Содержание: Кіріспе



бет2/9
Дата27.02.2022
өлшемі4,47 Mb.
#26543
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Документпп

Содержание:

Кіріспе. 2020 жылы Қазақ мемлекеттілігінің негізі болған Қазақ АКСР-інің құрылғанына 100 жыл толады. Қазревкомның бір жылдық жұмысының нәтижесінде құрылған Қазақ АКСР-інің қалыптасуы мен дамуына үлкен еңбек сіңірген қоғам және мемлекет қайраткері, ҚазОАК-нің тұңғыш төрағасы С. Меңдешевтің өмірі мен қызметін зерттеу аса маңызды тарихнамалық мәселелердің бірі болып табылады.

Осы еңбегімізде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының С. Меңдешевке қатысты бұрын ғылыми айналымға енгізілмеген архив құжаттары негізінде оның қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметінің жаңа беттерін ашуды мақсат еттік. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін С. Меңдешевтің қазревкомдағы қызметін, ҚазОАК төрағасы әрі РК(б)П Қырұйымбюро – Қыроблбюро – Қыробком – Қырөлкеком – Қазөлкеком мүшесі ретіндегі қызметін, қазақ жерлерін бір республика құрамына біріктіру жолындағы жарқын еңбегін, жергіліктендіру мен қазақтандыру саясатын жүргізудегі жетекшілік рөлін, РК(б)П–БК(б)П ОК-нің ұлт саясатына қарсылығын, оның халық ағарту ісін ұйымдастырудағы қызметін жан-жақты көрсету міндеттерін алдыға қойдық. Бұл шағын мақала – меңдешевтану саласындағы іргелі еңбектің бастамасы болады деген ойымыз бар.



Талқылау. С. Меңдешевтің қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі туралы еңбектер саусақпен ғана санарлық. С. Меңдешевтің қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметіне қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің архиві құрастырған өмірбаяндық анықтамалықта [1], Д. Ашимбаевтың биографиялық энциклопедиясында [2], Д. Ашимбаев пен В. Хлюпиннің «Қазақстан: билік тарихы. Қайта құру тәжірибесі» атты хроникалық жылнамасында [3] қысқаша мәліметтер берілді. Ал П.И. Тибекиннің еңбектері [4] С. Меңдешевтің өмірі мен қызметіне арналған алғашқы қысқаша тарихи очерктер еді. Бұл еңбектерде тұңғыш рет С. Меңдешев ақталғаннан кейінгі уақытта оның қызметіне объективті баға беруге талпыныс жасалды. Сонымен қатар, С.З. Зиманов, С.О. Дәулетова, М.Ш. Исмагуловтардың еңбегінде [5] С. Меңдешевтің Қазревкомдағы саяси қызметі мен оның қазақ даласындағы халық ағарту саласын ұйымдастырудағы рөлі жүйелі көрсетілді. Ал тәуелсіздік кезеңінде жарық көрген Е. Медеубаевтың еңбегі [6] С. Меңдешевтің саяси портретін ұлттық көзқарас тұрғысынан сомдауға жасалған алғашқы еңбектердің бірі болып табылады. Зерттеуші Ғ. Маймақовтың «Қазақ жері тұтастығының қалыптасуы» атты монографиясында [7] С. Меңдешевтің Қазақ Республикасына барлық қазақ жерлерін біріктірудегі тарихи қызметі тың деректер негізінде талдауға алынды. Қорыта айтқанда, С. Меңдешевтің қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі – өз зерттеушісін күтіп жатқан тың әрі өзекті тарихи тақырып болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет