Интербелсенді оқуда/оқытуда келесі шарттарды қадағалау міндетті болып табылатын - жағымды психологиялық орта орнату жайлы.
Жағымды психологиялық орта орнату Ол бірінші - үйрену процесіне қатынасушылардың әрқайсысымен өзара сыйластық пен сенімге негізделген жеке қарым-қатынас орнату деген сөз. Дана қазақ “сыйға - сый, сыраға - бал!”, “Сыйлағанның құлы бол!” деп бекер айтпаған болар.
Екінші - қарым-қатынаста қысымнан бас тартып, “жұмсақ” әдістерді қолдану деген сөз. “Жылы-жылы сөйлесе жылан інінен шығады, суық-суық сөйлесе – мұсылман дінінен таяды” немесе Мұхаммед (С.Ғ.С.) пайғамбар: “Іштеріңдегі ең жақсы адамның кім екенін айтайын ба? Ол - мінезі жұмсақ адам!” деп айтқан екен.
Адам жан-жағына нәр шашу керек пе, әлде зәр шашу керек пе? дегендей жағымды психологиялық ахуал туғызудың маңыздылығы мен тиімділігін қолдана алу міндет!!!
Қорытынды
Сонымен, интерактивті оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген процесс. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының оқу - тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.
Оқытудың озық технологиясын меңгеру оқытушының кәсіптік шеберлігіне байланысты.Бұл әрбір ұстазды ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге,жаңа ізденістерге жетелейді.Осы орайда Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жәй ғана емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»,-деп тұжырым жасайды.
Сондықтан оқытушы өз пәніне психологиялық тұрғыдан қарап,әдістемелік шеберлікпен келу керек.Сабақ барысында интерактивті технологияларды қолдану оқытушы жұмысын өнімді, нәтижелі, ал оқушылардың білім алу әрекетін мәнді, қызықты, пайдалы етеді.