Смк пп 3-91-01 Курстық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау туралы Ереже / Положение о защите курсовой работы (проекта) Издание /басылым 1/2017 Стр/бет из 37


Бaлa дaмуындағы қимыл-қозғaлыc oйындaрының мaңызы жәнe oның түрлeрі



бет12/34
Дата07.01.2022
өлшемі1,63 Mb.
#18530
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34
Байланысты:
байзакова

1.4. Бaлa дaмуындағы қимыл-қозғaлыc oйындaрының мaңызы жәнe oның түрлeрі
Қимылды ойындардың ерекшеліктері. Бұл жаста қимылды ойындардың балалардың негізгі қимыл қозғалыстарын жаттықтырыпж және оны одан әрі жетілдіре түсудегі маңызы зор. Дене тәрбиесіндегі қимыл-қозғалыс ойындарының маңызы. Дене шынықтыру пәнінің белгілі бір теоритиктері П.Ф.Лесгафт және В.В.Гориневскийдің дәлелдеуі бойынша жас бүлдіршіндердің тезірек бұғанасы бекіп, ағзаның қалыпты дамуына және оның тез жинақталып, қимыл іс-әрекетті шапшаң орындауында қозғалмалы ойындардың алатын орны ерекше. Сонымен қатар, қозғалмалы ойындар баланың көңілді, өмірге шаттық-қуанышпен қарауын және ақыл-ойының дамуына (тапқырлық, тез дұрыс шешім қабылдау т.б.) әсер ететін дұрыс фактордың бірі ретінде қарастырылады. Ойын барысындағы іс-қимылды дұрыс саналы түрде балаға жеткізіп, қайталатуды бірнеше күн әдетке айналдырғанда бала ағзасындағы зат алмасу, барлық органдар мен дене құрылымындағы жалғасып жатқан нерв жүйесі белсенділігін танытып, қан айналымы жақсарады. Негізінен, баланың өсуіне жақсы әсерін тигізетін қозғалмалы ойындар ауада немесе далада ойнайтын ойындар. Қозғалыс барысындағы жиі демалудан бала ағзасындағы оттегіне деген қажеттілік артады. Осы ойындардың арқасында баланың көңіл-күйі эмоциясы жоғарылап, оның нерв жүйесін бекітеді.

Қозғалмалы ойынның нәтижесінде бала белгілі сигналға үйреніп, ойын ережесіне бағынады. Бұл оның жан-жағындағы оқиғаға мән беріп қарауына, төзімді болуына, тәртіпті сақтауына, немесе оның басындағы мидың тежелу функциясының дамуына өз септігін тигізеді. [5]

Балалардың жоғарғы тыныс жолдары тар, олардың шарышты қабаттары лимфа және қан тамырларына өте бай болғандықтан қолайсыз жағдайларда ісініп тынысы жедел тарылтады. Қабырғалардың тегіс орналасуына байланысты тыныс жеңіл және жиі алынады (емшектегі балаларда минутына 35-40 тыныс қимылы, 7 жастағы балаларда минутына 26-27 тыныс қимылы жүреді). Одан басқа балаларда дем алу мускулатурасы әлсіз. Өкпе ткані өте нәзік себебі функционалды тұрғыдан ол әлі жетілген жоқ. Баланың кеудекуысындағы қозғалыс шектеулі. Олардың тыныс алу жүйесіндегі осындай ерекшеліктіұсына отырып, сәбилерге мұрын арқылы ауа жұтуды үйрету керек. Мұрынның ішкі жағы шырышты қабатпен қапталған қалың қан тамырларымен жабылған.

Балалардың дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Балалардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.

Осы жас ұрпақтың дене жетілдіруінде бастауыш сыныптардағы дене тәрбиесі сабағында жеңіл атлетика, гимнастика, қимылды ойындар ерекше орын алады. Себебі адам өмірге келген күннен бастап үнемі қимыл-қозғалыстар жасау арқылы өсіп жетіледі.

Қазақстан елінде дене шынықтыру мен спортты дамытуда тарихи қалыптасқан ұлттық дәстүр негіздерінің талаптарын жақындастыра отырып, қазіргі білім беру жүйесіне, яғни дене тәрбиесі сабақтарына қозғалмалы ойындарда енгізу болып табылады. Қимыл-қозғалыс ойындар үнемі қимыл-қозғалыста болуды талап етеді және дене дайындығының көрсеткіштерін жақсарту үшін қолданылады.

3-5 жас аралығындағы баланың денесін шынықтыру кезінде басты фактор оның қимыл әрекетінің қаншалықты дұрыс жолға қойылғандығымен байланысты, себебі мақсатты орындатқан қимыл-қозғалыс жаттығулары бұлшық еттерге қан жүгіртіп, ағза қорегін арттырады.

Балалар үшін қозғалыс әрекеті үлкен мұқтаждық болып табылады. Қозғалыс бала үшін үлкен бір қуаныш көзі, сондықтан да қимыл күші оның денесін қатайтумен қатар психикалық дамуына үлкен әсерін тигізеді.

Адамның денесі мен ақыл-ойының дамуына дене қозғалысы күшті әсер етеді. Баланың қозғалыс белсенділігіне бөгет жасағанда оның дамуы нашарлайды және кешігеді.

Күнделікті тіршілікте орындалатын қимылдардың қосындысын адамның қозғалыс белсенділігі деп атайды. Қозғалыс белсенділігі ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған қимылдардан тұрады. Ұйымдастырылған қозғалыс белсенділігіне дене шынықтыру және спорттық жаттығулар белгілі еңбек әрекеттері жатады. Ал ұйымдастырылмаған қозғалысқа түрлі ойындар кезіндегі баланың өз тарапынан жасаған қосымша қозғалыстары жатады.[6]





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет