«Дүкен»
Мақсаты:Сатушының рөлін ойнай білу біліктклікке үйрету.
Қай жасқа арналған: 4-5
Ойыншылар саны:3
Өткізілетін орны: Ойын алаңында
Қосымша жабдықтар: Дүкен заттары
Ойын түрі: Қимыл-қозғалыс
Қимыл-қозғалыс ойынның өтуіне әдістемелік нұсқау:«Дүкен» ойынына дайындық барысында тәрбиеші түрлі себептермен дүкенге бару қажеттігін хабарлайды. Мәселен, бір баланың туған күніне сыйлық алу үшін, не болмаса жәй дүкеннен қандай да бір тауар алу қажет болады. Осындай жағдайларда балалар дүкенге қандай да бір қажеттілікпен баратынын түсінуі тиіс. Тәрбиеші балаларға: «Бүгін Санаттың туған күні. Санат 1 жасқа өсті, ол енді 5 жаста. Біз дүкенге барып, оған сыйлық сатып алайық» немесе «8 Наурыз мерекесі таяп қалды, жалаушалар жасап, бөлмені безендіру қажет. Бірақ бізде қағаз жоқ. Біз дүкенге барып түрлі-түсті қағаз сатып аламыз да, одан жалаушалар жасаймыз. Содан соң бөлмені жалаушалармен безендіреміз, біздің тобымыз өте әдемі болады»- дейді.
Дүкенге саяхатқа аттана отырып, тәрбиеші балалардың тағы да қайда және не үшін бара жатырғандарын еске түсіреді («Біз дүкенге Санатқа сыйлық алуға бара жатырмыз» немесе «Біз дүкенге қағаз сатып алуға барамыз»). Дүкенге саяхат жасағанда ондағы сөрелерді, тауарларды көрсетіп, осының бәрі дүкенге тән бұйымдар екенін түсіндіру қажет.
Балалар дүкеннен қажет деген тауарларын таңдайды, кейде сипаттайды және сатып алады. Дүкендегі қарым-қатынасты балалардың өздері атқарғаны дұрыс. Тәрбиеші бір балаға дүкеншіден өзіне қажет тауар бар ма, әлде жоқ па, егер бар болса қанша тұратынын сұрауға тапсырма береді. Енді біріне тауарды таңдап алып, кассадан төлем жасауды ұсынады. Ал үшінші балаға дүкеншіден тауар алуды тапсырады. Бұл жағдайда балалар ересектермен қарым-қатынас жасайды, еңбек әрекетін орындайды, сатып алушы не тұтынушы ретінде ойынға қатысады. Осы орайда балалар ересектердің қызметіне араласа отырып, оның мәнін, мақсатын, оны орындау тәсілдерін айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |