Ерхан ТОТЫБАЙ-ТЕГІ,
Алматы қаласы Медеу аудандық
сотының төрағасы
сот төрағасының өкімімен бекітілген
жауапты тұлғаның хаттамасы негізін
де әкімшілік іс қозғалып жауаптылық
мәселесі шешіледі.
Бүгінгінің даужанжалдарын,
заңсыздықтарын уақыт талабына сай
заң тезіне салып, арұят пен заңдылық
қағидаларды басшылыққа ала отырып,
құқықтық баға беретін болғандықтан
судьяға қойылып отырған талаптар да
биік, артылып отырған міндеттер мен
жауапкершіліктің жүгі де жеңіл емес.
Ұлы орыс халқының заңгері Плевако
ежелден Ресей патшалығында «Судья
үндемейтін Заң, ал Заңсөйлейтін Су
дья» – деп сот пен заңға бірдей құрмет
білдіргені бекер емес. Елбасымыз
сот құрылымын реформалау арқылы
мемлекетімізде бейтарап әрі әділ сот
құрып, халқымызға құқықтық сана
қалыптастыру мақсатын көздеп отыр.
Қазіргі таңда еліміз өз егемен
дігін алып, дербес мемлекет ретін
де танылды. Осы орайда Елба
сы Қазақстан халқына арнаған
«Қазақстан2050» Стратегиясы –
қалыптасқан мемлекеттің жаңа сая
си бағыты» атты Жолдауында 2025
жылға қарай қазақстандықтардың
95 пайызы қазақ тілін білуге тиіс
деп нақты атап көрсеткен бола
тын. Яғни, бұл міндетке қол жет
кізу әрбір қазақстандық азаматтың
қасиетті борышы деп білу керек.
Қазақ тілінің сот жүйесіндегі
жағдайына келетін болсақ, қазіргі
таңда әлеуметтік желілерден, газет
беттерінен бұл бағытта атқарылып
жатқан жұмыстар айтарлықтай көп
екенін көруге болады. Күнделікті
і с ж ү р г і зуд е з а ң д а ө з ге ш е
көрсетілмесе хатхабарлар қазақ
тілінде әзірленіп, дайындалады.
Қазақ тілінің дамуы үшін сот
қызметкерлері арнайы құрылған
жоспар негізінде жұмыс жасап,
мақалалар жариялап, сұхбаттар
беріп, соттарда тіл мерекесіне
арналған әртүрлі қоғамдық шаралар
өтіп тұрады. Мұның барлығы ана
тіліміздің нығайып, сапалы болуы
на айтарлықтай септігін тигізетіні
сөзсіз.
«Тілге деген көзқарас, шын
дап келгенде, елге деген көзқарас
екені даусыз. Сондықтан, оған
бейжай қарамаймыз. Қазақ тілі
жаппай қолданыс тіліне айналып,
шын мәнінде, мемлекеттік тіл
мәртебесіне көтерілгенде, елімізді
Қазақ мемлекеті деп атайтын бо
ламыз», – деген болатын Елбасы
Н.Назарбаев. Қазір біз тілге деген
оң көзқарасты қалыптастыруға ты
рысып жатырмыз.
20112020 жылға жасақталған
бағдарлама бойынша қазақ
тілі төңірегінде қордаланған
келеңсіздіктерді жою үшін «Мемле
кеттік тіл туралы» заң қабылданды.
Мемлекеттік тілдегі ақпарат
кеңістігі сандықсапалық жағынан
ұлғайып келеді. Тілдің қоғамдық
қызметі мен қолданбалы жағының
жетекші орынға шығуы мен
бағдарламаның орындалу қарқыны
да айтарлықтай. Бұл бағдарламаның
түпкі мақсаты – мемлекеттік тілдің
әлемнің экономикалық, мәдени,
білім, саяси кеңістігінен орын
алуына және қоғамдық өмірдің
барлық салаларындағы функция
ларын жетілдіруге жағдай жасау
болып табылады. Бұл күндері мем
лекеттік тілді үйренуге, меңгеруге
көп жағдай жасалған. Тек соны өз
кәдемізге жарата алсақ болғаны.
Ақтолқын ТАМПИЕВА,
Атырау қалалық
№2 сотының бас маманы
Бүгінде бұл жүйе қазақстандық соттарда сәтті іске
асырылуда. Бұрын «Сот кабинетін» тұтыну шылар
саусақпен санарлық болса, қазір сотқа жүгінетіндердің
басым бөлігі өз арыз, шағымын осы жүйе арқылы
жолдағанды жөн көреді. Және бұл жағымды нәтижеге
біз бір күнде немесе бір жылда жеткен жоқпыз. Бұл
қазақстандық сот жүйесінде қызмет етіп жатқан
жандардың ортақ жеңісі деуге әбден негіз бар.
«Сот кабинеті» – бұл сот органдарының онлайн сер
вистеріне және көрсететін қызметтеріне қол жеткізетін
бірыңғай терезе. Осы арқылы азамат, оның өкілі немесе
адвокаты өзіне ыңғайлы кез келген уақытта, үйден,
кеңседен шықпайақ, интернет желісі арқылы өтініш
пен арызды электрондық түрде жібере алады. Сондай
ақ, мемлекеттік бажды онлайн режимінде төлеп, сот
құжатын, істің бүкіл тарихын қарап, сот актісін басып
шығара алады. Әрине, жаңа бастаманы қарапайым
халықтың бірден қолдай кетпегені рас. Өйткені, кез
келген жаңалықты жұртшылықтың күдікпен, сын көзбен
Тұғыр
Бастама
қабылдайтыны жа
сырын емес. Бұл
жолы да солай бол
ды.
Сот қызметкер
ле ріне тікелей келіп
ша ғымын өткізіп,
сұра ғын қойып, жа
уа бын алып үйрен
ген жандар ком
пьютер а лдында
отырыпақ шаруаны
бітіруге болатыны
на сене қоймаған.
Сондықтан, «Сот
каби неті» алғаш
тәжірибеге енгі
зілген уақытта тұты
нушылар саны біз күткендегідей өс кен жоқ. Соған
орай, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының
қызметкерлерімен біріге отырып жұртшылыққа
«Сот кабинетінің» тиімді, оң тұстарын түсіндіруге,
насихаттауға көп күш жұмсалды. Әрбір соттың кеңсе
қызметкерлері құзырлы орын өкілдерінің басын қосып
жаңа бастаманың жаңалықтарын айтты. Бірлесе жұмыс
істеуге шақырды. «Сот кабинетін» кең көлемде наси
хаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында
қаншама ақпарат жарыққа шықты. Осындай ілкімді
істердің арқасында тоң жібіді. Кеше ғана жобаға
күдікпен қарағандар біртіндеп өз шағымарыздарын
осы бірыңғай терезе арқылы жолдауға дағдыланды.
Сонымен қатар, жүйенің қосымша мүмкіндіктерін
пайдалануға кірісті. Игілікті істі өзі ғана үйреніп, кәдеге
жаратып қоймай, жақындарына, таныстарына насихат
тап, тұтынушылар санын көбейтуге ықпал етті.
Бұған қоса, «Сот кабинетінің» бір орында тұрмай
өз жұмысын жетілдіріп, мүмкіндігін молайтып отыруы
халықтың сервиске деген сенімін нығайтты. Өйткені,
осы уақытқа дейін Жоғарғы Сот сот процестеріне
қатысушылар мен азаматтардың пікірін ескере отырып,
онлайн сервистерді пайдалану бойынша тұрақты түрде
мониторинг жүргізіп келеді. Сөйтіп, көпшілік пікірін,
ұсынысын ескере отырып онлайн сервистерді жаңғырту
және сот ісін жүргізуді жеңілдету мәселелері өз шешімін
табуда.
Қазіргі таңда «Сот кабинеті» жобасы шеңберінде
апелляциялық, кассациялық шағымдар мен қарсылы қ
тар, сондайақ сот актілерін қадағалау түрінде келіспеу
шілік білдіру бойынша өтініштер беру мүмкіндігі
қарастырылуда. Мұның өзі сот құрылымы мен
қарапайым халықтың байланысын жақсартып, үшінші
билікке деген сенімді арттыруға ықпал етері даусыз.
Айгүл САРМАЕВА,
Алматы қаласы
Бостандық аудандық
№2 сотының кеңсе меңгерушісі
Есдәуір МҰРАТҚАНОВ,
Ақтөбе облысы Алға аудандық
сотының төрағасы
Мұндайда әлеуметтік, экономикалық және тәр
биелікпрофилактикалық алдын алу шара ла рының
маңызы зор. Бұл орайда мектеп қабырға ларында
«Құқықтану негіздері» сабағының сапасы жоғары
деңгейде болса, оқушылардың санасезімі де жоға ры
лайды. Бірақ, кәмелетке толмағандар көбі не өздерінің
қай жақтан бастап және қандай жағ дайда қыл мыстық
жауапкершілік туындайтынын біле бер мейді. Мектеп
қабырғаларында кеңінен тараған қылмыс – қорқытып
алушылық. Бұл ауыр санаттағы қылмысқа жатады.
Қалта ақшасы, ұялы телефон, т.б. ұсақтүйек заттар
ды қорқытып алғаны үшін қылмыстық жауапкер
шілікке тартылатындығы жөнінде бірінші сыныптан
бастап оқушының құла ғы на сіңіру – ұстаздың, учас
келік инспектордың міндеті.
Ал, қылмыс жасалған соң, кәмелетке толмағанның
қылмыстық жауапкершілігі туралы мәселе туындай
тыны қалыпты жағдай. Қазақстан Республикасы
Қылмыстық Кодексінің 6бөлігінде кәмелетке
толмағандардың қылмыстық жауапкершілігінің
ерекшелігі туралы мәселелер айқындалған. Шын
мәнінде, олар қылмыс субъектісінің жасына ғана не
гізделген және барлығы жауапкершілік пен жазаны
жеңілдетуге бағытталған.
Қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық
басталатын жас шамасы ҚКнің 15бабын
да көрсетілген. Қылмыстық іс жүргізуші орган
дар кәмелетке толмағандардың істері бойынша
қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамның
жасын анықтау жөнінде шара қолдануға міндетті.
Адамның белгілі бір жасқа толуы ол туған күні
емес, келесі тәуліктен бастап есептеледі. Кәмелетке
толмағанды қылмыстық жауаптылыққа тарту
және оған жаза тағайындау туралы мәселелерді
дұрыс шешуде Қылмыстық процестік кодекстің
113, 531баптарында көрсетілген мәнжайлардың
маңызы зор. Кәмелетке толмағанның иланушылығы,
ашушаңдығы, тәуелділігі, қиялға бейімділігі сияқты
жеке басының өзіндік қасиеттерінде анықтап алу
қажет. Мұнан бөлек, оның ақылесінің кенже қалуы
туралы жорамалға негіз болатын мәліметтер болған
жағдайда, психикалық жетілуін анықтау үшін міндет
ті түрде жанжақты психологиялықпсихиатриялық
сараптама тағайындалады. Егер осы жағдайда
кәмелетке толмағанның психикасының бұзылуына
байланысты емес, психикалық дамуы жағынан артта
қалуы салдарынан онша ауыр емес немесе ауырлығы
орташа қылмысты жасау кезіндегі өзінің ісәрекетінің
іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық
көлемде ұғына алмағаны не оған ие бола алмағаны
анықталса, онда ол ҚКнің 15бабының 3бөлігінің
ережелеріне сай қылмыстық жауапкершілікке жат
пайды. Бірақ, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасалған
кезде осындай психикалық дамуы жағынан артта
қалуы оған жаза тағайындағанда ескерілуі тиіс. Заң
талаптарына сай кәмелетке толмаған адам жауапқа
тартылған кезде оның мүддесін қорғау үшін қорғаушы
міндетті түрде қатысуы тиіс, яғни заң талаптарының
бұзылуына жол берілмеу керек.
Таубай ҚАДЫРБАЕВ,
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының
қылмыстық істер жөніндегі
апелляциялық сот алқасының судьясы
№75 (2853)
12 шілде 2016
5
zangazet@mail.ru
АЛҚА
Жанболат БАТЫРОВ:
– Бүгінгі Қылмыстық және Қылмыс
тық атқару кодекстерінде заман тала
бына сай енгізілген көптеген өзгерістер
бар. Соның ішінде соттармен жаза
тағайындау барысында жеңіл және ор
таша қылмыс жасағандарды бұрынғы
дай бас еркінен айырмай, пробациялық
бақылауға қойып, тәрбиелеуге көп ба
сымдық берілген. Қапшағай қаласының
аумағына орналасқан екі түзеу меке
месіндегі кесімді жазасын өтеп жатқан
дарды қолданыстағы заңның талабына
сай мерзімінен бұрын шартты түрдегі
жазаға босату немесе жазасының өтел
меген бөлігін неғұрлым жеңіл түріне
ауыстыру мәселесімен Қапшағай қа
лалық сотының судьясы Жанна Зарид
зе айналысады. Қазы тағайындалған
жазасының белгілі бір бөлігін өтеп,
өзін мерзімінен бұрын шартты түрдегі
жазаға босату жөніндегі сотталғанның
өтінішін қараған кезде, жазасын өтеу ші
қылмыстық әрекеті арқылы мемлекет
пен жекелеген тұлғаларға келтірген за
лалын өтеп, үлгілі мінезқұлқы арқылы
түзу жолға түскен деп тапса, еркіндікке
шығарып, кейбірін жергілікті жердегі
пробациялық қызметтің бақылауына
қояды.
Қазіргі талап бойынша мерзімі
нен бұрын шартты түрдегі жазаға бо
сатылатындар сол жергілікті жердегі
пробациялық қызметтің бақылауына
қойылып, олардың жүрістұрысы
мен қоғамдық ортада өзінөзі ұстауы
ішкі істер органдары қызметкерлері
тарапынан қадағаланады. Өкінішке
қарай, бақылауға қойылғандардың
арасынан да пробациялық қызметке
уақтылы келіп, тіркелмей, өзіне сот
пен жүктелген міндетті орындамай,
қайтара құқық бұзушылық жасап,
қылмысқа баратындар аз кездеспей
отыр.
Жанна ЗАРИДЗЕ:
– Бүгінгі әңгіме барысында проба
ция қызметінің тарапынан жіберілетін
кейбір кемшіліктерге тоқталғым келіп
отыр. Бұл төңіректегі бірқатар пробле
малардың негізі бас еркінен шектеу
түріндегі жазаға тартылып, кесімді
мерзімінің белгілі бір бөлігін өтеген
сотталушының сотқа өзін мерзімі
нен бұрын шартты түрдегі жазаға
босату жөнінде өтінішпен шығуына
қатысты жауапты жұмыстардың ша
толықтырып отырса деген базынам
бар.
– Сотталушылардың өтінішін
қараған қазылар қауымы түзеу
мекемесіндегілердің мінездеме,
ұсыныс хатты да бірдей етіп
көшіріп жазатынын айтушы еді.
Осы кемшіліктен арыла алдық па?
Жанна ЗАРИДЗЕ:
– Дұрыс айтасыз. Бұл мәселе бұрын
да болған, қазір де жойылған жоқ. Өй
ткені әлі күнге дейін сотталушының
мінезқұлқына байланысты берілетін
мінездемелер бірізбен жазылады. Яғни,
түзеу мекемесіндегі жауапты қызмет
керлер үшін сотталушылардың бәрі
бірдей сияқты. Олардың жекежеке
тұлға екені, мінезқұлқында өзгеріс
бары, жауаптылығының әрқилы екені
ешкімді ойландырмайтын сияқты.
Сотталушылардың шағымын қарағанда
осындай немкеттілікті байқап, қарның
ашады. Өйткені, бұл өзіңіз айтқандай
тек бүгін көтеріліп отырған мәселе
емес. Мұны біз әрбір істі таразылаған
да байқап, біліп, көріп отырғандықтан
құзырлы орындарға ауызша да, жазба
ша да ескерту берумен келеміз. Бірақ,
дайын шаблонға тек сотталушының
атыжөнін ғана өзгертіп жазуға дағ
дыланғандар мінездеме жазуға жау
аптылықпен қарау керектігін әлі де
қаперлеріне алмай келеді.
Түзеу мекемелері әкімшіліктерінің
сотталушыға беретін мінездемелерінде
жазасын өтеушінің мінезқұлқы мен
қоғамға деген көзқарастарын бекітетін
мәліметтер қамтылып, ашылмайды.
Әкімшілік бірізбен жазылған көшірме
мінездемелерді сотқа жолдай салады.
Мұндай құжаттарда жазасын өтеуші
жұмыс істей ме, жоқ па, отбасылық
жағдайы қалай, некеде тұра ма деген
негізгі сауалдарға жауап қайтарылмай
ды.
Жақында жазасын өтеуші әйелді
мерзімінен бұрын шартты түрдегі
жазаға босату мәселесін талқылаған
кезде оның отбасының бар екендігін
бекітетін құжаттардың өтінішке ті
гілмегені анықталды. Егер іске сот
талушының мінезқұлқын анықтауға
көмектесетін мұндай қажетті құжаттар
мен анықтамалар тігілмесе, судья
жазасын өтеушінің жеке басын қалай
анықтайды? Мерзімінен бұрын шарт
ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕРГЕ БЕРІЛЕТІН
МІНЕЗДЕМЕ НЕГЕ БІРДЕЙ?
көрсетілген. Тәжірибеде бұл талаптың
орындалуы да көңілден шықпайды.
Пробация саласының қызметкерлері
сотталғандарға міндеттерін түсіндіріп
отырмайды. Сол себептен де көпте
ген сотталушылар сотқа мерзімінен
бұрын шартты түрдегі жазаға босатуды
сұрап өтінішпен шыққанымен, заңдағы
көрсетілген талаптардың бірін орын
дамаған жағдайда мерзімінен бұрын
шартты түрдегі жазаның аса қатаң
түріне ауыстырылатындығын түсіне
бермейді.
Ботагөз СОЛТАНАЕВА:
– Қылмыстық кодекстің «Шартты
түрде соттаудың күшін жою» деп ата
латын 64бабының 1 бөлігінде «Егер
шартты түрде сотталған адам проба
циялық бақылаудың мерзімі өткенге
дейін өз мінезқұлқымен өзінің түзел
генін дәлелдесе, пробациялық бақыла
уды жүзеге асыратын органның ұсынуы
бойынша сот шартты түрде соттаудың
күшін жою туралы және сотталған
адамнан сотталғандықты алып тастау
туралы қаулы шығара алады. Бұл ретте
шартты түрде соттаудың белгіленген
мерзімінің кем дегенде жартысы өткен
соң оның күші жойылуы мүмкін» деп
көрсетілген. Ал шын мәнінде пробация
лық қызмет осы жауапты міндеттің ар
жағында сотталушының конституция
лық құқығы жататындығын ескермей
тін тәрізді. Сондықтан да пробация
лық қызмет тәртіп бұзбай, мерзімінен
бұрын шартты түрдегі жазаға боса
тылғандардың соттылығын алып тастау
жөніндегі ұсыныспен сотқа шығуы
керек. Бізде осы жағы кемшін.
Жанболат БАТЫРОВ:
– Расында да Жанна Еркінқызы
ның айтып отырғанындай пробация
лық бақылауда жүрген адамдар заңда
көрсетілген жаза мерзімінің белгілі
бір бөлігін өтегеннен кейін өздерін
мерзімінен бұрын шартты түрдегі
жазаға босату жөнінде сотқа өтініш
жазады. Сот оның өтінішін қанағаттан
дырған жағдайда пробация ендігі атқа
рылатын міндетті учаскелік инспек
тордың мойнына іліп қояды. Былайша
айтқанда пробациялық қызметтің мін
деті осымен аяқталады. Ал негізінен
пробациялық бақылауда жүрген адам
Қылмыстық кодекстің 44бабы мен
Қылмыстық атқару кодексінің 69ба
Жанна ЗАРИДЗЕ:
– Қамауға алу шарасының 2017
жылдан бастап жүзеге асырылатынын
ұмытпаңыздар.
Бәйкен ШАЛҚАРОВ:
– Жасыратын несі бар, кейде сот
талғандардың үйлеріне барып, тәртіп
бұзғандарды қамауға аламыз деп те
қорқытамыз. Алайда, Қылмыстық ко
декстің 296бабымен жауапқа тартыл
ғандарды жазаның қандай түрімен
болсын жасқандыру қиын. Олар кері
сінше «отырғызыңдар» деп міз бақпай
отырып алады.
Жанболат БАТЫРОВ:
– Сонда сотталғандардың көбісі
жұмыссыз ғой. Неге оларды жұмыс
көзімен қамтамасыз етуге шаралар қа
былдамайсыздар?
Елдос ЖАНҚАЗОВ:
– Жұмыспен қамту орталықтарына
барсаң, олар бізде жұмыс жоқ дейді.
Газбен дәнекерлеуші, бетон құюшы
сияқ ты мамандықтардан басқа кәсіп
жоқ. Ал, сотталғандардың ондай жұ
мысқа барғылары келмейді. Көбісі
әкешешелерінің мойнына мініп алған
дар, оларға қандай жұмыс тауып берсең
де бас тартады.
Жанболат БАТЫРОВ:
– Ондай жағдайда сотталушының
тауып берген жұмыстан бас тарта
тындығы туралы қолхат жаздыртып
алып, қылмыстық жауапкершілікке
тартыңдар. Заңның тілімен айтсақ, бұл
соттың үкімін не шешімін қасақана
орындамау деген сөз. Екіүш рет акт
жасап, ескертіңдер де сотталғанның
үстінен жинақталған материалдарды
сотқа жолдаңдар. Сот ондай адамға
қатысты жинақталған дәлелдерге баға
бере отырып, лайықты жазасын тағай
ындайтын болады.
Жанна ЗАРИДЗЕ:
– Сот ондай кезде үкім мен шешімді
орындамағандарға Қылмыстық ко
декстің 430бабын басшылыққа ала
отырып, үш жылға дейінгі бас еркін
шектеу немесе үш жыл мерзімге бас
еркінен айыру жазасын белгілейді.
– Еліміздің түзеу мекемелерін-
де шетелдіктер де жазаларын
өтейді. Жат жұрттықтарды
пробациялық бақылауға қоюдың
тәртібі қандай?
Жанболат БАТЫРОВ:
– Шетелдіктер жазасының белгілі
бір бөлігін өтеп, мерзімінен бұрын
шартты түрдегі жазаға шығарылғаннан
кейін көшіқон полициясы арқылы
еліне жіберіліп, кесімді мерзімін сол
жақта өтейді. Ондай азамат ел аумағы
на қайта келу құқығынан айырылады.
Ал енді Қазақстанның облыстарынан
келіп, қылмыс жасап, қоғамнан оқшау
лаумен байланысты емес, балама жа
заға тартылғандар кесімді мерзімдерін
сол тұрғылықты мекен жайларында
өтейді.
– Тәжірибеде сотталушының
мерзімінен бұрын босануға уақы-
ты келіп тұрғанымен мойнында
өтелмеген қарызы мен берешегі
көп болса, қайтесіздер?
Жанна ЗАРИДЗЕ:
– Ондай жағдайда Қылмыстық
кодекстің 72бабының талабын бас
шылыққа аламыз. Анығында да жаза
сын өтеушілердің арасынан келтірілген
шығынды өтемейтіндер де кездеседі.
Алайда, іспен танысушы судья сот
талушы қарызын қандай жағдайда
қайтармады деген сауалға жауап із
дестіріп, оның бүкіл әрекетіне баға
береді. Егер сотталушы шын мәнінде
еңбекке қабілеті жоқ кемтар адам бол
са, оның өтінішін орындаудан бас тарта
алмаймыз. Ал енді он екі мүшесі сау
адам ешқандай себепсіз 50 мың теңге
көлеміндегі берешегін орнына қоюдан
бас тартса, ол жауапкершіліктен жалта
ру болып есептеліп, өтініш қанағаттан
дырылмайды.
– Жаңа тәртіп бойынша сот-
талушыны мерзімінен бұрын
шартты түрдегі жазаға босату
барысында бұрынғыдай жәбір-
ленушінің пікірі ескерілмейді деп
естідік. Қалай ойлайсыз, бұл оның
конституциялық құқығын шек-
теу емес пе?
Жанна ЗАРИДЗЕ:
– Жазасын өтеуші жәбірленушіге
келтірген залалды орнына қоюға әрекет
жасап, немесе оны жарым жартылай
қайтарса құқық бұзылды деп есептел
мейді.
– Кейде сотталушыға қатыс
ты шыққан үкімде жазасын өтеу
шінің тұрақты мекенжайы көр-
сетілмейді де, кейін пробация
органының қызметкерлері оны
алашапқын болып іздеп жүреді
екен.
Елдос ЖАНҚАЗОВ:
– Ондай жағдайлар тәжірибеде ара
тұра болса да кездесіп қалады. Кейбір
сотталушылар ата аналары жауапкер
шілікке тартылғанын білмесін немесе
пробация қызметінің адамдары үйге
келіп мазамызды алмасын деген оймен
тұрғылықты жерін жасырып, басқа ме
кен жайды көрсетеді.
– Ой бөліскендеріңізге көп
рақмет.
Елеусіз МҰРАТ,
«Заң газеті»
лапұла, асығыс орындалатындығына
байланыс ты болып отыр.
Талап бойынша пробация қызметі
сотталушы өзін мерзімінен бұрын
шартты түрдегі жазаға босату жөнін
де өтінішпен шыққаннан кейін оны
он тәулік ішінде жазасын өтеушінің
мінезқұлқына қатысты басқа да құ
жаттармен толықтырып, сотқа жол
дауы тиіс. Ал бізде қалай? Жазылған
өтініштер сотталушылардың өз тара
пынан жолданып, Қылмыстық атқару
кодексінің 162бабының талаптары
ұдайы бұзылып жатады. Сондықтан
да, пробация қызметінің мамандары
келешекте сотқа сотталушының жалаң
өтінішін жібере салмай, оны жазасын
өтеушінің мінезқұлқын анықтауға
мүмкіндік беретін өзге де құжаттармен
ты түрдегі жазаға босатылуға жататын
сотталғанның деректерінде оның түзеу
мекемесіне келіп түскен сәтінен бастап
өтініш жазғанға дейінгі аралықтағы
мінезқұлқына баға берілуі тиіс.
Одан кейін Қылмыстық атқару ко
дексінің «Мерзімінен бұрын шартты
түрдегі жазаға босатылғандарға проба
циялық бақылау» деп аталатын 169ба
бының 9 бөлігінде көрсетілген талаптар
сала қызметкерлерімен орындалмайды.
Мәселен осы баптың 3 бөлігінде сот
талушы жазаны өтеу барысында бір
неше рет әкімшілік құқықбұзушылық
жасап, жазаға тартылса немесе жазаны
өтеу жауапкершілігінен жалтарса ішкі
істер органдары сотқа тағайындалған
жазаны неғұрлым қатаң түріне ауысты
ру жөнінде ұсыныспен шығуға тиіс деп
бындағы міндеттерді мүлтіксіз орын
дауы керек. Қарап отырсаңыз, бақылау
дағы адам әр он күн сайын учаскелік
инспекторға барып тексеріліп тұрады,
былайша айтқанда сотталушының мін
деттері жеңілдеп тұрған жоқ. Керісін
ше, олардың мойнына қосымша тоғыз
міндетті жүктеп, ауырлатып отырған
сияқтымыз.
Достарыңызбен бөлісу: |