Тәрбиешіге әр ойынды өткізген кезде шығармашылық қажет:
1. Ойын балаға да, үлкендерге де қуаныш әкелуі қажет.
2.Баланы ойынмен қызықтырыңыз, бірақ оны ойнауға мұқтаждамаңыз, ойын тапсырмаларымен ашуға дейін қысым көрсетпеңіз. Ойын кезінде баланы ренжітіп алмаңыз.
3. Баланың қызығулары «толқынмен» өтеді. Сондықтан, балада ойынға қызығушылығы басылғанда, ол ойын туралы екі айға, тіпті көпке дейін «ұмытыңыз», сосын оны бала «кездейсоқ» есіне түсірсін.
4. Ойын кезінде күштеу жағдайын болдырмау керек. Баланың белсенді қимылдарын тоқтатпаңыз.
Қимыл – қозғалыс ойындарына ерекше мән беріп отырдым. Өйткені біздің тобымыз ересек топ болғандықтан оқу іс-әрекеті үстінде, мерекелік іс шаралар, спорттық ойындар болса да денсаулықты нығайту үшін үнемі қимылды ойындар, сергіту сәттерін міндетті түрде өткізіп отырдым. Қимыл ойындардың айрықша бағалылығы балалардың жалпы қимылының жетіле түсетіндігінде. Мұндай жағдайда балалардың түрлі топтағы бұлшық еттері жетіледі. Қимыл ойындардың бәрі балалардың қимылының жеңіл де әсем және батыл да сенімді болуына бағытталған. 4-5 жастағы балалардың ішінде аса қимыл-қозғалысы төмен балалар болмайды. Өйткені ғалымдардың дәлелдеуіне сүйенсек осы жастағы балалар қимылы шапшаң . Ол олардың тез дамуына мол әсерін тигізеді.Іс-тәжірибе нәтижесінде «Қимыл-қозғалыс ойындары» атты шағын кітап жинағын жинақтадым.
ҚОСЫМШАЛАР
«Дүкен» сюжетті-рөлді ойыны
Өз-өзіне қызмет көрсету «Жыл басына таласқан хайуанаттар»
ертегісі
«Аспазшы» сюжетті-рөлді ойын
ҚОРЫТЫНДЫ
Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті ойын, оларды жан-жақты дамытып, тәрбиелейді. Ойын баланың қоршаған болмысты, оның заттарын және құбылыстарын шығармашылықпен бейнелеп көрсетудің белсенді түрі. Мектеп жасына дейінгі балалар ойындарының пайда болуы мен дамуы қоршаған өмір құбылыстары туралы олардың игерген нақты білімдерімен тікелей байланысты.
Қорытындылай келе, балалардың қозғалыс белсенділігін арттыру жолында жасалған белсенді іс – әрекетін, оларды дамытудағы қимыл- қозғалыс ойындары оның ішінде ұлттық ойындар, спорттық ойындар және сюжетті рөлді, сюжетсіз рөлді ойындар, байқампаздығын, белсенділігін, дарындылығын, қабілетін, шығармашылығын дамытады.
Қимыл қозғалыс ойындары – мектепке дейінгі жастағы баланың сүйікті де пайдалы іс- әрекетінің бірі. Ойын адам ағзасының жұмыс істеу қабілетін арттырады. Көңіл-күйін сергітіп, тамаққа тәбетін ашады, еңбекке құлшынысын күшейтеді. Қимыл - қозғалыс ойындары балалардың ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, шығармашылық қабілетін және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, көңілді және белсенді болуларына мүмкіндік тудырады.
Ойын әрекетінің шығармашылық сипаты – ойын ынтамен, баланың рөлді, сюжетті, ойыншықтарды, қосымша-заттардытаңдағандағы шығармашылығымен байланысты. Ойынды құрғанда, ойын кейіпкерлерін жасағанда баланың ойлауы мен қиялы белсенді жұмыс істейді. Бала ойыннан ләззат алады, өз сезімін басқаларға береді, оларды әртүрлі рөлдерде көреді. Ойында теріс көңіл-күй де бастан өтеді – өкпе, қанағаттанбағандық, жеке жағымсыз күйзелістер, бұларды анықтау аса маңызды және олардан арылу керек. Нәтижесінде ойынның жалпы әсері – оң болады. Бала ойын сюжетіндегі нақтылы және ойдан құрылған құбылыстарды, таныс заттарды жаңа қасиеттермен және функциялармен байланыстырады. Бұл процестердің нәтижесі баланың елестетуі мен шығармашылығының дамуы.
Курстық жұмысымды қорытындылай келе қимыл-қозғалыс ойындары арқылы 4-5 жастағы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда тәрбиешілердің үлесі зор. Елімізге білімді, саналы, ұшқыр ойлы, денсаулығы мықты, адал, терең білімді, жоғары талғамды парасатты тұлғаны тәрбиелеу басты міндетім деп санаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |