Социология. Әлеуметтік стратификацияның тарихи типтері



бет11/37
Дата06.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#13315
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37
Байланысты:
Sotsiologia

Белл Даниел (1919 ж. туған) – Американың белгілі әлеуметтанушысы, постиндустриалды қоғам тұжырымдамасының және деидеализацияның жетекші авторларының бірі. Америкалық социолог Д.Белл постиндустриалды қоғамды анықтайтын келесі факторларды атап көрсетті: 1) өндірістегі өзгерістің негізіне айналатын теориялық білімнің орталықтандырылуы; 2) экономиялық, инженерлік, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін жаңа интеллектуалдық технологияның пайда болуы; 3) білім, ақпарат таратушы әлеуметтік топтың қалыптасуы; 4) билік қатынастарының өзгеруі: индустриалдыққа дейінгі қоғамда — аристократия, индустриалдық қоғамда — демократия, постиндустриалды қоғамда — меритократия. Постиндустриалды қоғам қала тұрғындары 70 — 85%-ға жеткенде басталады. Онда аграрлық және индустриалдық тіршілік екінші кезекке өтеді. Ескі индустриализмнің орнына үстеме, еселі индустриализмнің келуі жаңа жаппай тұтыну мәдениетін өмірге әкеледі. Постиндустриалды қоғамның негізгі жетістігі — демократиялық процестердің, азаматтық қоғам құндылықтары рөлінің артуы, жұртшылықтың әлеуметтік-экономиялық жағдайының жақсарып, тұрмыс деңгейінің өсуі. Алайда постиндустриалды қоғамда ұлт тілін, төл мәдениет пен өнерді сақтау аса қиын болмақ. Бұл қоғамда барлық тауқыметтер өзінен-өзі шешіледі деген болжам негізсіз. Белл постиндустриалды қоғамның қалыптасуын компьютер негізгі рөл атқаратын ақпарат пен білім саласындағы революциямен байланыстырады. Оның пікірінше, компьютер технологиялық революцияның символы әрі материалдық тасымалдаушысы, компьютер қоғамды түбегейлі өзгеріске әкеледі. Сөйтіп, жаңа қоғамда ақпарат және оны пайдалану мен тарату үшін техникалық базаны қамтамасыз ететін электронды құралдар негізгі рөл атқармақаласы Осыған орай постиндустриалды қоғам ұғымымен үндес “ақпараттық қоғам” термині кеңінен қолданыс тапты.
21. Әлеуметтік контроль - ол



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет