артқы көкірек аралығынан өңеш, кеуделік қолқа, кезеген жүйке, кеуделік лимфа өзегі, симпатикалық сабау және веналар өтеді.

Тыныс алу жүйесінің физиологиясы.


Тыныс алу деп ауадан оттегін сіңіріп, көмір қышқыл газын шығаруды қамтамасыз ететін өзара байланысты көптеген процесстерді айтады. Тыныс алу негізінен 3 кезеңнен тұрады.
Сыртқы тыныс алу - ауадағы газдардың өкпеге өтуі, өкпеден қайтадан атмосфераға шығуы.
Газдардың қанмен тасымалдануы
Ішкі тыныс алу - жасуша құрамындағы органикалық заттардың тотығуы.
Сыртқы тыныс алу 2 кезеңнен тұрады:
Дем алу – инспирация
Дем шығару – экспирация
Инспирация механизмі:
Сопақша мидағы – инспирациялық нейрондардың қозуы.
Жұлынның III-IV мойын сегментінің алдыңғы нейрондары мен көкірек сегменттерінде орналасқан нейрондардың қозуы.
Көкеттің күмбезі жазылып, 1,5см төмендеуі.
Сыртқы қабырға аралық бұлшық еттердің жиырылуы және қабырғалардың жоғары көтерілуі, төстің алға қарай ығысуы.
Өкпенің альвеололарының жазылып ұлғаюы және ондағы қысымның төмендеуі.
Атмосфералық ауаның қысымы жоғары болғандықтан ауаның өкпеге қарай кіруі.
Экспирация механизмі:
Сопақша мидағы – экспирациялық нейрондардың қозуы.
Көкеттің босаңсуы және жоғары көтерілуі.
Ішкі қабырға аралық еттердің жиырылуы.
Альвеолалардағы ауа қысымының күшеюі.
Ауаның өкпеден сыртқа қарай шығуы.
Дем алуда плевралық қуыстың қысымының маңызы бар. Альвеолалардың ішкі бетінде сурфактант аталатын беткі кернеу күші өте төмен заттың болуы. Әрбір альвеоланың ішкі беті осы сурфактантпен майланған. Плевра қуысының қысымы теріс, атмосфералық қысымнан төмен, сондықтан ол ауаның өкпеге кіруін және венадағы қанның жүрекке қайтып оралуын қамтамасыз етеді. Плевра қабаттарының арасында әдетте ауа болмайды. Плевралық қуысқа ауа кіруі пневмоторакс деп аталады. Пневмоторакс висцералдық немесе париеталдық плевра жарақаттанғанда болады.
Өкпелік көлем
Өкпеге кіріп-шығатын ауаның мөлшері дем алу мен дем шығару тереңдігіне байланысты болады.Тыныштық күйінде демді ішке жәй тартып, сыртқа шығарғанда өкпеге кіріп-шығатын ауаның мөлшері 500мл. Бұл қалыпты тыныс ауасы деп аталады. Оның 150мл-і тыныс жолдарын толтырып, газ алмасуына қатыспайды, бұл ауа «өлі кеңістік» ауасы деп аталады.
Өлі кеңістіктің биологиялық маңызы:
Тыныс жолындағы шырышты қабық үнемі дымқылданып тұрады, сондықтан өтіп бара жатқан ауа дымқылданады.
Ауадағы шаң-тозаңды, микробтарды өткізбейді.
Өкпеге кіретін ауаның температурасын бірқалыпты сақтайды.
Дәмді әдеттегідей жай ғана ішке тартып қоймай, одан әрі демді әлі келгенше тереңдете түссе, 1500-2000мл ауаны жұта алады. Бұл жұтылатын ауа көлемі резервтік дем алу ауасы деп аталады.
Әдеттегідей дем шығарып, дем алмастан күшпен дем шығарса, тағы да сыртқа 1000-1500мл ауаны шығаруға болады. Мұны резервтік дем шығару ауасы деп атайды.
Қалыпты тыныс ауасы, резервтік дем алу және дем шығару ауасының бірігуі өкпенің тіршілік сыйымдылығын құрайды. Ол ересек адамда 3500-5500мл-ға тең.
ӨТС=500мл+2000мл+1500мл=4000мл
Күш салып терең дем шығарғаннан соң 1000-1500мл ауа сыртқа шықпай қалады. Мұндай ауа қалдық деп аталады.
Демді мейлінше ішке тартқан кездегі өкпені толтырған ауаның жалпы көлемі өкпенің жалпы сыйымдылығы деп аталады. Ол өкпенің тіршілік сыйымдылығы мен қалдық ауадан тұрады.
ӨЖС=4000мл+1500мл=5500мл
Ересек адам 1 минутта 16-20 рет тыныс алады.
Газдардың қан арқылы тасымалдануы
Қандағы, тіндегі газдар диффузия арқылы, қысымы жоғары жақтан, қысымы төмен жаққа қарай өтеді.
Өкпеде оттегі ауадан қанға қарай, көмір қышқыл газы қаннан альвеолаға өтеді. Ал тінде оттегі қаннан тінге, көмір қышқыл газы тіннен қанға қарай өтеді. Азот - газ алмасуына қатыспайтын бейтарап газ. Газдар қанда химиялық қоспа және бос ерітінді күйінде кездеседі.
Оттегі гемоглобинмен қосылып оксигемоглобин түрінде тасымалданады. Көмір қышқыл газының гемоглобинмен қосылысы – карбогемоглобин деп аталады.
Гипоксия – оттегінің қанда азаюы.
Гиперкапния – СО2 артуы.
Гипокапния – СО2 азаюы.
Гиперпноэ – тыныс алудың жиілеуі.
Апноэ – тыныс алудың тоқтауы.
Диспноэ – тыныс алудың бұзылуы.
Асфиксия – дем алмау.
Ағзада оттегі мен көмірқышқыл газының алмасуы қанайналым жүйесі мен тыныс жүйесінің қатысуымен жүреді.Тыныс алу жүйесіне тыныс алу орталығы, ауа өту жолдары, өкпе, плевра, қабырға аралық бұлшық еттер және көкет кіреді. Тныс алу жүйесінің қызмет жасауының бұзылыстары тыныстық жетіспеушілікке әкелуі мүмкін.Тыныс жетіспеушілігі ағза ахуалы, өкпенің газ алмасу қызметінің бұзылуы нәтижесінде гипоксия мен гиперкапния дамуымен сипатталады.

Ауыз қуысының анатомиясы.Тіл, тістер, сілекей бездері, құрылысы.


Ауыз қуысында астың қорытылуы.

Ішкі ағзалар, деп негізінен дене қуыстарында (кеуде, іш, жамбас астауында) орналасқан ағзаларды айтады. Оған асқорыту, тыныс алу және несеп-жыныс жүйлері жатады. Ішкі ағзалар зат алмасуға қатысады; тек көбею қызметін атқаратын жыныс ағзалары ғана оған жатпайды.


Кеуде, іш және жамбас астауы қуыстарының қабырғалары ерекше сірлі қабықпен астарланған (өкпеқап, жүрекқап, ішастар), олар ішкі ағзалардың көп бөлігінде ауысып, оларды бекітуге көмектеседі. Құрылысы жағынан сірлі қабық, талшықты дәнекер тіннен тұрады, оның сыртқы бос жағы бір қабатты тегіс эпителимен (мезотели) қапталған.
Ауыз қуысы (полость рта, cavitas oris) ас қорыту жолының басталатын мүшесі. Ауыз қуысында тағамның сапасы анықталып, химиялық, механикалық өңдеуден өтеді.
Сілекей ферменттері тағам құрамындағы көмірсуды ыдыратып, ас түйіршіктерін жұтуға дайындайды.
Ауыз қуысы – ауыз кіреберісінен және меншікті ауыз қуысынан тұрады.
Ауыз кіреберісі (преддверие рта, vestibulum oris) – тістер, қызыл иек, жоғарғы, төменгі еріндер арасындағы қуыс. Еріндер мен қызыл иектің ауыз кіреберістеріне қараған беттері шырышты қабықпен қапталған.
Меншікті ауыз қуысы (совственная полость рта, cavitas oris propria) -алдында және бүйірінде тістер мен қызыл иек, жоғарыда қатты таңдай, жұмсақ таңдай, төменінде тіл мен ауыз диафрагмасымен шектелген.
Қызыл иек (десна, gingiva) тістердің мойнын, жоғарғы және төменгі жақтың альвеоляр өсінділерін жауып тұрған шырышты қабық. Жоғарғы және төменгі еріндердің ортасынан қызыл иекке шырышты қабықтың қатпары тартылған. Бұл қатпар «ерін үзеңгісі» деп аталады.
Ұрт (щеки, buccae) ұрт бұлшық етінен пайда болған. Ұрттың сыртын тері, ішін көп қабатты түлемейтін мүйізді кілегей жауып тұрады. Ұрттың терісі мен бұлшық еттерінің арасында қалың май қабаты болады. Ұрттың терісі жұқа, онда түктің түбі, май және тер бездері болады.
Ауыз қуысының шекарасы жоғарысында қатты және жұмсақ таңдаймен, алдында, бүйірінде қызыл иекпен, тістермен, төменінде ауыз диафрагмасымен шектелген.
Қатты таңдай (твердое небо, palatum durum) ауыз қуысын мұрын қуысынан бөліп тұрады. Оның негізі – жоғары жақтың таңдайшасы мен таңдай сүйегінен пайда болған. Көлденең қатпарлар бар, олар астың жылжуына көмектеседі. Әрі қарай ол жұмсақ таңдайға өтеді.
Жұмсақ таңдай (мягкое небо, palatum molle) шырышты қабықпен жабылған, бұлшық ет табақшасы. Оның артқы, ортаңғы бөлігінде тілше, ал екі бүйірінде жұп таңдай доғалары бар; біреуі тілдің түбінен басталатын тіл доғасы, екіншісі жұтқыншақ қабырғасынан басталатын жұтқыншақ доғасы. Осы екі доғаның арасында ойық болады, онда қорғаныс қызметін атқаратын таңдай безі немесе бадамша без орналасқан. Жұмсақ таңдайдың негізінде көлденең бұлшық еттер орналасқан.
Тіл (язык, lingua, glossus) шырышты қабықпен қапталған, бұлшық етті мүше. Тіл дәмді сезеді, тағамның ауыз қуысында араласуына, жылжуына, сөздің пайда болуына қатысады. 3 бөлігі бар – түбі, денесі, ұшы. Тілдің денесінің дөңес бетін жотасы дейді. Тілдің жотасы дәм сезетін жүйке ұштарына бай, онда көптеген бүртікшелер орналасқан олар – жіпше, жапырақша, конусша, саңырауқұлақша. Жіпше және конусша жалпы сезу қызметін атқарады, тілдің денесі мен ұшында болады. Жапырақшасы тілдің екі бүйірінде, саңырауқұлақшалары тілдің ұшында, екі бүйірінде кездеседі. Тілде соқыр тесік болады.
Тістер (зубы, dentes) тағамды тістеп, майдалайды, сөздің анық болуына көмектеседі. Тістер төменгі және жоғарғы жақтардың альвеоляр шұңқырларында орналасқан. Әрбір тістің сауыты, түбірі, мойны болады. Сауыты қызыл иектен шығып тұрады. Түбірі альвеоляр шұңқырында орналасады. Тістің іші қуыс, ол пульпа сұйықтығымен толып тұрады. Тістің түбірінде тесік болады, ол арқылы қуысқа қан тамырлары, жүйке талшықтары өтеді.Тіс эмаль, дентин, цементтен тұрады. Тістің негізгі заты – дентин,оның сауыт бөлігі эмальмен жабылған, ал түбірі цементпен қапталған. Тіс альвеоляр шұңқырында сүйек қабымен бірігіп кетеді ( периодонт ). Тістің эмалі оны бұзылудан сақтап тұрады. Сауыты пішініне байланысты күрек, сойдақ, үлкен және кіші азу тістер болып бөлінеді.
Адамның жасына байланысты тістер - сүт және тұрақты болып бөлінеді.
Сүт тістер ( молочные зубы ) баланың 5 – 6 айлығында бірінші төменгі күрек тісі шығады. Бір жастағы баланың 8 тісі, 2 жаста 20 тісі болады.
Тұрақты тістердің формуласы: 3.2.1.2. 2.1.2.3.
3.2.1.2. 2.1.2.3.
Жақтың әрбір жартысында 2 күрек, 1 сойдақ, 2 кіші азу, 3 үлкен азу тістер болады.
Сілекей бездері слюнные железы, glandula salivaris) өзектері ауыз қуысына ашылатын көптеген бездер. Ішіндегі ең ірісі – құлақ маңы, төменгі жақ асты, тіл астылары. Олардың сөлін сілекей сөлі деп атайды.
1. Құлақ маңы безі (околоушная железа, glandula parotidea) немесе шықшыт безі құлақ қалқанының алдыңғы жағында, тері астында, шайнау бұлшық етін жауып орналасқан, сыртынан қатты қапшықпен қапталған. Оның өзегі жоғарғы үлкен азу тістің түбіне, ауыз қуысына ашылады.
2. Төменгі жақ асты безі (поднижнечелюстная железа, glandula submandibullaris) жақасты етінің астында орналасқан. Бұл бездердің өзегі ауыздың бұлшық еттерінен өтіп тілдің астына шығады.
3.Тіл асты безі (подязычная железа, glandula sublingualis) тілдің астында, жақ – тіл асты бұлшық етінің үстінде, шырышты қабықпен жабылып тұрады.
Асқорыту – өте күрделі процесс. Ас қорыту жолына түскен тағам механикалық және химиялық өңдеуден өтеді. Механикалық өңдеу барысында ас кесектері ұсақталып,
бөлшектенеді, сілекеймен шыланып,жұмсарады. Химиялық өңдеуге асқазан, ішек, ұйқы безі сөлінің ферменттері, өт қатысады. Бұлардың әсерінен күрделі қоректік заттар ыдырап, қан мен лимфаға өтетіндей, денедегі жасушалар пайдалана алатындай қарапайым қосынды - мономерлерге айналады.
Асқорыту жүйесінің қызметі:
1. Сөл шығару немесе секреция қызметі - оны асқорыту, сілекей, асқазан-ішек бездері, ұйқы безі, бауыр атқарады. Сөл құрамында ферменттер(гидролазалар) - протеаза, липаза, карбогидролаза болады. Протеаза ферменті белоктарды пептид және амин қышқылдарына, липаза- майды май қышқылдары мен глицеридке, карбогидролаза- полисахаридтерді моносахаридтерге дейін ыдыратады.
2. Қимыл қызметін бірыңғай салалы бұлшық еттер орындайды.
3. Қоректік заттарды сіңіру қызметі.
4. Экскреция немесе тіршілікке қажетсіз заттарды сыртқа шығару.
5. Эндокриндік қызметі- асқорыту жүйесінің мүшелерінде гастроинтестинальдық гормондар(гастрин,секретин, панкиреозимин, энтерокинин т. б.) пайда болады, олар сөл шығару қабілетін күшейтеді, асқорыту процессін үдетеді, зат алмасу қарқынын реттейді.
Ас қорыту ауыз қуысынан басталады. Тағам ауызда 15-30 секунд кідіреді. Осы уақыт ішінде тағам шайналады, сілекеймен шыланады, астың дәмі және физикалық қасиеттері туралы мәлімет алынады,тілдің түбіне қарай жылжып, жұтылады. Ауыз қуысына 3 сілекей бездерінің өзектері ашылады. Бұл бездер сілекей бөледі. Сілекей тамақ ішкен кезде көп бөлінеді.Сілекей – қоймалжың, рН 5,8-7,4 әлсіз сұйытық, тәулігіне 1,0-1,2 л. Ол 0,5 – 1,5% құрғақ заттан тұрады. Құрғақ заты бейорганикалық және органикалық заттардан тұрады. Бейорганикалық заттары : натрий, калий, кальций, магний хлоридтері сульфаттары, карбонаттары, иодит, бромид, фторидтер, темір, никель, литий. Органикалық заттары : альбумин, глобулин, муцин, гликопротеид, ферменттер, амин қышқылдары. Сілекейдің негізгі ферменті α – амилаза. Сондай-ақ микробтарды өлтіретін лизоцим ферменті, муцин болады. Муцин – гликопротеид, ол шайналған ас кесегін жұмсартып, шырышпен қоршайды да,оңай жылжитын күйге келтіреді. Сілекей жас нәресте тістерінің кальций, фосфор және микроэлементтермен қамтамасыз етеді.
Ауыз қуысына түскен тағам ондағы рецепторларды тітіркендіреді. Пайда болған қозу бет, тіл-жұтқыншақ, үштік, кезеген жүйкелері арқылы орталық жүйке жүйесіндегі рефлекстер орталығына барып жетеді. Сол жүйкелерден келген эфференттік импульстер ас кесегін ауызда шайналып, жұтылуын реттейді.
Шайнау - шартты және шартсыз рефлекстер арқылы шайнау бұлшық етттерінің қатысумен іске асырылады. Ауызға түскен тамақты шайнауға жақ, тіл және бет бұлшық еттері қатысады. Ас кесегі ауыздағы рецепторларды тітіркендіргенде, олардан шыққан қозу сигналдары афференттік жүйке талшықтарының бойымен сопақша мидағы шайнау орталығына, одан ми сыңары қыртысының қозғалтқыш аймағында орналасқан шайнау бұлшық еттерін жиырушы нейрондарды тітіркендіреді.
Жұту - рефлекс арқылы іске асырылатын күрделі процесс. Ол ауыз, жұтқыншақ және өңеш деп үш кезеңге бөлінеді. Ауызда шайналған асты адам өз еркімен жұтуға даярлайды. шайналған ас тілдің және ұрт еттерінің итермелеуімен тілдің үстіне қарай жылжытылады да, тілдің түбірі көтеріліп ас кесегі таңдайға тақап қысылып, таңдай доғасына, жұтқыншаққа қарай ысырылады.Жұтқыншаққа ас кесегі өткен кезде алдымен жұмсақ таңдай мен тілшік жұтқыншаққа қарай көтеріледі де, оның мұрын бөлімін ауыз бөлімінен бөліп тастайды, сөйтіп жұтынған сәтте ас кесегінің мұрынға өтіп кетуіне кедергі жасалады. Одан әрі ас кесегі өңешке қарай жылжиды, дәл осы кезде жұтқыншақ көтеріліп, өңештің кіреберісіндегі сфинктер босаңсып жазылады да өңеш ашылады. Сөйтіп ас кесегі өңешке барып түседі. Өңештің жиырылып, жазылу қимылымен 6-8 секунд ішінде ас асқазанға жетеді.
Жұтқыншақ, өңеш, асқазанның анатомиясы мен физиологиясы

Жұтқыншақ (глотка, pharynx) ауыз қуысы мен өңешті жалғайтын түтікше, асқорыту жолының бір бөлігі. Ұзындығы 12 – 15см. VI – VII мойын омыртқалардың аралығында орналасқан.


Қызметі: Ауаны мұрын қуысынан көмекейге өткізеді;
Жұтыну уақытында тағамды ауыз қуысынан өңешке өткізеді.
Жұтқыншақта тыныс алу жолы мен асқорыту жолы айқасады. Ауыз бен мұрын қуыстарының және көмекейдің артында орналасқан. Жұтқыншақ үш бөліктен тұрады. 1. мұрын; 2.ауыз; 3. көмекей бөлігі.
Жұтқыншаққа 7- тесік ашылады; 2 тесік – хоаналар, 2 тесік - есіту түтігінің тесігі; 1- көмей тесігі; 1- жұтқыншақ тесігі; 1 – ауыз қуысының тесігі. Жұтқыншақ хоаналар арқылы мұрын қуысымен, есіту немесе «евстахий тесігі» арқылы ортаңғы құлақпен жалғасады. Қабырғасы үш қабықтан тұрады. Ішкі шырышты қабығы, оның негізі тығыз дәнекер ұлпа. Шырышты қабығында қатпарлар болмайды.
Жұтқыншақтың мұрын бөлігі « жыбырлағыш » кілегеймен, ал ауыз және көмекей бөлігінің шырышты қабығы көп қабатты түлемейтін кілегеймен қапталған. Бұлшық ет қабығы ұзынынан және көлденеңінен орналасқан. Жұтқыншақта барлығы екі таңдай, екі түтік, тіл жұтқыншақ миндалиналары қалқа болып орналасқан. Олар «Пирогов – Вальдейер алқасы» деп аталады. Мұрын, ауыз қуысынан өткен түрлі зиянды заттарды осы бездер залалсыздандырады.
Жұтқыншақ VI – VII мойын омыртқаларының тұсында өңешке өтеді.
Өңеш (пищевод, esophagus) ұзындығы 25 – 30см , алдынан артына қарай бағытталып қысылған, бұлшық етті түтік. Ол мойын аймағынан басталып, кеуде қуысына өтеді, көкет арқылы іш қуысына өтіп, X – XI кеуде омыртқаларының тұсында асқазанға жалғасады. Үш бөліктен тұрады: мойын бөлігі, кеуде бөлігі, іш бөлігі.
Өңеш үш жерде тарылады:
VI – VII мойын омыртқаларының тұсында немесе жұтқыншақтың өңешке өткен жерінде;
IV – V кеуде омыртқасының немесе кеңірдектің бифуркациясының тұсында;
X – XI кеуде омыртқаларының немесе диафрагмадан өткен жерінде.
Өңештің қабырғасы үш қабықтан тұрады:
Ішкі, шырышты қабық және шырыш асты қабық.
Бұлшық ет қабығы.
Ұйма немесе адвентиция қабығы.
Асқазан (желудок, gaster, ventriculus) асқорыту жолының кеңейген бөлігі, асты сақтайды, қорытады, асты қорыту үшін сөл бөліп шығарады. Топографиясы – іш қуысының жоғарысында, көкет пен бауырдың астында орналасқан, оның үлкен бөлігі омыртқа жотасының сол жағында орналасқан.
Сыйымдылығы 3л. Асқазанның құрылысы – оның кардиал, пилорик бөлігі, денесі, түбі, алдыңғы, артқы қабырғасы бар. Алдыңғы, артқы қабырғаларының шектесуінен кіші және үлкен иірімдер пайда болады. Кардиал бөлігі 10 – 11 кеуде омыртқаларының тұсында орналасқан. Асқазанның кардиал бөлігіне өңеш жалғасады жіне осы бөліктің сол жағында түбі орналасқан. Түбі мен кардиал бөлігі кішкене ойық арқылы бөлініп тұрады.
Асқазанның орта бөлігі, оның денесі, төмен қарай бағытталып асқазанның пилорик бөлігіне өтеді. Пилорик бөлігінде кіреберіс және пилорик қуысы бар. Пилорик қуысы, пилорик жолы болып жалғасады. Пилорик қуысының жолы 12 елі ішекпен жалғасады.
Асқазанның қабырғасы үш қабықтан тұрады:
Ішкі шырышты, шырыш асты қабығы;
Бұлшық ет қабығы;
Сір, сір асты қабығы.
Асқазан бездерінің үш түрі кездеседі.
Кардиал.
Меншікті кардиал.
Пилорик бездер.Тәулігіне 2,0 – 2,5л асқазан сөлі бөлінеді.
Асқазан асқорыту жүйесінің кеңейген жері, оның сыйымдылығы 2-4 литрдей болады. Асқазанның шырышты қабатында негізгі, париеталді, қосымша гландулоциттерден тұратын асқазан бездері орналасқан. Бұл бездер тәулігіне 2-2,5 л асқазан сөлін бөледі. Асқазан сөлі түссіз, реакциясы қышқыл рН 0,9-1,5,құрамында 0,5-3,5% құрғақ заты бар. Негізгі жасушалары – пепсиноген ферментін, париетал – тұз қышқылын, қосымша – муцин бөліп шығарады. Асқазан сөлінің құрамында : пепсин, гастриксин, липаза, муцин және тұз қышқылы болады болады. Жаңа туған баланың асқазанында сүтті ірітетін фермент – химозин болады. Асқазанның пепсин ферменті казеиногенді казеинге айналдырады, липаза ферменті эмульсияланған майға әсер етеді. Май тек қана он екі елі ішекте эмульсияланады(өте ұсақ бөлшектерге бөлшектенеді). Асқазан липазасы тек қана сүттің құрамындағы майға әсер етеді, себебі ол эмульсия түрінде кездеседі.Май ыдырап глицерин мен май қышқылына айналады. Асқазан сөлінде көмірсуды гидролиздейтін фермент болмайды. Тек қана сілекейдің α – амилазасы крахмал мен гликогенді дисахаридке, мальтаза ферменті мальтозаны глюкозаға дейін ыдыратады. Муцин – асқазанның шырышты қабатын қаптап, тұз қышқылын бейтараптайды, пепсиннің зиянды әсерінен қорғайды. Асқазанға түскен витаминінің сорылуына, Кастл факторы арқылы антианемиялық факторлардың түзілуіне ықпал жасайды.
Тұз қышқылының маңызы:
Пепсиногенді пепсинге айналдырады.
Пепсиннің әсерін күшейтеді.
Ақуыздарды жұмсартады.
Микробтарды жояды.
Химустың 12 елі ішекке өтуіне септігін тигізеді.
Химозиннің әсерін жеңілдетеді.
Ұйқы безінің сөл бөлуін күшейтеді.
Асқазан сөлінің өзін-өзі реттеуін қамтамасыз етеді.
Құсу - аш ішектің рефлекс арқылы кері жиырылуынан болатын қимыл . Құсу рефлексі тіл түбірі мен жұтқыншақтағы, асқазан мен ішектегі, шажырқайдағы рецепторлардың және вестибулярлық аппарат рецепторларының тітіркенуінен пайда болады.

Жіңішке және тоқ ішектердің анатомиясы мен физиологиясы. Ішперде


туралы түсінік.

Жіңішке ішек (тонкая кишка, intestinum tenue) асқазанның пилорик бөлімінен басталады. Жіңішке ішекте тағам өт және ұйқы безі сөлдерінің әсерінен қорытылып, қан мен лимфаға сіңіріледі.


Жіңішке ішек кіндіктің айналасында, асқазан мен көлденең тоқ ішектің астында орналасқан, ұзындығы - 2,2 – 4,5м.
Жіңішке ішек үш бөлімнен тұрады:
1 Он екі елі ішек (ұлтабар, двенадцатиперстная кишка, duodenum)
2 Ащы ішек (тощая кишка, jejunum)
3 Ащы ішектің мықын бөлігі (подвздошная кишка, intestinum ileum)
Он екі елі ішек жіңішке ішектің ең қысқа бөлігі, асқазанның пилорик бөлігінен басталып, ащы ішекпен жалғасады, ұзындығы – 21см.
Он екі елі ішектің жоғарғы және төмен қарай бағытталған, горизонталь және жоғарыға көтерілген бөлігі бар. Ол ұйқы безінің басын орап жатады.
Жоғарғы бөлігінің ұзындығы – 4 – 5см, XII- кеуде, I- бел омыртқасының
тұсында орналасқан. Оның жоғарғы беті бауырдың шаршы бөлігімен жанасады, алдыңғы беті өт қуығымен, артқы беті қақпа венасы, жалпы өт жолы және асқазан – ұлтабар артерия қан тамырымен шектескен.
Ұлтабардың төменге бағытталған бөлігінің ұзындығы - 8 - 10см, омырт
қа жотасының тұсында горизонталь бөлігімен жалғасады. Ұлтабардың бұл бөлігін алдынан көлденең тоқ ішектің шарбысы орап өтеді. Артында оң жақтағы бүйрекпен, сол жағында жалпы өт жолымен, алдында бауырмен шектеседі.
Ұлтабардың горизонталь бөлігінің ұзындығы - 6 – 8см. Бұл бөлік
жоғарғы жағында ұйқы безінің басымен, артында төменгі қуыс венамен және оң бүйректің венасымен шектеседі.
Ұлтабардың жоғары бағытталған бөлігінің ұзындығы - 4 – 7см. Ол
омыртқа жотасының сол жағында 2 бел омыртқасының денесімен, алдында шарбының түбімен, артында қуыс венамен, іш қолқасы және сол бүйрек венасымен шектеседі.
Жіңішке ішектің қабырғасы үш қабаттан тұрады:
кілегейлі, оның кілегейлі және кілегей асты негіз қабаты бар;
бұлшық ет қабығы;
ұйма ( адвентиция ) қабығы.
Кілегейлі қабығында өсінділер бар олар бүрлер деп аталады. Саны 18 – 40, олар сіңіру қызметін атқарады. Бүрлердің ортасында лимфа, ал шеттерінде қан тамырлары болады. Бүрлер жоғарғы бөлігінде көп. Сонымен бірге крипталар бар, олар түтікше кілегей асты негізіндегі ойық жерлер. Крипталарға жіңішке ішек бездерінің өзегі ашылады. Лимфа түйіндері жіңішке ішектің мықын бөлігінде көп орналасқан. Олар қорғаныс қызметін атқарады. Жіңішке ішектің сөлін оның қабырғасында орналасқан бездер бөліп шығарады. Тәлігіне 2 – 3л сөл бөлінеді.
Тоқ ішек (толстая кишка, intestinum crassum) ас қорыту жолының соңғы бөлігі, жіңішке ішекпен тікелей жалғасады, ұзындығы 1,5 – 2м.
Тоқ ішектің жіңішке ішектен айырмашылығы:
Оның ұзына бойына қатпарлары (гаустралары) бар;
Шырышты қабығы ішінен жарты айланып қатпарланып тұрады;
Онда бүрлер ( ворсинкалар ) болмайды;
Ішекті айнала орналасқан бірыңғай салалы бұлшық еттердің үш таспасы бар.
Тоқ ішек – соқыр ішек, жоғары көтерілуші, көлденең, төмен бағытталған, қима тәрізді, тік ішек болып бөлінеді.
Соқыр ішек (слепая кишка, caecum) – тоқ ішектің басталатын жері мен оң жақтағы мықын шұңқырында орналасқан. Ұзындығы – 6см. Оның артқы ішкі бетінен құртқа ұқсас аппендикс ( червеобразный отросток - appendix ) атты өсінді шығып тұрады, ұзындығы 2 – 13см. Құртқа ұқсас өсіндінің шырышты қабығының астында көптеген қорғаныс қызметін атқаратын лимфа безі орналасқан.
Тоқ ішектің жоғары көтерілуші бөлігі (восходящая толстая кишка,
colon ascendens) бауырдың төменгі шетіне дейін көтеріліп, осы жерде иіледі. Иілген жерінде ол көлденең тоқ ішекке өтеді.
Көлденең тоқ ішек (поперечно – ободочная толстая кишка, colon transversum ) өзінің шарбысы бар, шажырқаймен жан – жақты қоршалған. Іш қуысында көлденеңінен орналасқан, сол жақта көк бауырдың төменгі шетіне келгенде иіліп, төменге қарай бағытталған бөлігіне өтеді.
Тоқ ішектің төменге бағытталған бөлігі (нисходящая толстая кишка, colon descendens) төмен қарай мықын қырының тұсына келгенде тоқ ішектің қимасына өтеді.
Қима тәріздес тоқ ішек (сигмовидная кишка, colon sigmoideum)
III - сегізкөз омыртқасының тұсында орналасқан. Бұл ішектің жалғасы тік ішек.
Тік ішек (прямая кишка, rectum) ас қорыту жолның соңғы бөлігі. Ол кіші астауда орналасқан, соңы анал немесе артқы түтік. Тік ішектің жоғарғы бөлігі кең. Оны ішектің « ампуласы » деп атайды. Төменгі бөлігінің тарылған тұсы – анал түтігі. Анал тесігінің сыртқы бетін айналма бұлшық еттер қаптаған.
Іш перде (брюшина, peritoneum) іш қуысын, іш қуысындағы мүшелерді қаптаған дәнекер ұлпалы қабық.
Іш перденің екі қабаты бар. Іш қуысының қабырғасын жауып тұрған бөлігі – «париеталь», ал мүшелердің өзін жауып тұрған қапшығын «висцераль» деп атайды. Егер іш қуысындағы мүш – іш пердемен түгел жабылған болса – «интроперитонеал», 3 жағынан жабылса - «мезопери -тонеал», ал тек алдынан жабылса – экстроперитонеал» мүше деп аталады. « Париеталь» және «висцераль» қабаттарының арасында қуыс бар, онда азғана сір сұйықтығы болады. Бұл қуыс еркектерде тұйық, ал әйелдерде жатыр түтігі, жатыр қынабы арқылы іш қуысына, сыртқы ортаға ашылады.
Шарбы (сальник) іш перде жапырақтарының арасындағы майлар.
Ас 12 елі ішекке түсісімен оған 3 түрлі сөл (ұйқы безінің, 12 елі ішектің сөлі және өт) әсер етеді. 12 елі ішектің шырышты қабығында бруннер бездері бар, олар өз сөлін шығарып отырады. Сөл сілтілі рН- 7,8-8,0, құрамында пепсин ферменті бар. Ол химусқа сіңген асқазан пепсинімен бірге ішектегі белоктарды ыдыратады, бірақ ұйқы безінің сөлі мен өт келіп құйылысымен пепсиндердің әсері тоқтайды.Ас ішекте 10-12 сағат кідіреді. Ішек сөлі либеркюн бездерінде түзіледі.Тәулігіне 2-3л сөл бөлінеді. Ішек сөлі сарғыштау,өзіне тән иісі болады. Реакциясы сілтілі рН 7,5-8,6, құрамында 2% құрғақ заты бар. Оның құрамында ферменттер(20 шақты), минералды заттар (K, Na, Ca) муцин бар.Ферменттер; пептидазалар, нуклеаза, липаза, фосфатаза, сахараза, лактаза, мальтаза, энтерокиназа бар.
Энтерокиназа – трипсиногенді трипсинге айналдырып, ақуыздың ыдырауын қамтамасыз етеді.Сөл шығару қоректік заттар ішекке түсісімен күшейеді.
Ішекте ас 2 түрлі жолмен; қуыстық және ішектің кілегейлі қабығында (мембраналық) қорытылады.
Ішек эпителиі-микробүрлер мен микротүтіктерден тұрады, мұнымен қатар эпителий жиегінің бетінде мукополисахарид жіпшелері орналасқан, олар Са көпірлері арқылы байланысып тор құрады. Оны гликокаликс деп айтады. Гликокаликстер мен микротүтіктерде көптеген ферменттер адсорбцияланады.
Мембраналық ас қорыту;
1.Мембрана бетінде адсорбцияланған ферменттер күштілеу болады.
2.Микробүрлер мен микротүтіктер ішектің қоректік заттармен жанасу бетін үлкейтіп, сіңуін жеңілдетеді.
3. Адсорбцияланған ферменттер ұзақ уақыт күшін жоймайды.
4. Гликокаликс микробтарға бөгет жасайды.
Ас қорыту барысында пайда болған өнімдер ішектен қанға, лимфаға сіңеді.Астың сіңуімен ас қорыту аяқталады. Астың сіңуі асқазан-ішек жолында бірдей емес.Ас аш ішекте толық сіңеді. Аш ішектің шырышты қабаты бүрлер мен қатпарлардан тұрады. Бүрлер 1мм3 18-40 шақты болады, олар ішектің сіңіруі бетін 5-6 есе ұлғайтады. Ас сіңуі дегеніміз гидролиз өнімдерінің асқазан-ішектен қанға не лимфаға сіңуі.
Ақуыз ас қорыту барысында амин қышқылдарына дейін ыдырайды. Қанға сіңген амин қышқылдары қақпа венасы арқылы бауырға барып жетеді. Мұнда олардан қан ақуыздары, бауыр жасушаларының ақуыздары және қан ұюы процессіне қатысатын протромбин, фибриноген, проконвертин, проакцелерин түзіледі. қанда әр жасуша өзіне қажет амин қышқылын таңдап алады. Жасушадағы ақуыздардың тотығуы нәтижесінде пайда болған амин қышқылдары бауырда дезаминденіп мочевинаға айналады және несеп қышқылы түзіледі. Қандағы артық мочевина мен несеп қышқылы бүйрек арқылы сыртқа шығарылады.
Көмірсулардың ыдырауы нәтижесінде пайда болған моносахаридтердің 90 пайызы қанға сіңеді. Қанға сіңген моносахаридтерден бауырда гликоген түзіледі, олардың қалғаны қайтадан қанға сіңеді де жасушаларға қажет энергия көзі ретінде пайдаланылады.
Май ішекте өттің әсерімен ұсақ тамшы бөлшектерге бөлінеді де, одан әрі липазаның қатысумен глицерин мен май қышқылдарына ыдырайды. Осы өнімдер түрінде майдың 40 пайызы, үшглицерид түрінде 10 пайызы лимфаға сорылады.
Аш ішекте қорытылмай, сіңбей қалған ас қалдықтары мықын ішектен соқыр ішекке өтеді. Мықын ішек пен соқыр ішектің жалғасқан жеріндегі сфинктер мен қақпақша химусты мықын ішектен тоқ ішекке сығымдап өткізеді, бірақ химустың кері қайтуына жол бермейді.
Аш ішектен тоқ ішекке тәулігіне 2-4 литрдей химус өтеді. химус құрамындағы су қанға тоқ ішектен сіңеді. Тоқ ішекте көптеген микроорганизмдер бар, олар аш ішекте ыдырамай сол күйінде тоқ ішекке өткен клетчатканы ыдыратады. Адам үшін клетчатка қоректік затқа жатпайды, бірақ ол тоқтық сезімін тудырып, ішек қимылын күшейтеді. Тоқ ішекке келіп түскен белоктарды шірітетін микробтар бар. Шіру нәтижесінде тез қанға сіңетін улы заттар түзіледі, олар қақпа венасы арқылы бауырға барып, дезинтоксикацияланады.Бұл микрофлораның пайдасы витамин К синтездеу және патогенді микробтардың өсуіне кедергі жасайды. Тоқ ішекте нәжіс қалыптасады. Нәжістің құрамында денеге сіңбеген ас қалдықтары, шіру, ашу барысында пайда болған заттар, көптеген микроорганизмдер болады.
Нәжісті сыртқа шығару - дефекация деп аталады, ол тік ішек рецепторларының тітіркенуінен басталады.

Бауыр, өт қуығы және ұйқы безінің анатомиясы мен физиологиясы. Өт


пен ұйқы безі сөлінің құрамы мен қасиеттері.

Бауыр (печень, hepar) дененің «биохимиялық лабораториясы» деп аталады, ең үлкен без, салмағы 1,5 – 2,0кг. Бауыр, іш қуысының жоғарысында, үлкен бөлігі оң жақта, кіші бөлігі сол жақта көкеттің астында орналасқан. Жоғарысында көкет күмбезі, төменіректе асқазан, он екі елі ішек, тоқ ішектің оң жақтағы имегі, оң бүйрек, бүйрек үсті безімен шектеседі.


Орақ тәрізді жалғама бауырды екі бөлікке бөліп тұрады.
Үлкені, оң бөлігі.
Кішісі, сол бөлігі.
Бауырдың «висцераль бетінде» үш сай бар. Олардың екеуі ұзынынан, біреуі көлденеңінен орналасқан. Көлденең сай арқылы бауырға артерия, вена қан тамырлары өтеді, ал бауырдан өт жолы, лимфа тамырлары шығады. Көлденең сай «бауыр қақпасы» деп аталады. Бауырды тығыз дәнекер ұлпалы фиброзды қабық қаптап тұрады.
Бауырдың бөліктері 8 сегментке бөлінеді: оң бөлікте 4, сол бөлікте 4 сегмент болады. Сегменттер бөлшектерге бөлінеді. Бөлшектердің пішінін призмамен салыстыруға болады, ал бауыр клеткалары гепатоциттерден тұрады. Бөлшектердің ішінде гепатоциттермен қатар, қан капиллярлары және өт жолдары жатады. Өт жолдары бір – бірімен қосылып, іріленіп бөлікше аралық өт жолдары пайда болады. Бауырға артерия, вена қан тамырлары кіреді. Вена қаны қақпа венасы түрінде кіреді. Қақпа венасы қанды, асқорыту жолының тақ мүшелерінен жинайды. Артерия мен вена қан тамырлары қақпадан өткеннен кейін бөліктерге, одан сегменттерге, бөлікшелердің қан тамырларына тармақталады. Бөлікше ішіндегі қан тамырларынан, бөлікшенің орталық венасы пайда болады. Бірнеше орталық веналар бірігіп, 2 – 3 бауыр венасы, олар жалпы бауыр венасы түрінде төменгі қуыс венаға қосылады.
Өт қуығы (желчный пузырь, vesica fellea) бауырдың төменгі бетінде, оң жақтағы ұзын сайда орналасқан. Пішіні алмұртқа ұқсайды, оның мойыны, денесі, түбі болады. Өт қуығының жолымен бауырдың жалпы өт жолы қосылып, жалпы өт жолы пайда болады да, он екі елі ішекке құйылады.
Жалпы өт жолының ұзындығы – 7см.
Өт қуығының қабырғасы үш қабықтан тұрады: шырышты, бұлшық ет, сір.
Ұйқы безі (поджелудочная железа, pancreas) аралас қызмет атқаратын без, 12 елі ішекке тәулігіне 2л сөл бөледі.
Ұйқы безі іш қуысының артқы жағында, асқазанның артында, I – II бел омыртқаларының тұсында орналасқан. Оның басы, денесі, ұшы болады.
Ұзындығы 12 – 15см, салмағы 70 – 80г. Сыртын өте жұқа дәнекер ұлпалы қабық қаптап тұрады. Бездің бөлшектері көпіршікше безді ұлпалар – ацинустерден тұрады. Олар сөл бөліп шығарады. Ацинустердің өзектері бөліктерден кейін, бөліктер аралық өзекке жиналып, бездің жалпы өзегі пайда болады. Ол он екі елі ішекке құйылады.
Ұйқы безінің ішкі секреция гормондарын Лангерганс аралшасындағы альфа, ветта жасушалары жасап шығарады.
Ұйқы безінің сөлі түссіз, сілтілі рН 7,8-8,4, құрамында 1% құрғақ заты бар. Тәулігіне 1,5-2 л сөл бөледі.Ұйқы безінің сөлінің ферменттері:
1. Ақуызды ыдырататын : трипсин, химотрипсин, карбоксипептидаза, эластаза, рибонуклеаза.
2. Майды ыдырататын – липаза. Майды алдымен өт эмульсияға айналдырады.
3. Көмірсуларға әсер ететін α – амилаза, мальтаза, лактаза ферменттері.
Ұйқы безінің сөлінде трипсин мен химотрипсин трипсиноген, химотрипсиноген түрінде бөлінеді де, он екі елі ішектің энтерокиназа ферменті арқылы трипсин және химотрипсиногенге айналады. Трипсин мен химотрипсин ғана ақуызды амин қышқылдарына дейін ыдыратады.
Ұйқы безі тамақ ішкен соң 2-3 минут өтісімен мол етіп сөл бөледі, ол тамақтың құрамына қарай 6-14 сағатқа созылады. Сөл шығару процессі күрделі 2 кезеңнен тұрады.
1. Рефлекс арқылы сөл шығару сөл шығару шартты және шартсыз рефлекстермен реттеледі. Алдымен ұйқы безі тамақ ауызға келіп түскенше сөл шығара бастайды, осыған орай рефлекстік доға ми қыртысы арқылы өтеді. Одан әрі тамақ ауызға түскеннен кейін күшейе түседі. Жүйке импульсі дәм рецепторларынан жүйке арқылы сопақша мидағы сөл шығару орталығына жетеді де, кезеген және симпатикалық жүйке талшықтары арқылы ұйқы безінің сөл шығару қабілетін күшейтеді.
2. Қан арқылы түрлі химиялық заттар, яғни гормондар ұйқы безінің сөл шығару қабілетін күшейтеді. Көптеген гормондар ұйқы безінің сөл шығаруын күшейтеді, олар секретин, панкреозимин, гастрин, бомбезин, инсулин. Ал, кейбірі бұл процессті тежейді, олар глюкагон, кальцитонин, соматостатин.
Бауыр - адам денесіндегі ең үлкен без, оның салмағы ересек адамда шамамен 1,5-2,0 кг, яғни адам салмағының 1/36-на тең. Құрылысы күрделі, қызғылт-қоңыр түсті ағза. Құрсақ қуысының оң жағында, қабырғалардың ішкі бетінде сүңги орналасқан, біраз бөлігі сол жақта. Бауыр жасушалары – гепатоциттер деп аталады.
Бауырдың қызметі:
Бауыр өт шығарып (тәулігіне 1л), асқорыту процессіне қатысады.
Лимфа түзілу процессіне қатысады.
Бауыр зат алмасу процессіне қатысады.
Бауырда қан ұюына қатысатын көптеген белоктар (протромбин, фибриноген, проконвертин, проакцелерин, V, XI, XII, XIII факторлар, сондай –ақ гепарин, антитромбин т.б) түзіледі.
Бауыр холестерин, сондай-ақ стероидтық гормондар алмасуына қатысады.
Бауыр су мен тұз алмасуына қатысады.
Бауыр витаминдер алмасуына қатысады, мұнда А витамині түзіледі, майда еритін витаминдердің (А, Д, Е, К) алмасуы осында өтеді.
Бауыр қан жүйесінің маңызды бөлігі. Қан түзілуіне қатысады (баланың құрсақта дамуы кезеңінде), қан айналысына, қан жасушаларының ыдырауына, қанның денеге таралуына (қан қоймасы) қатысады. Бауыр арқылы минутына 1500-1800 мл қан өтеді.
Бауыр қан қоймасы ретінде қан айналысындағы барлық қанның 20-30%-ін тамырға айдап шығарып отырады.
Бауыр дененің қорғаныс қызметіне қатысады, яғни антидене түзуге қажетті глобулин ақуыздары бауырда түзіледі.
Бауыр - экскреторлық ағза, кейбір заттар өтпен бірге сыртқа шығарылады.
Бауыр – уыт қайтарғыш ағза, денеде пайда болған және сырттан келіп түскен әртүрлі улы заттар мен токсиндерді бейтараптайды.
Бауыр жылу реттелу процесіне қатысады.
Бауыр пигменттер алмасуына қатысады.
Өт – бауыр жасушаларында түзіліп, 12 елі ішекке құйылып тұратын сұйық зат. Ол тамақ ішкен соң 12 елі ішекке құйылады. Өт өзегінің он екі елі ішекке келіп ашылатын аузын айналдыра Одди сфинктері қоршаған. Өт он екі елі ішекке осы сфинктер босаңсыған сәтте құйылады. Ашқарында сфинктер жиырылып, өт қабындағы өттің жиналуына себепкер болады. Өт қабының жалпы өт өзегімен жалғасқан жерінде де сфинктер бар. Одди сфинктері жиырылған сәтте өт қабы сфинктері жазылып босаңсиды. Сондықтан да үздіксіз бауырдан шыққан өт, өт қабында жинала береді.
Өттің құрамы : билирубин пигменті, холестерин, лецитин, өт қышқылдары (гликохол), олардың тұздары, муцин, май қышқылдары, бейтарап майлар, Na, K, Ca, Mg тұздары болады. Түсі сарғылт – қызыл. Реакциясы сілтілі рН 7,3-8,0, тәулігіне 500-1500 мл өт бөлінеді.
Өттің маңызы:
1.Липазаның әрекетін күшейтеді.
2.Майды эмульциялайды.
3.Май қышқылдары мен глицериннің ішекке сіңуін күшейтеді.
4.12 елі ішекке өткен HCl бейтараптайды.
5.Ішектің перистальтикасын күшейтеді.
6.12 елі ішектің секретин гормонының бөлінуіне әсер етеді.
7.Өттің түзілуін,12 елі ішекке құйылуын тездетеді.
8. Бактерицидтік әсері бар.
9. Майда еритін витаминдердің, холестерин мен кальций иондарының қанға сіңуін жеңілдетеді.

Несеп шығару жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы.


Несеп – зәр шығару жүйесіне - бүйрек, несеп ағар, қуық және несеп түтігі кіреді. Бүйректе пайда болған зәр несеп ағар түтігі арқылы қуыққа құйылып, оның бұлшық еттері жиырылғанда зәр несеп түтігі арқылы сыртқа шығады. Несеп – зәр шығару мүшелері жыныс жүйесімен тығыз байланысты. Эм – брионда зәр шығару мен жыныс мүшелері бірге дамиды. Еркекте несеп жолы мен жыныс жолы несеп жолына бірігеді, ал әйелде несеп түтігі қынап кіреберісіне ашылады.
Бүйрек (почка – ren, nehpros) - жұп мүше. Іш қуысының артқы қабырғасында, бел аймағында, 12-ші кеуде, 1 – 2- ші бел омыртқаларының аралығында, омыртқа жотасының екі жағында, іш перденің сыртында орналасқан. Екі бүйректің жоғарғы ұштары төменгілеріне қарағанда бір – біріне жақын тұрады. Қалыпты жағдайда оң жақтағы бүйрек сол жақтағы – дан төменірек болады.
Бүйректің атқаратын қызметі: зәр пайда болады, сыртқа шығарады;
қан қысымының тұрақтылығын сақтайтын ренинді бөледі. Бүйректің пішіні бұршаққа ұқсайды. Түсі қызыл күрең. Латераль шеті дөңес, медиаль шеті ойық болып келеді. Медиаль шетінде бүйрек қақпасы орналасқан. Ол арқылы бүйректің артерия, вена, лимфа тамырлары және несеп ағар өтеді.
Бүйректің артқы беті көкетке, іштің шаршы, көлденең бұлшық еттеріне қараған. Бүйректің жоғарысында бүйрек үсті бездері орналасқан.
Оң бүйректің алдыңғы беті он екі елі ішектің төменге қараған бөлігімен, жуан ішектің оң жақтағы иірімімен, ал жоғарысында бауырдың төменгі бетімен жанасады.
Сол бүйректің алдыңғы беті асқазанның жоғарғы шетімен, асқазан асты безінің ұшымен, ал төменінде жіңішке ішекпен шектеседі. Латераль шетіне көкбауыр мен жуан ішектің сол жақтағы иірімі жанасады. Бүйректің сырты фиброзды қапшықпен қапталған, тығыз, тегіс, жылтырақ. Оның сыртында майлы қапшық болады. Бүйректі кесіп қарағанда ішінен медиаль шетіндегі бүйрек қуысын, үлкен, кіші тостағаншаларын және бүйрек түбірін көруге болады. Бүйрек заты сыртқы – қыртысты, ішкі – милы қабаттан тұрады. Милы қабатында 80/ - ға жуық бүйрек пирамидалары орналасқан. Пирамиданың негізі бүйректің дөңес шетіне, ал ұшы қуысқа қараған. Екі – үш пирамида ұшының бірігуінен бүйрек бүртігі пайда болады. Әрбір бүйректегі олардың саны 10 – 12. Әрбір бүртікте көптеген ұсақ тесіктер бар, олар арқылы зәр кіші тостағаншаларға құйылады. Кішкене тостағаншалардың саны 10 – 12, олардың 2 – 3 – еуі бірігіп үлкен тостағаншаларға айналады. Үлкен тостағаншалардың бірігуінен бүйректің түбегі пайда болады.Бүйрек түбегі, оның қақпасының тұсында тарылып несеп ағар түтігіне өтеді.
Бүйректің құрылыс бірлігі - нефрондар. Әрбір бүйректе 1 –млн шамасында нефрондар болады. Олар Шумлянский – Боумень денешелерінен, бастапқы, ирек Генли, шеткі және жинаушы түтікшелерден тұрады.
Нефрон Шумлянский – Боумень денешелерінен басталады. Денешенің екі қабат қабырғасы бар, бір қабаты куб тәрізді кілегеймен қапталған. Бүйрек артериясының өте жіңішке тармақтары денешенің ішіне өтіп, капилляр шумағын құрайды. Артерия қан тамыры болып денешеден шығып, нефронның түтікшелерін торлап, вена жүйесіне қосылады.Бүйрек қанды бүйрек артериясынан алады. Бүйрек венасы төменгі қуыс венаға құяды.
Ренин тұз – су алмасуына қатысады, қан қысымының тұрақтылығын сақтайды. Бүйректегі және жалпы қан айналуын реттейді.
Зәр бүйректің нефрондары арқылы өткен қанның плазмасынан пайда болады. Ол екі сатыдан тұрады: капилляр шумақтарындағы сүзілу (фильтрация). түтіктердегі қайта сорылу (реабсорбция).
Қанның плазмасының капилляр шумағынан сүзіліп денешенің қуысынан өтуінен бірінші зәр пайда болады. Бір тәулікте 150 – 180л алғашқы зәр пайда болады. Зәр денешелерден бүйрек түтікшелеріне өтеді. Түтікшелерде алғашқы зәрдің құрамындағы амин қышқылдары, витаминдер, тұздар, су қайтадан қанға сорылады. Бұл құбылыс қайта сорылу деп аталады. Тәулігіне 1,5 – 2,5л соңғы зәр пайда болады. Құрамы 95/ су, 5/ қатты заттар. Зәрдің бөлінуі тәулігіне бірқалыпты болмайды. Ол адамның қызметінің әсеріне байланысты.
Несеп ағар (мочеточник, ureter) – ұзындығы 30 – 35см, ені 3 – 9мм, бүйректің түбегі мен қуықтың арасын жалғайтын түтік. Несеп ағар бүйректің түбегінен басталып, қақпасы арқылы өтіп, іш қуысының артқы қабырғасымен төменге бағытталып, кіші астауға шығады. Кіші астауда қуықтың төменгі жағына өтіп, қиғаштана, қуықтың түбіне жақын жерден қуыққа ашылады. Оның іш және астау бөлігі бар. Оң жақтағы несеп ағардың іш бөлігінің медиаль бүйірінде төменгі қуыс вена, сыртқы жағында өрлеме тоқ ішек пен соқыр ішек орналасқан. Сол жақтағы несеп ағар түтігі ішкі бүйірінде іш қолқасымен, сыртқы жағында тоқ ішектің төменге бағытталған бөлігімен жанасады. Еркекте несеп ағар қуыққа құяр алдында шәует шығарушы өзекпен, әйелде жатыр мойыны, қынабымен және жатыр артериясымен қиылысып, қуыққа бағытталады.
Несеп ағар қабырғасы үш қабықтан тұрады: шырышты; бұлшық етті;
сыртқысы дәнекер ұлпа.Шырышты қабығы ұзына бойы қатпарлардан тұрады. Бұлшық еттері бірыңғай салалы, үш бағытта орналасқан. Олардың жиырылып, босаңсуынан зәр қуыққа ағып тұрады.
Несеп қуығы (мочевой пузырь, vesica urinaria) – зәрді уақытша жинап тұратын мүше. Ол жамбас қуысында, тік ішектің алдыңғы жағында, шат байламының артында орналасқан. Еркекте қуық несеп ағарға, тік ішекке және шәует көпіршіктеріне жанасады, әйелде қынап пен жатыр жатады. Несеп қуығы зәрге толған кезде оның пішіні алмұртқа ұқсайды. Қуықтың төменгі жағы түбі, жоғарғысы ұшы, орта бөлігі денесі деп аталады. Қуықтың түбінен несеп шығару түтігі басталады. Оның қабырғасы өте созылғыш келеді.
Қуықтың қабырғасы үш қабықтан тұрады.Шырышты қабығы көпшелі кілегеймен қапталған. Қабырғасының ортадағы қабығы үш бағытта орналасқан бірыңғай салалы бұлшық ет талшықтарынан тұрады. Олар ұзына бойына және көлденең орналасқан. Қуықтың бұлшық етінен екі жерде қысқыш пайда болады. Қуықтың ішкі еріксіз қысқышы және сыртқы адам еркіне байланысты қысқышы.
Несеп– зәр шығару түтігі (мочеиспускательный канал, uretra) ұзындығы 18см жуық, қуықтан басталып ерлердің жыныс мүшесінің басына ашылатын түтік. Одан зәр мен бірге шәует сұйықтары шығады.
Еркекте несеп шығару түтігі - простата, ортаңғы немесе жарғақты, соңғы немесе кеуекті болып үш бөлімнен тұрады.
Басталар бөлігінің ұзындығы 3 – 4см, қуық алды безін қоршап тұрады. Осы бөлімнің екі жағынан шәует шығарушы ағысы мен қуық алды безінің өзегі ашылады. Ортаңғы бөлігінің ұзындығы 1 – 2см. Соңғы кеуекті бөлігінің ұзындығы 15 – 16см. Жыныс мүшелерінің астыңғы кеуекті денесі болып саналады.
Несеп шығару түтігін қаптаған кілегей әр түрлі болып келеді. Басталар бөлігінде көшпелі, ортаңғы бөлігінде көп қатарлы, соңғы бөлігінде бір қабатты кілегей кездеседі.
Әйел адамның несеп шығару түтігінің (женский мочеиспускательный канал, urethra feminina) ұзындығы 3,0 – 3,5см. Қуықтан басталып, төменге қарай бағытталып, жамбас қуысының түбінен өтіп клитор мен қынап кіреберісіне ашылады. Қабырғасы шырыш, шырыш асты және бұлшық ет қабығынан тұрады. Бұлшық ет қабығы ұзынынан және көлденеңінен жатады. Несеп шығару түтігінің жамбас түбінен өтер жерінде бұлшық еттің қысқышы пайда болады
Бүйректе пайда болған зәр несепағар арқылы қуыққа құйылып, оның бұлшық еттері жиырылғанда зәр түтігі арқылы сыртқы ортаға шығады. Сыртқа шығару, яғни экскреция тіршілікке қажетті физиологиялық процесс. Зат алмасу процессінде пайда болған шлактар (мочевина, несеп қышқылы, креатинин, аммоний тұздары) сыртқа шығару мүшелері арқылы шығарылады.
Сыртқа шығару мүшелерінің қызметтері:
1.Зат алмасудың соңғы өнімдерін, дәрілерді сыртқа шығарады
2.Гомеостаздың, яғни қанның, лимфаның және ликвор құрамының тұрақтылығын сақтайды
3.Қан құрамындағы және денедегі басқа сұйықтықтар құрамындағы иондар концентрациясының тұрақтылығын сақтайды
4.Қан мен басқа сұйықтықтардың осмостық қысымының тұрақтылығын сақтайды
5.Денедегі қышқылдар мен негіздер тепе-теңдігінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
6.Қанның тамырдағы көлемдік тұрақтылығын сақтайды
7.Тер бездері дене температурасы тұрақтылығын сақтауға қатысады
8.Бүйрек қан тамырларының тонусы мен тамыр кеңдігін реттеп, қан қысымын салыстырмалы бірқалыпта сақтайды.
9.Бүйректе қан тамырын кеңейтетін медуллин, простогландиндер, жүрек қызметін баяулататын брадикинин сияқты заттар түзіледі
10.Қан түзілуін күшейтетін гемопоэтин, эритропоэтин, лейкопоэтин бүйректе түзіледі
11.Бүйректе тромбтың пайда болуына қарсы тұратын урокиназа ферменті түзіледі
Бүйректің морфофункционалдық құрылымы - нефрон әрбір бүйректе 1млн. жуық бар. Нефронның құрылысы:
1.Мальпиги немесе капиллияр шумағынан
2.Шумлянский- Боумен капсуласынан
3.Проксималды ирек түтікшеден
4.Генле ілмегінен
5.Дисталды ирек түтікшеден
6.Жинақтаушы түтікшеден тұрады.
Нефронның шумақтық бөлігі гломерулалық бөлім, түтікшелер бөлігі тубулярлық бөлім деп аталады.
Зәрдің түзіліп және сыртқа шығарылуы, яғни тәулікте шығарылған зәр мөлшері диурез деп аталады. Диурез 2,0 л тең.
Диурез мөлшері:
1.Қоршаған ортаның температурасына
2.Тамақтың құрамына және мөлшеріне
3.Ішкен судың мөлшеріне байланысты болады
Диурездің түрлері:
1.Олигурия - тәуліктік диурездің азаюы
2.Полиурия - тәуліктік диурездің артуы
3.Анурия - зәр түзілуінің тоқтауы
4.Никтурия - түнде зәрдің шектен тыс көп бөлінуі
5.Энурез - түнде зәрді ұстай алмау
Бүйрек қызметі жүйкелік және гуморалды реттеледі. Бүйрек симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелермен қамтамасыз етілген. Гуморалды реттеуде АДГ гормонының маңызы зор.
Зәрдің түзілу механизмі өте күрделі процесс. Ол негізінен шумақтағы сүзілу, түтікшелердегі қайта сорылу процесстерінен тұрады. Мальпиги шумағынан қан плазмасының еріген заттары қан қысымы әсерінен капсуланың ішіне өтеді. Шумлянский-Боумен капсуласынан алынған алғашқы немесе провизорлық зәрдің құрамында аздаған альбуминдер, қант, амин қышқылдары, тұздар болады, қан жасушалары мен үлкен молекулалы ақуыздар болмайды.
1.Мочевина-2.0-3.0%
2.Несеп қышқылы-0,05%
3. Глюкоза- 0,1-1,15%
4.Калий-0,15%
5.Натрий-0,35%
6.Фосфаттар -0,15%
7.Сульфаттар-0,18%
8. Белок-7,0-8,0%
9.Кретинин-0,075%
Алғашқы зәрдің көлемі тәулігіне 150-180 л. Оның көп болу себебі:
-Мальпиги шумақтарындағы капиллярда қан қысымы өте жоғары
-қанды алып кетуші артерияның диаметрі, қанды алып келуші артерия диаметрінен тар
-шумақтық сүзілу деңгейі қан тамырындағы суды өткізбейтін және сүзілуге кедергі жасайтын қан плазмасының онкостық қысымына да байланысты, ол қандағы судың мөлшерін ұстап тұрады.
Бүйрек арқылы тәулігіне 1400-1500л қан ағады және шумақтағы тамырлар қысымының өте жоғары болуы әсерінен сонша қанның тек оннан бір бөлігі ғана сүзіледі. Шумақтық сүзілу нәтижесінде түзілген алғашқы зәр буйрек түтікшелеріне барып құйылады. Мұнда зәр құрамындағы су мен онда еріген кейбір заттар қайта сіңеді, сіңбей қалған заттар мен түтікшелер эпителиіндегі синтез нәтижесінде түзілген заттар қосылып соңғы немесе дефинитив зәрді құрайды. Зәрдің қайта сорылу немесе реабсорбция кезеңінде зәрдің құрамындағы организмге керекті заттардың нефронның иректелген түтікшелері мен Генле ілмегі арқылы кері капиллярға өтуі.
Реабсорбция процессіне әртүрлі ферменттер жүйесі қатысып, өте көп энергия жұмсалады.
Дефинитив зәрдің құрамы:
1.Мочевина-2.0-3.0%
2.Несеп қышқылы-0,05%
3.Калий-0,15%
4.Натрий-0,35%
5.Фосфаттар -0,15%
6.Сульфаттар-0,18%
7.Кретинин-0,075%
Соңғы зәрдің құрамында ақуыз және глюкоза болмайды, ал мочевина 67-70есе, зәр қышқылы 12есе, калий мен натрий 7 есеге, фосфаттар 16есеге, сульфаттар 90есеге, креатинин 75есеге артады.Дефинитив зәрдің мөлшері тәулігіне 1,5-2л, түсі сарғылт,тығыздығы 1,012-1,025 реакциясы қышқыл.
Бүйрек түтікшесінің эпителиі секреция қызметін де атқарады, яғни алғашқы зәрде болмаған коллоидты бояулар, пенициллин сияқты дәрілер соңғы зәрде пайда болады.
Зәр шығару жұлынның бел және сегізкөз бөлімінде орналасқан жүйке орталықтары арқылы реттеледі. Ондай жүйке орталықтары ми бағанында ( Варолий көпірі, атрқы гипоталамус) және үлкен ми сыңарларының қыртыс қабатында орналасқан. Симпатикалық жүйке несеп ағардың перистатикалық жиырылуын күшейтіп, қуық қабырғасы еттерін босаңсытады және зәр шығаратын түтік жапқышының тонусын жоғарылатады. Бұл жағдайда қуыққа зәр жиналады. Парасимпатикалық жүйке әсерінен қуық еттері жиырылып, зәр шығаратын түтіктің жапқыш еттері босаңсиды, соның нәтижесінде қуық зәрден босатылады.
Асқорыту түтігінің шырышты қабаты арқылы өт пигменттерінің өзгерісінен пайда болған заттар, кейбір ауыр металлдардың тұздары, тоқ ішек және сілекей бездер арқылы кальций тұздары шығарылады. Су мен көмірқышқыл газы, эфир, хлороформ, алкоголь өкпе арқылы сыртқа шығады. Тер бездері тер арқылы артық су, тұз, қышқыл өнімдерін шығарады. Тер аз мөлшерде үздіксіз бөлініп тұрады, бірақ өте жылдам кеуіп кетеді,сондықтан тердің бөлінуі байқалмайды. Тер - түссіз сұйықтық, құрамында 98-99% су, 0,3% жуық ас тұзы, 0,1% мочевина, калий хлоры,зәр қышқылы, креатинин, тез ұшатын май қышқылдары болады. Бөлінетін тер мөлшері сыртқы орта температурасына және организмнің жалпы жағдайына (бұлшық ет қызметіне, ішкен тамақ құрамына, мөлшеріне, эмоциялық жағдайына байланысты болады.

Қан айналым шеңберлері. Қан тамырларының түрлері.


Микроциркуляция.
Тамырлар жүйесіне түсінік беретін саланы – ангиология деп атайды.
Бұл жүйеге: 1.Орталық – жүрек, қан және лимфа тамырлары.
2.Қан жасайтын мүшелер: көк бауыр, сүйек майы, лимфа бездері жатады. Тамырлар жүйесінің қызметі өте күрделі: барлық мүшелерді өзара байланыстырып, жүйке жүйесінің басқаруымен организмнің біртұтастығын сақтауға қатысады;
ішкі секреция бездерінің гормонын екінші мүшеге жеткізіп, жалпы организмнің қызметіне әсер етеді;
зат және газ алмасу үрдістері жүреді;
организмді әр түрлі аурулар туғызатын заттар мен бактериялардан қорғауға қатысады;
дене жылуын, организмдегі су мен тұз мөлшерін бір жағдайда ұстайды.
Тамырлар жүйесі атқаратын қызметі мен морфологиялық құрылысына қарай қан айналу және лимфа жүйесі болып бөлінеді.
Қан тамырлар атқаратын қызметіне қарай бөлінеді: артериялар, веналар,
капиллярлар.
Артерия қан тамырлары – жүректен қанды мүшелерге алып барады.
Вена қан тамырлары – қанды мүшелерден жүрекке алып барады. Артерия мен вена қан тамырлары арасында кездесетін майда тамырларды капиллярлар дейді, олар мүшелер ішінде орналасқан. Артериялар ұсақ, майда артериолаларға, прекапиллярларға, капиллярға, посткапилляр, венула, майда вена артериоловенулалық болып тарамдалады да, олар бірігіп, анастомоздар құрайды, бұларды микроқанайналу тамырлары деп атайды. Кейбір мүшелердің қан тамырлары капиллярға бөлінбей, бір – бірімен көлденең қосылыстар жасап байланысады. Қанды бір – біріне осылай өткізе салу жолдарын анастомоздар деп атайды. Мұндай байланыстар артерия мен артерия, вена мен вена және вена мен артерия аралықтарында болуы мүмкін. Оларды артериялық, венозды және артериявенозды көлденең қосылыстар деп атайды. Бұл жағдай саусақ ұшында, мұрында, құлақ қалқанында, жүректе, бас миында, бүйрек, көкбауыр, өкпе тағы басқа ішкі мүшелерде кездеседі. Бұндай қосылыстардың маңызы өте зор.
Себебі: 1. егер негізгі қан тамыр арқылы қан жүрмей қалса, осы көлденең қосылыстар арқылы көрші тамырларға өтіп, мүшелерді қанмен қамтамасыз етеді. 2. қанның тікелей өтуіне байланысты жалпы қан айналу шеңбері қысқарады.
Қанайналу жүйесінде ерекше торлар да кездеседі, олар «rete mirabile» деп аталады. Бұл жағдайда қанды алып келуші мен алып кетуші тамырлар бір типте болады. Мысалы: бүйректің Шумлянский – Боумен капилляр шумағында қан алып келуші артерия тамыры капиллярға тарамдалады да, қайтадан артерия тамыры болып бірігіп, қанды алып кетеді.
Қан тамырлары бөлінеді: үлкен; орташа; кіші артериялар мен веналар;
Капиллярлар. Үлкен тамырлар: қолқа, өкпелік артерия; қуысты, өкпе веналары – бұлар қанды тек өткізіп отырады.
Орташа және кіші тамырлар жүйке жүйесі әсерінің нәтижесінде көлемін өзгертіп (тарылып, кеңейіп), қанның жүруін реттеп отырады. Ал, ұсақ капилляр тамырларында қан мен ұлпа арасындағы зат және газ алмасу үрдістері өтеді.
Артерия мен веналардың қабырға құрылыстары бір – біріне өте ұқсас келеді. Олар негізінде эпителий тканінен түзілген.
ішкі – tunica intima, ортаңғы - tunica media; сыртқысы дәнекер ұлпалы - tunica adventitia..
Вена тамырларының қабырға құрылысы, серпімді талшықтар мен ет талшықтарының аз болуының нәтижесінде жұқа болып келеді. Сонымен қатар, вена тамырларының ішінде айшық тәрізді қақпақшалары болады. Әсіресе олар дененің төменгі бөлігіндегі тамырларда көбірек кездеседі. Олар қан жүрген кезде ашылады да, қан өз салмағымен кері кетпес үшін жабылып қалып, кедергі жасайды.
Ірі артерия тамырларының қабырғасында серпімді талшықтар көбірек кездеседі. Олар қан қысымы көтерілген кезде тамырлардың созылуына, ал азайған кезде кері бұрынғы жағдайына келуіне мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде қан тамырлары арқылы қан үздіксіз ағып отырады.
Орташа әсіресе кішігірім артерия тамырларының қабырға құрылысында ет талшықтары да кездеседі. Олар жиырылған кезде тамыр көлемін тарылтып, босаған кезде кеңейтіп, қанның мүшелерге бару мөлшерін реттеп отырады.
Капиллярлар нәзік тамырлар, олардың жуандығы шаштың жуандығынан бірнеше есе кем болады. Капиллярдың қабырғасы өте жұқа, бір қабат жатқан жалпақ эпителий клеткаларынан түзілген. Осының нәтижесінде капилляр қабырғасынан ерітінді түрдегі заттар мен газдар өтіп, ұлпа мен капилляр тамырлар арасында зат алмасу және сүзілу үрдістері орындалады.
Егер ұлпаларға капиллярлардың қабырғалары арқылы қоректік заттар мен оттегі өтіп отырса, ұлпаларда ыдырау үрдісінде пайда болған өнімдер ұлпа сұйықтығынан қанға өтеді.
Кіші қанайналым шеңберінің тамырларына - өкпе сабауы, оның оң және сол тарамдары және екі жұп өкпе веналары жатады. Өкпе сабауы
(truncus pulmonalis) - адам тамырларының ішіндегі ең ірісі. Вена қанын оң жақ қарыншадан өкпеге әкеледі. Ол қолқа доғасы астында, IV – V кеуде омыртқасының тұсында оң және сол өкпе артерияларына бөлініп, өкпеге өтеді де, өкпенің бөліктері мен өкпе сегменттеріне баратын тарамдарға бөлініп, одан әрі бронхтарға қосарлана ұсақ артерия, артериола, прекапилляр және капиллярларға тармақталады.
Өкпе веналары (venae pulmonales) – өкпе капиллярларынан басталып, артерия қанын өкпеден, сол жақ жүрекшеге әкеліп құяды. Жүрек пен өкпе арасындағы қан айналу жүйесі «кіші қан айналым шеңбері» деп аталады.

Жүрек топографиясы, құрылысы. Жүректің өткізгіштік жүйесі. Жүрек


циклы. Пульс. Қан қысымы

Жүрек(серце, cor, cordia) – бұлшық етті, пішіні конусқа ұқсаған, қуыс мүше.


Топографиясы : кеуде қуысында екі өкпенің ортасында, алдыңғы төменгі көкірек аралығында, көк еттің сіңірлі орталығында орналасқан, пішіні конусқа ұқсаған бұлшық етті мүше.Оның ұшы алдыға, солға, төменге, ал негізі (табаны) артқа, оңға, жоғарыға бағытталған. Жүрек 4 бөлімнен тұрады: 1.Оң құлақша (правое предсердие, atrium dextrum)
2.Оң қарынша (правый желудочек,ventriculus dexter)
3.Сол құлақша (левое предсердиe, atrium sinister )
4.Сол қарынша (левый желудочек,ventriculus sinister)
Жүректің қабаттары :
1)ішкі – эндокард
2)ортаңғы – миокард
3)сыртқы – эпикард
Перикард дегеніміз – жүректі қолқаның жоғары өрлеуші бөлімімен бірге қаптайтын қапшыққа айтамыз.Эпикард пен перикардтың аралығындағы қуыста сір сұйықтығы болады.Ол жүректі үйкелістен сақтайды.Жүрек қақпашалары. Жүректің эндокард қабатының өсінділерінен екі және үш жақтаулы қақпашалары пайда болады. Олар құлақша мен қарынша аралығындағы тесікті жабады.
Екі жақтаулы қақпаша – сол құлаша мен қарынша арылығындағы
тесікте болады.
Үш жақтаулы қақпаша – оң құлақша мен қарынша аралығындағы
тесікті жабады.
Олардың қызметі : қанды қарынщадан кері ағудан сақтайды.
Жартыай тәріздес қақпашалар – өкпе сабауы мен оң қарыншаның
аралығындағы тесік пен қолқа мен сол қарыншаның аралығындағы тесікті жабады.
Қызметі : қанды қарыншаға қарай кері ағудан сақтайды.
Жүректің қақпашалары тесіктерді толық жаппауы мүмкін.Бұл – жағдайда
жүрек ақауы пайда болады.
Жүректің қызметі : тамырлардағы қанды бір бағытта сол құлақшадан сол қарыншаға, одан үлкен қан айналым шеңберіне, оң құлақшадан оң қарыншаға одан кіші қан айналымшеңберіне қарай бағыттайды.
Систола –жүректің жиырылу кезеңі.
Диастола – жүректің босаңсуына айтамыз.
Қан айналым шеңберлері :
Үлкен қан айналым шеңбері – жүректің сол қарыншасынан қолқа болып басталып, бүкіл денеге оттегіге тойынған қанды яғни артериялық қанды таратып жоғарғы және төменгі қуыс вена болып оң құлақшаға құяды.
Кіші қан айналым шеңбері – жүректің оң қарыншасынан өкпе сабауы арқылы басталып, екі өкпе артериясы болып өкпеге кіреді де, онда көмір қышқыл газы бар веналық қанды артериялық қанға ауыстырып, әрбір өкпеден екі өкпе веналары (жалпы 4 өкпе веналары болады) шығып жүректің сол құлақша-сына құяды.
Кіші қан айналым шеңберінің артерия және вена қан тамырларына :
-өкпе сабауы
-өкпе артериялары
-өкпе веналары.
Үлкен қан айналым шеңберінің ірі артерия қан тамыры бұл – қолқа.
Қан айналым жүйесі жүрек пен қан айналымының үлкен және кіші шеңберлерінен тұрады. Бұл жүйенің орталығы жүрек. Жүрек-насос қызметін атқарады, яғни қанды сығымдап қан тамырларына айдайды.
Жүрек белгілі бір ырғақпен жиырылып, соғып тұрады, ол минутына ересек адамдарда 65-80 рет, нәрестеде 140-160 рет соғады. Жүректің жиырылуы систола, босаңсуы диастола деп аталады. Жүректің систоласы мен диастоласының және оның керісінше алмасып отыруы жүрек қызметінің циклы деп аталады.
Жүрек циклының ұзақтығы 0,8 секунд және 3 фазадан тұрады.

  1. Жүрекшелердің систоласы -0,1 сек

  2. Қарыншалардың систоласы -0,33 сек

  3. Жалпы үзіліс (пауза) -0,37 сек

Жүрек жиырылғанда оның қуысындағы қан қысымы көтеріледі де, қақпақшалар ашылып-жабылып, қан белгілі бір бағытта ағады.
Жүрекше систоласында қан жүрекшеден жақтаулы тесіктер арқылы қарыншаға, ал қарынша систоласында қолқа мен өкпе сабауына қарай өтеді.
Систола кезінде әр қарыншадан шыққан қан мөлшері жүректің систолалық қан көлемі деп аталады, ол ересек адамда 70-80 мл (СҚК)
1 минутта жүректен шыққан қан көлемі жүректің минуттық қан көлемі (МҚК) деп аталады. Систолалық қан көлемін жүрек соғуының минуттық санына көбейту арқылы жүректің минуттық қан көлемін анықтауға болады. Мысалы: 75 х 70=5250 мл.
Жүрек қызметінің нәтижесінде жүрек дыбыстары пайда болады, олар жүрек тондары деп аталады. Систола кезінде систолалық тон, диастола кезінде диастолалық тон пайда болады.
Систолалық тон немесе I тон:
1. Жақтаулы қақпақшалардың жабылуынан.
2. Сіңір жіпшелердің қатаюынан.
3. Қарынша бұлшық еттерінің жиырылуынан болады..
Диастолалық тон немесе II тон - қолқа мен өкпе сабауындағы жарты ай тәрізді қақпақшалардың жабылуынан пайда болады.
I тонды, яғни 2 жақтаулы қақпашаның жабылуын жүрек түрткісі тұсында, яғни сол жақтағы V қабырға аралығынан, бұғана орталық сызығынан 1-1,5 см ішкері естуге, ал 3 жақтаулы қақпақшаның дыбысын төстің семсершесінің денесіне қосылған жерінен естуге болады. Оң жақтағы екінші қабырға аралығының тұсында төс сүйегінің оң жақтағы шетінен қолқаның жарты ай тәріздес қақпақшаның жабылу дыбысын, ал сол жақтағы шетінен өкпе сабауының жарты ай тәріздес қақпақшаның дыбысын естуге болады.
Жүрек бұлшық еттінің физиологиялық қасиеттері:

  1. Қозу

  2. Қозуды өткізу

  3. Жиырылу

  4. Автоматизм

Жүректің етінің қозғыштығы қаңқа етінен төмен, біріңғай салалы еттен жоғары, жүрек бұлшық еті ырғақпен жиырылады, себебі жүректің бұлшық етінің жиырылуы аралығында рефрактор кезеңі болдады. Жүректің рефрактор кезеңі оның қарыншаларының систоласында байқалады, ол кезде жүрекке қанша әсер етсе де, қозу жауабы білінбейді. Егер күшті тітіркендіргіш диастола кезінде әсер етсе, жүрек кезектен тыс жиырылады. жүректің мұндай жиырылуына экстрасистола деп атайды.
Жүрек қозуды секундына 50-94 м жылдамдықпен өткізеді.
Жүрек миокардының ерекшелігі - оның автоматизмі. Егер жүрек бұлшық етіне тітіркеністі алып келуші жүйке талшықтарын кесіп тастаса да, жүрек ырғақты жиырылып, босаңсып тұрады. Бұл жүректің өзіндегі қозуды пайда ететін өткізгіш жүйесі бар екенін көрсетеді.
Жүректің өткізгіш жүйесі:

  1. Синоатриалдық немесе Кис-Флек қуыс-жүрекше түйіні.

  2. Жүрекше-қарынша немесе атриовентрикуляр Ашофф-Тавар түйіні.

  3. Гис шоғыры.

  4. Гис оң және сол аяқшалары.

  5. Пуркине талшықтарынан тұрады.

Автоматия дәрежесі қозу санына байланысты. Синоатриалдық түйінде қозу саны өте көп, сондықтан бұл түйін жүректің пейсмекері деп аталады (ағыл. pасе-кадам,maker-алып жүру).
Қан айналысы - гемодинамика деп аталады. Қан тамырларда үздіксіз ағады, оның себебі ірі артериялар қабырғасында серпімді талшықтардың көп болуынан.
Қан тамырлар құрылысы мен қызметіне сай бірнеше топқа бөлінеді.
1. Даңғыл тамырлар немесе амортизациялық - серпімді талшықтары көп артериялар жатады (қолқа, өкпе артериялары )
2. Резистивтік тамырлар – кедергілі тамырлар қатарына қабырғаларында қалың ет -талшықтары бар жіңішке артериялар мен прекапиллярлық, посткапиллярлық сфинктерлер жатады.
3. Зат алмасу тамырлары қатарына капиллярлар, венулалар жатады. бұлардың қабырғалары арқылы қаннан ұлпаға, ұлпадан қанға зат алмасуы жүреді.
4. Сыйымды тамырлар - венулалар мен ұсақ веналар
5. Қанды жүрекке әкелетін тамырларға үлкен қуысты веналар жатады.
6. Артерия мен венаны немесе артериола мен венуланы қосатын анастомоз тамырлар.
7. Резорбция жасайтын тамырлар - лимфа капиллярлары мен тамырлары, олар тіннен ақуыз бен суды сорып алып венаға құяды.
Қан тамырларында қанның жылжуы сол тамырдың бас жағы мен аяқ жағындағы қысымның айырмашылығына тығыз байланысты болады. Артерияда қан қысымы жоғары, венада төмен, сондықтан қан артериядан венаға қарай үздіксіз ағып отырады. Жүрек циклы кезінде артериялық қан қысымы өзгеріп отырады, атап айтқанда систола кезінде жоғары, диастола кезінде төмен болады. Систолалық және диастолалық қысым айырмашылығы - пулстық қысым деп аталады.
Вена қан тамырлары арқылы қанның жылжу себептері:
1. Қан қысымының кіші және ірі вена тамырларындағы айырмашылығы
2. Жүректің насос қызметі
3. Вена тамырлар қабырғасындағы қақпақшалар қанды тек жүрекке қарай өткізіп, кері қарай жібермейді.
4. Көкірек қысымының қанды өзіне қарай соруы арқылы , қысым айырмасы артады. Демді ішке тартқанда диафрагма (көкет)құрсаққа қарай ығысып, құрсақ қуысында қысым төмендейді, венадағы қан құрсаққа қарай ығысып, жүрекке қарай ағуын тездетеді.
5. Қаңқа еттері жиырылған кезде веналарды сығымдап қанды жүрекке қарай итермелейді.
Қан айналымның реттелуі
Тамырлардың тонусын өзгерту арқылы қан айналысы реттеледі. Оған вегетативтік жүйке әсер етеді. Тамыр түтігін тарылтатын - вазоконстрикторлер, кеңейтетін-вазодилататорлар деп аталады.
Симпатикалық жүйке көптеген тамырларды тарылтса, парасимпатикалық жүйке (кезеген жүйке) кеңейтеді.
Адреналин, норадреналин, вазопрессин, ренин, серотонин - қан тамырларын тарылтады, ацетилхолин, гистамин, брадикинин; СО; Н, сүт қышқылы, АТФ; АДФ; АМФ; К иондары - қан тамырларын кеңейтеді.
Клиникалық-физиологиялық әдістер:
- пальпация - жүрек түрткісінің орнын табу
- перкуссия - жүрек шекарасын анықтау
- аускультация - жүрек дыбыстарын естіп тану
- фонокардиография (ФКГ) - жүрек дыбыстарын жазып алу
- электрокардиография (ЭКГ) - жүрек биотогін жазып алу
- векторкардиография (ВКГ) - жүрек тогының векторлық мөлшерін жазып алу
- баллистокардиография (БКГ) - жүректің қан айдаудағы баллистикалық құбылысын жазып алу
- динамокардиография (ДКГ) - жүректің қан айдауына байланысты миокардтың құрылысының, қақпақшаларының және қуыстарының өзгерістерін байқау
- рентгенмен зерттеу
Артерия қан қысымын иық артериясынан Рива - Роччи сфигмомонометрімен "Коротков әдісінде" өлшейді.
Қуыс резина манжетті қолдың қарына қысып орайды.Манжетке ауаны айдағанда ол қар артериясын қысады.Манжетпен артерияны қысқанда артерия қан тамырларындағы қысым жүректің қарыншаларындағы қысымынан жоғары болып,қанның жылжуы тоқтайды.Манжеттегі ауаны жайлап шығарғанда манжеттегі қысым жүректің систолалық қысымынан төмендеп,қар артериясының қысылған бөлігінен қан шынтақ артериясына күшпен ағады.Осы кезде фонендоскоппен тамырдағы дыбысты естуге болады.Манжеттегі ауаны шығара бастағанда шынтақ артериясынан бірінші естілген дыбыс,артерияның систолалық қысымына сәйкес болады.Кейін манжеттегі ауаны шығара берсе дыбыс алдымен күшейеді,кейін естілмей қалады,шынтақ артериясында дыбыстың жоғалуы диастолалық қысым болыпесептеледі.
Пульс ( лат. pulsus-түрткі,соққы) деп жүректің ырғақты жиырылып босаңсуы нәтижесінде артерия қан тамырлары қабырғасының ырғақты тербелісін айтады.Жүрек қанды қолқаға айдаған кезде,қолқаның қысымы көтеріледі.Қолқада көтерілген қан қысымы толқынды түрге барлық артерия қан тамырларына,қыл тамырларға дейін жетеді.артерия қан тамырындағы бұл тербелісті шыбық сүйегінің үстінде орналасқан артерия қан тамырынан анықтауға болады.Пульсті шекеде-самай,қолда-шыбық,аяқта-аяқ басының үстіндегі артериялардың соғуынан анықтауға болады.
Тамырдың соғуының ырғағына,оның күшіне,тездігіне қарай жүректің қызметін білуге болады.
Дені сау адамның ЭКГ-сінде 5 тіс болады.Олар P,R,T,Q,S. P- құлақшалардың қозуын көрсетеді.Қозу қарыншаларға жеткенде QRS тістері пайда болады.T-қарыншаларда қозудың аяқталғанын көрсетеді.Сонымен ЭКГ-дегі Р тісі құлақша,ал Q,R,S,T-қарыншалар қызметін көрсетеді.

. Қолқа, оның бөлімдері, негізгі тармақтары, қанмен қамтамасыз ететін


аймақтары

Қолқа ( аорта, aorta ) – қанды жүректің сол жақ қарыншасынан алып шығатын үлкен қан айналым шеңбері артерияларының негізгі сабауы болып табылады.Оның үш бөлігі бар: жоғарылаушы бөлімі, доғасы және төменге бағытталған бөлімі.


Қолқаның жоғарылаушы бөлімі – қолқаның басталған бөлігі, ұзындығы 6см, алдыңғы көкірек аралықта, өкпе сабауының артында орналасқан. Оның басталған жері кеңейген. Қолқаның жоғарылаған бөлігінің тармақтары оң және сол тәждік немесе коронарлық артериялар болып табылады. Бұл артериялар жүректің өзін қанмен қамтамасыз етеді. Қолқа төс сабының артында, доға бөлігіне өтеді.
Қолқаның доғасы – арқаға және солға бағытталады. Қолқа доғасының ойыс жағынан бронхтар мен айырша безіне артериялар кетеді. Қолқа доғасы сол жақтағы бас бронхттан өтіп, IV кеуде омыртқасының тұсынан бастап ол
«көкірек қолқасы» болып аталады.
Қолқа доғасының тармақтары:

  1. Иық – бас сабауы;

  2. Сол жақтағы жалпы ұйқы артериясы;

  3. Сол жақтағы бұғана асты артериясы.

Иық – бас сабауы( плечеголовной ствол, truncus brachiocephalicus ) – қолқа доғасының оң жағынан басталады, ұзындығы 3 – 4 см. Ол жоғары, кейін және оңға қарай жүріп, кеңірдектің алдында орналасып, ол жерде қалқанша безге тармақ беріп, оң жақ төс – бұғана буынының артқы жағында өзінің соңғы тармақтарына – оң жақ жалпы ұйқы және оң жақ бұғана асты артерияларына бөлінеді. Жалпы ұйқы артериялары ( общая сонная артерия, a.corotis communis) – ол қалқанша шеміршегінің жоғарғы жиегінде екі тармаққа: ішкі және сыртқы болып бөлінеді.Оның ішкісі - миды және көзді қанмен жабдықтаса, ал сыртқысы - қалқанша безді, көмекейді, тілді, таңдайды, бадамшаларды, төс-бұғана- емізік, шүйде бұлшық еттерін, сілекей безін, құлақ қалқанын, бас бұлшық еттерін, ми қыртысын, мұрын қуысын, сыртқы және ортаңғы құлақтарды қанмен қамтамасыз етеді.
Бұғана асты артериясы ( подключичная артерия, a. subclavia ) – оң жақта йық – бас сабауынан, сол жақта қолқаның доғасынан басталады. Оң және сол бұғана асты артериясы бұғананың астынан, өкпе қапшығы ұшының үстінен өтеді. Одан алдыңғы және орта баспалдақ бұлшық еттерінің арасынан өтіп, I қабырғаны айналып, қолтық астына бағытталады. Қолтық астына өткеннен кейін, қолтық асты артериясы болып аталады. Бұғана асты артериядан мойынды, желкені, көкірек қуысының қабырғасын, жұлын және бас, миды қанмен қамтамасыз ететін тармақтар шығады.
Бұғана асты артериясының тармақтары:
Омыртқа артериясы;
Ішкі кеуде артериясы.
Омыртқа артериясы - бұғана асты артериясының ең ірі тармағы, VII мойын омыртқасының тұсынан басталады. Ол VI - I мойын омыртқалары ның көлденең өсіндісіндегі тесік арқылы жоғары көтеріліп, шүйденің үлкен тесігі арқылы ми сауытына кіреді. Омыртқа артериясынан жұлынды, мойын ның тереңдегі бұлшық еттерін қанмен қамтамасыз ететін тармақтар шығады.
Ми сауытының ішінде оң және сол жақтағы артериялардың қосылуынан негіз гі артерия пайда болады.
Негізгі артериядан көпір тұсында бірнеше тармақтар басталады:
Менингиал тармақтар мидың қатты қабығын қанмен қамтамасыз етеді;
Алдыңғы, артқы бас ми, жұлын артериялары – бас миды, жұлынды қанмен қамтамасыз етеді;
Алдыңғы төменгі, алдыңғы жоғарғы мишық артериялары – мишықты қанмен қамтамасыз етеді;
Лабиринт артериясы – ішкі құлаққа барады;
Көпір артериясы – варолий көпірін қанмен қамтамасыз етеді;
Артқы төменгі мишық артериясы – мишықты қанмен қамтамасыз етеді.
Ішкі көкірек артериясы – I - VIII қабырғалардың шеміршегінің артында бұлшық ет – көкет артериясы мен жоғарғы баған артериясына тармақталады.
Бұлшық ет – көкет артериясы - айырша безді, кеңірдекті, бронхтарды, жүрек қабын, көкетті, кеуденің бұлшық еттерін, сүт безін, іштің бұлшық еттерін қанмен қамтамасыз етеді.
Жоғарғы баған артериясы – іштің алдыңғы қабырғасымен төмен бағытталып, іштің тік бұлшық еттерінің арасына кіріп, кіндіктің тұсында төмен баған артериясымен қосылады.
Қалқанша мойын бағаны– бұғана асты артериясынан, алдыңғы баспалдақ бұлшық етінің тұсынан басталып, одан бірнеше тармақтар шығады:
а) төменгі қалқанша артериясы – қалқанша безіне барады;
б) өрлеме мойын артериясы – баспалдақ және мойын бұлшық еттерін қанмен қамтамасыз етеді;
в) жауырын үсті артериясы – жауырынның артындағы бұлшық еттерді қанмен қамтамасыз етеді;
г) беткейдегі мойын артериясы – арқа, мойын бұлшық еттеріне барады.
4. Қабырға - мойын бағаны - бұғана асты артериясынан, баспалдақ бұлшық етінің тұсынан басталып, тереңдегі мойын артериясы және өте жоғарғы қабырға аралық артерия болып тармақталады. Тереңдегі мойын артериясы бастың, мойынның тереңдегі бұлшық еттерін қанмен қамтама сыз етеді. Өте жоғарғы қабырға аралық артерия I – II қабырға аралық бұлшық еттерін қанмен қамтамасыз етеді.
5. Мойынның көлденең артериясы - бұғана асты артериясынан, баспалдақ бұлшық етінің шеткі бұрышынан басталып, мойынның және арқаның жоғарғы бөлігіндегі бұлшық еттерді қанмен қамтамасыз етеді.
Қолтық асты артериясы ( подмышечная артерия, aaxillaris ) - бұғана асты артериясының тікелей жалғасы болып табылады.
Оның тармақтары:
1. Жоғарғы кеуде артериясы – қабырға аралық бұлшық еттерді, кеуденің үлкен, кіші бұлшық еттерін, сүт безін қанмен қамтамасыз етеді.
2. Төс - акромион артериясы – дельта тәрізді және үлкен, кіші кеуде бұл- шық еттерін, иықтың бұлшық еттерін, терісін қанмен қамтамасыз етеді.
3. Кеуденің латералды артериясы – алдыңғы тісті бұлшық етті, сүт безін, лимфа түйіндерін, қолтық асты шұңқырының май ұлпаларын қанмен қамтамасыз етеді.
4. Жауырын асты артериясы – иық белдеуінің бұлшық еттерін, иықты, арқаны қанмен қамтамасыз етеді.
5. Қар сүйегін алдынан және артынан ораушы артериялар – иық буыны мен дельта тәрізді бұлшық етті қанмен қамтамасыз етеді.
Қолтық асты артериясының тікелей жалғасы қар артериясы ( плечевая артерия, a. brachialis ) – ол шынтақ буынының тұсында шынтақ және шы - бық артериясына тармақталады. Қардың тереңдегі артериясының тармақтары:
1. Жоғарғы және төменгі коллатералды шынтақ артериялары – шынтақ буынын, оның терісін, қардың бұлшық еттері мен терісін, білекті жарты лай қанмен қамтамасыз етеді. Шыбық коллатералдыартериясымен орта лық коллатералдыартериясы қардың артқы бұлшық еттерінің терісін қанмен қамтамасыз етеді.
Шынтақ артериясы ( локтевая артерия, a. ulnaris ) – шынтақ сүйегі мен білектің беткейдегі және тереңдегі бұлшық еттерінің арасымен төмен түседі. Алақанда шыбық артериясының беткейдегі тармақтарымен қосылуынан, алақанның беткейдегі артериясы пайда болады. Шынтақ артериясы білекке бірнеше тармақтар береді.
Алдыңғы сүйек аралық артериясы – алақанның бұлшық еттерін қанмен қамтамасыз етеді.
Артқы сүйек аралық артериясы – білектің артқы топтағы бұлшық еттерін қанмен қамтамасыз етеді.
Алақан мен қол сыртының артериялары – алақан мен қолдың сыртын қанмен қамтамасыз етеді.
Алақанның терең артериясы шыбық артериясының тармақтарына қосылуының арқасында алақанның тереңдегі артерия доғасы пайда болады.
Шыбық артериясы ( лучевая артерия, a.radialis ) – қар артериясының жалғасы, ол білекке дөңгелек бұлшық етпен қар шыбық етінің арасынан өтеді. Шыбық артериясынан қар, білек бұлшық еттерін, шынашақты қанмен қамтамасыз ететін қан тамырлары шығады. Олар:
Шыбықтың иірілген артериясы – қар, білек бұлшық еттерін және шынтақ буынын қанмен қамтамасыз етеді.
Алақанның және қол сыртының білезік артериялары – білезікті қанмен қамтамасыз етеді.
Беткейдегі алақан тармақтары шынтақ артериясының тармақтарымен қосылғанда алақанның беткейдегі доғасы пайда болады.
Төмендеуші қолқа көк етке дейін кеуделік қолқа, көк еттен өткен соң құрсақ қолқасы деп аталады.
Қолқаның кеуде бөлігі(грудная часть аорты, pars thoracica aortae) артқы көкірек аралығында, омыртқаға жанасып, тақ вена және кеуде лимфа ағымымен қатар жатады.
Кеуде қолқасынан екі тармақ шығады:
1 Ішкі тармақ (мүшелік немесе висцерал)
2.Қабырғалық тармақ (париеталдық)
Ішкі тармақтардан бірнеше артериялар шығады:
1. Бронхиал тармақтар – өкпені, кеңірдекті, бронхтарды қанмен өамтамасыз етеді.
2 .Өңеш тармағы – өңешті қоректендіреді.
3. Перикардиал тармақтар – перикардты қанмен қамтамасыз етеді.
4. Медиастинал тармақ – көкірек аралықтағы мүшелерді қандандырады.
Кеуделік колқаның париетал тармақтары:
10 жұп қабырға аралық артериялары-қабырға аралық бұлшық етті, сүт безін, көкірек тұсының терісін қанмен жабдықтайды.
Көкеттің жоғарғы артериялары-көкеттің үстіңгі бетін қанмен қамтамасыз етеді.
Құрсақ қолқасы (брюшная часть аорты, pars abdominalis aortae) омыртқа жотасының алдыңғы бетінде орналасқан. Оның оң жағынан төменгі қуыс вена өтеді.
Құрсақ қолқасынан екі тармақ шығады:
1.Ішкі мүшелік (висцерал) - висцерал тақ және висцерал жұп
2.Қабырғалық (париетал) – құрсақ қуысының қабырғасын қанмен қамтамасыз ететін артерия қан тамырлары.
Құрсақ қолқасының висцерал тақ тармақтарынан:
I. Құрсақ бағаны(чревной ствол, truncus coeliacus) – құрсақ қолқасынан, XII кеуде омыртқасының тұсынан шығатын қысқа қан тамыр.Одан 3тармақ басталады.
а) Асқазанның сол жақ артериясы – асқазанның кіші иірімін қанмен қамтамасыз етіп, оң асқазан артериясына қосылады.
б) Бауырдың жалпы артериясы – одан бірнеше тармақтар шығады:
1.асқазан – 12 елі ішек артериясы –асқазанды, 12 елі ішекті, ұйқы безінің басын қанмен жабдықтайды.
2.жоғарғы ұйқы безі-он екі елі ішек артериясы- ұйқы безін, он екі елі ішекті қанмен қамтамасыз етеді;
3.бауырдың меншікті артериясы-оң жағынан асқазан артериясы шығып, асқазанды, өт қабын, бауырдың өзін қанмен қамтамасыз етеді.Асқазан артериясы үш тармаққа бөлінеді: алдыңғы және артқы гастродуоденал артериялар.Олар асқазан асты безін, он екі елі ішекті, ал асқазан шарбы артериясы үлкен шарбы мен асқазанды қанмен қамтамасыз етеді.
в)Көк бауыр артериясы-ұйқы безінің денесін жағалап өтіп, тармақтарға бөлінедік, көк бауырдыңқақпасы арқылыьпаренхимасына кіріп, оны қанмен қамтамасыз етеді.Көкбауыр артериясынан асқазанды, шарбыны, ұйқы безін қанмен қамтамасыз ететін қысқа қан тамырлары шығып, өздерімен аттас мүшелерді қанмен қамтамасыз етеді.
II.Жоғарғы шажырқай артериясы(верхняя брыжнеечная артерия-a.me senterica superior)-іш қолқасынан XII-кеуде, I-бел омыртқасының тұсында, іш бағаны артериясының төменінен басталып, төменгі және оңға қарап бағытталады.Ұйқы безінің денесінен, 12 елі ішектің төменгі бөлігінің арасынан өтіп, жіңішке ішектің шажырқай майының арасына кіріп, оң жақтағы мықын шұңқырына жетеді.Ол өзінің өткен жолында тармақтар шығарады:
1.Төменгі 12 елі ішек, ұйқы безі артериясы-ұйқы безін,12 елі ішекті қанмен қамтамасыз етеді.

2.Ащы ішек артериясы 15-20 артериялардан тұрады, олар жіңішке ішектің, ащы ішек және оның мықын бөлігін қанмен қамтамасыз ететін тік артериялар, бір-бірінің қосылуынан ішек артерия доғасы пайда болады.


3.Мықын-оң жақ тоқ ішек артериясы-соқыр ішекті оның құртқа ұқсас өсіндісін,
ащы ішектің мықын бөлігін, өрлеме тоқ ішекті қанмен қамтамасыз етеді.
4.Оң жақ тоқ ішек артериясы-өрлеме тоқ ішекті қанмен қамтамасыз етеді.
5.Орталық тоқ ішек артериясы- өрлеме тоқ ішектің жоғарғы бөлігін, көлденең тоқ ішекті қанмен қамтамасыз етеді.Оң және сол жақ артериялардың қосылуынан анастомоздар пайда болады.
III.Төменгі шажырқай артериясы(нижняя брыжеечная артерия-a.mesenterica inferior)-іш қолқасының II-ші бел омыртқасының тұсында, жоғарғы шажырқай
артериясының төменгі жағынан басталады.Шарбының сыртымен солға және төменге бағытталып, үш тармаққа бөлінеді.
1.Сол жақ тоқ ішек артериясы-көлденең тоқ ішектің сол бөлігін,төменге бағытталған тоқ ішекті қанмен қамтамасыз етеді.
2.Қима артериясы-қима тәрізді ішекті қанмен қамтамасыз етеді.
3.Жоғарғы тік ішек артериясы-тік ішектің жоғарғы және орта бөліктерін қанмен қамтамасыз етеді.Осы артерия кіші жамбас астауындағы ішкі мықын артериясының тармақтарымен қосылып анастоздар құрайды.
Жұп тамырларға жататындар:
а)Орталық бүйрек үсті артериясы-іш қолқасының I-ші бел омыртқасы тұсында басталып, бүйрек үсті безін қанмен қамтамасыз етеді.
б)Бүйрек артериясы I-II-бел омыртқасының тұсынан басталып, бүйректің қақпасынан кіріп, оны қанмен қамтамасыз етеді.
в)Ата без және аналық без артериялары-қолқадан бүйрек артериясынан төменіректен басталады.Олар жыныс бездерін қанмен қамтамасыз етеді.
Іш қолқасы-IV-бел омыртқасының тұсында оң және сол жалпы мықын артерияларына тармақталады.Іш қолқасынан орталық сегіз көз артрриясы шығады.
Ортаңғы сегіз көз артериясы(средняя кресцовая артерия)-іш қолқасының екі мықын артериясына бөлінген жерінен басталып, сегіз көз, құймышақ аймағындағы бүлшық еттерді қанмен қамтамасыз етеді.
Оң және сол жалпы мықын артериялары(правая и левая общие подвздошные артерии-a.iliaca communis)-сегіз көз мықын буынының тұсында ішкі және сыртқы мықын артерияларына тармақталады.
Ішкі мықын артериясы(внутренняя подвздошная артерия-a.ilica interna)-белдің бұлшық етінің бойымен кіші астауға кіріп, ішкі және қабырғалық тармақтарын шығарып, кіші жамбас астауының қабырғасын және сол жердегі мүшелерді қанмен қамтамасыз етеді.
Ішкі мықын артериясының ірі тармақтарына жататындар:
1.Ортаңғы тік ішек артериясы-тік ішектің ортаңғы бөлігін қанмен қамтамасыз етеді.
2.Ішкі жыныс артериясы-өзінің тармақтарын шатқа, сыртқы жыныс мүшелеріне, тік ішектің төменгі бөліміне беріп, оларды қанмен қамтамасыз етеді.
3.Жоғарғы және төменгі несеп қуығы артериясы- несеп қуығына барып, оны қанмен өамтамасыз етеді.
4.Жатыр артериясы-жатырды, жатыр түтігін, жартылай қынапты және аналық жыныс бездерін(ерлерде ұрық шығаратын өзек артериясы) қанмен қамтамасыз етеді.
Ішкі мықын артериясының қабырғалық тармақтарына жататындар:
1.Жоғарғы және төменгі бөксе артериясы-бөксе бұлшық еттерін және көрші жатқан жамбас бұлшық еттерін қанмен қамтамасыз етеді.
2.Жапқыш артериясы-кіші жамбас астауынан, жапқыш каналы арқылы санға шығып, медиаль топтағы бұлшық еттерді қанмен қамтамасыз етіп, жамбас-сан буынына тармақ береді.
Сыртқы мықын артериясы(наружная подвздошная артерия-a.ilica externa)-жамбастың үлкен бұлшық етінің бойымен, шап байламының астынан өтіп, сан артериясына жалғасады.Одан алдыңғы іш қабырғасына, қасаға симфиіне тармақтар шығып, қанмен қамтамасыз етеді.
Аяқтың артериялары-сан артериясынан басталады.Сан артериясы тақым артериясына жалғасып, алдыңғы және артқы үлкен асықты жілік артериясына
бөлінеді.Алдыңғы үлкен асықты жілік артериясы-аяқ үсті артериясына өтеді, ал артқы үлкен асықты жілік артериясы медиаль және латериаль табан артериясына бөлінеді.
Сан артериясы(бедренная артерия-a.femoralis)-санның алдыңғы беткейімен
төмен және медиаль бағытталып, санның алдыңғы және санды жақындатушы бұлшық еттерінің арасымен жүріп, тақым шұңқырына жетеді, сол жерде тақым артериясына жалғасады.Өзінің жолында санның бұлшық еттері мен терісін және алдыңғы іш қабырғасын, сыртқы жыныс мүшелерін қанмен қамтамасыз ететін тармақ береді.Ең ірі тармағы санның терең артериясы болып табылады.Бұл артерия сан артериясынан, шап байламынан3-4см төмен басталып, жамбас -сан буынын, санның бұлшық еттері мен терісін қанмен қамтамасыз ететін тармақтар береді.
Тақым артериясы(подколенная артерия-a.poplitea)- тізе буынына бес тармақ беріп, балтырдың артқы беткейіне өтіп, екі соңғы-алдыңғы және артқы үлкен асықты жілік артериясына бөлінеді.Алдыңғы үлкен асықты жілік артериясы(a.tibialis anterior)-балтырдың алдыңғы беткейдегі сүйек аралық жарғақтың саңылауынан өтіп, бұлшық еттердің арасымен, балтыр-табан буынына дейін түсіп, сол жерде аяқ үсті артериясына жалғасады.Ол өзінің жолында тізе буынын, балтырдың алдыңғы тобындағы бұлшық еттерді және балтыр -табан буынын қанмен қамтамасыз етеді.
Артқы үлкен асықты жілік артериясы(a.tibialis posterior)-балтырдың артқы жағындағы бұлшық еттердің арасымен төмен түсіп, өкше сіңірінен, медиалы толарсаққа шығып, оны айналып,аяқ басының алдыңғы табан беткейіне өтіп, медиал және латерал табан артерияларына бөлінеді.Артқы үлкен асықты жілік артериясынан-балтыр бұлшық еттерін, тізе, балтыр -табан буындарын қанмен қамтамасыз ететін тармақтар шығады.Оның ең ірі тармағы-кіші асықты жілік артериясы.Бұл артерия кіші асықты жілік сүйегіндегі бұлшық еттерді қанмен қамтамасыз етеді.
Аяқ үсті артериясы- аяқ басының үстіндегі майда бұлшық еттер мен оның терісін қанмен қамтамасыз етіп, аяқтың үстінде тілерсек алды артерия доғасына айналады.
Медиал және латерал табан артериялары-(a.plantaris medialis et lateralis)-табан сүйектерін және бұлшық еттері мен терісін қанмен қамтамасыз етеді

Веноздық жүйе. Лимфа жүйесі. Көкбауыр, орналасуы, құрылысы


Үлкен қан айналу шеңберінің веналары артерияларымен қатар жатады. Адам денесіндегі вена тамырлары орналасуына қарай және дененің қай бөлігінен жиналуына байланысты, төменгі қуысты және қақпа веналарының жүйесі деп 3 – ке бөлінеді.
Жоғарғы қуыс вена жүйесі - дененің жоғарғы бөлігінен (бастан, мойыннан, қол мен кеуде қуысынан) вена қаннын жинаса, төменгі қуыс вена жүйесі - дененің төменгі бөлігінен (жамбастан, аяқтан және құрсақтан) жинайды. Қақпа венасының жүйесі - қанды ішектерден, асқазаннан, көк бауырдан жинап бауыпға әкеледі. Бауырда улы заттарынан тазартылған қан бауыр веналары арқылы төменгі қуысты венаға ашылады.
Оң жүрекшеге екі қуысты венамен бірге жүректің өз веналары да шылады.
Оң жүрекше вена тамырларымен бірге жүрек вена тамырларының ашылатын жері болып саналады.
Жоғарғы өуыс венасының жүйесі (система верхней полой вены, vena cava superior) қанды-бас, мойын, кеуде қуысынан жинайды.Ол өте қысқа және жуан тамыр. Кеуде қуысының веналарына сыңарлы(v.aryqos) және жартылай сыңарлы (v.hemiaryqos) веналар жатады.Кеуде қуысының веналары вена қанын кеуде қуысының қабырғасынан жинайды.Сыңарлы венаға барлық оң қабырға аралық веналар ашылса, жартылай сыңарлы венаға сол жақ қабырға аралық веналар, өңеш, кеңірдек веналары құяды. Жартылай сыңарлы вена омыртқа жотасының сол жағымен жоғары қарай көтеріліп, орта жерінен сыңарлы венаға қосылады.
Бас және мойын веналары - ішкі және сертқы мойынтұрық веналары (внутренняя, наружная яремная вена-v.juqularis interna et externa)
жатады.Ішкі мойынтұрық вена ми сауытының негізнен басталып, бұғанаға дейін жетеді.Бұл тамыр көздің, есту мушелерінің, беттің жалпы венасын, тіл
және қалқан безінің веналарын жинақтап, бұғана асты венасына қосылып иық-бас венасын түзеді.Бұл веналар мидың барлық бөлігінен және мойын мүшелерінен вена қанын жинайды.Сыртқы мойынтұрық венасы тері астында жатады.Ол бастың шүйдебөлігінен және мойынның тері мен еттерінен, бет бөліктерінен вена қанын жинақтап бұғана асты венаға немесе венозды бұрышқа құяды.
Қолдың веналары орналасуына қарай тері асты және терең веналар болып бөлінеді. Тері асты веналар-тері астынан вена қанын жинаса, терең веналар-қолдың терең жатқан еттерінен, сүйектерінен және буындарынан вена қанын жинайды.Қоолың тері асты веналарына басты және негізгі вена жатады. Бұл екі венақол басының веноздық торынан басталып, қол басының сыртқы венасын түзіп, алақан бетіндегі екі артериялық доғаға ұқсас веналаық доға түзеді.Осы қол басның торынан басталған басты вена білектің сыртқы бетімен жоғары көтеріліп, шынтақ буынына дейін жетеді. Ол негізгі венамен байланысатын қосымша тамыр бөліп шығарады.Оны ортаңғы көлденең қосылыс деп атайды.Негізгі вена да қол басының сыртынан басталып, білектің алдыңғы жағына ауысп, жоғары көтеріліп шынтақ буынының тұсында ортаңғы шынақ венасы арқылы басты венамен байланысады.Одан әрі қарай жоғары көтеріліп тоқпан жіліктің ортаңғы бөлігінің тұсында қар венасына бірігеді, ол терең жатқан қолтық асты венасынажалғасады.
Қолдың терең веналары саусақтардың сырт жағынан басталып, алақан доғасын түзіп, одан білекке өтіп екі шынтақ және екі шыбық веналарын түзеді.Олар бір-бірімен көптеген көлденең қосылыстар арқылы байланысып жатады.
Бұл екі жұп вена шынтақ буынының тұсында қолдың беткей веналарын өздеріне қосып алап екі қар венасын түзіп, қолтық асты венасы жалғасады.
Қолтық асты венасының негізгі тарамдарына қолдың сыртқы венасы, кеуде қуысының сыртқы веналары және жауырын асты веналары жатады.Қолтық асты венасы I қабырғаның тұсында бұғана асты венасына ауысады.Бұғана асты венасы ішкі мойынтұрық венасы мен қосылып веноздық бұрыш түзеді, осы жерде иық-бас венасы басталады.
Иық -бас веналары-ең ірі тамырлар, оның оң жағы, сол жағына қарағанда
қысқалау келеді.Бұл екеуі оң жүрекше тұсында бір-бірімен қосылып,жоғарғы қуысты венаны түзеді.
Төменгі қуыс вена жүйесі (система нижней полой вены-vena cava inferior) төменгі бел омыртқа тұсында оң және сол жалпы мықын веналарының қосылуынан пайда болады.Қанды дененің төменгі бөлігінен жинайды. Ол құрсақ және аяқ веналары деп бөлінеді.
Құрсақ веналары-орналасуына қарай қабырғалық және ішкі мүшелік болып бөлінеді.Қабырғалық веналарына көкет , бел, сегізкөз веналары жатады.
Бел веналары (поясичные вены-v.lumbalis) -саны төртеу,бір-біріне қатар орналасқан.Олар ұзына бойы қосылыстар жасп, оң жағында сыңарлы, сол жағында жартылай сыңарлы веналармен жалңасады.Көлденең қосылыстар
нәтижесінде жоғарғы және төменгі қуысты веналардың арасында байланыстар түзеді.
Төменгі көкет венасы (нижняя диафрагмальная вена-v.phrenicae inferior) жұп тамыр, көкеттің төменгі жағынан төменгі қуысты венаға қосылады.
Сегізкөз венасы (крестцовая вена-v.sacralis)-сегізкөздің алдыңғы бетінен вена қанын жинайды.
Ішкі мүшелік тамырларына жыныс (аналық және аталық жыныс бездері) веналары, бүйрек, бүйрек үсті безінің және бауыр веналары жатады.
Аталық без венасы (семенниковая вена) -аталық безінен басталып шәует бауының ішімен жоғары көтеріліп, оң жағынан төменгі қуысты венаға, ал сол жағынан бүйрек венасы ашылады.
Аналық без венасы(яичниковая вена)-аналық безінен басталып, жатырдың жалпақ байламынан өтіп, өзіне аттас артериямен өатар жатады.
Бүйрек венасы (почечная вена-v.renalis) бүйрек қақпасының тұсынан басталып, бүйрек артериясының алдынан өтіп, төменгі қуысты венаға ашылады.
Бүйрек үсті венасы (надпочная вена) -бүйрек үсті безінен басталып, оң жағынан төменгі қуысты венаға. Сол жағынан бүйрек венасына қосылады.
Бауыр веналары-көптеген майда веналардан түзілген, ол бауыр капиллярларынан вена қанын жинап, бауырдың артқы жағынан төменгі қуысты венаға тікелей ашылады.
Аяқ веналары да қол веналары сияқты беткей және терең вена тамырларына
бөлінеді.Аяқ веналары аяқ басының веноздық торлары мен аяқ бармақтары
веналарының жалғасы болған беткей және терең табан доғаларынан басталады.
Аяқтың беткей веналарына үлкен және кіші теріасты венелары жатады - (v.saphena magna et parva-большая и малая подкожная вена) олар санның бұлшық еттері мен терісінен вена қанын жинап, одан сыртқы мықын венасына, әрі қарай жалпы мықын веналары төменгі қуысты венаға құяды.
Жалпы мықын венасы-сыртқы және ішкі мықын веналарының қосындысынан пайда болып, IV бел омыртқа тұсында, бір-бірімен қосылып төменгі қуысты венаны түзеді.
Ішкі мықын венасы вена қанын жамбас қуысындағы мүшелерден, ал сыртқы мықын венасы сан венасының тікелей жалғасы болғандықтан, аяқтың бетке және терең веналарынан жинайды.Бұл венаға сан венасынан басқа төменгі құрсақ және мықын сүйегін қоршап жататын веналар қосылады.
Қақпа венасының жүйесі (система воротной вены-v.portae) құрсақ қуысындағы тақ мүшелерден вена қанын өзіне жинайды.Құрсақ қуысындағы ас қорыту мүшелерінің веналарынан жинақталған үш вена түзіледі.
Оларға:
1.Көкбауыр, селезеночная вена,v.splenica.
2.Төменгі шажырқай венасы, нижняя брыжечная вена,v.mesenterica
inferior.
3.Жоғарғы шажырқай венасы, верхняя брыжечная вена, v.mesenterica
superior.
Бұл 3 вена ұйқы безінің тұсында бірігіп бауырдың қақпа венасына айналады.
Қақпа венасы өте ірі, қысқа келген тамыр.Ол бауырға қақпасы арқылы еніп, бауыр веналарына бөініп капиллярларға тарайды.
Организмде бауырдың қақпа венасының маңызы зор себебі, ас қорыту мүшелерінен келген қанның құрамында, қоректік заттармен бірге зиянды(улы) заттар болады.Оларды бауыр өзінің күрделі қызметі арқасында тазартады.
Осының нәтижесінде тазартылған қан бауыр венасы арқылы төменгі қуыс венасына, одан жүрекке, жүректен үлкен қан айналым шеңбер арқылы ағзаға
таралады.
Лимфа жүйесі деп-вена жүйесін толықтырып тұратын тамырлар
жүйесін айтады.Лимфа жүйесінің организм үшін маңызы өте зор.Өйткені
қан мен ұлпа арасындағы зат алмасуүрдісі лимфа арқылы іске асырылады.
Ұлпа аралық сұйықтық өайтадан қанға толық сорылмай, майда лимфа
қылтамырларына өтеді, олар жинақталып лимфа тамырларына айналады.
Денедегі барлық лимфа тамырлары жинақталып көкірек және оң жақ лимфа ағымын түзеді.Осы лимфа ағымы арқылы ұлпа сұйықтығы мойынтұрық
және бұғана асты веналарының қосылысынан пайда болған веноздық
бұрышқа келіп ашылады.Лимфа сұйықтығы ұлпа аралығындағы қаннан
пайда болып,соңында вена қанына араласады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет