Социология. Әлеуметтік стратификацияның тарихи типтері



бет29/37
Дата06.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#13315
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37
Байланысты:
Sotsiologia

Тұлға – адамның нақты мәнінің көрінісі, оның бойында сол қоғамның әлеуметтік маңызды белгілері мен сапалар жүйесі толығымен көрініс тауып жүзеге асады.

91.Туа біткен мәртебе – ол адамның өмірге келген сәтінен белгіленген, яғни субьектіден тәуелсіз туғаннан сақталатын мәртебе: нәсілі, жынысы, ұлты.

92.Э. Дюркгейм тұжырымдамасындағы қоғам ұғымы. Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм қоғамды коллективтік санаға негізделген, жеке индивидке қарағанда жоғары, бастапқылық сипаты бар рухани нақтылық деп түсіндіреді. Яғни, қоғамның тұтастығының негізі — коллективтік, жалпыға тән сана деген тұжырымды айтады.

93.Әлеуметтік мобилділік ұғымы және түрлері.Әлеуметтік мобильділік деген жеке индивидтің немесе әлеуметтік топтың бір әлеуметтік позициадан екінші бір әлеуметтік позициаға өтуін түсіндіреді. Әлеуметтік мобильділіктің

екі түрі бар:көлденең және тік.Көлденең әлеуметтік мобильділік индивидтің бірдей дәрежедегі бір топтан екінші топқа өтуін түсіндіреді. Көлденең әлеуметтік мобильділікке мысал: өзінің кәсіби деңгейін сақтай отырып бір елдің азаматтығынан екінші елдің азаматтығына ауысу,бір отбасыдан екіншісіне ауысу,бір жұмыс орнынан екінші жұмыс орнына ауысуы. Бұл «ауысулардың» барлығы индивидтің көлденең бағыттағы әлеуметтік жағдайы үшін білінбес өзгерістермен болуы мүмкін. Ал тік әлеуметтік мобильділікте индивидтің бір топтан екіншісіне өту кезіндегі пайда болатын қарым қатынастар түсіндіріледі.



94. Эмпирикалық зерттеулер: түсінігі, құрылымы. Эмпирикалық социологияны зерттеуді үш негізгі сатыға бөлуге болады: 1)дайындық 2)негізгі 3)қорытынды. Эмпирикалық зерттеу ˗ кезекті түрде қолданылатын практикалық жұмыстарда, мотодологиялық және бір ˗ бірімен бір ғана мақсатпен байланысқан зерттеу. Зерттелген мәселенің көлемін тереңдігіне байланысты оқиғалар: суреттелетін,аналитикалық,зерттелетін деп бөлінеді.

95. Индустриалды қауымға дейінгі (дәстүрлі) қоғам (Д. Белл бойынша) Постиндустриялды қоғам концепциясы алғаш рет американ әлеуметтанушысы Д. Беллдің 1973 жылы жарық көрген «Келе жатқан постиндустриялды қоғам» атты еңбегінде қолданылды. Белл мұндай қоғамның негізгі қасиеттерін атап көрсеткен еді: қызмет көрсету экономикасын құру, ғылыми-техникалық қабат мамандарының беделге ие болуы, жаңалықтар мен қоғамдағы саяси шешімдердің, технологиялық өсімнің мүмкіншілігінің көзі ретіндегі теориялық білімнің алғашқы орында болуы, жаңа «интеллектуалды» техниканы құрастыру. Экономиканың жаңа сипаттарын зерттей отырып Белл мынадай қорытындыға келген: қоғамда дамудың индустриялды кезеңінен постиндустриялды кезеңге өтуі байқалады, осы уақытта экономикада өндірістік сектордың емес, қызмет көрсету секорының басымдылығы байқалады.

96.Әлеуметтік байланыстар – ол мәні мен сипаттамасы бойынша іс-әрекеттінің үлестірілуі көлемімен ерекшеленетін бүкіл құрамдас бөліктердің әлеуметтік байланыстары болып табылады.

97.Әлеуметтік конфликттің даму стадиялары. Конфликт (лат. тілінен – қақтығыс) А. А. Урбановтың тұжырымы бойынша: бәсекелестіктің түбіндегі қарама-қайшы ойлардың қақтығысуы (мақсаттың, ұстанымның, көзқарастың) түрлі өткір эмоционалды толқулармен байланысты өзара түсініспеушіліктің болуы.

Конфликті жағдайдың жағымды жақтары:

- Көптегн мәселелердің шығуына, олардың шешілуіне көмектеседі

- Іс- әрекеттіңтиімді жолдарынның пайда болуына

- Кейде ұжымныңсыртқы қысымдарға бірігіп қарсылық көрсетуіне себеп болады.

Кері жақтары:

- Әлеуметтік психологиялық климаттың нашарлауына алып келеді

- Адамның жүйке жүйесінеәсер етіп, күйзеліске ұшыратады.

- Көптегн адамның тікелей жұмысындағы міндетін орындауда көлінің бөлінуі.

Сондықтан, конфликт – бұл кездейсоқ күрделі және қарама – қайшылық тудыратын психологиялық құбылыс.

Конфликттің негізгі құрылымдық компаненттері: конфликт объектісі, конфликт мүшесі (оппонент), конфликтті жағдай, инцидент (қақтығыс)
98.Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламалық құрылымы. Социологиялық зерттеу - нақты теориалық және әлеуметтік проблемаларды шешу үшін зерттелетін объекті жөнінде жаңа білім алуға мүмкіндік беретін теориалық және эмперикалық рәсәмдер жүйесі.

Социорлогиялық зерттеуде ғылыми қызметтің мынадай элементтері бар;

а) зерттеу объектісі - әлеуметтік шындық процестері мен құбылысы;

ә) зерттеу субъектісі;

б) социологиялық зерттеу белгілі - бір мақсатқа жетуге және нақты міндеттерді шешуге бағытталған;

в) міндетті шешу құралдары - әдістер, ұйымдастыру іс-шаралары т.б бар

Социологиялы зерттеу түрлері мыналарға байланысты:

1. Мақсаты және теорилық бағдары. Мұнда олар:

а) статистикалық; б) тәжірибелік; в) типалогиялық; г) тарихи болуы мүмкін; д) кейбір таңдамалы оқиғаларды зертеу мақсатында жүргізілуі мүмкін ( монографиялық сипаттама).

2. Социологиялық зерттеудің екінші бір түрлері; материалды таңдау әдісі. Мұнда олар; а) барлау ( сынау, пилотажды, зондажды ) б) сипаттамалық ( сарапшылардың сауалнамасы, мақсаты сипаттама,объекті туралы түсінік ); в) талдамалық ( себептік байланыстарды сипаттау және анықтау ) болуы мүмкін.

3. Үшінші түрі зертеудің динамикасы мен статистикасынан анықталады: а) бір жолғы, нүктелік; б) қайталама, оның арасында панельді деп аталатындар - сол бір топ, сұрақтар, бағдарламалар және әдістемелер белгілі - бір уақыт арқылы; в) лонгитюдті ( объектіні ұзақ уақыт кезең - кезеңмен бақылау ) .

99. Әлеуметтік құрам – ол. Әлеуметтік құрылым – қоғамның немесе әлеуметтік топтың ішкі құрылысы, белгілі шеңберде әлеуметтік топтардың, институттардың өзара әрекеттерінің және олардың арасындағы қатынастардың реттелген жиынтығы.

100.Қоғамның формациялық теориясын әзірледі. Формациялық теория - әлемдік тарихи-әлеуметтік өсу бірізді кезеңдер алмасуымен - қоғамдық-экономикалық формациялар түрінде сипатталған К.Маркс теориясы. Жалпы әлемдік тарихта К. Маркс мұндай төрт (немесе бес) формацияларды анықтаған: алғашқы қауымдық, феодалдық (азиялық), капиталистік және коммунистік. Формацияның құрылымдық діңгегі - өндіруші күштердің және өндірістік қатынастардың диалектикалық өзара қарым-қатынасы, өз кезегінде ол сәйкес саяси қондырманы (мемлекет) және қоғамдық сана түрлерін (идеологияны, мәдениетті, дінді және тағы басқа) қалыптастыруға себепкер болады.

101. Әлеуметтік топтардың түрлері мен сипаты. Әлеуметтік топ - кең мағынада белгілі бір нақты әлеуметтік, яғни ең алдымен қоғам өмірімен байланысты белгілердің қоғамдағы қоғамдық қатынастар жүйесінің негізіндегі топтық қауымдастықтардың кең жиынтығы.

Әлеуметтік қауымдастық – бұл белгілі бір өзара әрекет ететін индивидтер тобына ортақ болып табылатын, өмір әрекеті жағдайымен (экономиялық, әлеуметтік жағдай, кәсіби дайындығы мен білім, қажеттіліктер мен мүдделер денгейі) сипатталатын индивидтер жиынтығы; тарихи қалыптасқан территориялық қауымдастықтарға (қала, ауыл), белгілі бір әлеуметтік институттарға (отбасы, білім, ғылым) енуі.

Әлеуметтік қауымдастық әлеуметтік байланыс арқылы біріккен адамдар топтарын ғана білдіреді. Қауымдастықтардың негізгі екі түрін бөлуге болады: әлеуметтік орта, яғни адамдардың белгілі бір қарым-қатынастарды жүзеге асыруы. Мұндай қауымдастықтар байланыстың тұрақтылығы мен осы қарым-қатынастар жүзеге асырылатын саланың маңыздылығына байланысты үлкен немесе кіші ынтымақтастық импульсына, конформизм элементтеріне ие болады. Өзара әрекет түріндегі (мысалы, жіктелген, реттелген әрекеттер жүйесімен алмасу сияқты) бірігу, ынтымақтастық, бірлесе еңбек етудің келісілгендігі сияқты байланыстар негізінде жатқан қауымдастықты әлеуметтік топ деп атауға болады.

102.Бақылау әлеуметтанулық ақпарат жинаудың әдісі ретінде. Бақылау – зерттеушінің болып жатқан оқиғадларды тікелей тіркеу. Ақпаратты өңдеу әдістемесі және оның қорытындыларын талдау.

Социологиялық зерттеудің мәліметтері өз бетінше жалпылама қорытындылар бере алмайды, тенденцияларды анықтауға және гипотезаларды тексеруге болмайды. Социологиялық зерттеудің қорытынды кезеңдерінің мақсаты ол қорытындылар және ұсыныстарды беру, жиналған мәліметтерді жалпылау және талдау. Реттелген мәліметтерді кесте, схемелар, графиктер және диаграмма түрінде бейнелеп беру. Социологиялық зерттеудің эмпирикалық мәліметтерді талдаудың келесі кезеңдерін бөліп көрсетеді: бейнелеу, түсіндіру және болжам.

Бақылаудың бірліктерін топтастыру -әлеуметтік ақпаратты бейнелеудің алғашқы және қарапайым түрі. Типтелендіру деген әлеуметтік объектінің тұрақты қатынастарын іздеу. Әлеуметтік ақпаратты топтастыру – сәйкес немесе қарсы келетін белгілері бойынша классификациялау және тәртіпке келтіру. Эмпирикалық және теориялық типтелендірулер бөліп көрсетіледі.

103.Заманауи конфликтологияның негізін қалаушы. . Конфликт (лат. тілінен – қақтығыс) А. А. Урбановтың тұжырымы бойынша: бәсекелестіктің түбіндегі қарама-қайшы ойлардың қақтығысуы (мақсаттың, ұстанымның, көзқарастың) түрлі өткір эмоционалды толқулармен байланысты өзара түсініспеушіліктің болуы.

Конфликті жағдайдың жағымды жақтары:

- Көптегн мәселелердің шығуына, олардың шешілуіне көмектеседі

- Іс- әрекеттіңтиімді жолдарынның пайда болуына

- Кейде ұжымныңсыртқы қысымдарға бірігіп қарсылық көрсетуіне себеп болады.

Кері жақтары:

- Әлеуметтік психологиялық климаттың нашарлауына алып келеді

- Адамның жүйке жүйесінеәсер етіп, күйзеліске ұшыратады.

- Көптегн адамның тікелей жұмысындағы міндетін орындауда көлінің бөлінуі.

Сондықтан, конфликт – бұл кездейсоқ күрделі және қарама – қайшылық тудыратын психологиялық құбылыс.

Конфликттің негізгі құрылымдық компаненттері: конфликт объектісі, конфликт мүшесі (оппонент), конфликтті жағдай, инцидент (қақтығыс)
104.Рөлдік күтулер - тиісті әлеуметтік рөлдердің орындалуына қойынатын бейресми талаптардың жиынтығы ретінде көрініс табатын топтар мен Ұйымдардағы адамдардың жүріс-тұрысын реттеу механизмінің ерекше бөлігі.

     Рөлдік  тосу, күту, үміт ету (ожидание) – бұл  ойын ережесіне сәйкес нақтылы рөлден бірдеңені үміт ету, тосу, күту, ал, рөлдік тәртіп дегеніміз, адамның өзінің рөлі шеңберінде белгілі бір міндеттерді атқару. Күнделікті өмірде адам бір рөлді алып, осыған байланысты құқықтар мен міндеттерді анық түсінеді, бұдан іс-әрекеттің, жұмыстың жобасын, оларды атқарудың реттерін біледі және өзінің мінез-құлқын айналасындағы адамдардың мүдделерімен сәйкестендіреді.


105.Заманауи Қазақстандағы ішкі саяси тұрақтылықтың факторлары (Стратегия «Казахстан-2030»).

Мықты стратегияға ие болып әрі табандылық таныта отырып, біз жолымызда кездесер кез келген күрделі кедергілер абырой мен еңсере аламыз.

Ішкі саясаттың орнықтылығы мен қоғамның шоғырлануы ; бірлік-қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктер және барлық этникалық топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырмашылықты азайту. Әлеуметтік мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды.

Шетелдің инвесторлар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика әзірлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу макроэкономиканы орнықтыру, экон.өрлеуді қамтамасыз ету, экон.ң нақты секторын сауықтыру күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау.

Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты құжаты Қазақстан -2030 бағдарламасы қабылданғаннан бері біз 10 жылдан астам ішінде бүкіл әлем өзгерді, біз де өзгердік.

Бағдарламаның өзекті мәселелері:



  • Мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылым дайындау.

  • Мемлекеттік тілді оқытудың процесін ынталандыру.

  • Мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін арттыру.

  • Қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру.

  • Тіл мәдениетін жетілдіру.


106.Символикалық интеракционизм (Д. Мид).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет