Смк пп 3-91-01 Курстық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау туралы Ереже / Положение о защите курсовой работы (проекта) Издание /басылым 1/2017 Стр/бет из 37


Мамандар ойындарды төрт топқа бөледі



бет15/34
Дата07.01.2022
өлшемі1,63 Mb.
#18530
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34
Мамандар ойындарды төрт топқа бөледі:

1. Табиғи заттарды қолданып ойнайтын ойындар: асық, бестас, ақ сүйек, сиқырлы таяқ, бақай пісті, жылмаң т.б.;

2. Жануарлар бейнесін елестетіп ойнайтын ойындар: соқыр теке, түйе-түйе, ақ байпақ, көк сиыр және т.б.;

3. Мүліктік бұйымдарды қолданып ойнайтын ойындар: шалма, бөрік жасырмақ, түйілген шыт, тақия телпек, белбеу тастау, орамал тастау, т.б.

4. Құрал-жабдықсыз ойнайтын ойындар: айгөлек, ақсерек-көксерек, шымбике, мәлке тотай, тоқтышақ, шертпек, жасырынбақ, бұғынай, т.б.

Ойын өнердің түріне, топты ұйымдастыру тетігіне, ұлттың әдеп-ғұрпының қалыптасуына, сақталуына үлкен ұйытқы болды, ықпал етті.



Ойын - бір жағы, дене қозғалысы, шыныққан денесінің шеберлігі, бір жағы: көңіл көтеру, дем алу, бір жағы бас қосып бірлесіп, әдет-ғұрыпты жалғастыруға үндесу. Ойын - ұрпақтар өмірін үйлестірудің дәстүрлі ән бимен өрнектелген сауық түрі. Ұлттық ойындар жасөспірімдердің ой қабілетін, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырады. Олар үшін ойын – баланың жан-тәнін қоздыратын тартымды қозғалыс, дене мен ойды қатар жаттықтыратын тартылыс, жеңістің дәмін тартқызатын жеңімпаздардың мәртебесін көтеретін қолдау тоғысы. Қазақтың ұлттық ойын сауығы достық пен қонақжайлылықтың белгісі және көптің басын біріктірудің кепілдігі. Ұлтымыздың тұғыры мықты болуына ұлттық ойындардың мектепке дейінгі кезеңнен бастап ұмытылмай ойналып тұруы да өз үлесін қоспақ.Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды. [9]

Ұлттық ойындар – ата-бабаларымыздан келе жатқан байлығымыз, асыл қазынамыз. Ата-бабалары- мыз ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрпымызды танып, үйренумен бірге, бала бойындағы дене күшінің сапалық қасиеттерін дамытып жетілдіру, табиғат құбылысын тануда балалардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен та- пқырлықтарын, сөйлеу қабілетін дамытып, оның мінез-құлқы мен адамгершілік, мей- ірімділік, достық, жолдастық сезімдерге сәби кезеңнен тәрбие беріп, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Ұлттық ойындар – салауатты өмір салтын мұрат тұтқан арманшыл, елі мен жерінің қамын ойлайтын, ұлтқа тән барлық қасиетті қадір тұтатын, дара тұлға – жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың құралы. Оқу іс-әрекеті кезінде немесе оқу іс-әрекетінен тыс кез- де баланы ұлттық ойын арқылы өмірге тәрбиелеу үздіксіз процестің жалғасы. Қазақтың ұлттық ойындары бірнеше түрге бөлінеді. Олар: - малға, аңға байланысты жануарлар бейнесін елестетіп ойнайтын ойындар ─ «Соқыр теке», «Түйе-түйе», «Ақ байпақ», «Көк сиыр», «Ордағы қасқыр» және т.б. - табиғи заттарды қолданып ойнайтын ойындар ─ «Асық», «Бес тас», «Лек жалау», «Сиқырлы таяқ», «Бақай пісті», т.б. - мүліктік бұйымдарды қолданып ойнайтын ойындар ─ «Шалма», «Бөрік жасырмақ», «Түйілген шыт», «Орамал тастау», т.б. - құрал-жабдықсыз ойнайтын ойындар ─ «Айгөлек», «Ақсерек-көксерек», «Мәлке то- тай», «Шертпек», «Жасырынбақ», «Бұғынай», т.б. - зеректілік, тіл байлығын жетілдіретін ойындар ─ «Түлкішік», «Қаздар-қаздар», «Тақия тастамақ» (санамақ, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, жұмбақ шешу), т.б. Қазақ халқының ұлттық ойындары арқылы балалардың бойларына халқымыздың әдет-ғұрыптарын, салт-санасын дарыта отырып, олардың денсаулығын нығайтып, ой қа- білетін, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке тәрбиелеу мақсатында «Ер Тарғын» балабақшасында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен тыс ортаңғы топ балаларына арналған «Ұлттық ойындар» бағдарламасы оң нәтиже көрсетуде. Бағдарламадағы ұлттық ойындар Жалпыға міндетті мектепке дейін- гі білім беру стандартының барлық «Денсаулық», «Қатынас», «Шығармашылық», «Та- ным», «Әлеуметтік орта» білім беру салаларына негізделіп, балалардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіру, олардың қимыл-қозғалыста- рын, ептілік, шапшаңдық, қабілеттерін дамытып, ұжымдық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, ойын шарттарын орындауға үйретуді көздейді. Балалардың аса қызығушылықпен қатысатын ұлттық ойындар қатарына «Соқырте- ке», «Хан талапай», «Ұшты-ұшты» ойындарын атауға болады. «Соқыртеке» ойыны Мақсаты: Балалардың қимыл-қозғалыстарын арттырып, ептілікке баулу. Көрнекілігі: Көз байлауға арналған қалың орамал Ойын барысы: - Балалар дөңгелене тұрады. Бір баланың көзі байланып қойылады. Балалар: Бота, бұзау, қозы, лақ Қайда кеткен құлыншақ Соқыртеке бақ-бақ Мені ізден тап-тап Деп тақпақтайды. Содан кейін Соқыртеке (көзі байлаулы бала) балаларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады. Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да, ол «Соқыр теке» ролін атқарады. Ойын осылай жалғаса бередіСонымен, қазақтың ұлттық ойындары мектепке дейінгі жастағы балалардың та- нымдық құзыреттілігін кеңейтуге, балалардың ақыл-ой мүмкіндіктерін және шығар- машылық қабілеттерін дамытып, өз біліміне сенімділік сезімін ұялатуға, танымға де- ген қызығушылығын қалыптастырудағы маңызы зор[10, 21 б.]

Қимылды және спорттық ойындар ұйымдастырылған оқу қызметінің бөлігі ретінде, күнделікті серуенде, баяу, орта және жоғары қимыл деңгейіне байланысты – топ бөлмесінде өткізіледі. Мектепке дейінгі ұйымдарда спорттық ойындардың элементтері ғана (футбол, волейбол, баскетбол) қолданылады. [11, 9б.]





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет