Əдебиеттер
1. ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы Алматы 2007 ж.
2. «Жаңа əлемдегі – жаңа саясат» - Н.Ə.Назарбаевтың жолдауы. Алматы 2007 ж.
КƏСІПОРЫНДАРДА ЖАНАМА САЛЫҚ РЕТІНДЕ АКЦИЗ САЛЫҒЫН САЛУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ
«Мирас» университеті
А.П. Жакешова, Ж.Оспанова
Салық-өркениет үшiн төленетiн төлем. Оның қандай түрiнен болмасын жалтаруға жол
бермеу-бүгiнгi күннiң басты назарында. Салық салу мемлекеттiк реттеудiң маңызды тəсiлi ретiнде
орын алып, əрекет етуiнiң тиiмдiлiгi əлеуметтiк жəне экономикалық саясаттың жетiстiктерiне
əкеледi. Нарықтық экономикалы елдерде салықтар мемлекеттiк жəне муниципалдық табыстарды
қалыптастыруда басты роль атқарады да, экономиканы басқарудың күштi стимулдық құралы
болып келедi. Сондықтан да салықтарды төлеу (төлеушiлер үшiн онша қызықты iс болып
келмегенiмен) өте қажеттi де маңызды iс болып табылады.
Қазiргi таңда салық жүйесiнде ең негiзгi мəселе ретiнде жанама салықтар болып табылады.
Кез-келген мемлекет болмасын салық жүйесi туралы сөз қозғалғанда ең бiрiншi мəселелердiң бiрi
болып, қосылған құнға салынатын салық, акциздiк салықтар, яғни мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс
көзiнде айтарлықтай орын алатын салықтар жайлы əңгiме қозғалары сөзсiз жəне бұл салықтар
көптеген тауарларға, қызмет түрлерiне жəне орындалған жұмыстарға белгiленедi. Акциз өнiмнен
алынатын жанама салық болып табылады, əрi тауардың бағасына қосылады. Қазақстан
Республикасының аумағында импортталатын, тiзбесiн Қазақстан Үкiметi бекiткен тауарларға,
сондай-ақ ойын бизнесiне акциз салынады. Тауар өндiрушi тауарлардың экспортқа шығарылуын
растаған жағдайда экспортқа шығарылған акцизделетiн тауарларға акциз салынбайды, Қазақстан
Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген жағдайлар бұған
кiрмейдi. Тауар өндiрушi тауарлардың экспортын растау кезiнде кеден декларациясын, сондай-ақ
тауармен бiрге жiберiлген құжаттарды табыс етедi. Акциздік бойынша салықты есептеу тəртiбiнiң
бiр жүйеге келтiрiлуi ұзақ уақыттарға созылуда, бiрақ əлi де тиiмдi шешiм толығымен
қабылданбаған.
Акциздер бойынша да акциздiк тауарлардың тiзбегiнiң тұрақсыздығы жəне ставкiлерiнiң өте
жоғары болуы да салық жүйесiндегi жанама салықтар бойынша шешiлмеген мəселелердiң бiрi.
122
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
Осы мəселелердi шешу үшiн ең алдымен акциздiк тауарлар тiзбесiн дамыған мемлекеттердiң
салық жүйесiне сай жəне дəстүрлi экономикаға сай өзгерту. Сонымен қатар, акциздiк тауарларға
белгiленетiн акциздер ставкасын төмендету. Себебi бiздiң мемлекетте бұл салықтың ставкасы
есебiнен елде өнiм бағасының бiрнеше есе өсiп кетуiне əкелiп соғады. Мұның салдарынан елде
сұраныс төмендеп отандық өндiрiстiң дамуына бұл керi əсерiн тигiзiп отыр. Мұндай мəселелердiң
барлығы қабылдануға қажет жаңа салық кодексi жобасында ескерiлудiң қайта қарастыруды талап
етiп отыр.
Тақырыптың тағы бiр маңыздылығы, қарастырылып отырған акциздің дамуындағы қазiргi
кездегi тенденцияларды, оны басқару əдiстерi Қазақстанның салық жүйесiн дамуымен жəне
қалыптасуымен байланысты сұрақтарды зерттеудiң жаңа бағыты болып табылады.
Зерттеудің негізгі мақсаты отандық акциздің маңыздылығын қарау жəне оны дəстүрлі
қаржыландыру формасымен салыстыру, жəне де акциздің ерекшелігін анықтау, жүргізу реті.
Акциздің пайда болу тарихын білу өте қажет, оның біздің елде құрылуы даму, жəне жанама
салықтардың,оның ішінде акциздің басқа елдерде қолдануды білу.
Бүгiнгi таңда дамыған мемлекеттердiң салық жүйесiне сүйене отырып, салық жүйесiн
күннен-күнге жетiлдiру мəселелерi қарастырылуда. Сондықтан, бiздер салық жүйесiн жақсартуда
əрқашан қарапайым жəне баянды принциптi естен шығармауымыз керек. Себебi: “Салық
халықтың несiбесi” екенiн кiмде-кiм дұрыс түсiнгенi жөн. Қазақстан Республикасындағы
əкiмшiлiк əрекеттегi қызметкерлер мен жұмысшылардың əлеуметтiк-экономикалық қорғалуы,
елiмiздiң қорғаныс қызметiндегi iс-шаралардың жүзеге асырылуы осы экономикалық категория
ретiнде көрiнетiн бюджетке байланысты. Яғни, салықтардың оның iшiнде акциздердiң атқаратын
ролi жоғары. Бұл менiң тақырыбымның маңыздылығын ашады.
Жұмыстың мақсаты мен мiндеттерi: Жұмыстың мақсаты акциздердің Қазақстан
Республикасынсалық жүйесіндегі үлес салмағы жəне салық салу ерекшеліктерін анықтау,
жүргізу реті. Акциздің пайда болу тарихын білу өте қажет, оның біздің елде құрылуы даму,
жəне акциз ставкалары, есептеу жəне төлеу əдістерін басқа елдерде қолдануды білу.
Талдау нəтижелерi бойынша қорытындыларды қалыптастыру жəне акциздерге салық
салу əкімшілігін жүргізу проблемалары мен оларды щещу жолдарын жетiлдiру үшiн нақты
ұсыныстарды өңдеп шығару.
Жұмыстың пəнi мен объектiсi. Қазақстан Республикадағы салық жүйесіндегі акцизделетін
тауарлар мен қызмет түрлеріне салық салу механизмі. Жұмыстың объектiсi Қазақстан
Республикасының салық жүйесіндегі акциздік тауарлар болып табылады.
Бiздiң елiмiзде жанама салықтардың екiншi бiр түрi бұл - акциздер. Жанама салықтар əлем
тəжiрибесiнде кең тараған салықтардың бiр түрi болып табылады. Бұл салықтар əр мемлекетте əр
түрлi кезеңдерде ел экономикасына енген. Бiздiң мемлекетте бұл салықтар Қазақстан егемендiгiн
алғаннан кейiн 1992 жылы енген болатын.
Салық саясатының мақсатын Германия мемлекетiнiң канцлерi ауыл шаруашылық
өнiмдерiне кеден бажын енгiзу мəселесiн талқылау барысында Отто Бисмарк анықтаған болатын.
Ол 1879 жылы 2 мамырда Пенхтагте айтқан сөзiнде былай пiкiр айтқан болатын: “Мен қазiргi
жағдаймен келiсе алмаймын, себебi: ол тiкелей салықтардан өте көп нəрсенi талап етедi, ал жанама
салықтардан өте аз талап етедi жəне тiкелей салықтардан түсiм орнына жанама салықтарды
ауыстыруына ат салысамын”. Жанама салықтардың iшiнде таралуы өзiнше “салық феноменi”
(ерекше салық) ретiнде көрiнедi деп жазады. Алғаш рет Францияда пайда болған бұл салықтың
түрi өте қысқа мерзiм iшiнде бүкiл əлемге, əсiресе “жалпы нарығы ортақ” елдерiне кең таралды.
Акциздi “Еуропалық салық” деп атайды, өйткенi бұл салықтың түрi Еуропа—экономикалық
қоғамдастыққа кiретiн елдердiң бəрiнде қолданылады жəне осы қауымдастыққа кiрудiң бiрден бiр
шарты болып табылады. ОЭСР—дiң 24 елiнiң 19 жанама салықты қабылдады. Қазақстанда
жанама салықты енгiзгенге дейiн бүкiл əлемнiң 40 елiнде жақсы қолданылып тəжiрибесiнен өттi.
Жанама салықты нарықтық қатынастардың бiрден—бiр элементi болып табылады, оның алынуы
тауарларды, жұмыстарды жəне қызметтердi өндiру мен сатудың əр стадиясында болады.
Өзiнiң экономикалық мазмұны бойынша бұл—ақырғы тұтынушыға толығымен
аударылатын салықтың əмбебап жанама түрi болып табылады. Басқадай жанама салықтар сияқты
акциздер негiзiнен фискальдық функцияны атқарады. Бiрақ оның механизiмiнде реттеу
мүмкiншiлiктерi де бар. Қазақстанның жерлерiнен ақсүйек байларының өткен керуендерi
белгiленген тауар немесе ақшалай түрiнде мiндеттi төлемдерiн төледi. Менiң ойымша осы кезде
жанама салықтың бiр түрi— акциз пайда болды. Бiрақ ол өзiнiң қазiргi кездегi экономикалық
категория ретiнде пайдаланылған жоқ.
123
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
Акциз тар мағынада—бұл көпшiлiктiң сұранысы мен сəн—салтанатты заттарға, белгiлi
тауарлар тiзбесiне салынатын салықтар түрi. Əлем тəжiрибесiнде көптеген тауарларға салынатын
акциз мөлшерi оның бағасының 1/2 бөлiгiн кейде 2/3 бөлiгiнде құрайды. Алғашқы кездерде
акциздер пайда болған кезде ол таңдаулы ғана заттарға салынатын болған. Тұз, қант, сiрiңке,
сабын сияқты тауарлардың құны алғашқы акциз салу обьектiсi болған болатын. Соңғы он
жылдықта акцизделетiн тауарлардың тiзбесi мағыналы кеңейтiлдi. Оған автомобильдер,
тоңазытқыштар, парфюмериялық бұйымдар, энергия алып жүрушiлер (бензин, керосин, газ) т.б.
енгiзiле бастады. Бұл тауарларға əр мемлекетте белгiленген ставкалар қолданылады. Сонымен
қатар, жаппай сұранысты талап ететiн қызметтер: телефон, кинофильмдердi көрсету, сақтандыру,
көлiктiк тасымалдаулар жəне т.с.с. заттарға акциз салынады. Мысалы, Германияда қазiргi кезде
таңдаулы акциздiң 20 түрi əрекет етедi, ал Жапонияда—600 ден аса. Кейбiр дамыған
мемлекеттерде кеден шекараларында акциз салынбайтын дүкендер орналасқан. Сондықтан бұл
тауарларды сатып алу кезiнде мiндеттi түрде мемлекеттен жөнелту туралы құжаттарды көрсету
қажет. Шет елге алып шығарушы тұлғаларға акциз құны қайтарылып берiлуi мүмкiн. Бiрақ ол
акциз өз елiнде белгiленген тəртiппен ұсталуы мүмкiн. Бұл тəжiрибеде тұтынушыны екi рет салық
ұстаудан босатады. Акциз бюджет қаражаттарының инфляциялық құнсыздануын ескеретiн тиiмдi
тұтқаларының бiрi болып табылады жəне бағаның өсуi мен салық түсiмдерiнiң арасындағы тура
байланыстылығын көрсетедi. Ол мемлекеттiң мүддесiнен туындайтын, яғни бағаларды босату мен
жəне инфляция мен тығыз байланысты. Бағалардың өсуi жанама салық ставкаларының өзгермей
қалғанына байланыссыз, одан түсетiн түсiмдерiнiң өсуiне əкеледi. Салықтың ставкаларын
дифференциялау арқылы, акциздер мемлекетке тұтынушылардың сұранысын реттеуге маңызды
еркiндiк бередi. Осындай күйде жанама салық экономиканы мемлекеттiк реттеу тетiгi ретiнде
көрiнедi жəне экономикасы дамыған елдердiң өндiрiстiк ұлғаюын теңейтiн, яғни артық
өндiрушiлiк процесiн бақылайтын мемлекеттiң берiк тетiгi.
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты
экономикалық тетiк ретiнде пайдаланады. Салықтардың мəнiн толық түсiну үшiн, олардың
экономикалық маңызын түсiну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын
қызметiне тiкелей қатысты. Əр түрлi мемлекеттерде акциздердi салу құру негiздерi жалпы бiрдей
болып табылады, тек бюджетке төленетiн салық сомасын анықтау əдiстерiнде қолданылып
отырған ставкаларында жəне жеңiлдiктерiнде маңызды емес ерекшелiктерi бар.
Қазақстанда ТМД елдерiнiң iшiнде басқа да елдердей жанама салықтарды яғни, акциздi
есептеудiң 2—шi əдiсi, яғни қосылған құнның өзiн анықтайтын əдiсiн қолданылады. Батыс
Еуропаның бiрқатар елдерiнде өнiмдердi шығарушы кəсiпорынға акциздiң онша əсерiн тигiзбейдi,
өйткенi төленген акцизға онша əсерiн тигiзбейдi, өйткенi төленген акциз салығының сомалары
төленген акциздiң сомаларымен жабылады, яғни акциз төлеу тұтынушыларға аударылады. Бiрақ
Қазақстан Республикасында мұндай көзқарас жұмыс iстемейдi акциздер Қазақстанда қызмет
етуiнiң негiзiнен акциздердiң экономикалық мəнiмен республикамыздағы экономикалық
жағдайдың ерекшелiгiне байланысты болады. Акциздер енгiзген кезiнде акциз өндiрiстiк
қатынастарға тигiзетiн ықпал болжамдалынбаған жəне Қазақстан коньюктурасын ескерiп,
салықтың
функциялары
талданылмаған.
Бұл
салықты
енгiзген
кезiнде
Қазақстан
Республикасының аумағында өндiрiстiң күрт төмендеу, тауарлардың жалпы тапшылығы,
инфляцияның өсуi сияқты тежеушi факторлары орын алды. Мұның үстiне 28% ставка арқылы
акциздер енгiзiлуi жағдайы одан сайын қиындатылды: бағалардың өсуiн күшейттi жəне
тұтынушылық талғамын азайтты. Осының нəтижесiнде өнеркəсiп жəне ауыл шаруашылығының
кəсiпорындары өзiн—өзi қаржыландыру түгiл жай ұлғаймалы өндiрiстiң процесiн қамтамасыз ете
алмайды. Батыс нарық қатынастар дамыған елдерiнде бұл салықтың түрi өндiрiстiң ұлғаюын
тежеушi тетiк ретiнде қолданылады.
Қазақстанда мұндай тетiк қолдану мүмкiн емес, өйткенi бiздiң экономикамыз даму үстiнде,
яғни Батыстың нарықтық қатынастары дамыған елдер қатарына жатпаймыз. Бiздiң өндiрiстiң
ұлғаюы əлi байқалмайды, керiсiнше жалпы өндiрiстiң төмендеуi байқалады. Осының салдарынан
бiз салықтың өндiрiстi тежеушi тетiгi тұрғысынан емес, өндiрiстi ұлғайтушы тетiгi ретiнде
қарастыруымыз керек. lшкi функциясы фискальдық, 2—шi функциясы қайта бөлу, 3—шi
функциясы реттеушiлiк. Осы фунциялардың iшiнде Қазақстан Республикасында акциз салығын
фискальдық функциясы ғана жұмыс iстейдi деп айтсам қателеспеймiн деп ойлаймын. Тiкелей
өндiрiстiң дамуына ықпал ететiн реттеушiлiк фунциясының дамымауы салдарынан. Акциздер
тұтынушыларға ғана емес, өндiрушiлерге де қатты əсерiн тигiзедi. Оларға мынадай терiс
мiнездемелер беруге болады. Кəсiпорын айналмалы қаражаттардан бұрылып кетуi, яғни кəсiпорын
124
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
мен жабдықтаушыларға, төленген акциздер мен өнiмдi тұтынушыларға сатудан түсетiн
акциздердiң уақытқа байланысты сəйкессiздiгi. Осы жерде бiздiң салық есебiмiзде салықты
есептеу əдiсiнiң қолданылуының салдарынан, кəсiпорын өздерiнiң айналмалы қаражаттарын
мақсатты жұмсалмай, салықты төлеуге жұмсалады.
Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген жəне Қазақстан Республикасының
аумағында импортталатын тауарларға, сондай-ақ ойын бизнесiне акциз салығы салынады. Тауар
өндiрушi тауарлардың экспортқа шығарылуын растаған жағдайда экспортқа шығарылған
акцизделетiн тауарларға акциз салығы салынбайды. Қазақстан Республикасы қатысушы болып
табылатын халықаралық шарттарда көзделген жағдайлар бұған кiрмейдi.
Алыс-берiс шикiзатының меншiк иесi осындай шикiзаттан өндiрiлген акцизделетiн
тауарларды экспорттаған кезде өнiмдi беру кезiнде төленген акциз алыс-берiс шикiзатына меншiк
иесiнiң осы салық бойынша алда төлейтiн төлемi есебiне жатқызылады немесе салық органы оның
өтiнiшiн алған кезден бастап 60 күн iшiнде қайтарылады.
Акциз салығының төлеушiлерi заңды тұлғалар яғни, мыналар :
• Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн тауарлар өндiретiн;
• бензинмен (авиация бензинiн қоспағанда), дизель отынмен көтерме жəне бөлшек сауданы
жүзеге асыратын ;
• Қазақстан Республикасының аумағына акцизделетiн тауарларды сипаттайтын;
• Қазақстан Республикасының аумағында ойын бизнесiн жүзеге асыратын жеке тұлғалар
акциздердi төлеушiлер болып табылады.
Сонымен қатар, резидент емес заңды тұлғалар, олардың филиалдары, өкiлдiктерi жəне өзге
де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi де акциздердi төлеушiлерге жатады. Қазақстан
Республикасы аумағында акцизделетiн тауарларды өндiретiн жəне ойын бизнесiн жүзеге
асыратын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы аумағында акцизделетiн тауарлар өндiретiн
жəне ойын бизнесiн жүзеге асыратын өз филиалдары, өкiлдерi жəне өзге оқшауланған
құрылымдық бөлiмшелерi үшiн олардың орналасқан жерi бойынша, Қазақстан Республикасының
салық заңдарында белгiленген тəртiппен тиiстi бюджеттерге акциздер төлеудi жүзеге асырады.
[7,.86-89б]
Тəркiленген мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен иесiз жəне мемлекет меншiгiне
өтеусiз берiлген акцизделетiн тауарлар бойынша, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдарға сəйкес
Қазақстан Республикасының аумағында ол бойынша бұрын акциз төленбеген тауарлар бойынша
аталған тауарларды сатуды жүзеге асыратын тұлғалар акциз төлеушiлер болып табылады.
Нарық реформаларының соңғы тəжiрибелерi көрсеткендей, бюджеттiң негiзгi қайнар көзi—
салықтар болып отыр. Сондықтан үкiметiмiздiң алдында тұрған мiндеттердiң бiрi—салық
заңдылығын тұрақтандыра түсетiн жаңа салық кодексiн қабылдау болып табылады.
2003 жылдың өзiнде республикамыздың салық жүйесiне айтарлықтай өзгерiстер енгiзiлдi.
Мысалы, зиянға акциздiк салықтарға үстеме нормативтi шығындарға акциз жəне коммунальды
шаруашылықтарға берiлген жеңiлдiктердi айтуға болады.
Бұл өзгерiстерге қарамастан, осы жылы тағы да айтарлықтай салықтық реформалардың
ендiрiлуi күтуде. Нақтырақ айтсақ, Президенттiң жарлығымен жаңа салық Кодексi бекiтiлуi тиiс.
Жаңа заңдылық бойынша қандай өзгерiстер күтiлуде?
Бүгiнгi күнде негiзiнен республикамызда салықтық құрылым бiрқалыпты жəне дұрыс
қалыптасып отыр. Негiзiнен қаржылық жағдайларда əрекет ететiн акциз ставкасы айтарлықтай
жоғары болып саналады. Сондықтан оның төмендеуi мен оны толықтыратын резервтердi iздеу
қажеттiгi пайда болуда. Ал оны толықтыратын резерв негiзiнен салықтық жəне салықтық емес
басқа да түсiмдердiң дұрыс түсуi есебiнен ғана пайда болады.
Бiрақ акциз ставкiсын төмендету, тек экономиканың жағдайына байланысты, ал ставкiның
төмендеуiне компенсация орнына бөлшек саудадан салық болуы керек. Қазiргi жағдайда
республикамызда өндiрiстiң жоқтығынан, айналым құралдарының жетiспеуiнен, дұрыс
менеджменттiң болмауынан кəсiпорындарға акциздiк ставкiсi ауыр тиiп отыр. Негiзiнен
акциздiк аз мөлшердегi ставкiмен енгiзген дұрыс болар едi, бiрақ бюджет оны көтере алмайды.
Сондықтан көп пайыздық акциз ставкiсi мен акциз ставкiсi онсыз да төлемейтiн бөлшек сауда
сферасына салықты ендiру ең тиiмдi бағыт болып отыр. Əлемдiк нарықта баға ұзақ уақыт
сақталуы мүмкiн емес, сондықтан оның жақын уақытта төмендеуi заңды. Бұл жағдайда əлi
нашар құрылған нарықтарға ғана сенiм арта аламыз. Бұл нарықтардың бiрi- акциздiк тауарлар
нарығы мен айналым сферасы болып отыр. Жұбаныш болатыны, фискальды орган жүйе
125
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
ретiнде тұрақтана түсуi, өткен жылы недiрiлген əкiмшiлiктiң бiр формасы мониторинг, бөлшек
сауда нарығына бақылау, алкогольды өнiм акциздерi бойынша, жанар май бойынша бағдарлама
болып отыр. Одан кейiн, нарықтан соң нарықты кезеңдi қалыптастыра түсуi керек. Бiрiншiден
түстi металдардың қайта нарығы, екiншiден емдiк заттардың экспорт-импорт нарығын
қалыптастыру қажет. Мен салық ауыртпашылығын төмендетудi жақтаушылар қатарындамын.
Бiрақ, ескеретiн бiр жай, қаншалықты салық ауыртпашылығы төмендеген сайын,бюджеттiң
толықтырылуы кемiмеуi қажет. Ал ондай мүмкiндiктi қазiргi кезде жанама салықтар беру мүмкiн.
Бұл дегенiмiз жаңа салық заңдылығында жанама салықтар бойынша ең тиiмдi бағыттарды таңдау
қажет.
Дамыған елдердiң салық саясатының ерекшелiгi кəсiпкерлiк қызметпен айналысушы
тұлғалардың, яғни акциздiк тауар өндiрушiлердiң салық ставкаларын төмендету болып табылады.
Егер салық ставкалары төмендетiлсе бюджетке төленетiн түсiмдердiң бiразы азаяды, бiрақ салық
салынатын базаның ұлғаюына əкелiп соқтырып, кейiннен төленетiн салық мөлшерi де көбейедi.
Салық төлеушi жəне жинаушы салық төлеу процесiнде белгiлi бiр қарым-қатынасқа түседi.
Бұл қарым-қатынас дұрыс, өзара тиiмдi əрi объективтi болса, соғұрлым салықтық жиналу денгейi
де жоғары болады. Мемлекеттiң экономикасын көтеруде оның азаматтарының ақшалай немесе
натуралдық тұрақты түрде төлейтiн жарналарының ықпалы үлкен. Қоғамның тарихында
салықтық формаларымен əдiстерi мемлекеттiк сұранымды жəне қажеттiлiктердi қамтамасыз ету,
сондай-ақ салық салудағы мəселелердi шешу жолдарына бейiмделiп отырып, əр түрлi өзгерiстерге
Үшырайд. Олардың қызмет ауқымы арқылы əлеуметтiк жəне экономикалық процестерге ролi де
өзгерiп отырады.
Əдебиеттер
1. ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы Алматы 2007 ж.
2. «Жаңа əлемдегі – жаңа саясат» - Н.Ə.Назарбаевтың жолдауы. Алматы 2007 ж.
3. А.Үмбеталиев Салық салу ерекшеліктері. Алматы 2006 ж.
БƏСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ЖАСТАР ДАЙЫНДАУДЫҢ НЕГІЗІ-12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ
ЖҮЙЕСІ
Жамбыл гуманитарлық – техникалық университеті
К.Р.Ушакбаева, М.Алмабекова
Қазақстан Республикасы президенті Н.Ə Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы
Жолдауында білім берудің мемлекеттік саясаттың негізгі басымдылықтарына жататынын атап
көрсетіліп келеді. «Қазақстанның əлемдегі бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру
стратегиясынның» айқындаған басты міндетерінің бірі еліміздегі білім беру жүйесінің əлемдік
стандартқа сай болу талабы халқымыздың тəлімді тəрбиесі мен əлемдік озық тəжірбиеге
негізделген, тұлғаның жеке дамуын көздейтін нəтижеге бағытталған жаңа мазмұндағы 12
жылдық білім беруге көшу қажеттілігін туындатып отыр.
«Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасына» сай Қазақстанның білім жүйесі алдағы уақытта 12 жылдық
жалпы орта білім беруге көшуіне байланысты республикамыздағы бүкіл білім беру жүйесінің
алдына жаңа міндеттер жүктейді. Осы міндеттерді шешу Бағытында Батыс Қазақстан облысында
да ауқымды əзірлік жұмыстары жүргізіліп келеді.
«Қазақстан Республикасында салалық жəне өңірлік бағдарламаларды əзірлеу мен іске
асыру ережесі туралы» Қазақстан республикасы Үкіметтінің 2004жылғы 26 ақпандағы №231
қаулысы негізінде «2006-2007 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысында білім беруді
дамытудың аймақтық бағдарламасын»жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19
шілдедегі № 681 «12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу жөніндегі іс-шараларын бекіту
туралы »қаулысына сəйкес облыстық білім басқармасы облыс əкімінің орынбасарымен
келісілген «12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу жөніндегі Батыс Қазақстан облысының
2007-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын» бекітті. Осы жоспардың негізінде
126
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
аудандық білім беру бөлімі аудан əкімдігінің басшылығымен ауданның инфоқұрылымын,
экономикалық мүмкіндіктерін есепке ала отырып,білім беру ұйымдарының желісін анықтап,
талдау жұмыстарын жасап, ауданның білім беру жүйесінің стратегиялық жоспарын жасады.
12 жылық оқытуға көшу жұмысын үйлестіру, эксперимент алаңдарын əдістемелік қамту
мақсатында білім департементі жангында облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру жəне
қайта даярлау институтымен бірге облыстық үйлестіру орталығы құрылды. Бұл орталықтың
облысымыздың білім беру ұйымдарын жаңа жүйенің негіздері туралы ақпараттандырып,
əдістемелік қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарының бір көрсеткіші ретінде ауданымызда
өткен 12 жылдық білім мазмұнының теориялық -əдіснамалық негіздері, 12 жылдық білім
тұжырымдамасының негізгі бағыттарын қамтыған «Білім беруді жаңарту жағдайында сапаны
басқару» тақырыбындағы жылжымалы семинар жұмысын атап өтуге болады.
12 жылдық білім беру тұжырымдамасы мектептің алдында тұрған басты мақсаты
анықтап береді. Олар мына төмендегідей:
- оқушы əлемдік стандарт деңгейіне сай жоғары сапалы біліммен қамтамасыз ету;
- жан-жақты мəдени тұлғаны қалыптастыратын, өзін-өзі тəрбиелей алатын, өзін-өзі
дамытуға мүмкіндігі бар, кəсіби білім беру бағдарламасын меңгерген азамат;
өзінің жеке басының мүддесін қоғам мүддесімен үйлестіре алатын тұлға;
Шығармашылықпен еңбектенетін қоғамдағы нарықтық бəсекелістікке қабілетті, өзін-өзі
толық іске кірістіре алатын, функцианалды сауатты болашақ маман даярлауды көздейді.
12 жылдық білім беру жүйесінің бұрынғы білім беу жүйесі моделінен айырмашылығы
мынада:
1. Оқушының функцианалдық сауаттылығы (оқу сауаттылығы, математикалық
сауаттылығы,ғылыми сауаттылығы)
2.Көпварианттыцлығы
3.Деңгейлі жəне бағдарлы сараланғандығы .
4.Аймақтық білім беру.
5.Жеке тұлғаға бағдарланғандығы
6.Бағдарлы бағыт ұстайтын педагогикалық функциялармен ерекшеленеді.
Мақсатқа жету жолдары былайша сипатталады.
1.Жалпы білім беретін пəндердің мазмұны əлемдік білім стандартына сай қолданбалы
сипатта болуын қамтамасыз ету.
2.Функцианалды сауаттылықты анықтайтын нақты критерилердің болуы.
3.Кəсіби училище,колледждер ,мектеп шеберханаларының əлемдік стандарт талабына
жауап беретіндей болуы( материалдық техникалық базасы жетілген ,кəсіби шебер мамандармен
қамтамасыз етілген )
12 жылдық білім беруге басқан қадамындағы негізгі проблемалық тұстарына назар
аударуды қажет санап отырмын. Мұндай қажеттілікті іске асыру үшін осы күнге дейін Советтік
дəуірден педагогикалық жүйеде қолданылып келген тəлім тəрбиелік əдістемеліктерді еске
түсіруге тура келеді.
Біз бастағалы отырған 12 жылдық білім беру саласына бұрыннан келе жатқан,
оқушыларды тəрбиелеу мен білімдендіру барысындағы əдістемелік кемшіліктермен жаңа
білімділік жүйеге өтсек,оның да нəтижелік көрсеткіші бүгінгі деңгейден де төмен болуы
мүмкін. Балаларды 6 жастан Амонашвилдің эксперименті негізінде белсенді педагогикалық
жүйеге алу біздің педагогикалық жүйеге алу біздің педагогикалық өмірімізде болған. Бұл бағыт
орта білім беретін мектептерді түгелдей бала –айналдырып , қорытындысында жабылып қалған .
Себебі ,ол кезде мектеп те, педагог мамандар да ондай ситуацияға дайын да емес еді.енді бұл
бағыт мектеп өміріне жаңа əдістемелікпен қайта оралып отыр.Жаңа бағыт 6 жасар баланы бала-
бақшадағы «мектепке дайындық»тобында 1-сынып есебінен алғашқы танымдық əдістемесімен
тəрбиеге алу құптарлық іс болып тұр. Өйткені, республика көлемінде бұл проблеманы дұрыс
жолға қою мақсатында ұзақ мерзімді экспериментальдық жұмыстар, 12 жылдық білім беруге
мұғалімдер мамандығын қайта даярлау курстары ,азды көпті оқулық пн əдістемелік оқулықтар
дайындалу үстінде . Бұл салада Қызылорда облыстық департаменті,Қызылорда облытық білім
беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жəне қайта даярлау институты облыс көлеміндегі
мұғалімдерді 12 жылдық білім беру жүйесіне өту қарсаңында олардың біліктілігін, кəсіби
мамандығын жетілдіе түсіруде нəтижелі жұмыстар атқаруда.Осындай келелі істердің нəтижесін
көтеру жəне оның мемлекетке қайтарымдық коэффицентін жоғарылату үшін жалпы орта білім
127
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
беретін мектепте бұрыннан қалыптасып қалған келеңсіз əдістемелік жүйеден арылуымыз
керек. Осындай əдістемеліктер:
Жалпы тəрбиелік келеңсіздік-жалпы орта білім беретін мектептердің тəрбие процесінде
оқушыларды (ұлдар мен қыздарды) бір табиғи биологиялық субъект деп қарау.
Мұны қалай түсінуге болады?
Мектепте тəрбиеленуші субъектілер екі генетикалық тұрғыдан –ұл жəне қыз балалар
болып келеді. Олардың құрамдық пропорциясы :ұл бала құрамы 50да, қыздардың құрамы 50 –
дық құрамдық тəрбие алады. Осындай аралас құрамдағы оқушыларды тəрбиелеу процесі
біржақты əдістемелікпен жүргізіледі.
Мысалы, мектепте тəрбие жұмысын басқаратын мектеп директорының орынбасарын бір
мектепте əйел педагогті ,екінші бір мектепте еркек мұғалімді тағайындау негізгі тəрбиелік
статусқа айналған. Əйел Тəрбиеші орынбсарлар 7-11-сыныптар аралығындағы азамат болып
қалған ұл балалармен тəрбиелік жұмысын қалай жүргізе алады?Ал,еркек мұғалім болса,қыздар
табиғатына лайықты лексикасымкен сөйлесіп,олардың жан сырын ұғына түсініп ,тəрбиелік
жұмыс барысында оларға рухани құндылықтарды түсіндіре отырып, салауатты тəрбие бағытын
қыздардың бойына тиісті деңгейде сіңіре ала ма?Əрине , мұндай тəрбие барысының ағаттық
тұстары өте көп болады. Сол себепті,мектептегі тəрбие жұмысы біржақты ,атүсті жүргізіледі
жəне оның нəтижесі бола ма?Сондықтанда ,қазіргі кезде қыз балалар қазақ халқының салт-
дəстүріне негізделген тəрбиелік шеңберден шығып кетті де, ұл баолалар табиғатына тəн
тəрбиеден кешеуілдеп қалуда. Екінші сөзбен айтқанда ,мектеп өмірінде ұл баланың тəрбие алу
құқы тиісті деңгейде емес деген сөз!
Келеңсіз проблеманы тиісті деңгейге көтеруге бола ма? Əрине болады!
Ұсыныс:
Мектептегі бірің-бірі дублировать ететін орынбасарлардың қысқартып,ұл балаға ер
азаматтан қыздарға да əйел тəрбиеші психологтары тағайындау қажет жəне олардан
шығармашылық жұмыс барысын тұрақты талап ету.
Қорыта айтатын болсақ мемлекет өмір сүріп отырған қандай қоғам болса да, өз
идеологиясын жүргізетіндігі анық. Соған орай қазіргі таңда жалпы орта білім беретін мектепте
оқушыларды жүйелі тəлім-тəрбиеге алу проблемалары Мемлекеттің, ҚР Білім жəне ғылыми
министірлігі
ғылыми
конференцияларында,педагогикалық
оқуда,
бұқаралық
ақпарат
құралдарында айтылып та, газет жəне журнал беттерінде жазылып та жүр.
Егер 12 жылдық білім құрылымы жəне мазмұнының тұжырымдамасын жүзеге асырсақ,
онда жас өспірімдерді өмірге, еңбекке, еңбекқорлыққа дайындауға ,шығармашылық əлеуетін
арттыруға, өзін-өзі білімдендіріп,тілін, салтын, мəдениетін, сондай-ақ басқа да ұлттың тілін,
мəдениетін білуге ықпалын тигізіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |