Соңы 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата31.03.2017
өлшемі3,87 Mb.
#10710
1   2   3   4   5   6

Серік ЖОЛДЫБАЙ

жауап береді.



ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ТЕКСЕРЕТІН 

ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БАР МА?

Құрылысшыларға (тас қалаушылар мен сылақ­

шы ларға) еңбекақы қалай төленеді? Құрылыс 

ныса ны  ның шаршы және текше метріне қанша­

дан төлейді? Неге құрылысты бастаған фирма, 

ай та лық, жауапкершілігі шектеулі серіктестік 

жұ мыс     шыларға еңбекақыны «НЕКТАР», «АЛЬ­

ТАЙЕР» фирмаларындай өздері төлемей, дара 

кәсіпкерлік ашқан азаматтарға аударады? Дара 

кәсіпкердің түскен ақшаның 15 пайызын кәсіпкер­

лік құжаты болғаны үшін ғана ұстауы және өзі 

бір адамның жалақысын алуы заңды ма? Тас 

қалау шының 1 тек ше метріне осыдан 5 жыл 

бұрын 5000 теңгеден тө леп еді. Қазіргі уақытта 

бұл  төлем  4000­4500  теңгеге  түсті.  Осы 

жемқорлық емес пе?

«ОКСИЛЛ­БИЛД» фирмасы («Юнис Сити») 

2016 жылдың сәуір айының еңбекақысын төлемей 

жатыр. Заң не дейді? Қайда бару керек? Баға 

күнде өсіп жатыр. Несиенің өсімін қалай төлей­

міз? Адам құқығын қорғайтын, жемқорлықты 

тексеретін заңды тұлғалар бар ма? Еңбекақыны 

келісімшарт тағы уақыттан кешіктірсе кімге 

арыздану керек?

 Самғат САЛАМАТ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ

 Сауалдарыңыздың жауаптары Еңбек кодексінің 

17, 24, 25, 28, 113, 159-баптарында қамтылған. Ко-

декс тараптардың – жұмыс беруші мен жұмысшының 

бір-біріне еңбек міндеттері басталар алдында еңбек 

шартын жасасуын міндеттейді. Еңбек шарты бойын-

ша жұмыскер жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі 

орындауға, еңбек тәртіптемесі қағидаларын сақтауға 

міндеттенеді. Ал, жұмыс беруші жұмыскерге келісіл-

ген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы 

кодексте, ҚР Заңдарында және өзге де нормативтік 

құқық тық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс 

беру шінің актілерінде көзделген еңбек жағдайларын 

қамтамасыз етуге, жұмыскерге уақтылы және толық 

мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.

Еңбек  шартын  жасасу  кезінде  тараптардың 

құқықтары мен мүмкіндіктер теңдігін бұзуға тыйым 

салынады.

Еңбек шартында тараптардың деректемелері, бел-

гілі бір мамандық, кәсіп, біліктілік немесе лауазым 

бойынша жұмысы (еңбек функциясы), жұмыстың 

орындалатын  орны,  еңбек  шартының  мерзімі, 

жұмыс тың басталу күні, жұмыс уақыты мен тынығу 

уақытының режимі, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен 

өзге де шарттары, егер жұмыс ауыр жұмыстарға жа-

татын болса және (немесе) зиянды және (немесе) 

қауіп ті жағдайларда орындалатын болса, еңбек 

жағдайларының  сипаттамасы,  кепілдіктер  мен 

жеңілдіктер, жұмыскердің және жұмыс берушінің 

құқықтары мен міндеттері, еңбек шартын өзгерту 

мен тоқтату тәртібі, жасалу күні мен реттік нөмірі 

болуға тиіс. Тараптардың келісімі бойынша еңбек 

шартына ҚР заңнамасына қайшы келмейтін өзге де 

талаптар енгізілуі мүмкін.

Ендеше, тас қалаушының, сылақшының белгілі 

бір жұмысты атқарғаны үшін төленетін еңбекақы 

көлемі үкімет, басқа да құзырлы орын ресми бел-

гілейтін мөлшерлемеде емес, жұмыс беруші мен 

сіздің араңыздағы еңбек шартында көрсетілуі тиісті. 

Оның болашақ төлеміне риза болмасаңыз, шартқа 

қол қоюға, еріксіз еңбекке ешкім де мәжбүрлей ал-

майды. Сол сияқты жауапкершілігі шектеулі серіктес-

тіктің жұмысын міндетті түрде дара кәсіпкер арқылы 

емес,  алғашқымен  тікелей  еңбек  шартына  қол 

қойысып, атқаруға толық құқығыңыз бар. 

Жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық ва-

лютасында ақшалай нысанда белгіленеді және айына 

бір реттен сиретпей, келесі айдың бірінші онкүнді-

гінен кешіктірілмей төленеді. Жалақы төленетін күн 

еңбек шартында көзделеді. Жалақы төлеу кезінде 

меншік түріне қарамастан, жұмыс беруші әрбір жұ-

мыс керге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының 

құрамдас бөліктері, одан ұстап қалулардың мөлшер-

лері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалын-

ған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары 

туралы, сондай-ақ, төленуге тиісті жалпы ақша со-

масы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрон-

дық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті. 

Жалақыны толық көлемде және еңбек шартында 

белгіленген мерзімдерде төлемеген жұмыс беруші 

Қазақ стан Республикасының заңдарына сәйкес, 

жауап тылықта болады. Жұмыс беруші төлем кідіртіл-

ген кезең үшін жұмыскерге берешек пен өсімпұл 

тө лей ді. Өсімпұл мөлшері жалақы төлеу жөніндегі 

мін деттемелерді орындау күніне Ұлттық банктің 

қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі негіз-

ге алына отырып есептеледі және төлем жүргізілуге 

тиіс ті келесі күннен бастап мерзімі өткен әрбір күн-

тіз белік күн үшін есепке алынып, төлем жасалған 

күн мен аяқталады.

Жалақыңыздың уақтылы төленбеуі, жұмыс ба-

бын   дағы басқа да заңбұзушылықтар жайында ең бек 

инспекциясы жөніндегі басқармаға немесе сот қа 

шағымдана аласыз. 

Халқымызда «Биі әділ болмаса – бірлігі 

кеткен ел ғаріп, қадірін елі білмесе – қайратты 

туған ер ғаріп» деген ұлағатты сөз бар. Осы 

сөздің астарында қара қылды қақ жарған кеше-

гі аузы дуалы билердің мұрагерлері – бүгінгі 

сот билігінің әділдігі мен адалдығының ел 

бірлігін, шынайы демократиялық мемлекеттің 

дамуын қалыптастырудағы орны көрсетілген. 

Көпшіліктің көңілінен шығып, жүрек тер-

ден орын алған Қазақстан Республикасының 

Президенті Н.Назарбаевтың «100 нақты 

қадам нан» тұратын Ұлт жоспарында ең алды-

мен ел бірлігін қамтамасыз ету, мемлекетімізді 

бәсекелестікке қабілетті, дамыған мемлекет-

тер қатарына қосу үшін жүзеге асырылуға 

тиісті аса қажетті шаралар ауқымы нақты 

белгіленген. 

Бес халықтық реформаның бірі «Заңның 

үстемдігін қамтамасыз ету» деп аталып, 

еліміздегі сот жүйесін дамытуға, азаматтардың 

құқықтарын қорғауды одан әрі жақсарта 

түсуге, соттардың әділ де заңды шешім шыға-

ру ларына ықпал етуге, судьялардың білікті-

лігін арттыруға бағытталған. 

Экономиканың, технологияның, ақпарат-

тық жүйелердің қарқынды өсуі заңнамаларға 

да тиісті өзгерістер енгізуді қажет етуде. Өйт-

кені, заңнамалар заманауи талаптарға сай бо-

луы қажет. Демек, сот жүйесін де заман 

ағымына сәйкес үнемі жетілдіріп, дамытып 

отыру маңызды міндет болып табылады.

Қазіргі таңда жергілікті соттарда Ұлт жос-

парына сәйкес, сот жүйесіне өзгерістер мен 

жаңа үрдістер енгізіліп, құрылым жұмысын 

оңтайландыру, судьялардың біліктілігін артты-

ру мақсатында көптеген іс-шаралар жүргі-

зілуде.


Ұлт жоспарында көрсетілген нақты қадам-

дардың бірінде (17-қадам) судья лауазымына 

кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және 

біліктілік талаптарын қатайту қажеттілігі 

айтыл ған. Міндетті түрдегі талап – сот істерін 

жүргізуге қатысудың 5 жылдық өтілі және 

судьялардың кәсіби дағдысы мен іскерлігін 

тексеру үшін ахуалдық тестілер жүйесін енгізу 

қарастырылған. Яғни, судьялардың кәсіби 

шеберлігі, білімділігі, біліктілігі, әділдігі мен 

адал дығы, тәуелсіздігі басты қағида болып 

табы лады. Осы тұрғыда Әлихан Бөкейха нов-

тың «Биді кім болса содан қорықпайтындай, 

біреудің бетінің қызылына немесе біреудің 

жақсы жағасына қарамайтындай жағдайға қою 

шарт» деген сөзі ойға оралады.

Судья – сот жүйесіндегі басты тұлға, 

мәрте бесі биік, мемлекеттік лауазымға ие 

адам. Судьяның осындай биік мәртебесі оған 

зор жауапкершілік жүктейді. Сот билігіне 

жүгінген адамның тағдыры судья шығарған 

Қазақ қоғамында ежелден дау-дамайды билер кеңесі, билер соты 

арқылы шешудің жүйесі қалыптасқаны белгілі. Халқымыз бидің 

сөзіне тоқтаған, бидің сөзінен аспаған, әділдік пен адалдықтың 

парқын бағалай білген. Еліміздің тарихынан терең орын алған осынау 

тамаша дәстүр, яғни, адал да әділ билікке жүгіну бүгінгі соттар 

билігінен өзіндік жалғасын табуда.

ӘДІЛ   ЗАҢ — ТІРЕГІҢ

Білген жөн

Заң талабына сай, мемлекеттік сот орын-

даушылары аталған атқару құжаттарын өнді-

ру  шілерге қайтарып беруде. Мұндай жағ-

даймен бетпе-бет келген көптеген азаматтар 

мемлекеттік сот орындаушыларын негізсіз 

айыптап, жоғары тұрған ведомстволар мен 

прокуратура органдарына арыз жазып жатыр. 

Бұл, әрине, халықтың заңдағы жаңа өзгеріс-

терден  бейхабар  екендігін,  бұл  бағытта 

түсіндіру жұмыстарының әлсіз жүргізілгенін 

көрсетеді. Өйткені, жоғарыдағы заңның 



АЛИМЕНТТІ ӨНДІРУ

ЖЕКЕ  СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНА ЖҮКТЕЛГЕН

шешімге тікелей байланысты. Демек, сот 

шешімінің әділ де заңды болуы сот жүйесіне 

деген халықтың сенімін арттырып, үлкен абы-

рой әкелері сөзсіз. Әділ сот, сонымен қатар, 

ел дегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің 

қалыптасуына да ықпал етеді. Бұл судьяларға 

жүктелген үлкен жауапкершілік, демек, осын-

дай зор жауапкершілікті арқалаған судья биік 

мәртебеге лайықты болуы тиіс. Сондықтан, 

ха лықтың сот жүйесіне деген сенімін нығайту 

мақсатында  судья  лауазымына  лайықты 

адамдарды іріктеу, судьялардың біліктіліктерін 

арттыру,  кәсіби  шеберліктерін  шыңдау, 

олардың адами және кәсіби қасиеттерін дамы-

ту бағытындағы жұмыстар Ұлт жоспарына сай 

жүргізіліп келеді. Әділ заң, әділ сот шешімі – 

елдің тірегі, демек, биі түзу елде сот билігі де 

әділ болмақ.

Сот жүйесін дамытудың ықпалды тетік-

терінің бірі – соттарды заманауи құралдармен 

қамтамасыз етуге бағытталған. Соңғы жылда-

ры  сот  жүйесінде  заманауи  талаптарға 

лайықты электронды сот өндірісін дамыту 

жұмыстары жүргізілуде. «Сот кабинеті» 

жүйесі арқылы «Сот құжаттарымен танысу» 

сервисі, сот процестерін таспаға жазу үрдісі, 

тараптарға SMS және электронды хабарлама-

лар тарату секілді жобалар жүзеге асырылуда. 

«100  нақты  қадам»  Ұлт  жоспарының 

20-қадамы бойынша барлық сот процестеріне 

бейне және таспаға жазу шараларын міндетті 

түрде енгізу көзделген. Онда «судьяның бейне-

жазуды тоқтатуға немесе жазу материалдарын 

редакциялауға мүмкіндігі болмауы тиіс» деп 

көрсетілген. Осыған сәйкес, Бостандық аудан-

дық сотының барлық сот мәжіліс залдары 

бейне және таспаға жазу құралдарымен толық 

жабдықталған, сот процестері бейне және 

дыбыстық таспаға жазылады. 

20-қадамда көрсетілгендей, судьялар неме-

се сот мәжілісінің хатшылары хаттамаларды 

өзгертіп редакциялай алмайды, яғни, сот 

мәжілісінде айтылған тараптардың сөздері сол 

қалпында таспаға басылады. Бұл шара, бір 

жағынан, шығарылатын шешімдердің әділ де 

заңды болуын қамтамасыз етсе, екінші жағы-

нан, тараптардың сот талқылауларында тәртіп 

сақтауларына, сот процестерінің процес-

суалдық заңнамаларға сәйкес өтуіне ықпал 

жасауда.


Сот жүйесін жетілдірудегі өзгерістердің 

бірі – судьяның қатысуымен тараптардың ме-

диативтік келісімдерін жасау, яғни, тараптар 

бұрынғыдай медиаторды іздеп, оның қыз ме-

тіне қосымша қаржы шығармай-ақ, сот про-

цесі кезінде судья-медиатордың қаты суымен 

медиативтік келісімдерге келе алады. Бұл шара 

азаматтық істерді созбалаңдыққа салуға жол 

бермейді. Бостандық аудандық сотында осы 

жылдың басынан бері 133-тен астам азаматтық 

іс бойынша медиативтік келісім жасалынды, 

оның ішінде қарыз өндіру, заңсыз салынған 

ғимаратты бұзу, еңбек ақыларын өндіру, ортақ 

дүние-мүлікті бөлу, мәмілені жарамсыз деп 

тану, алимент өндіру және басқа талап арыздар 

бар. Сондай істердің бірі – сегіз жыл бойы жер 

теліміне таласып, 12 сот талқылауынан өткен 

азаматтық іс бойынша дауды медиативтік 

келісім арқылы шешуге қол жеткізілді.

Қазіргі таңда сот төрелігіне жүгінушілер 

талап арыздарын ұзын-сонар кезекке тұрмай-

ақ, «Сот кабинеті» электрондық жүйесі ар-

қылы соттарға жолдай алады. Биылғы жылдың 

9 айы ішінде Бостандық аудандық сотына 

түс кен 7661 талап арыздың 4028-і «Сот каби-

неті» электрондық жүйесі арқылы жолданған. 

Сот жүйесіндегі осы жаңа үрдіс халықтың 

көңі лінен шығып, кеңінен пайдаланылуда.

Елбасы ұсынған 100 нақты қадамның бірі, 

26-қадамда сот ресімдерін оңайлату және сот 

процестерін жеделдету үшін азаматтық-

құқық тық даулар жөніндегі соттарға проку-

рорлардың қатысуын қысқарту қажеттілігі 

көрсетілген. Сот жүйесін оңтайландыру бағы-

тын дағы бұл қадам сот процестерінің созба-

лаңсыз өтуіне мүмкіндік беретін шара деп са-

наймын. Азаматтық іс жүргізу заңнамасында 

прокурорлардың қатысуы міндетті саналатын 

істер санаты көрсетілген. Осы бағытта Бостан-

дық аудандық сотында да біраз жұмыстар қол-

ға алынып, тараптар арасындағы дау-дамайлар 

туралы талап арыздар бойынша азаматтық 

істер прокурорлардың қатысуынсыз өткізіле 

бастады.


Ұлт жоспарында (27-қадам) жекеменшік 

сот орындаушылары институтын одан әрі да-

мыту, сот орындаушыларының мемлекеттік 

қыз метін біртіндеп қысқарту көзделген. 

Қазіргі таңда сот шешімдерінің орындалуы ең 

ауыр да ұзаққа созылатын процесс болып 

отыр.  Мемлекеттік  сот  орындаушылары 

өздеріне жүктел ген міндеттерді орындауда 

осалдық танытуда. Ал, осыдан бірер жыл 

бұрын сот жүйесіне енгізілген өзгерістерге 

сай, жеке сот орындау шы ларының институты 

өзінің қабілеттілігін, іс кер лігін, өміршеңдігін 

дәлелдеп отыр. Демек, жеке сот орындаушы-

лары институтын одан әрі дамыту сот шешім-

дерінің созбалаңсыз орындалуына апаратын 

бірден-бір жол деп тануға болады. 

Сот саласын реформалау мен сот органда-

рын жаңғырту бағытында жүзеге асырылып 

жатқан және асырылуға тиісті жоспарлардың 

мақсаты азаматтардың соттарға деген сенімін 

арттырып, өз құқықтары мен заңды мүдделе-

рін сот арқылы қорғауға жол ашу болып табы-

лады. 

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспа-



рында көтерілген ауқымды реформалардың 

орындалуын қамтамасыз ету елімізді биік бе-

лестерге көтеріп, ұлт бірлігі мен ынтымақтас-

тығын арттыра берері сөзсіз.



Алтынбек БАЯНОВ, 

 Алматы қаласы

Бостандық аудандық сотының төрағасы 

138-бабына сай, жеке сот орындаушысына 

мемлекеттен өндіріп алу, дауыс беретін 

акцияларының (жарғылық капиталға қатысу 

үлестерінің) елу және одан көп пайызы мем-

лекетке  және  олармен  үлестес  заңды 

тұлғаларға тиесілі заңды тұлғадан өндіріп 

алу, мүлікті тәркілеу не мүлікті мемлекетке 

беру туралы, мемлекет мүддесіне жүргізілетін 

үйден шығару, үйге қоныстандыру, үйлерді 

бұзу және басқа да істердің санаттары туралы 

атқарушылық құжаттарды қоспағанда, осы 

заңда  көзделген  барлық  атқарушылық 

құжаттарды орындау жүктелген.

Алимент өндіру бойынша атқарушылық 

құжаттар қазіргі таңда тек қана жеке сот 

орын даушыларымен ақысыз түрде қабылда-

нады. Өйткені, атқару өндірісін жүргізген 

жеке сот орындаушыға мемлекет тарапынан 

нақты мөлшердегі сыйақы көзделген.

Бүгінгі күні Алматы қаласында 200-ге 

жуық жеке сот орындаушысы қызмет атқарып 

отыр. Алиментке байланысты мәселелерді 

азаматтар енді мемлекеттік сот орындау-

шыларға емес, жеке сот орындаушыларына 

беріп, берешегін қайтартуына болады.



А.ТҰРҒАНҚҰЛОВ,

Алатау аудандық

прокуратурасының бөлім прокуроры

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ



«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі ту ра-

лы» заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік сот орындаушылары 

алимент өндіруден босатылған. Бұл міндеттер бұдан былай жеке сот орын-

дау шыларының құзырына берілген. Соған қарамастан, азаматтар (өндіру-

шілер)  алимент  өндіру  туралы  атқару  құжаттарын  сот  актілерін  орындау 

мекемелеріне жолдап келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет