Сұлтанәлі Балғабаев



бет21/41
Дата04.05.2023
өлшемі66,43 Kb.
#89747
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41
Байланысты:
С лтан лі Бал абаев Тойдан айт ан аза тар

Бірінші бөлімнің соңы.


ЕКІНШІ БӨЛІМ


Алтыншы көрініс


Бірінші бөлімнің соңындағы көріністің жалғасы. Асай Мүсеевич жынды адамша айқайлап жүр.
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Ойбай, бұл біздің пойыз емес екен!.. Біздікі емес екен! Тоқтатыңдар пойызды!... Тоқтатыңдар дейім!..
Купеден Саудагер әйел шығады.
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Әй, мыналар адамға ұйқы бермейтін болды-ау!.. Өлетін шығармыз мүлде!..
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Тоқтатыңдар дейім!.. Тоқтатыңдар дереу пойызды!...Қап-әй, енді қайттім! Не істедім?! /купенің есігінің алдына отыра кетеді./
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Мынау жынданған шығар!.. Ұстамалы ауыруы бар пәле шығар мынау!..
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Жо-жоқ, арақтың ауруы ғой... Әлгі не деуші еді, белая горчка деуші ме еді, соның тап өзі ғой...
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Ой, алла-ай, ой, алла-ай!.. Пойызға мінсең болды – көретінің ылғи осы, теңселген мастар!..
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Және бәрі қазақтар!.. Кілең – қазақтар!.. Жасына дейін... кәрісіне дейін... Әкелері арақтан өлген сияқты...
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Қай күні тап осындай бір қазақ пойызда ішіп-ішіп, ақыры көз алдымда жынданып кетті. Мынау да сондайдың сұрынан ғой дейім!..
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. /ұшып тұрып/. Жо-жоқ, ол емес!.. Мен... мен, ертең!.. Баяндама!.. Әй, прәбәдник!.. Прәбәдник! /Жолсерік келіншек жүгіріп келеді/. Бас стопкранды!.. Тоқтат пойызды!..
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. /зәресі ұшып/. А-а? Не-е? Не?
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Ойбай, мынау жынданып кетті! Жынданды!..
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Иә-иә, сөйтті!.. Ішіп-ішіп... Белая горячка!..
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Жо-жоқ, жынданған емес... Пойыз... пойыз! Бас стопкранды, өңкей мафия!..
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. /Жолсерік келіншекке/. Әне-әне, көрдің ғой!.. Естідің ғой!.. Шақыр ана бастығыңды!..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет