Балабақшада қолданған қимыл-қозғалыс ойындарым:
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР:
«Теңге алу»
Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа үйрету.
Қай жасқа арналған: 4-5
Ойыншылар саны: 5-6
Өткізілетін орны: Ойын алаңында
Қосымша жабдықтар: Теңге салынған дорбалар, ағаш аттар
Ойын түрі: Қимыл-қозғалыс
Қимыл-қозғалыс ойынның өтуіне әдістемелік нұсқау:
Ойынға қатысушылар ортаға шығады. Ортадағы теңге салынған дорбаларды шауып жүріп жинайды. Көп жиналаған бала жеңімпаз атанады.
Болжамды қиындықтар: Балалар жүгіргенде бір-біріне соқтығысып қалуы мүмкін.
«Күрес»
Мақсаты: Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа үйрету.
Қай жасқа арналған: 4-5
Ойыншылар саны: 2
Өткізілетін орны: Күрес алаңында
Ойын түрі: Қимыл-қозғалыс
Қимыл-қозғалыс ойынның өтуіне әдістемелік нұсқау:
Ортаға екі бала шығады. Қазақ күресінің ережесіне сай күреседі. Жауырыны жерге тиген бала жеңіледі. Осылайша жеңімпаз анықталады.
Болжамды қиындықтар: Күрескенде құлап денелерін ауыртып алулары мүмкін.
«Асық ату»
Мақсаты: Балаларды дәлділікке, ептілікке, ұйымшылдыққа үйрету.
Қай жасқа арналған: 4-5
Достарыңызбен бөлісу: |