II.ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫ АРҚЫЛЫ 4-5 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ
2.1. Ұлттық және спорттық қимыл-қозғалыс ойындарының маңызы мен ерекшеліктері
Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын - сауықтардың бір түрі. Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру – қазіргі міндеттердің бірі. Ұрпақ бойында жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Әр халық өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Дегенмен, халық (ұлттық) ойындары да тәрбиенің мықты құралы деп танылған. Ойынды оқу-тәрбиеде қолдану балалардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, әр халықтың асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы.
Қазақтың ұлттық ойындары сауықтық жағынан ғана емес, ол – спорт, ол – өнер, ол – шаруашылық тәжірибелік маңызы бар тәрбие құралы. Қазақтың ұлттық ойындары: асық, ақсүйек, бес тас, көкпар сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, алтын табақ ату т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәжірибелік маңызға да ие болды. Халқымызда ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарының түрі кең таралған.
Достарыңызбен бөлісу: |