Соңы 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата31.03.2017
өлшемі3,87 Mb.
#10710
1   2   3   4   5   6

Оңтүстік Қазақстан облыстық 

прокуратурасының баспасөз қызметі

Шымкент қаласындағы ИЧ 167/11 түзеу мекемесінде 400-ден 

аса адам жазасын өтеуде. Олардың 9 пайыздан астамы нәзік жан-

дылар. Мекеменің ішінде, сондай-ақ, кәмелет жасына толмаған 

жасөспірімдер де қамалған. 

Кейінгі кезде бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеумет-

тік желілерде сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс 

жасаған күдіктілерге қатысты қолданылатын кепілге қатыс-

ты айтылатын пікір көп. Ойын айтушылардың басым бөлігі 

кепілдің лауазымға немесе біреулердің араласуы арқылы 

қолданылып жатқанын айтып жұртшылықты шатастыруда. 

2015 жылдан бері қолданылып келе жатқан жаңа Қылмыс-

тық-процестік кодекстің 145 және 148-баптарының талапта-

рына сәйкес, кепіл  аса ауыр санаттағы қылмыс жасағандарға, 

жәбірленушінің өліміне әкеп соққанда, қылмыстық топтың 

құрамында, террористік және (немесе) экстремистік қылмыс-

тар жасады деп күдік келтірілген адамдарға қолданылмайды. 

сонымен қатар, күдікті, айыпталушы сот ісін жүргізуге ке-

дергі жасайды немесе тергеуден және соттан жасырынады 

деп пайымдауға жеткілікті негіздер бар болса кепіл қоюға 

рұқсат етілмейді.

Осы аталған жағдайлардан басқа барлық қылмыс түріне, 

соның ішінде, сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс 

жасаған күдіктілерге қатысты кепіл қолдануға заңмен тыйым 

салынбаған, оның мөлшері қылмыстың ауырлығына байла-

нысты.


сонымен қатар, тергеу судьясының жоғарыдағы аталған 

заңмен белгіленген тыйым салынған жағдайларды қоспаған-

да, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау 

туралы қаулы шығара отырып күдіктіге немесе айыпталушыға 

кепіл мөлшерін айқындай алатыны заңмен міндеттелген. Ке-

піл мөлшері айқындалған сот қаулысы орындалған жағдайда 

күдікті ешқандай кедергісіз бостандыққа шығуға құқылы.

соңғы 2 жылда жаңа заң талаптарын жүзеге асыру мақ-

сатында және Бас прокуратураның бастамасымен жүзеге 

асырылып жатқан «Түрме халқын азайтудың он шарасы» 

жобасының аясында басқа бұлтартпау шараларының ішінде 

«кепіл» де күдіктілерге кеңінен  қолданылуда. Егер 2013-

2014 жылдары республика бойынша кепілдің үлесі жалпы 

қолданылған бұлтартпау шараларының ішінде тек 0,6 мен 5,2 

пайыз аралығын құрап келсе, 2015 жылы ол 50 пайызға жуық 

жағдайда қолданылған, ал, биыл бұл көрсеткіш 60 пайыз 

төңірегінде.

Кепілді кеңінен қолданудың арқасында мемлекет тара-

пынан қылмыскерлерді күзетпен ұстауға кететін шығындар 

миллиондаған теңгеге үнемделуде және де пенитенциарлық 

жүйенің ауыртпалығы айтарлықтай төмендеді. Биылғы жыл-

дың 8 айының өзінде облысымызда ауыр қылмыстар жасады 

деген күдікпен ұсталып, кейіннен кепіл қолдану арқылы 403 

тұлға уақытша ұстау абақтысынан босатылған.

үкіметпен бекітілген тәртіпке сейкес, тергеу изоляторын-

да ұсталатын 1 қылмыскерге күніне бюджеттен 1 954 теңге 

жұмсалады, егер де жоғарыда кепіл қолданылған 403 тұлғаны 

заңмен белгіленген 2 ай бойы тергеу изоляторында ұстаған 

жағдайда мемлекеттен 47 млн 200 мыңнан астам қаражат 

жұмсалатын еді. Қылмыстық істің ауқымдылығына байла-

нысты кейбір күдіктілерді 6 айға дейін қамауда ұстауға тура 

келетін кездер болатынын айта кету қажет. сондықтан, кепіл 

қолданудағы заңдылық қашанда болса прокуратура органда-

рының қадағалауында, негізділігі мен тиімділігіне күмән жоқ.

Б.БЕРДІБЕКОВ,

Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы 

сотқа дейінгі қылмыстық процестің заңдылығын 

қадағалау басқармасының бастығы 

Үлкен қылмыстар 



ұсақ-түйектен басталады

лып, тиісті хаттамалар толтырылды. 

сонымен бірге, белгіленбеген жерден 

жолды кесіп өткен 66 жаяу жүргіншіге 

қатысты да әкімшілік шаралар көрілді. 

Көпшілік азаматтар, әсіресе, жаяу 

жүргіншілер жол қауіпсіздігіне қа-

тысты ережелерді толық білмеуі не-

месе біле тұра оны сақтамауы мүмкін. 

Бірақ,  білместік  жауапкершіліктен 

құтқармайды. Алдағы уақытта мұндай 

заңбұзушылықтар қайталанбас үшін 

Жергілікті  полиция  қызметкерлері 

тарапынан азаматтардың құқықтық 

танымын кеңейту, құқықтық мәдени-

етін арттыру және тәртіпсіздік пен 

ұсақ құқықбұзушылықтарға «нөлдік 

төзімділік» қағидатын қалыптастыру 

мақсатында 56 дөңгелек үстел, 8 бри-

финг, 18 семинар өткізілген. Ал, білім 

беру ұйымдарында 188 дәріс оқылып, 

тұрғындармен 131 мәрте кездесу өт-

кізілген. «Бұл бағыттағы жұмыстар әлі 

де жалғасын табады», – деп  сендіреді 

тәртіп күзетшілері.

Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, 

«Заң газеті»

ОңТүсТіК ҚАзАҚсТАн ОБлысы



Шымкентте мүгедектердің тұрмысын 

жақсарту мен оларға қол ұшын созу мақ-

сатында «Біз біргеміз!» қайырымдылық 

акциясы өтті. Облыстық прокуратураның 

бастамасымен ұйымдастырылған  шараға 

облыс әкімдігі,  осы салаға жауапты басқар-

малар, жергілікті кәсіпкерлік палатасы бір 

кісідей атсалысты. Өңірдің бірқатар кәсіп-

керлері демеушілік жасап, акцияның жоғары 

деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты. 

қамкөңіл  жандар 

қолдауға зәру



«кепіл» — бұлтартпау шарасының 

қолданылу тәртібі



сауат ашу 

бөлмесі ашылды

Аяғын шалыс басқанымен, олар 

да қоғамның бір мүшесі. сондықтан, 

жазасын өтеушілердің барлығы мем-

лекет қамқорлығына алынған. Мұн-

да күніне 3 мезгіл тамақ беріліп, 

аптасына екі мәрте моншаға түседі. 

Рұқсат етілген мерзімде туыстары-

мен қауышып, бір жадырап қалады. 

Жеңіл  жазамен  сотталғандар  қол 

қусырып қарап отырмай, жұмыспен 

шұғылданып, түрменің шаруашылық 

бөлімінде еңбек етеді. Ол да болса 

тағдырдың жазуымен жазасын өтеп 

жүргендердің көңіліне медеу болаты-

ны анық.

Жасыратыны  жоқ,  бұрындары 

жазасын  өтеушілер  өз  шағымын 

қорғаушысы арқылы жеткізетін. Ол 

кезде алдымен қорғаушымен  ақылда-

сып, кейін өтінішін қағазға түсіретіні 

белгілі. сол екі арада біраз уақыт 

жоғалтатын. Енді міне, ол қиындық 

та артта қалды. 

Жуырда Оңтүстік Қазақстан об-

лыстық прокуратурасының бастама-

сымен мекеменің ішінен құқықтық 

сауат ашу бөлмесі ашылды. Онда  

сотталушылар мен айыпталушылар 

бір сәт демалып, психологтармен сөй-

лесе алады. сонымен қатар, бөлме қа-

жетті заманауи құрал-жабдықтармен 

жарақтандырылған. 

Бостандығы шектелген азамат-

тардың қаз-қатар қойылған компью-

терлерді қосып, еліміздегі заңнама-

лармен танысуына жағдай жасалған. 

Түрмеге тоғытылған азаматтың қан-

дай баппен айыпталып жатқаны, оған 

қандай жаза қарастырылатыны, бәрі 

көрсетілген. Яғни, жазасын өтеу-

шілер мұнда заң алдындағы өзінің 

құқықтарымен танысып,  құзырлы 

органдарға арыз-шағым жолдай ала-

ды. Ол үшін барлық мекеменің мекен-

жайы көрсетілген арыз үлгілері ілініп 

тұр. Жазылу тәртібін қиналмай-ақ 

табуға болады. 

Бұл бөлмеге, сондай-ақ, түрлі қо-

ғамдық ұйымдардың өкілдері келіп, 

қабылдау өткізуіне мүмкіншілік бар. 

Мұнда олардың телефондары да то-

лық  жазылып, көрсетілген. 

Бөлменің  ашылу  салтанатына 

қатысқан облыстық прокуратураның 

басқарма бастығы Ермек Әйтімов жа-

засын өтеушілерге бірқатар заңнама-

ларды түсіндіріп, кез келген жағдай-

да  сотталушылардың  құқықтары 

қорғалатынын атап өтті. сондай-ақ, 

сотталушылар тарапынан жазылған 

арыз-шағымдар заң аясында қарала-

тынын ескертті. 

Айта кететіні, осындай бөлмелер 

енді облыс аумағындағы барлық түзеу 

мекемелерінен ашылмақ. Бірқатарын-

да дайындық жұмыстары жүргізіліп 

жатса, енді бір түрмелерде босаңсу 

бөлмелері ашылуға дайын. 



Бағлан ӘЛи,

Оңтүстік Қазақстан облыстық 

прокуратурасының 

басқарма прокуроры

5

zangazet@maiI.ru



№114 (2892) 

14 қазан 2016

СӘТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ



(Соңы. Басы 1-бетте)

– Берік Құттыбайұлы, Педагоги-

калық шеберлік орталығы қандай 

қажеттіліктен құрылды, жалпы жұ-

мысына тоқталсаңыз.

–  Мемлекет  басшысы  «Жалпыға 

ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» 

бағдарламасында 2020 жылға қарай жал-

пы білім беретін мектептерді Назарбаев 

зияткерлік мектептеріндегі оқыту дең-

гейіне жеткізуді, оқушыларды сындарлы 

ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең 

талдауға машықтандыруды айтты. Және 

еліміздегі 120 мың педагогты 2012-2017 

жылдар аралығында деңгейлік курс-

тардан өткізуді тапсырды.  Орталық осы 

тапсырманы жүзеге асыру, ел мұғалім-

дері мен мектеп басшыларын жалпы 

әлемде болып жатқан жаңа әдіс-тәсілдер-

мен таныстырып, тәжірибе алмастыру 

мақсатында  құрылды.  Жаңартылған 

бағдарлама бойынша 12 жылдыққа кө-

шудеміз. Осы себепті  біздің ең алғашқы 

жұмысымыз деңгейлік курстарға бағдар-

лама жасаудан басталды. Бағдарлама үш 

деңгейге, яғни, біріншісі – қоғамдас-

тықтағы көшбасшылық, екіншісі – мек-

тептегі көшбасшылық, үшіншісі – тиімді 

оқытуға бөлінді. Негізінен, үшінші дең-

гейде мектеп мұғалімдерінің сыныптағы 

жұмыстары, жеке басындағы өзгерістері, 

екінші деңгей әріптестерімен жұмыс жа-

сау, ал, бірінші деңгейде педагогикалық 

кеңістікте бірлесіп жұмыс жасау, яғни, 

басқа мектептермен байланыс орнату 

шаралары жан-жақты қарастырылады. 

Алғашқы кезде Назарбаев зияткерлік 

мектептері мен орталық бағдарламалары 

Кэмбридж университетімен бірлесіп жа-

салды. Өйткені, аталған университеттің 

өзіндік тарихы бар, олар бүкіл әлемде 

болып жатқан жаңалықтарға талдау жа-

сап отырады. 

– Батысқа еліктейтіндігімізге қа-

тысты түрлі сыни пікір бар. Сіздің бұл 

тұрғыдағы ойыңыз?

– Педагогикалық кеңістік бір ғана 

елдің белгісімен өлшенбейді. Бұл да бір 

мәдениет сияқты. Мәдениеттің алатын, 

алмайтын жағы бар. Сол секілді педаго-

гикада да қолымыздан келетін, өзімізге 

сай дүниелерді жасауға тиіспіз. Мысалы, 

біз бағдарлама жасау барысында әлем-

дегі алдыңғы мемлекеттер Жапония, 

Финляндия, АҚШ, Англия мектептерінің 

қандай жақсы жақтары, мұғалім мен 

оқушы арасындағы қарым-қатынас, оқы-

тудың жаңа тәсілдері бар – осыларды са-

раладық. Бүгінде әлемде «Лессон стади» 

атты қауымдастық бар. «Лессон стади» 

– сабақты зерттеу дегенді білдіреді. Қа-

уымдастық құрамында 18 мемлекет бол-

са, Қазақстан соның 18-іншісі. Бұрынғы 

Кеңестер Одағы, социалистік мемле-

кеттер ішінде еліміз қауымдастыққа ең 

бірінші болып енді. 

Лессон стади Жапониядан бастала-

ды. 2013 жылы жапон мұғалімдерінің 

сабақты қалай оқыту қажеттігін зерттей-

тінін көрдім. Мәселен, бізде мұғалімдер 

сабаққа – түнде, үйде, жалғыз дайында-

лып, күндіз уақыт жетпейтінін алға тар-

тады. Бірақ, уақытты таймермен өлшеп 

көрген жоқпыз. Бір мектепте экспери-

мент жасадым. Соны матрицаға салған 

кезде шынымен де күндізгі уақыттың 

көбісі бос кететіні анықталды. Мысалы, 

күніне 3-4 сабақ өтеміз. Қалған уақыт-

та мұғалімдер тексерістің көбін, тіпті,  

прокуратураға дейін келетінін айтады. 

Алайда, қанша мұғалімнен сұрадым, 

соның бірде-біреуі мектептен прокурор 

көрмеген. Прокурордың келетінін ди-

ректордан естиді. Сол сияқты тазалық, 

өрт қауіпсіздігін сақтау мекемелері қыз-

меткерлері де мұғалім сабағын бөліп, 

уақытын алмайды. Арнайы мамандардың 

өз міндеттері бар. Бірі асханадағы т.б. 

жердегі тазалықты тексереді. Сырттан 

келетіндер, журналистер болсын мектеп 

басшысының уақытын алуы мүмкін. 

Олар әр мұғаліммен жолығып жүрмейді. 

Сондықтан, сабаққа дайындалу мәде-

ниетін күндіз мектепте бірлесе отырып 

қалыптастыруға мән берудеміз. 

Біз ағылшындармен тығыз жұмыс 

жасаймыз. Шәмшия Көпбайқызы (Бер-

кімбаева) «біз шетелдіктерден үйреніп 

қана қоймауымыз керек, олар да бізден 

үйренсін» дегенді жиі айтады. Шетел-

діктер біздегі мұғалім мен оқушы ара-

сындағы қарым-қатынасқа таңғалады. 

Оқушылардың мұғалімді сыйлауына 

сүйсінеді. Үлкенді сыйлау біздің қаны-

мызда бар.



– Лессон стади әдісін мысал етіп 

отырсыз, оның қандай артықшылығы 

бар?

– Лессон стади әдісі сабаққа бір-

лесіп дайындалуға, жоспарлауға әкеледі. 

Өте тиімді әдіс. Бір немесе бір-біріне 

жақын пәндердің мұғалімдері жиналып, 

сабақты бірге жоспарлайды. Мысалы, 

әрқайсысының өз тәжірибесі, тұжырымы 

т.б. бар, соларды бөлісу арқылы сабақ 

жоспарын жасайды. Сабақты бірге тал-

дайды. Лессон стади қазір біздің тәжіри-

беге еніп жатыр. Ағылшындар, жапондар 

да осындай жақсы әдіс барын жария етті. 

Бүкіл әлем осы әдісті зерттеді. Жапония 

оқушылары бір-бірін өте жақсы тыңдай-

ды. Сабақта шыдамды. Өзім куә болған 

жайт, 1-сынып оқушысы сабақ айтуға 

қолын көтеріп, тұрғанымен 30 секунд 

үндемеді. Мұғалім де, оқушылар да 30 

секунд сілтідей тынып, баланың аузына 

қарады. Жапон мұғалімдері оқулықтағы 

тапсырмаларды бала санасына сіңіруді 

міндет етпейді. Олардың басты мін-

деті – бала бойындағы қабілетті, ойлау, 

сөйлеуін дамытып, тыңдауға тәрбиелеу. 

Бізде оқушылар физиологиялық жағынан 

емес пе, бұл тұрғыда қандай шаралар 

жасалуда?

–  Бастауыш  сынып  мұғалімдері 

биылғы жазда үш апталық курстан өтті. 

Жаратылыстану пәні арқылы 1-сынып 

баласын зерттеушілікке үйретудің, сол 

арқылы кішкентай нәрседен ой түюге 

баулудың маңызы зор. Жапон мектеп-

теріне таңғалатыным, сабақ айту үшін 

барлық бала қол көтереді. Себебі, барлық 

адамда ой бар. Сол ойын айтуға мүмкін-

бар жасауды балаға мектептен үйретеді. 

Мектепте тазалықшы немесе кітапха-

нашы штаты жоқ. Бәрін оқушылардың 

өздері істейді. Себебін олар жұмысшы-

лар ұстайтын қаржының жоқтығымен 

байланыстырады. Еңбекке баулу мақса-

тында балаларға бірінші сыныптан еден 

жуғызады. Олар күрделі жөндеу жасау 

үшін қаржы күтіп отырмайды. Мысалы, 

бізде мектептердің әрқайсысының айна-

ласында екі гектар жер бар. Соны қалай 

пайдалануды білмейміз, шаңы шығып 

жатыр.  Ал,  жапондар  спорт  алаңын 

мектептің төбесіне жасаған. Олар бала 

неге шулайтынын да зерттейді. Мәселені 

бірлесіп шешеді. Баланы оқыту арқылы 

ойлануға тәрбиелейді. 

– Біз бұл деңгейге қашан жетеміз?

–  Ол  үшін  мұғалім  де  бұрынғы 

дәстүрлі оқудан кетуі керек. Бұл бір ай 

немесе бір жылда өзгермейді. Бірақ, сең 

қозғалып, басы басталды. Бірақ, бастала 

сала өзгереді деуге тағы болмайды. Ке-

лесі жазда 5-7 сынып мұғалімдерін курс-

тан өткіземіз. Қазір тарих, математика, 

физика, химия, информатика, география 

пәндерінен тренерлерді мұғалімдердің 

ішінен таңдап жатырмыз. 

– Мүмкін, деңгейлеп оқытуды бола-

шақ мұғалімдерден, яғни, бірінші курс 

студенттерінен бастау керек шығар?

– 68 бағдарламаның ішінде педа-

гогикалық жоғары оқу орындарының 

студенттеріне арналған бағыт бар. Бұл 

туралы сауалнама да алынды. Студенттер 

4 жылда алмаған білімін осы курста алға-

нын айтты. Бағдарламаны министрлік 

қолдады. Және біртіндеп педагогикалық 

мамандықтарға енгізуде. Біз мектеп ди-

ректорларымен тығыз жұмыс істейміз. 

Басшылар университетте осы курсты 

оқыған жас мамандардың дайын екенін 

айтады. Меніңше, бір-екі жылда бұл 

нақты пән болып енеді. Алматы қаласын-

да Абай атындағы ҚазҰУ, ҚызМемПУ 

және Абылайхан атындағы шет тілдер 

университетінде оқытылады. Студенттер 

жаңа әдіс-тәсілдер бойынша оқытудан 

хабардар. Бұл өзгерістің нәтижесі алдағы 

уақытта белгілі болады. 

доллар. Біздің ақшамен салыстырғанда 

көп болғанымен, өздерінде жеткіліксіз. 

Өйткені, онда бір бөлке нанның бағасы 

– 600, метроға кіру – 250 теңге. Олар 

телефонмен сөйлеспейді. Себебі, оған 

кететін қаржысын үнемдейді. Ал, бізде 

жағдайы жоқ мұғалім жалақысының 10 

пайызын ай сайын телефонға жібереді. 

Мұғалімнің статусын өзіміз жасауымыз 

керек. Ол үшін білім-білік деңгейіміз 

бен мәдениетімізді көтеріп, қоғамдағы өз 

орнымызды көрсетуге тиіспіз. Сонда ай-

наладағылардың да сый-құрметі артады. 

Әрине, заңды түрде белгілі бір мүм-

кін діктер, сақтандыру, еңбекақы, құқық-

тар мен міндеттер нақтылануы қажет. 

Дейтұрғанмен, беделді заңмен көтере 

алмаймыз. Мысалы, 300 мың жалақы ала-

тын мұғалім табысына сай өзгерсе, басқа-

лар соған ұмтылар еді. «Рәт» сүресінде: 

«Адам өзін-өзі өзгертпейінше, Алла оған 

ешқандай өзгеріс әкелмейді», – делінген. 

Өзгерісті өзімізден бастауымыз керек. 

Мұғалім қағазбасты дейміз. Мысалы, 

жапон мұғалімдері де таңертеңнен кешке 

дейін қағаздың астында отырады. Бізде 

ондай қағаз жоқ. Сондай-ақ, журналист, 

басқа мамандық иелері де қағазбен жұмыс 

істейді. Айлықтары да сол шамада. Олар 

өздерін мұғалімдер сияқты соншалықты 

төмен көрсетпейді. 

– Білім саласы реформадан көз 

аш пай келеді. Солардан мектептер өз­

геріп жатыр ма? 

– Мектепті көп жағдайда реформа 

емес, оның басшысы мен мұғалімдері өз-

гертеді. Олай дейтінім, мектепті әдемілеп 

салып қойғанымен, мұғалім өзгермесе, 

ол өзгермейді. Біз материалдық құн-

дылыққа жүгіреміз. Интерактивті тақта 

болғанымен, оны мұғалім меңгермесе не 

пайда? Сондықтан, алдымен мұғалім өз-

геруі керек. Реформа қашанда керек, бүкіл 

әлемді таңғалдырып отырған Финляндия-

ның өзі 2020 жылға қарай тағы реформа 

жасамақшы. Жапондар әр 10 жыл сайын 

реформа жасайды. Олардың реформалары 

бірінен-бірі туындап, бірін-бірі жалғасты-

рады. Бізде де 12 жылдықтың негізі бұдан 

15 жыл бұрын басталды. Айтып отырған 

деңгейлік курстар соның соңғы жалғасы. 

Бұл жаңалық емес. Бізде де реформалар 

жүйелі жүруде. 



– Әңгімеңізге рақмет.

Түймегүл ИБАШЕВА,

«Заң газеті»

Берік АСУБАЕВ, география ғылымының кандидаты, Назарбаев зияткерлік мектептері Педагогикалық шеберлік орталығының

Алматы қаласындағы филиалының директоры:

«МЕКТЕП БАҚЫТ  МЕКЕНІ 

БОЛУЫ КЕРЕК»

сау, бірақ, бір-бірін тыңдағысы кел-

мейді. Тыңдау дағдысы негізінен сабақ 

барысында қалыптасады. Бала өз ойын 

тұжырымдап айта алатын деңгейге же-

туі тиіс. Бүгінгі мектептің мақсаты осы 

болуы керек. 

Баланы көп оқыту шарт емес, оған 

қалай оқу керектігін үйреткен абзал. 

Сонда ол өз бетінше білім алуға бейімде-

леді. Осының бәрі сабақта жүзеге асады. 

Мұны айтып отырғаным, біз бәріне бас 

шұлғи беретін тұлғаны қалыптастыру-

дан аулақ болғанымыз жөн. Бізге өз ойы 

бар, оны айта және дәлелдей алатын 

азаматтар керек. Баланы сабақ үстінде 

қарым-қатынасқа үйретпесек, ол өмірде 

қандай болмақ? Мысалы, топтап оқыту 

әдісін алайық.  Жоғары оқу орнында 

4-курс студенттерімен топтық жұмыс 

жүргіздім. Сабақтан кейін бір студент: 

«Ағай, сенесіз бе, мен топтық жұмыстың 

арқасында 4 жыл бойы дауысын естіме-

ген курстасымды таныдым», – деді. Төрт 

жыл бойы сөйлеспеген курстасымен 

топтық жұмыс барысында пікірлесіп, ол 

баланың өзіндік ойы барын білген. Педа-

гогикалық мамандықтың өзі – адамдар-

мен қарым-қатынас. 

– Топтап оқыту тәсілі біздің мек-

тептерде қалай жүзеге асуда?

– Алматы қаласында осы тәсілмен 

№15 мектеп оқушылары оқытылуда. 

Пилоттық мектепте жаңартылған бағдар-

лама  бойынша  1-сынып  балаларына 

эксперимент жүргізілді. Мұғалімдермен 

жұмыс жасадық, өте жақсы қабылда-

ды. Оның негізі бірлесіп жұмыс істеуде 

жатыр. Біздің мамандар мектепке тексе-

руге емес, тек қана көмек көрсету үшін 

барады. Бірлесіп жоспарлайды, бірлесіп 

талқылайды. Оқушыдан не білесің, не 

үйрендің, сабақ қалай өтті, осының бәрін 

сұраймыз. Әрқайсысы жауап береді. Сон-

да бір балаға «Мұғаліміңе бүгінгі сабақ 

туралы не айтар едің?» – деген сұрақ 

қойдық. Сонда әлгі оқушы: «Мұғаліміме 

бүгінгідей бақытты сабақ үшін рақмет ай-

тамын», – деп жауап берді. Бала мектепте 

өзін бақытты сезінуі және оған қуанып 

келуі керек. Мектеп жай ғана келіп, білім 

алатын орын емес, бақыт мекені болуы 

міндет. Мемлекет басшысының да талап 

етіп отырғаны осы. Кітапта бар біліммен 

шектелу бүгінгі заманда жетістік емес. 

– Баладан бұрын, мұндай жаңа­

шыл дыққа мұғалімді бейімдеу керек 

дік береді. Ал, бізде кітаптағыны ғана 

сұрайды. Белгілі бір автордың ойымен 

шектелеміз. Оған алып-қосар мұғалімде 

де ой болмайды. Баланы біз бұлайша 

сыни тұрғыдан ойлауға үйрете аламыз 

ба?  Асқар  Жұмаділдаев  ағамыздың 

сұхбатын тыңдадым. Ағамыз қазақ әде-

биетінен зерек болмағанын айтып: «Қыз 

Жібектен»  шығарма  жазсақ,  бәріміз 

Төлеген мен Жібекті жағымды, ал, Беке-

жанды жағымсыз етеміз. Мен Бекежан-

ды жағымды бейне жасаймын. Себебі, 

Бекежан бір рулы елдің батыры, сол 

жерді жаудан қорғады. Сырлыбай оған 

ерлігі үшін қызын бергісі келді. Бірақ, 

Бекежан Жібектің өскенін күтеді. Бір 

күні Төлеген келеді. Жас қыз, әрине, жас 

жігітке қарайды. Бекежан Төлегенге өз 

жолын табуын ескертеді. Бірақ, оған Тө-

леген көнбейді. Содан кейін Бекежан оны 

атып тастады. Ол үшін мен Бекежанды 

жағымсыз образға теңемеймін. Өйткені, 

Бекежан өзінің намысын қорғады. Орта 

жолдан киліккен Төлеген жағымсыз. Осы 

үшін маған мұғалім төмен баға қойды. 

Неге біз бір қалыпта ойлауымыз керек?» 

– деді. Сыни тұрғыдан ойлау деген осы. 

Әр адамның өз ойын айтуға құқығы 

бар. Жапондардың экономикасы неге 

жақсы дамыған десек, оларда оқулық 

құндылық саналмайды. Олар оқулықты 

жеке бір адамның ойы ретінде қабыл-

дайды. Мысалы, мен 9-сыныптың эконо-

микалық география пәнінің авторымын. 

Қазақстанның бүкіл баласына тек менің 

жазғанымды оқы, менше ойла дегенім 

дұрыс па? Жапондар қазіргі біздің өтіп 

жатқанымызды 1978 жылы бастан кешір-

ген. Олардың ұраны – жоқтан бар жасау. 

«Жоқ нәрсені кітапқа жазуға бола ма?»  

дейді олар. Жаратылыстану сабағына 

қатыстым,  сол  ауылдың  маңындағы 

тауды қалай көріктендіріп, абаттандыру 

жайлы оқушылардан сұрайды. Табиғат-

ты сақтау, оны тамашалау жайлы түрлі 

ой айтылды. Осы себепті барлық бала өз 

ойын айтқысы келіп қол көтереді. Бізде 

сабақты өмірмен байланыстыра отырып 

оқыту жетіспейді. Шаблонмен ғана жүріп 

үйренгенбіз. Бала өз бетінше шешім қа-

былдап үйренуі керек. ХХІ ғасырдағы 

Токио мектебінде интерактивті тақта да, 

компьютер де жоқ. Компьютерге жазу 

керек демей, мұғалім де, оқушы да бар-

лық көрнекілікті қолмен жасайды. Жоға-

рыда айтқанымдай, жапондар жоқтан 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет