Содержимое разработки



бет2/2
Дата27.11.2023
өлшемі50,41 Kb.
#129406
1   2
Байланысты:
Документ Microsoft Word

Бүлдірген тере барғанда
Бір топ бала бүлдірген теруге бармақ болды. Олар таңертең ерте тұрды. Түсте ішетін тамақ, бүлдірген теретін шелек, себет алды. Балалар бүлдірген өсіп тұрған жерге жетті.Бұл жер жап-жасыл. Жасыл кілем төсеп тастағандай. Ойпандар да, бұта-өсімдіктер де көкпеңбек. Айналаға көз салсаң, жер дүние маужырап тұр. Не деген сүлу табиғат!Балалар біраз тамашалап бүлдірген теруге кірісті. Бүлдіргенді тойғанша жеді. Апарған ыдыстарын да толтырды. Сонан соң ағаш көлеңкесіндегі көгалға отырып дем алды, түскі тамактарын ішті. Кешке қарай ауылға қайтты. Бұл күн балаларға өте қызықты өтті!
Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастыр
1.______________________________________________________________
2.____________________________________________________________
3._____________________________________________________________


Ораз бен Асқар есік алдында ойнап жүр.
Екеуі допты әрі тепті, бері тепті. Біраздан кейін ашық тұрған қораның есігін қақпа етіп алды. Енді допты соған дәлдеп ұрды. Бір кезде қатты тебілген доп қораның ішіне кіріп кетті. Ораз добын іздей бастады. Қараңғыда допты әрең тауып алды. Сыртқа беттеген. Сол кезде шыға берісте тұрған шелекті қағып кетті. Ішіндегі сүт ақтарылды да қалды. Ораз не істерін білмей аңтарылып тұр.
- Қорықпа. Сүтті мысық төгіп кетіпті дейміз,- деді Асқар.
- Мен өтірік айтпаймын. Байқаусызда төгіп алдым деймін,- деді Ораз.


Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастыр
1.______________________________________________________________
2.____________________________________________________________
3._____________________________________________________________

Ораз бен Асқар есік алдында ойнап жүр.


Екеуі допты әрі тепті, бері тепті. Біраздан кейін ашық тұрған қораның есігін қақпа етіп алды. Енді допты соған дәлдеп ұрды. Бір кезде қатты тебілген доп қораның ішіне кіріп кетті. Ораз добын іздей бастады. Қараңғыда допты әрең тауып алды.
Сыртқа беттеген. Сол кезде шыға берісте тұрған шелекті қағып кетті. Ішіндегі сүт ақтарылды да қалды. Ораз не істерін білмей аңтарылып тұр.
- Қорықпа. Сүтті мысық төгіп кетіпті дейміз,- деді Асқар.
- Мен өтірік айтпаймын. Байқаусызда төгіп алдым деймін,- деді Ораз.
Жаман жолдас.
Екі дос ағаштың арасымен келе жатып бір аюға кездесті. Олардың біреуі әлсіз, ауру екен. Аюды көрген кезде сауы ауру жолдасын тастап, жүгіріп барып, бір ағаштың басына шығып кетеді. Ауру, әлсіз досының ағашқа шығуға дәрмені болмайды. Ол жерге етпетінен түсіп, өлген кісідей, дем алмастан жата қалады. Өйткені аю өлген кісіге тимейді екен. Аю жатқан адамның қасына келіп, иіскелеп, дыбысы білінбеген соң, жөніне кетеді.
Аю кеткен соң, ағаштың басындағы жолдасы жерге түсіп,ауру досынан:
- Аю сенің құлағыңа не деп сыбырлап кетті?- депті.
- Басыңа қиыншылық түскенде, сені жалғыз тастап кеткен жолдасың жаман екен деді,- деп досы жауап беріпті.
Торғай.
Бақша арасындағы жолмен аңнан келемін. Итім жүгіріп бара жатқан. Ол кенет жүрісін тежеп, құстың иісін сезгендей бұға бастады.
Мен ілгері жол бойына қарадым. Торғайдың ақ үрпек балапанын көрдім. Ол ұясынан құлап түсіпті. Ит балапанға ептеп жақындай бергенде, кенет қара тамақ үлкен торғай ағаш басынан зу етіп иттің дәл қасына кеп қонды
Ол жан ұшырып, өзінің балапаны үшін ажалға қарсы ұмтылды. Ол балапанын өз денесімен бүркемек болды. Титтей денесі қорыққанынан дірілдеп, даусы шыр-шыр етеді. Ол балапаны үшін өзін-өзі құрбан еткелі безектеп жүр.
Мен итімді тез өзіме шақырдым. Кішкене ғана торғайдың ұлы аналық күші мені таң қалдырды.
Қолқанат.
Сәкен шаруаға ұқыпты болды. Үстін тап-тұйнақтай таза ұстайтын еді. Ағайынды жетеуміз. Сәкен бәрімізден үлкен. Жаздың күні ол бізден бұрын оянады да, үй шаруасына көмектеседі. Біз оянып, далаға шыққанда, Сәкен есік алдында жүреді. Ол бізді Қараөзек бойына соқпақ жолмен бастап алып кетеді. Мөлдір бұлақ басына барамыз да, жуынамыз. Сәкен әуелі кішкентай қарындасымыз Рахима, Халима, Сәлималарды жуындырады, шаштарын тарап, өріп береді. Содан кейін барып, өзі жуынады. Біздің күндегі әдетіміз – осы. Қайтадан қатар тізіліп алып, ауылға қарай жүреміз.
“Айналайын, менің ақ қаздарым”,- деп анамыз есік алдынан бізді қарсы алады. Сәкеннің маңдайынан сүйіп жатып:
Ұннан жасалады. Нанды қастерлеу керек. Тоқаш
Жерге тастауға болмайды
Қазақ тiлi сабағы.
Мұғалiм сыныпқа келдi. «Сәлеметсiздер ме, балалар» - дедi. Оқушылар орнынан тұрды, сәлемдестi. Әлия тақтаға шықты.Тақтаға қатесiз жазды. Сөйлемнiң соңында нүкте қойды. Арман мәтiндi оқып, аударды.
Саша оған көмектестi. Бәрiмiз тақтаға назар аудардық.Қазақ тiлi сабағы көңiлдi, қызықты өттi. Әрбiр сөздi бәрiмiз хормен қайталадық.
Қала.
Бiз қалада тұрамыз.Бiздiң қаламыз сәндi де сәулеттi.Қаланың үйлерi биiк, көшелерi кең. Көшелер жасыл желекке бөленген. Жүрiп жатқан әр
түрлi машиналар. Қаламыз өте таза. Мектептiң қасында қаладағы ең үлкен кiтапхана бар. Мен өз қаламды жақсы көремiн. Қаланың тұрғындары өте қонақжай.
Кезекшi.
Бүгiн Жанар мен Айнґр сыныпта кезекшi. Олар мектепке басқа балалардан бұрын келдi. Алдымен парталарды реттеп қойды. Жанар терезелердi ашты. Айнұр партаның үстiн, тақтаны дымқыл шүберекпен сүрттi. Бiрiншi сабақ қазақ тiлi. Кезекшiлер әр партаға сөздiктердi дайындады. Сөздiктер сөреде тґрған. Қыздар өз мiндеттерiн ұқыпты орындады.
Көбелек.
Күз.Шалғында түрлi гүлдер жайнап тұр. Көбелектер гүлден-гүлге қонып жүр. Ақ көбелек ақ гүлге қонды. Сары көбелек сары гүлге қонды. Мұның мәнi бар. Қарлығаш ұшып келдi. Ол көбелектердi таба алмай қалды. Көбелектер өзiн жаудан осылай қорғайды.
Мектеп бағы.
Биыл бiз жаңа мектепке барамыз. Мектеп ауласы үлкен. Сынып бөлмелерi әрi кең, әрi жарық. Мектебiмiз екi қабатты.Терезелерi биiк. Мектеп баЈына көптеген ағаштар отырғыздық. Гүл алаңын жасадық. Гүл алаңында менiң сүйiктi гүлдерiм өсiп тұр. Бiз әр Үзiлiсте мектеп бағына барып демаламыз.
ҰЛЫ КҮН
Қазақстан – біздің сүйікті атамекеніміз. 1991 жылғы желтоқсанның 16-сы оның тарихындағы ұлы күн! Сол күні Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Қазақ халқы ғасырлар бойы аңсаған арманына жетті.Еліміз егемен мемлекет болды.Қазір қазақ мемлекетін жер жүзі біледі. ҰлыОтанымыз –Қазақстанды шексіз сүйеміз!
Астана.
Астана солтүстiк Қазақстанда орналасқан. Астана туралы көптеген аңыздар бар. Бұл бейбiтшiлiк және достықтың қаласы. Қалада үш бидiң ескерткiштерi бар. Ескерткiштер орталық даңғылда тұр. Жаңа астанада
көптеген құрылыс жүрiп жатыр. Бiздiң қаладан Астанаға поезд барады. Менiң көкем Астанада оқиды.
(38 сөз.)
Қостанай.
Мен күндидарлы Қостанайда туып-өстiм. Қостанай Тобыл жағасында орналасқан. Қостанай мешiтiне 126 жыл толды. Мешiт өте сұлу. Орталықта Ыбырай Алтынсарин мектебi және мұражайы бар. Бiз жылда ұлы ұстаздың туған күнiне қарсы мұражайға барамыз. Ыбырай Алтынсарин-бiздiң атақты жерлесiмiз.
Ақылбек Шаяхмет.
Ақылбек Шаяхметов-Қостанайлық ақын. Бiз мектепте ақынның өлеңдерiн оқимыз. жаттаймыз,аударамыз. Биыл ақынмен кездесу кешiн өткiземiз. Ақылбек Шаяхмет - дарынды ақын. Оқушылар ақынның өлеңдерiн өте жақсы көредi. Мерекелерде ақынның өлеңдерiн жатқа айтамыз.
Менiң атам екеу.
Мен он жастамын. Төртiншi сыныпта оқимын. үздiк оқуға менiң аталарым көмектеседi. Менiң екi атам бар. Бiреуi- әкемнiң әкесi. Екiншiсi-анамның әкесi. Үлкен атам ұзын бойлы, шашы көзi-қап-қара.
Кiшi атам әлi жас, қайратты. Ол орта бойлы,өте сабырлы адам. Мен аталарымның ең жақсы қасиеттерiн алдым.
Аға.
Менiң ағамның аты –Жандос. Ағам- жүргiзушi. Жақында Жандос жаңа машина алды. Ағам жиырма жетi жаста.Ол әлi жас. Жандостың достары көп.Ағасы бардың жағасы бар»дейдi қазақ мақалы. Мен ағамды жақсы көремiн. Бiз ағалардан үлгi алып өсемiз. Мен де өскенде ағам сияқты боламын.
(42 сөз.)
Менiң бөлмем.
Бiздiң пәтер үш бөлмелi. Ең кiшкентай, жылы бөлме-менiкi. Бөлмемде екi кiлем бар. Бiр кiлем қабырғада iлулi тұр. Оң жақта керует тұр. Сол жақта –шкаф. Бөлменiң ортасында дөңгелек үстел тұр. Бұрышта, шкафтың үстiнде гүлдер тұр. Мен бөлмемдi өзiм жинаймын.
(39 сөз.)
Ине.
Әжемнiң көзi жақсы көрмейдi. Ол инеге жiптi сабақтай алмайды. Инеге жiптi мен сабақтап беремiн. Журнал,газеттердi оқып беремiн. Әжем маған қолғап тоқып бередi. Әжем менi «Сен менiң жарығымсың,көзiмсiң» деп жақсы көредi. Қазiр менiң әжем зейнеткер. Әжем менiң ең бiрiншi ақылшым.
Боран.
Айнала тып-тыныш. Жер бетiн тегiс ақ қар басқан. Асқар мен Елдос жалғыз аяқ жолға түсiп, сабаққа келе жатыр. Жылтылдаған ақша қар көз аштырмайды.
Екеуi бiрiн-бiрi қуалап, қар лақтырысып келедi. Кенет долы боран басталды. Екеуi мектепке қарай жүгiре жөнелдi. Сол кезде жаңғырыққан дауыс естiлдi. Балалар дауыс шыққан жаққа қарай жүгiрдi. Бұл жаурап жылап отырған Мұрат екен. Балалар оны үйiне әкелдi.
Қыста.
Қыс келдi. Түн ұзара бастады. Қар қалың жауады.Аяз қатты болды. Өзен суы мұз болып қатты. Балалар далада қармен ойнады.Қардан ойыншықтар жасады. Бiр топ балалар аулада қар лақтырысып ойнап жүр. Бәрi жылы киiм киген. Мектептер жаңа жылға дайындалып жатыр.
Мемлекеттiк мереке.
Қазақстан-тәуелсiз мемлекет. Он алтыншы желтоқсан-мереке. Бұл күнi бiз оқымаймыз -демалыс. Мерекелерде жиналыс. Концерттер болады. Мен де концертке қатыстым.Отаным туралы қазақша ән айттым. Маған өз елiмнiң елтаңбасы, жалауы өте ұнайды. Мен Қазақстанның азаматымын. Менiң арманым - 2030 жылы президент болу.
Жамбыл Жабаев.
Жамбыл Жабаев-қазақ халқының ұлы ақыны. Ол жүз жасаған адам. Соның сексен бес жылы ақындықпен өттi. Жамбыл ақынның шығарған өлеңдерi өте көп. Олар дүние жүзiндегi көптеген халықтардың тiлiне аударылды. Сүйiктi ақынның еңбегi өте жоғары бағаланды. Жамбыл өз өлеңдерiн еңбек адамдарына арнаған.
Құрманғазы Сағырбаев.
Құрманғазы Сағырбаев –ұлы күйшi, сазгер. Ол Астрахань облысында дүниеге келген. Сазгердiң аты әлемге әйгiлi. Бiз бастауыш мектептен бастап, сазгердiң күйлерiн тыңдап, тамашалаймыз. Атақты күйшi ұрпақтарына мол мұра қалдырған. Мен Құрманғазының күйлерiн ұнатамын. Алматыда Құрманғазы атында ұлт аспаптар оркестрi бар. ұлы сазгер өмiрдi сүйген.
Бiлiп ал.
Бiр жылда он екi ай бар. Жыл төрт мезгiлге бөлiнедi. Әр мезгiл үш айдан құралады. Бiр айда төрт апта,отыз күн болады. Көктемнiң бiрiншi айы-наурыз. Екiншi айы –сәуiр,үшiншi айы-мамыр.Көктемде үлкен мейрамдар бар. Олардың бiрiншiсi-8 наурыз-аналар мейрамы. Екiншiсi –наурыз. Аптада жетi күн бар. Әр күннiң атын бiлiп алыңдар.
Қазақ тiлi апталығы.
Бiздiң мектепте қазақ тiлi апталығы басталды. Таңертең сынып сағаты болды. Түсте, сағат он екiде бiлiм сайыстары болады. Ертең суреттер көрмесi ұйымдастырылады. Бүгiн сабақтар аз. Мен үйге ерте барамын, суреттерiмдi дайындаймын. Қазақ тiлi апталығы жылда көңiлдi де қызықты өтедi. Мен қазақ тiлiн бiлгiм келедi.
Қойдың пайдасы.
Қой- өте пайдалы мал.Қазiр оның биязы түрi көп өсiрiледi. Жүннен фабрикада түрлi маталар тоқылады. Терiсiнен былғары илейдi. Одан аяқ киiм, тон тiгедi. Қой етiнен көптеген тамақтар даярлайды. Сүтiнен iрiмшiк, май өндiредi. Қазақстанда койды көп өсiредi.
Қияр.
Қияр-көкiнiс. Ол бақшада өсiрiледi. Қияр денсаулыққа пайдалы. Одан салат жасайды. Қиярда ақ ауыз көп. Қиярды тұздап, қысқа сақтауға да болады. Бiздiң бақшада қияр көп өстi. Бiздiң отбасымызда қиярдан жасалған салаттарды өте жақсы көредi. Мен бақша жұмысына көмектесемiн.
(41 сөз.)
Қараторғайлар.
Жер тез кептi. Қайыңдардың жұпар иiстi бүршiктерi жарылды. Адамдар бақшаларын қазып жатыр. Жер астынан қаншама құрт, қоңыздар шығып жатыр. Қараторғай молшылық қоршауында. Қараторғайдың бiр күнде қанша зиянды жәндiктердi жейтiнiн бiлесiңдер ме? Ол өз ауырлығындай жауды қырады. Олардың әнiн таң сәулесi ағаштарға түскенде тыңдау керек.
(46 сөз.)
Наурыз.
Наурыз Шығыс күнпарағы бойынша -Жаңа жыл. Наурыз-көктемнiң бiрiншi айы. Адамдар наурызды асыға күтедi. Бұл күндерi барлық адамдар сәндi киiмдi киедi. Бiр-бiрiн мерекемен құттықтайды. Жетi тағамнан наурыз көже пiсiредi. үлкен кiсiлер ақ тiлек бередi. Наурыз-менiң ең сүйiктi мерекемнiң бiрi.
Аққу.
Бұл көлдi «Аққу көлi» деп атапты. Бiз
«Аққу көлiне» жақын келiп тұрдық. Онда аққулар қос-қостан жүзiп жүр. Аққу мойыны ұзын, тiсi аппақ,өте көрiктi, сұлу құс екен. Әне, екi аққу көл бетiнде баяу қалғып жүзiп барады. Аққу-көлдiң көркi.
Көктем.
Көктем келдi. Құстар туған жерге орала бастады. Кеше бiрiншi рет күн күркiредi. Мен найзағай жарқылдағанын көрмедiм. Далада жер жыртып жатыр. Күн жылынды, көк шықты. Жәндiктерге жан бiтедi. Көктемгi демалыста бiз Астанаға бардық. Қорғалжын қорығында қызыл кiтапқа жазылған құстарды көрдiк. Астанаға да тамаша көктем келiптi.
Орман.
Әсеттiң әкесi-орманшы. Бiз Әсеттiң үйiне бардық. Орманды әкесiмен бiрге араладық. Онда неше түрлi ағаштар өседi екен. Орман ағаштарының басында әдемi құстар ұшып-қонып жүр. Әншi құстар да көп. Неше түрлi зиянды жәндiктер де бар. Ағаштарды зиянды жәндiктерден
Орман.
Әсеттiң әкесi-орманшы. Бiз Әсеттiң үйiне бардық. Орманды әкесiмен бiрге араладық. Онда неше түрлi ағаштар өседi екен. Орман ағаштарының басында әдемi құстар ұшып-қонып жүр. Әншi құстар да көп. Неше түрлi зиянды жәндiктер де бар. Ағаштарды зиянды жәндiктерден қорғау керек.
(41 сөз.)
Табиғатты қорғаңдар.
Табиғат-халық қазынасы. Сондықтан, байлығын пайдаланып, қорғай да бiлуiмiз қажет. Саны сиреп,құрып бара жатқан аң, құстарды,өсiмдiктердi де арнайы кiтапқа тiркеу керек. Бұл кiтапты «Қызыл кiтап» деп айтады. Оның қызыл және сары парақтары бар. Қызыл парағына құрып бара жатқан, сары парағына саны аз аз аң-құстар, өсiмдiктер жазылады.
Сауысқан.
Сауысқан - өте айлалы, аса сақ құс. Қасына ешкiмдi жуытпайды. Сауысқанның ұшуы да ерекше. Бұл құстың тағы бiр ерекшелiгi - жылтыр, әшекейлi заттарға әуестiгi. Оның ұясынан әр түстi матаны, қағаздарды, жылтыр шыныларды,түрлi түстi тастарды, күмiс тиындар мен алтын сақиналарды да кездестiремiз. Сауысқан тоты секiлдi, адамның айтқан сөзiн жаттап алады.
Мәншүк Маметова.
Мәншүк Маметова менiң шәкiртiм едi. Оны екiншi сыныптан бастап оқыттым. Бастапқы кезде Мәншүк орыс тiлiн бiлмейтiн. Бiрақ Мәншүк үйренуден,бiлуден жалықпады. Оның бойында қайтпас талап бар едi. Бұл қасиет оған орыс тiлiн тез үйренуге көмектеседi. Мәншүктiң тағы бiр қасиетi-ұстамдылығы. Алдына қойған мақсатын ол табандылықпен орындайтын.
Мамыр.
Мамыр-үшiншi ай. Көктемнiң ең сұлу шағы. Күн жылып, жер бусанып, өсiмдiк құлпырады,төл көбейедi. Құстар ұя салып, балапан шығарады. Қазақтар барлық құстардың балапандарын мамыр деп атайды. Ай аты осы сөзден шыққан дейдi халық. Мамыр -тоқшылық, семiру ұғымды бiлдiредi. Мектептерде де мамыр айында соңғы қоңырау соғылады.
Мақтаншақ бақа
Мақтаншақ бақа 2-сыныпта оқиды. Достарының барлығы оның ерекше мақтаншақ екенін бұрыннан білетін. Бірақ бүгінгі қылығы есте қаларлық болды. Әдебиеттік оқу сабағынан кейін мұғалім оқу қарқынын тексеретінін айтты. Жапалақ мұғалім екінші жарты жылдықта 55-60 сөз оқи алуымыз керек екенін айтты. Барлық оқушылар кітаптарын ақтарып дайындала бастады. Тек қана мақтаншақ бақа осы кезге дейін, көптеген кітаптар оқығанын, ол үшін 60 сөз оқу қиынға соқпайтынын айтты. Мақтаншақ бақаның ойынша,білімді болу үшін, теледидар қарасаң да жеткілікті, кітап
оқып уақыт өткізгеннен не пайда.Жапалақ мұғалім барлық оқушылардың оқу қарқынын тексеріп, жақсы жетістік көрсеткендерін атап өтті. Минутына 144 сөз оқыған аққу, 110 сөз оқитын қарлығаш және 89 сөз оқитын құмырсқа алғашқы орындарды иеленді. Барлық оқушылар оларға қызыға қарады. Мақтаншақ бақа «Мен неткен ақылдымын, бәрібір соңынан санағанда бірінші орын менікі»-деп мақтанды. Досым сен ше? Минутына неше сөз оқисың?
Сүйкімді Ботагөз
Ботагөз әрқашан сабаққа ерекше дайындықпен келеді.Өзі үнемі терең ой құшаында жүреді. Ұстазының әр сөзін байыппен, ерекше ынтамен тыңдап,іштей қайталап отырады. Бүгін мұғалім ерекше тапсырма берді. Оқушыларға «Алтын балық» ертегісін оқып беріп: « Егер сендер алтын балықты ұстап алсаңдар қандай тілек тілер едіңдер,ойларыңдағы армандарыңды қағазға жазыңдар»-деді. Бүлдіршіндер өз арман,тілектерін қуана күбірлесіп жаза бастады. Аздаған үзілістен соң оқушылар жазба жұмыстарын оқып берді. Ержасын маған машина керек десе, Жансулу әдемі қуыршақ сұраймын деді. Жансая үлкен үй сыйласын, мен әкеммен және анаммен сол үйде бақытты өмір сүргім келеді деді. Барлық оқушылар өз ойларын жарысаоқып беріп жатты. Тек қана Ботагоз үндемей отырды. Мұны байқаған мұғалім: «Ботагоз, сен алтын балықтан қандай тілек тіледің?»-деп сұрады. Азырақ үнсіздіктен кейін Ботагоз өз жазғанын оқып берді. «Егер де мен, алтын балықты ұстап алсам,ең бірінші анама денсаулық сұрар едім. Анам ауырып қалса, мен қатты уайымдаймын. Содан кейін әкеме,сүйікті тәтеме де, егер де ата-анам қасымда аман-сау болса, қалғанының бәрі болады»-деді. Мұғалім сүйкімді Ботагозге үлкен сүйіспеншілікпен таңырқай қарады, сыныптастары да үлкен ойға батып кетті.
Ерекше жаңа жыл
2-сынып оқушысы Әкежан анасы мен әкесінің жалғыз баласы болғандықтан, өте ерке болып өсті. Ата-анасы да ерекше мәпелеп айтқанын екі етпейді. Міне көптен күткен жаңа жыл да келді. Әкежан үшін басқа мерекелерден гөрі жаңа жыл сыйлығы мол, тәттіге тоятын ерекеше күн. Ата-анасы былтырғы жылы бағасы қымбат тұратын ұялы телефон сыйлаған болатын. Аяз ата беріп жіберді деп ата-анасы алдаса да, Әкежан сыйлықтың қайдан келгенін жақсы біледі. Биыл да ата-анасына Аяз атадан қандай сыйлық күтетінін алдын-ала ескертіп қойған еді. Бірақ, жаңа жыл күні түні ақ халатты дәрігерлер келіп, анасын алып кетті. Аң-таң болған Әкежан әкесіне: «Әке, менің сыйлығым қайда? Аяз ата мені биыл ұмытып кетті ме? Анам
қайда кетті? Қалай жаңа жылды қарсы аламыз?»-деді жылам- сырап. Сәлден соң телефон шырылдады. Қуана жымиған әкесі: «Сен биыл ерекше сыйлыққа ие болдың , Аяз ата саған іні сыйлады»-деді. Бауырлары бар өзге балаларға ерекше қызғаныш- пен қарайтын, Әкежанның қуанышында шек жоқ. Қатты қуанғаны сондай, қолын шапалақтап секіріп жіберді. Әкежан үшін бұл жаңа жыл ерекше болды. Ол тіпті армандаған сыйлығын ала алмағанына да өкінген жоқ.
БАЛАПАН
Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан атасы мен әжесінің ауылына қыдырып барды. Бірде олар аталарына аула ішіндегі бау-бақшаны арамшөптерден тазартып, ретке келтіруге көмектесіп жүр еді. Арман Нұрланды шақырды.Барса, жерде шиқылдап сары ауыз балапан жатыр екен. Бұл ағаш басындағы ұядан құлап түскен торғайдың балапаны болып шықты. Өзі кіп-кішкентай, жүні жоқ, қызылшақа.Балапан шиқылдай береді.Арман басқышқа мініп, балапанды ұясына қайта салды. Арман мен Нұрлан балапанға қарайлап, үнемі қамқорлық жасап жүретін болды.
ТОРҒАЙ
Бақша арасындағы жолмен аяңдап келемін. Итім алдымда жүгіріп бара жатқан. Ол кенет жүрісін тежеп, құстың иісін сезгендей-ақ төрт тағандап бұға бастады.Мен ілгері жол бойына қарадым. Торғайдың сары жағал, ақ үрпек балапанын көрдім. Ол ұясынан құлап түсіпті…
ҚОРҒАЛЖЫННЫҢ МАҚТАНЫШЫ – ҚОҚИҚАЗ
Қоқиқаздар – дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құстар. Олар Қорғалжын қорығындағыТеңіз көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды. Ол басын суға батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып сүзіп алып қоректенеді. Ұя жасауға да су түбіндегі тұнбаны пайдаланады. Ұшып бара жатқан қоқиқаздың қанаттары лапылдап жанған оттың жалынына ұқсас болғандықтан оларды кей халықтар «от» немесе жалын «құс» деп те атайды. Қоқиқаз топтанып тіршілік етеді
Көмек
Қыстың ашық күнінде Ернар, Айдын, Талғат үшеуі ауыл шетіндегі кішкентай көлшіктің жанына ойынға шықты. Олар қардан аққала жасап, бір-бірімен қар лақтырысып ойнады. Одан кейін үшеуі қатып жатырған көлшікке сырғанақ тебе бастады. Кенеттен көлдің мұзы жарылып, Айдын суға күмп ете түсті. Ол қорыққанынан айқайлап жіберді. Осы кезде Ернар мен Талғат жүгіріп келіп, оған қолдарын созып , судан шығарып алды. Бұл жағдайды естіген Айдынның анасы достарына рахмет айтып, « Міне, нағыз достық осындай болады!»- деді.
Қайырымдылық
Қыстың аязды күні. Бірінші сынып оқушылары, ағайынды Алдияр мен Әли жылы киініп, үйлерінен сабаққа беттеді. Олар әңгімелесіп келе жатырды. Олардың алдында аяғын жайлап басып, қолында таяғы бар қарт әже келе жатырған болатын. Кенет қарт әжейдің аяғы тайып,, құлап түсті. Мұны көрген Алдияр мен Әли сөзге келместен жүгіріп келіп, әжейді екеулеп тұрғызып, қолына таяғын ұстатты. Қарт әжей екеуіне риза болып, « Рахмет, айналайындар. Қайырымды екенсіңдер, » -деп бастарынан сипады.
Туған күн
Бүгін Аяулым үшін ерекше күн. Себебі, бүгін оның туған күні. Анасы Аяулымның туған күніне арнап үлкен торт пісірді. Тортқа әдемілеп «7» деген жазу жазды. Әкесі оған сыйлыққа ертегілер кітабын тарту етті. Туған күнге Аяулымның дос қыздары келді. Олар дастарқан басында Аяулымға тілектерін айтып, әкелген сыйлықтарын тарту етті. Туған күн көңілді өтті.
Қамқорлық
Күз мезгілі болатын. Күн бұлтты, жаңбыр жауып тұр.Түс мезгілінде оқитын Ажар мен Ақжол мектептен шығып, үйлеріне келе жатты. Олар біраз жүргеннен кейін жол бойында бүрісіп тұрған кіщкентай күшікті көздері шалып қалды.Екеуі күшікті аяп, үйлеріне алып кетпек болып келісті. Олар күшікті үйлеріне алып келіп, алдына сүт, тамақ қойды. Кішкентай күшік жылы жерде тамаққа тойып алып, бұйығып, ұйқыға кетті. Екі бала өз істеріне риза болып, бір-біріне жымыңдай қарады.
Су.
Су- табиғатта ең көп таралған, негізгі тіршілік көзі. Су барлық тірі ағзаның құрамында болады. Су болмаса адамдар өмір сүріп, өсімдіктер өсіп, жан-жануарлар тіршілік ете алмас еді. Таза суды көп ішетін адамның өңі жасарып, күш- қуаты артып отырады. Су адамның күнделікті тірлігі үшін де маңызы өте зор. Сондықтан суды үнемдеп жұмсау керек.
Ақтөс
Қанаттың Ақтөс атты иті бар еді. Ол үнемі Қанаттың қасынан қалмайтын. Қанатта иті көрінбей қалса іздей бастайды. Бір күні Қанат көлге шомылуға барды. Көлдің айналасы тыныш, ешкім жоқ. Қанат суға жүгіріп түсіп кетті. Кенет Қанат дем ала алмай суға батып бара жатырды. Осы кезде қайдан келгені белгісіз, Ақтөс жүгіріп келіп, Қанатты іш киімінен сүйреп жағаға шығарды. Есін жинаған Қанат итіне рахмет айтқандай мойнынан құшақтады. Осыдан кейін Қанат итін бұрынғыдан да жақсы көретін болды.
Таныстық
Жалғас мектептен келе жатыр. Бүгін сабақта апайлары ертең сыныпқа жаңадан оқушы келетінін айтты. Кенет ол бұрылысқа жақындай бергенде бір кішкентай қыздың айқайлаған даусын естіді. Жалғас жалма-жан дауыс шыққан жерге жүгіріп жетті. Өзімен жасты қыз балаға үлкен ит шаңқылдап үріп, атылғалы тұр екен. Жалғас қорықпастан қолына тас алып, итке лақтырды. Ит шегіншектеп кетіп қалды. Қыз бала « рахмет» деп жүгіріп кетті.. Келесі күні Жалғас сабағына барды. Апайы жаңадан келген оқушыны сыныпқа әкеліп таныстырды. Жалғас кеше өзі қабаған иттен құтқарған қызды бірден таныды. Қыздың аты Әсел екен. Сабақтан соң Жалғас пен Әсел үйлеріне бірге қайтты.
Аққу –киелі құс.
Аққулар алыс Африкадан көктемде келіп, күзде үшып кетеді. Қазақ халқы аққуларды атпаған. Оны атқан адамды аққудың киесі ұрады деп есептейді. Аққуды нәзіктіктің, сұлулықтың, адалдықтың белгісі деп санайды. Әдемі, сұлу қыздарын аққуға теңейді. Аққулар екеу болып өмір сүреді және жұптарын жазбайды. Біздің Қазақстанда аққудың екі түрі кездеседі.Аққу табиғаттың қайталанбас, сұлу көрінісі.
Аналық жүрек.
Күздің суық бір күні болатын.Мектептен қайтып келе жатыр едім.Үй алдындағы қора ішінен мияулаған мысық баласының әлсіз дауысы
естілді.Көмек сұраған тәрізді.Жақындап қора ішіне үңіліп қарадым.Ол мысықтың баласы екен.Өзі өте кішкентай екен.Оның әлі өздігінен тамақтана алмайтыны көрініп тұр.Аяп,үйге алып келдім.Үйде өзімнің мысығым бар болатын.Ол өте сүйкімді болатын.Оның жүні үлпілдек мамықтай болғандықтан «Мамық» деп атаушы едім.Әкелген бала мысығымды «Мамықтың» бауырына салдым.Ол жатсынбай,өз баласындай жақсы көріп кетті.Мен «Мамықты» бала мысықты өзгенің баласы деп жатсынбай, еміренген аналық жүрегіне қайран қалдым.
Бұлақ басындағы оқиға
Біз жазда малды ауылда жайлауда болдық.Бір күні папам, сіңілім Жанар үшеуіміз қой тоғытуға үлкен бұлаққа бардық.Бұлақтың жан-жағы көк майса шөп.Қойды тоғытып болып,үйге қайтып келе жатқанбыз.Кенет ешкінің бақылдағаны естілді.Дыбысы аянышты шығады.Алғаш онша мән бермеген едік.Бірақ ешкі маңырауын қоймады.Дыбыс шыққан жаққа қарай жүрдік.Байқасақ, бір лақ бақпаққа батып, тұра алмай талпынып жатыр.Папам екеуіміз лақты ұйықтан шығарып алдық.Үсті-басы батпақ-батпақ болыпты.Оны бұлақтың суымен жуып тазарттық.Біз Жанар екеуіміз лақты өлімнен құтқарғанымызға қатты қуандық.
Мейірім
Сабақ түстен кейін басталатын. Күздің жайма шуақ күндерінің бірі еді. Мектепке жайбарақат келе жатқам. Бір үйдің бұрышынан өте бергенде, үрейлене жылаған баланың даусын естідім. Қасына барсам, басы үлкен, құлағы салпиған қара күшік кішкентай қыз баланың жолын бөгеп алған. Шәуілдеп жүргізер емес. Күшікті куып жібердім. Қыз бала жылағанын қойып, риза болды. (50 сөз)
Қорқақтық жараспайды.
Балалардың бәрі Асанды қорқақ деп атайды.Өйткені ол найзағайдан қатты қорқады.Жаңбыр жауып, күн күркірегенде кірерге жер таппайды.Бірде күн бұлттанып, майда жауын сіркіреп жауа бастады.Бір топ бала ауыл сыртындағы алаңда футбол ойнап жатқанбыз.Асан қақпашы еді.Ол дегбірсізденіп, абыржи бастады.Ретін тауып ойыннан шыққысы келді.Сөйткенше болмай, аспан жарқ-жарқ ете түсті.Асанның зәресі ұшты, балалар ойынды тоқтатып,қақпаның жанында үйіріліп тұрды.Асанды найзағайдан қорықпауға, жауынның өткінші екенін айтып сабырға шақырды.Асан үйіне тура жүгіруге балалардан ұялды.Қанша қорықса да, шыдауға бекінді.Біраздан кейін жаңбыр басылды.Ойын қайта жалғасты.
Аю мен бөрене.
Қалың орманды аралап келе жатқан бір аю бал арасына кез болыпты.Ағаш басындағы бал арасына тамсанып, аузынан сілекей шұбырып, оны жегісі келіпті.Аю ағаш басына өрмелеп шығып,ұяға жақындағанда,ілініп тұрған ауыр бөрене оған кедергі жасапты.Балға ұмтылған аю оны итеріп жіберді.Әрі серпілген ауыр бөрене өз салмағымен қайта оралғанда аюдың басына сарт ете қалды.Қара күшіне сенген өжет аю ашуланып одан бетер қатты итерді.Аюдың құлағы шыңылдап, басы айналды.Бұған ызаланған аю күшімен бөренені үшінші рет итеріп жібергенде,қайта оралған бөрене аюдың басын қақ айырып, ағаштан ұшырып түсірді.
Жолда.Бұзауымды өріске айдап тастап,үйге қайтып келе жаттым.Жолдың жиегінен қыбырлап кетіп бара жатқан тышқанның баласын көріп, тұра ұмтылдым.Ол жан сауғалап шөптің арасына кіріп кетті.Аяғымды дыбыссыз басып барып қарасам,жапырақтың арасында бұғып, көзі жылт-жылт етіп бүрісіп жатыр.Бұл-менен жасырынған түрі, Шыбын-жанын қоярға жер таба алмай дір-дір етіп, ажалды күтіп жатқан тышқан баласының мүшкіл халі маған өте аянышты көрініп кетті.Таптап тастамақ болып көтере берген аяғымды кейін тартып алдым да, бұрылып жүре бердім.Кетіп бара жатып артыма қарасам, тышқанның баласы да жасырынған жерінен шығып,әрі қарай жорғалап барады екен.
Тоғайда
Балалар тоғайға барды. Олар тоғайда гүл, жидек терді. Тоғай жанында өзен бар. Балалар өзеннен балык аулады. Тоғайда құстар сайрап, аралар ұшып жүр. Балалар жақсы тынықты. (25 сөз)
Емші құмырсқалар.
Күн ыстық, көптен жаңбыр жаумай тұр.орман ішінде саңырауқұлақтар болар-ау деген оймен, себет ала шыққанмын.Аралап келемін, ештеңе кезіге қоймады.Қалың ну арасынан бір алаңқай көрінді.Соған таяндым.Мұндай жерден ылғи да бір құбылыстар ұшыратуға болады,үстінен тұстім.Сондағы құмырсқа илеуіне бір қара қарға аунап жатыр.Бұл не? Әлде жараланып, илеуге жығылған соң,құмырсқалар талап жатыр ма? Байқаймын, олай емес.Қарға біресе бір жамбасына, біресе екінші жамбасына аунап түседі де, күнге аунаған тауықтай рахаттанып сілкініп-сілкініп қояды.Құмырсқа жабыла таласа да, соған шыдап баққан тәрізді.Қара қарға онымен қоймай,құмырсқаларды тұмсығымен іліп алып,қанатының астына тығады.Қарға бірнеше минут осылайша құмырсқа илеуінде жатты да, бір бұтаққа барып қонды.Сонан соң шаңды бұрқырата әбден сілкініп алды да,қауырсындарын тарақтап болып ұшып кетті.Қара қарға сияқты басқа құстар да өз денесіне қан сорғыш насекомдарды құрту үшін құмырсқа илеуін
осылайша емхана ретінде пайдаланады.Ал құмырсқа илеуіндегі қышқыл да,қан сорғыш насекомдарды жойып жібереді. Құмырсқа – құстардың нағыз емшісі.Бұл да табиғат қажеті.
Ақ тоқаш.
Түс кезі.Екі дос мектептен қайтты.Қызу әңгімелесіп, тым көңілді келеді.Екеуінің қолында ішінде шұжығы бар ақ тоқаш.Сөз арасында ұрттары бұлт-бұлт етіп,қаужалап қояды.Қажыкен нанның бір кішкене қалдығын қағазға орап, сөмкесіне салып қойды.Ал Болат өзі тойғаннан кейін тоқашының қалғанын бір кескен шұжығымен жолға қарай лақтырып жіберді.Оның үстіне тоқашты доп етіп теуіп,қуалай жөнелді.Нанды домалатып біраз жерге апарып тастады.Қажыкен досын қуып жетіп, оған ұрысты.Ағыл-тегіл байлық, мыңдаған адамдардың еңбегі, маңдай тері соны бағалай біліп, нанға ұқыпты қарау керек екендігін түсіндірді.Қателігін кеш түсінген досы басын төмен салып, артта ілбіп келе жатты.
Қазақстанның рәмiздерi.
Қазақстан егемендi ел. Мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi. Бiздiң елiмiзде көптеген ұлттар тұрады. Қазақстанның рәмiздерi өте әдемi. Елтаңбасы, жалауы ерекше. Қазақстандықтар әнұранды бiлу керек. Қазақстанның бас қаласы – Астана. Он алтынша желтоқсан – Тәуелсіздік күні.
(32 сөз)
Алтын адам.
Астанада мұражайлардың түр-түрі бар.Балалар мұражайларды аралап, көп қызықтады,әсіресе археология мұражайына жасалған экскурсия оларға қатты ұнады.Мұражайдағы экспонаттар қазіргі Қазақстан жерінде ерте замандарда қандай тайпалар мекендегенін білдіреді.Археологтар табылған еңбек құралдары, ыдыстар,әшекей бұйымдарға қарап біздің ата-бабаларымыз қалай өмір сүріп, немен шұғылданғандарын анықтап отыр.Балалар бір экспонаттың жанынан көпке дейін кетпеді.Онда жас ханзада-сақ жауынгерінің бастан-аяқ әдіптелген киімі қойылған.Оның дулығасы мен кіреуке сауытын көне зергер аңдардың,құстардың, ағаштардың,таулардың суретін бейнелеп жасаған алтын табақшалармен әшекейленген.Осы жауынгер киімі Есік қорғанында екі мың жылдан астам уақыт жатса да, күні бүгінге дейін жақсы сақталған.
Алматы апорты.
Алматы апортының өзіндік тарихы бар.Өткен ғасырдың орта шамасында Алматыға Орал уезінен Редько деген шаруа көшіп келді.Ол от-арбамен
Алматыға бір жыл жол жүріп жеткен екен.Ол Оралда апорт алмасын өсірген.Соның бір жаз бұтағын құмыраға отырғызып, баптап-күтіп ала келеді.Алматы жеріне отырғызады.Әлгі бұтақ аз жыл ішінде үлкен алма ағашына айналып, жеміс береді.Бір ғажабы, жаңа қонысында біл апорт көлемі мен дәмі жағынан өзінің ата-мекеніндегі күйінен әлдеқайда асып түседі.Сөйтіп, ойда жоқта апорттың жаңа сорты пайда болып, көбейтілді.Жер шарында Алматыдан басқа жерде мұндай апорт түрі өспейді.
Түнгі шайқас.
Түн.Қараңғылық қоюлана түскен шақ.Жапалақтап қар жауып тұр.Колхоздың озат жылқышысы Қасен қарт үйірлі жылқыны түнгі тебінге айдап шыққан.Жылқылар кенет үріккендей болды.Қасен сескеніп қалды.Мылтығын оқтай салып,Жылқының үріккен шетіне қарай шапты.Жеті қасқыр жылысып келе жатыр.Жыртқыштар үйірге таянып қалыпты.Жағдай қиын,өйткені,қасқыр жетеу, ал Қасеннің оғы үшеу-ақ.Халықтың малын бұдан қалай құтқарып алу керек ?Қасен не де болса бар қаруымен, бар оғымен қайрат көрсетуге бекінді.Қасқырлардың алдында келе жатқан арлан қасқырдың дәл маңдайынан тигізіп қалпақтай ұшырды.Қалған бесеуі бөлтіріктер екен.Олар қашып кетті.Жылқыларды аман алып қалғаны үшін Қасенге сыйлық берілді.
Еділбай қойы.
Ерте кезде Каспий теңізінің жағасында Еділбай деген жас қойшы болады.Ол бала күнінде күнде әкесімен бірге бетпақ далада қой жайысады.Қойларының денесі кішкентай, жүні аз, еті татымсыздау екен.Бір күндерде қойларының ішінен салмағы сегіз пұттық,үлкен құйрықты қойлар кездеседі.Тегі,басқа бір жерден адасып келіп қосылса керек.Еділбай бұл қойларды жеке бағады.Қойлар тез көбейе бастайды.Кейіннен бүкіл Қазақстанға тарайды. Оны халық «Еділбай қойы» деп атап кетеді.Қазақы тұқымды Еділбай қойы шөлейт далаларда қыс бойы қар астындағы шөпті теуіп жейді.Бұларға шөпті көп жинаудың қажеті жоқ.Құйрығының өзі он-он бес килограмм тартады.Саулықтары көбінесе егіз қозы табады.Мал шаруашылығы үшін Еділбай қойының маңызы зор.
Қарлығаш пен торғай
Қарлығаш ұя салды. Дайын ұяға торғай орналасып қалды. Торғайға қарлығаштың жалғыз өзінің шамасы келмеді. Ол көмекке басқа қарлығаштарды шақырды.Қарлығаштар түгел жиналды. Олар ұядан
торғайларды қуып шықты. Сөйтіп, қарлығаш өз ұясына қайтадан қоныстанды. (33 сөз)
Алғашқы күні
Бүгін білім күні. Әсел мектепке жиналды. Киініп айна алдына келді. Өзін тәртіпке келтіре бастады. Өзіне-өзі қарап ұзақ тұрды. Бантигінің байлауын шешіп, қайта байлады. Содан соң қуанышы қойнына сыймай, сөмкесін асынып, сыртқа шықты.Уақытын өткізіп алғанын енді аңғарды. Жүгіре басып мектепке келді. Алғашқы күні сабаққа кешігіп қалғанына қатты өкінді. (47 сөз)
Жаңбыр мен найзағай
Бұлт үстінде жаңбыр рақаттанып ұйықтап жатады. Найзағай жасырынып оған жақын келіп, қатты бақырып жібереді. Осы кезде шырт ұйқысынан оянған жаңбыр жылап қоя береді. Оның көз жас жерге құйылады.Ал адамдар мұны жаңбыр жауды деп ойлайды. Дала мен шабындық жуынып апады. Бидай мен шөптер де жуынады. Бұлт жылауын қойса, жаңбыр да тыйыла қалады. (55 сөз)
Алғыс
Биыл қар қалың түскен еді. Бірақ көктем шығысымен, күн тез жылынды, Қар еріп, сарқырап су аға бастады. Түс мезгілінде, сабақтан қайтқанда өткел іздеп, сай жағалап жүргеніміз.Балалар арнасы тарлау жерден кешіп өтті. Ең соңында кішкентай екі қыз тұрып қалды. Бойшаңдауы оп-оңай секіріп өтті де, қолын созды. Қыздар аман есен өтті. Балалар қуана-қуана үйлеріне жетті. (57 сөз)
Менің лағым
Ол - ешкінің төлі. Мен лағыма «Қаңтаркөк» деп ат қойдым. Оған жапырақ, шөп беремін. Өзі сүйкімді, әрі жақсы. Қаңтаркөк деуімнің себебі, ол қаңтардың сегізі күні туды. Лағым өте нәзік болатын. Оған шөп берсем, тіземе мініп, кольмдағы шөпті жеп қояды. Мен оны өте жақсы көремін. (44 сөз)
Түлкі мен ешкі
Бір түлкі далада жортып келе жатып еді. Ол байқаусызда апанға түсіп кетті. Апан терең екен. Түлкі одан шыға алмады.С


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет