Социология. Әлеуметтік стратификацияның тарихи типтері



бет30/37
Дата06.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#13315
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37
Байланысты:
Sotsiologia

Мид Джордж Герберт (27.02.1863, Сауг-Хадли, Массачусетс — 26.04.1931, Чикаго) прагматизм мен натурализмнің көрнекті өкілі Мидтің шығармалары жөнінде айтатын болсақ, ол өмірді құбылыстардың, оқиғалардың қосындысы ретінде түсінген. Әлеуметтік өмірге деген көзқарасы феноменологиялық социологияға жақын. Ойлау адамның өмірге бейімделуінің құралы. Қоғам мен тұлғаны адамдардың байланысы ретінде қараған. Тұлғалардың деңгейі басқа адамдардың рөлін қабылдау қабілетінде. Тұлғаның байлығы адамдармен қарым - қатынасының байлығында. Мид символикалық интеракционизм теориясының негізін қалаушы. Танымал микроәлеуметтану теориясы нышандық интеракционизм теориясы болып табылады. Нышандық интеракционизмнің басты белгілері — ол адамдардың мінез-құлқын түсіндіргенде, жеке тұлғалардың әуестігінен гөрі қоғамдық мүдде мен қажеттілікті басшылыққа алады. Сондай-ақ, адамның заттармен, табиғатпен, басқа адамдармен, адамдар қауымдастығымен және қоғаммен әр алуан байланыстары нышандар арқылы жүзеге асады деп біледі. Негізгі еңбегі "Ымдаудан рәмізге дейін". Бұл еңбегінде нышандық интеракционизм негізінде тілдік және басқа нышандық жүйеде тіркелетін әлеуметтік рөлдер жиынтығы — әлеуметтік қызмет жайлы ұғым жатыр.

107.Бұқаралық коммуникацияның әлеуметтануы: түсінігі, қалыптасу уақыты,

Бұқаралық коммуникация-бұл ақпаратты бұқаралық коммуникация құралдары (баспасөз, киномотография, радио, телевизия), арқылы көпшілік аудиторияга адамдардың бағалау, көзқарасы мен іс қимылына әсер етуі арқылы хабарлау процесі.

Бұқаралық коммуникация тұжырымдамалары. Жалпы әлеуметтанылық контексттегі БК туралы алғашқы зерттеулер 20ғ. басынан басталды. БК жӛніндегі зерттеуледің негізі Г.Тард, Г.Лебон, П.Лавров, Н.Михайловский, Н.Кареева, П.Сорокиннің еңбектерінен қаланған. Алғашқы БК туралы тұжырымдамада бұқараны тобырдан бөліп қарастырады. Тобыр адамдарды басқаруға қабілетсіз және мүлдем жауапкершіліксіз қылады. Ол (тобыр) талқыламай эмоцияға, көңіл-күйге беріледі. Лебонның айтуына қарағанда, 20ғ. басты сипатын индивидтің тобырдың санасыз іс-әрекетін саналы іс-қимылға ауыстыруын санады.

Лазерефельд пен Клаппердің қорытындыларын саяси коммуникациядағы БАҚ-ң рӛлі туралы кейінгі зерттеулері де дәлелдеп, БК ықпал ететін келесі факторларды анықтады:

1) ақпарат кӛзі әрқашан хабарлаушымен(комментатор) байланысты, яғни, ақпараттың қалай және кіммен берілуі маңызды;

2) хабардың контексі маңызды болып саналады;

3) ақпарат кӛзі мен коммуникатордың арасында бір жағынан хабар мен аудитория, келесі бір жағынан «ақаулар», шудың болуы;

4) референттік топтардың болуы маңызды.



108.Эмпирикалық зерттеулер: түсінігі, құрылымы.

Эмпирикалық зерттеу-бірізді әдістемелік және ұйымдастыру техникалық рәсімдердің логикалық жүйесі өзара бірыңғай мақсатпен байланысты. Оқытылатын құбылыстар мен процестер үшін олардың келесі практикада қолданылатын анықтайтын қорытындысын алу керек.

Зерттеудің түрлері: 1. Әлеуметтік мәселелер анализінің тереңдігі және масштабпен қамтылатын тұлғаларға байланысты барланатын, бейнелейтін және талданатын зерттеу.


  1. Зерттеушіні қызықтыратын пән статикада не динамикада оқытылатын дегенге байланысты әлеуметтік зерттеуді екі түрге бөледі: нақтылы және қайталанбалы.




  1. Г. Спенсер әлеуметтануындағы қоғамның даму факторлары – ол

Спенсер әлеуметтік дамудың негізгі факторларының бірі ретінде қоғамның өсуін атайды. Қоғамның өсуі әлеуметтік эволюцияның себебі де, салдары да болып табылады. Шынында да еңбек бөлінісі индивидтер санының аз болуына байланысты шағын қоғамдарда терең дами алмайды. Сонымен бірге, адамзат қауымдастықтары өскен сайын, олардың бір-біріне ықпалы күшейе түседі - ол не әскери қақтығыстар арқылы, не сауда-өнеркәсіп қатынастарының күшеюі арқылы жүреді. Бірте-бірте, әлеуметтік өзгерістердің маңызды себептері ретінде тұрақты түрде жинақталып, күрделілене түсетін органикалық өнімдер - заттай, таза рухани өнім бола бастайды.

Спенсердің ойынша, қоғамдардың өсуі кейде бірге, кейде бөлек болатын екі процесс есебінен жүреді: (1) қоғам мүшелерінің жәй көбеюі олардың санының өсуіне алып келеді - өсудің ішкі факторы немесе (2) түрлі жеке, дербес топтардың үлкен топтарға бірігуі арқылы. Спенсердің ойынша екінші процесс кеңінен таралған, себебі алғашқы қауымды қоғамдық топ жәй көбею арқылы ешқашан санын өсіре алмайды. Әдетте, үлкен қауымдастықтар шағын топтардың аса ірі (кейде ерікті түрде, кейде мәжбүрлеп, күшпен) топтарға бірігуі жолымен құрылады да әдетте бұдан эволюция процесі тек ұтатын болады.



  1. Әлеуметтік норма – ол адамдағы негізгі әлеуметтік функцияларда пайда болатын жеке мінез-құлықтардың келісушілігін жоюды қамтамасыз ету үшін міндетті қоғамның ережелері.




  1. Қоғамды талдаудағы жүйелі әдіс.

Эмпирикалық талдау-бірізді әдістемелік және ұйымдастыру техникалық рәсімдердің логикалық жүйесі өзара бірыңғай мақсатпен байланысты. Оқытылатын құбылыстар мен процестер үшін олардың келесі практикада қолданылатын анықтайтын қорытындысын алу керек.

Талдаудың түрлері: 1. Әлеуметтік мәселелер анализінің тереңдігі және масштабпен қамтылатын тұлғаларға байланысты барланатын, бейнелейтін және талданатын зерттеу.



  1. Зерттеушіні қызықтыратын пән статикада не динамикада оқытылатын дегенге байланысты әлеуметтік зерттеуді екі түрге бөледі: нақтылы және қайталанбалы.

Нақтылы талдау-әлеуметтік құбылысты жаттау кездегі күйін не санын сипаттау туралы ақпарат.

Қайталанбалы талдау-бұл бірнеше зерттеулердің жиынтығы, объект өзгерсінің динамикасын сипаттайды, бірыңғай бағдарламамен жүргізілген және анықталған аралық уақыты арқылы бірізді құрылымы және қорытынды алу икемділігі.




  1. Мәртебелік символика – ол



  1. Қоғам дамуының үш стадиясы жөніндегі ілімді әзірледі …………

Жалпы, О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуальды ақыл-ойының, санасының бір ізділікпен дәйекті дамуының үш кезеңі, яғни теологиялық метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.

Бірінші, яғни теологиялық сатыда адам қандай да бір құбылыс, процесс, зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысты жоқ ғажайып, абстарктілі ұғымдарды қолданды.

Екінші, яғни метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты, ендігі жерде құбылыстарды, процесс, олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты. Бұл кезеңнің басты қызметі – ол қандай да бір затты, құбылысты, процесті алмайық, оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауды қажет етеді. Сөйтіп екінші кезең адамның интеллектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындады.

Ал, үшінші, яғни позитивистік кезеңде адам құбылыс, процесттердің, заттардың абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартады. Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арасындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырды.



О.Конттың пікірінше, ғылым позитивтік сипатта болуы керек, ол үшін нақтылы фактілерді оқып, үйрену қажет. Нақтылы фактілер –бұл әлеуметтік құбылыстар мен процесттер.

  1. К. Маркстың әлеуметтанулық көзқарастары.

К. Маркс өз заманында таптар туралы ілімді одан әрі дамытып, өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. Соыең нәтижесінде ол әлеуметтік стратияикация теориясына өз үлесін қосты. Ол таптардың пайда болуының экономикалық себептерін ашып көрсетті.бұл себептерге К. Маркс қоғамдық еңбек бөлінісі мен жеке меншіктің шығуын жатқызады. Сонымен қатар К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардың болатынын атап көрсеткен. Негізгі таптар қоғамдағы өмір сүріп тұрған негізгі меншік қатынастарының түрінен туындайды. Сонда: құл иеленушілік қоғамдық-экономикалық формацияның негізі таптары - құл иеленушілер мен құлдар; феодалдық қоғамда – феодалдар мен шаруалар; капиталистік қоғамда – буржуазия мен жұмысшы табы негізгі таптар болып есептеледі. Негізгі емес таптар өткен дуәірден қалған немесе жаңадан қалыптасып келе жатқан қоғамдық-экономикалық формацияның таптары. Мәселен, капиталистік қоғамда феодал мен шаруа таптарының сақталуы мүмкін. К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардан басқа әлеуметтік жіктердің болатынын ескертеді. Әлеуметтік жіктер – таптың белгілерін бойына толық сіңіре қоймаған аралық таптар. Мысалы, жұмысшы ақсүйектерін алсақ, олардың жұмысшылардан артықшылықтары бар, ал, буржуазиядан айырмашылығы – меншік иесі емес. Олай болса бұл тапты өз алдына бір тапқа жатқызу қиынға түседі. К. Маркс интеллигенцияны әлеуметтік топқа жатқызады. өйткені бұл топтың да белгілі бір тапқа ұқсас белгілері өз және олар шығу тегі жағынан да әр түрлі таптардың өкілі болуы мүмкін. Сол себепті К. Маркстің ізін қуушылар интеллигенцияның өзін буржуазиялық, ұқсас буржуазиялық және пролетарлық деп жіктеуді ұсынған. К. Маркс қоғамды таптарға жіктеумен ғана шектелген жоқ. Ол капиталистік өндіріс тәсіліне жан-жақты талдау жасап, бұл қоғамдағы қанаудың мәнін түсіндірді және өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. К. Маркстің таптар жөніндегі ілімін одан әрі дамытқан В.И. Ленин болды. Ол өзінің 1919-шы жылы жазған «Ұлы бастама» деген еңбегінде таптарға мынадай анықтама берген: «Таптар дегеніміз – қоғамдық өндіріс жүйесінде алатын орны мен өндіріс құрал-жабдықтарына қатынасына қарай және қоғамдық байлықтан алатын үлесінің көлемі мен сол үлесті алудың әдісіне байланысты жіктелетін адамдардың үлкен тобы; сонымен қатар таптар деп, бір топтың қоғамдық өндірістегі алатын орнындағы айырмашылыққа байланысты екінші бір топ адамдардың еңбегін қанауын айтамыз». Сонымен, маркстік ілім тапты құрайтын басты белгілерге: адамдар тобының өндіріс жүйесінде алатын орнын; олардың өндіріс құрал-жабдықтарына қатынастарын; еңбекті ұйымдастырудағы адамдар арасындағы қарым-қатынасты; қоғамдық байлықтан алатын үлестің көлемі мен оны алудың әдісін; қоғамдық өндірісте бір топтың басқа адамдардың еңбегін қанауын жатқызады. Бұл белгілердің таза экономикалық сипаты болғандықтан, таптар тек экономикалық категория ретінде көрінеді.


  1. Әлеуметтенудің түрлері мен агенттері.



  1. Мәдени-тарихи типтер тұжырымдамасын әзірледі………………

Мәдениеттің өрлеуі туралы мәселе – бұл қоғамның үдемелі тарихи дамуындағы мәдениеттің элементтері мен құндылықтарының сабақтастығы, жеке елдерде, халықтар мен қоғамдастықтарда адамның дамуының әр түрлі тарихи кезеңдері мен дәуірлерінің өзара қатынастары туралы мәселе. Қазіргі мәдениеттану теориялары линиялық эволюция идеяларына сын және “жергілікті өркениеттер” тұжырымдамасын құру ретінде қарастырылады. Бұл тұжырымдаманы әр түрлі ғалымдар дамытты және әр елде дамыды: Шпенглер Германияда, Тойнби Англияда, Данилевский мен Сорокин Ресейде. Белгілі “Европаның құлдырауы” (“Закат Европы ”) жұмысының авторы Освальд Шпенглерге мәдени-тарихи ұласу идеясы жатады: әрбір мәдени организм өмірге келген соң, табиғи ұласудан өтеді, яғни гүлденеді және кедейленіп, құлдырайды, өркениет түрінде өзінің соңына жетеді. Н.Я. Данилевский үшін мәдениеттердің тарихи алуандығы проблемасы және оның ішкі құрамының айырмашылығы шын бастапқы жағдай ретінде болады. Оның ойынша, тарих бар, этникалық қауымдардың, оңаша, жергілікті “мәдени-тарихи” типтердің (“өркениеттердің”) тарихи тұрмысы табиғатпен және бір-бірімен әрқашан күресте болады. П. Сорокин ХХ ғасырдағы ең ірі әлеуметтанушылар мен мәдениеттанушылардың бірі болып саналады. Ол әлеуметтік стратификация (қоғамның әлеуметтік жіктелуі) және әлеуметтік мобильділік (қоғамның жаңаруы) теориясын жасаушылардың бірі. Тарихи процесс дербес тұтастық және оның типін анықтайтын бірнеше басты алғышарттар бар. Сорокин мәдениеттердің үш типін айқындап көрсетеді: 1) сезімдік (шындықты сезіммен қабылдау басым болады); 2) идеационалды (ұтымды ойлау басым болады); 3) идеалистік (интуитивті таным басым болады); Қазіргі мәдениет түсінігі бойынша И. Хейзингтің ойын теориясы маңызды болып саналады. Ол ойынды мәдениет негізі және көзі деп санайды. Оның ойынша, ойын мәдениеттен үлкен, өйткені ойынның негізгі белгілері жануарлар әлемінде бар. Сонымен қатар ойын биологиялық шеңберден шығып кеткен, адамның ұтымды қызметінің формаларында кездеседі: өнерде, философияда, құқықта және т.б.


  1. Рөлдік орындау – ол

  2. Әлеуметтік орта адамдарды өз рөлдерін дұрыс орындауға қалайша мәжбүр етеді? Бұған санкциялар механизмі қызмет етеді. Белгілі бір мәртебеге ие болған адам өзін біз күткеннен бөлек ұстайтын болса, әрине, біз қандай да бір жолмен өзіміздің қанағаттанбайтынымызды, ашу-ызамызды білдіреміз; ал егер де керісінше адамдар өз рөлдерін өз деңгейінде атқарса, онда біз оларға өзіміздің құптайтынымызды, ынталандыратыны­мызды білдіреміз. Сол арқылы социум адамдарды жалпы қоғам үшін ең болмағанда әлеуметтік жағынан жақын ортаға қолайлы арнаға бағыттайды.

  3. Әлеуметтік рөлдерді қоғамдағы сан алуан түріне қарай қандай да бір тиімді зерделеу олардың кем дегенде жалпы жіктелуін талап етеді. Мұндай әрекетті Т.Парсонс жасап көрген. Ол негізгі бес өлшемді бөліп көрсеткен, олардың көмегімен кез келген рөлді сипаттауға болады.

  4. 1. Эмоциональдік деңгейі. Барынша әділ мінез-құлық күтілетін рөлдер болады, Мысалы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің рөлдері. Сонымен қатар, егер де әйелі өзін-өзі эмоциональді сабырлы ұстаса, онда күйеуі оған онша дұрыс қарай қоймауы мүмкін.

  5. 2. Алу тәсілі. Рөл дегеніміз белгілі бір мәртебе иесінен күтілетін мінез-құлық екенін ескере отырып, біз мәртебе сипатының рөлдің сипатына да ықпалын тигізетіндігін күтуге құқылымыз. Іс жүзінде кейбір рөлдердің бейнелері олардың мәртебелеріне қосып жазылған сипатымен негізделеді; басқа рөлдер ие болатын мәртебесімен қоса алынады (әрине, қандай да бір рөлдерді дұрыс атқару үшін оларды иеленушілердің “оқып-жаттығуына” тура келеді).

  6. 3. Көлем. Рөлдердің кейбіреулері өзара қарым-қатынастың белгілі бір қырларымен едәуір қатаң шектелген. Мысалы, егер де жоғары оқу орынының оқытушысы емтиханда студент білімінің деңгейін бағалауда студенттің өткен материалды қалай меңгергеніне қызығушылық танытып қана қоймай, оның діндарлық дәрежесін немесе саяси сенімін назарға алатын болса, онда бұл оның рөл шеңберінен шыққандығын, демек оны дұрыс орындамайтындығын білдіреді. Сонымен қатар, мысалы, әке рөлі мен бала рөлі арасындағы арақатынас шеңбері неғұрлым кең, өйткені әкесін бала өмірінің әр алуан жақтары алаңдатуға тиіс.

  7. 4. Ресмилендіру деңгейі. Көптеген рөлдердің атқарылуы ресмиленген, яғни оның өзіндік сипаты бар. Іс жүзінде формальді ұйымдардың көпшілігінде - әсіресе бюрократиялық, әскери және жартылай әскери ұйымдарда рөлдердің барлығы осындай. Бұл жерде мінез-құлық ережелері нақты шектелген, ал импровизация диапозоны онша үлкен емес (ұйымдар теориясы көрсеткеніндей толық алынып тасталмаған). Басқа бір шеті - әкенің немесе достың рөлі сияқты әлсіз шектелген рөлдер, мұнда жеке басқа тән сәттерді енгізетін диапазон ауқымы неғұрлым кең.

  8. 5. Уәждеу. Түрлі рөлдерді атқару әр түрлі уәждермен негізделген. Біз бизнесменнен өзінің ақшасын, уақыты мен қажыр-қайратын өз қауымдастығының гүлденуі немесе өзі жалдаған қызметкерлерінің баюы үшін жұмсауын күте қоймасымыз анық; оның негізгі мақсаты - барынша көп пайда табу (алдымен - одан да көп пайда табу үшін қаражатын іске жұмсау және т.с.с.). Саясаткер жеке билігінің ауқымын ұлғайтуды басшылыққа алады. Әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлері болса клиенттерінің әл-ауқатын жақсартуды мақсат етеді. Бұл уәждердің барлығы, әрине, кей жерде өз бағыттылығы бойынша ішінара үйлесім тауып жатса, кей жерде бір-біріне қайшы келіп, күрделі әлеуметтік қарым-қатынастармен астарласып жатады. Рөлдерді жіктеудің барлық белгілерінің ішінде уәждеу белгісі тікелей есепке алу мен талдауға оңай көне қоймайды.

  9. Әрбір адам көптеген әр түрлі жағдайларда бірнеше рөлдер атқаратын болғандықтан рөлдер арасында қақтығыс пайда болуы мүмкін.

  10. Жалпы алғанда рөлдік қақтығыстардың екі түрін бөліп қарауға болады: рөлдер арасындағы және бір рөлдің шегіндегі. Қақтығыстар екі және одан да көп рөлдер көбіне тұлғаның бір-біріне сәйкес келмейтін, қақтығысатын міндеттерін қамтиды. Мысалы, жұмыс істейтін әйел өзінің негізгі жұмысының талаптарын оның үй шаруасындағы міндеттерін орындаумен қақтығысқа келеді деп есептейді. Мұндай қақтығыс рөлдер арасындағы қақтығысқа жатады.

  11. Ішкі шиеленістер мен қақтығыстардан, мүдделер қақтығысы дейтіннен таза болатын рөлдер көп емес, Мысалы индивид жағдайдың әсерімен оның мүддесіне не болмаса оның ішкі ұстанымдарына жауап бермейтін рөлді атқарған кезді алайық. Егер де қақтығыс насырға шапса, онда ол рөлдік міндеттерді орындаудан бас тартуға, сол рөлден шығуға, ішкі жан күйзелісіне әкеп соғуы мүмкін.

  12. Рөлдік шиеленістің төмендеуіне көмектесетін әрекеттердің бірнеше түрін бөліп қарауға болады. Рөлдерді оңтайландыру - тұлғаның қандай да бір жағдайды қиын қабылдауына қарсы оған әлеуметтік жағынан және жеке басына дұрыс болатын ұғымның көмегімен қорғанатын тәсілдердің бірі. Оңтайландыру рөлдік қақтығыс шындығын көңіл қалағанымен қол жетпейтін рөлдің жағымсыз жақтарын санадан тыс іздеу арқылы жасырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет