Сүйінқара Үргешбайұлы Батыр (1756-1841жж).
Сүйінқара Батырдың Хиуа мен Ресей патшалығы бодандығынан
қорғаған өжет жауынгер, əрі би
болған еді. Оның батырлығы Махамбет пен Исатай батырларлығымен бірге айтылғанмен, Орыс
бодандығына Махамбет пен Исатайдың жеңіске жетуі осы батыр Сүйінқараның арқасы екенін
көп жерде айтыла бермейді. Шын мəнінде Сүйінқара жасағының саны Махамбет пен Исатай
батырларына қарағанда басым болған. Сүйінқараның əскері де, өзі де өжет болды.
Қазақ жері, əсіресе, Батыс өлке Маңғыстау орыс бодандығынан
аман-есен қалуы осы керемет
батыры Сүйінқараның соғыса білген өжеттілігіне байланысты.
Сүйінқараның қыздары Айсалқам мен Жансалқам да, інісі Кежі де, ұлы Бүркіталы да өте
керемет жауынгерлікпен танылған. Олар Хиуа бодандығы кезінде көтерілісте қаза табады. Кежі
інісі киіз үйлердің бірінің ішіне
кіріп алып жауларды тосып, екі қылышымен барлығын шауып
отырған, киіз үйді жау əскері көтере жөнелгенде, Кежі батырдың оншақты жауын бір өзі шауып
тастағанына күə болған.
Əнүəр Əлімжановтың "Махамбеттің жебесі" атты кітəбінде Сүйінқара
Беріштер рулы
батырларына көмек беруді жəне дос болуды көрген деп айтылған. Ол Махамбет пен Исатай
батырларына көмек беруді ойлаған, қылышы жерге тимеген Адай руынан шыққан ең ғажап
жауынгер, ақкөңіл батыр болған екен. Ірі жəне ұзын бойлы болған екен.
Сүйінқара батыр ешуақытта
елін жау жанына қалдырмаған, елі үшін жері үшін жауға қарсы
шыға берген өте өжет адам болды.
Кейбір, мағлұматтарда Сүйінқара қарақшы ретінде, яғни, сол заманның бандиті болған, деседі.
(С)Авторы: Нурлан Рауан.
Сүйінғара Үргешбайұлы (1756 – 1841) – Батыр, Би.
Кіші жүздің Адай руының Мұңалдың Жары Жетімегінен шыққан.
Ресей империясының, Хиуа
хандарының, түрікмен билеушілерінің үстемдігіне қарсы күрескен. Сүйінғара 1837 жылы
Жайықтың шығыс бетіне өткен Исатай-Махамбетке қол жинауға көмектескен. Сүйінғараның
орыс зерттеушісі С.Г.Карелинмен, Жайық беттегі көтеріліс басшылары Исатай мен
Махамбетпен кездескені жəне де Англия тыңшысы Джейс Абботты қолға түсіргені туралы
“Сүйінғара” атты романда айтылады. Сүйінғараның інісі Кежінің, балалары Бүркіталы,
Сатыбалды,
Көтібардың ерлігі, қыздары Айсалқам мен Жансалқамның қайғылы тағдыры
туралы ел аузында аңыздар көп сақталған. Батыр туралы А.Ф Рязанов пен В.Ф. Шахматовтың
ғылылыми еңбектерінде, Ə.Кекілбаев, Қ.Сыдиықов, Е.Жаманбаев, Қ.Шыртанов, Ə.Спановтың
көпшілікке арналған мақалаларында сөз болады. Оған А.Өтембетұлы, Ы.Шөреков
жыр арнаса,
М.Əбдіқалықов “Сүйінғара” атты роман жазған. Сондай-ақ Сүйінғара батыр туралы
Ə.Əлімжановтың “Махамбеттің жебесі” романында айтылады, Ə.Кекілбаев “Күй” повесінде
Сүйінғараның бейнесін сомдаған. Сүйінғара батыр Маңғыстаудағы
Сейсен ата қорымына
жерленген.