Сүйек мүше ретінде, сүйектердің құрылысы, жіктелуі. Сүйектердің Сүйек ( кость, os). Сүйектер дененің негізгі тіреуіш мүшелері. Олардың құрылысы өте күрделі



бет3/4
Дата02.01.2023
өлшемі116,02 Kb.
#60281
1   2   3   4
Лимфа жүйесіне жататындар:
1.Лимфа саңылаулары;
2.Лимфа қылтамырлары;
3.Лимфа тамырлары;
4.Лимфа бездері.
Лимфа саңылаулары-іш қуысының сероздық қуысы, өкпе қапшығы
мен жүрек қабының қуысы, ми мен жұлын қабықтарының аралықтары, ми қарыншаларының қуысы, жұлын өзегі, ішкі құлақтың лимфа қуысы, буын қуыстары жатады.
Лимфа қылтамырлары-өте майда тамырлар,қабырғасы бір қабатты
эндотелиалды жасушалардан түзілген.Олар бір-бірімен көлденең
қосылыстар жасап, мүшелер мен ұлпаларда қылтамыр торларын түзеді.
Лимфа тамырлары-лимфа қылтамырларының бірігуінен пайда болады.
Олар орналасуына қарай беткей және терең тамырлар болып бөлінеді.
Беткейі тері астында,тереңі артерия тамырларына жанама орналасқан.
Олар бір-бірімен көлденең қосылыстар жасап байланысады.
Лимфа бездері-лимфа тамырларының жолында топталып жатады.
Бездерде пайда болған ақ түйіршіктер лимфа сұйықтығына араласып оның
құрамын өзгертіп отырады.Лимфа бездері 3 жаста толық қалыптасып бітеді.
Олар ағзаның барлық жерінде бірдей орналаспайды ,біреуден, кейде шоғырланып орналасады.Лимфа бездері буында, тақым астында, жамбас,
шат, шынтақ буынында, қолтық, жақ астында,мойында, өкпеде, бронхта,
ішек шажырақайында кездеседі.Лимфа бездерінің жиынтық жасап жатқан жерін бадамшалар дейді.Олар көмей қойнауында, тіл түбірінде, жұтқыншақтатоптана жатып, микробтардан қорғап, қорғаныс -фагоцитоз қызметін атқарады.
Лимфа құрамы жалпы жағдайда байланысты өзгеріп тұрады.Ас қорыту үрдісі өтіп жатқан кезде, ащы ішектің шажырқайындағы лимфа тамырларына ішектен сорылған майлар өтеді.Мұндай жағдайда оны сүт тамыр деп атайды.
Ағзадағы барлық лимфа тамырлары көкірек және оң жақ лимфа ағымдарына барып аяқталады.
Кеуде ағымы-(грудной проток -ductus thorcicus)-лимфаны екі аяқтан,
жамбастан, жамбас қуысындағы мушелерден, құрсақ қуысынан, сол жақ
көкірек клеткасынан, сол қолдан және бас пен мойынның сол жақтарынан,
яғни дененің төрттенүш бөлігінен жинайды.Кеуде ағымы ХII-кеуде, II-бел омыртқаларының тұсында оң және солж жақтағы бел сабауларының
қосылыуынан пайда болады. Қосылған жерінде кеңейген бөлігі болады, оны
қойма деп атайды.Кеуде ағымының ұзындығы 20-40 см, ондағы лимфаның
жүруі көкірек қуысының сору қасиетімен, ағымдағы бір жақты ашылатын
айшық қақпақшалардың жәрдемімен іске асырылады.Кеуде ағымы құрсақ қолқасын бойлай көкірек қуысына өтіп, дененің сол жағына ауып мойын омыртқа тұсына дейін көтеріледі.Осы жерде бұл ағым сол бұғана асты
артерияларының астынан өтіп, сол жақ веноздық бұрышқа келіп ашылады.
Бұл жерге бас пен мойынның сол жағынан келетін-сол мойынтұрық лимфа
тамыры және көкірек клеткасының сол жағынан , сол сүт безінен, көкеттен, бауырдан лимфаны әкелетін, сол ішкі лимфа тамыры келіп қосылады.
Оң жақ лимфа ағымы оң бұғана үстінде орналасып, оң жақ ішкі мойынтұрық
венасымен оң жақ бұғана асты венасының қосылысынан пайда болған
веноздық бұрышқа келіп құяды, оның ұзындығы 1,0-1,5см.Оң жақ лимфа ағымы оң қолдан, оң жақ бас және мойын бөліктерінен көкірек клеткасының
оң жағынан жинайды.
Бронх-кеуде ағымы-лимфаны жүректің, өңештің, кеңірдектің, көкірек клеткасының, оң жақ бөліктерінен, оң сүт безінің ағымы-лимфаны көкеттің
алдыңғы бөлігінен жинайды.Оң жақ лимфа ағымының қақпақшасы құяр
жерінде болады, ол вена қанының ағымға қарай кері кетпеуіне кедергі жасайды.
Лимфа-ұлпа сұйықтығынан, лимфа саңылауларынан және силвиалды қуыстардан пайда болады. Лимфа сұйықтығы түссіз, құрамы қан плазмасының құрамына ұқсас келеді. Құрамында 0,1%-қант, 3-4%-ақуыз, 0,9%-минералды тұздар бар.Жасушалардан лимфоциттер көп болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет