8
№75 (2853)
12 шілде 2016
zangazet@mail.ru
БЕЗБЕН
– Судьялық қызметке тағайындал
ғанға дейін қай жерде еңбек еттіңіз?
– Алматы қаласының Бостандық
аудандық сотында сот мәжілісінің хат-
шысы болдым. Жалпы, сот саласындағы
еңбек өтілім жеті жыл. Осы уақыт
менің саладағы тәжірибемді шыңдады.
Судьялыққа келуіме әсер етті. Магис
тратурада білімімді жанжақты жетіл-
діре түстім.
– Жас судьясыз, судьялыққа үміт
керлерге қойылып жатқан талаптар
Сіздің ойыңызша тым қатал емес пе?
– Мемлекет басшысы сот төрелігін
үлкен өмірлік тәжірибесі бар және
жоғары моральдық ұстанымдарға ие,
ең лайықты әрі барынша дайындалған
кәсіби шеберлер жүзеге асыруы
тиістігін айтып, соған сай, судьялыққа
үміткерлерді іріктеу тетіктері мен
біліктілік талаптарын қатаңдатуды
және судьялардың есеп беру тәртібін
күшейтуді тапсырған болатын. Ұлт
жоспары – «100 нақты қадамға» сай,
ел заңдарына өзгерістер енгізіліп,
судьялыққа үміткерлерге қойылатын та-
лаптарды қатаңдатуға бағытталған нор-
малар қамтылды. Бәрін кадр шешеді,
тәжірибесі мен көргентүйгені мол ма-
ман судьялық қызметке тағайындалса,
онда ол өзінің сапалы сот актілерімен
әділ сот төрелігін қамтамасыз етеді.
Ал, заң аясында жанжақты таразыла-
нып, әділ қабылданған сот актісі жүйе
беделін арттырудың бірденбір кепілі.
Сондықтан, орынды және негізді талап
деп санаймын. Тағы айтарлығы, судья
мемлекет атынан шешім қабылдайды.
Жауапкершілігі өте жоғары. Бүгінде
халықтың құқықтық сауаты артты.
Сұраныстары да, талаптары да үлкен.
Соған сай болу үшін судьялар жұмысқа
дайын болып, қызметінің қырсырын
меңгеріп келуі керек. Бұл ең алдымен
өзімізге пайдалы.
Бабаларымыз «Ұлды тәрбиелеген – бір
адамды, ал, қызды тәрбиелеген – ұлтты
тәрбиелейді» немесе «Алып – анадан туа-
ды» десе, Елбасы «Қоғамның даму барысын
өмірде – нәзік, көңілде – биік, ал, істе –
мығым әйелдер қауымынсыз көзге елестету
мүмкін емес» деді. Түйсінер болсақ, жараты-
лысы нәзік жандарға берілер нағыз баға осы
емес пе?
Шығыс халықтарының ішінде қазақ
әйелдерінің мәртебесі қашаннан биік
болғаны тарихтан белгілі. Арыдан алсақ,
Томирис, Сүйінбике, Сүзге секілді батыр ана-
ларымыз, беріде Мәншүк, Әлия, Хиуаз сын-
ды қаһарман аруларымыз бар. Бұл қатарды
өзге жұртқа халқымыздың атын паш еткен
Нәзипа Құлжанова, Шара Жиенқұлова, Гул-
файруз Исмаилова, Күләш Бәйсейітовадай
хас таланттарымызбен толықтырсақ, жалпы,
қазақ қыздарының ерліктен де, өнерден де
кенде болмағанын көреміз. Олардың келе-
шек алдындағы кемел жауапкершіліктерін
жастарға үлгіөнеге ете білсек, онда бізді
даудың да, жаудың да алмасы анық.
Халқымызда қай заманда да еразамат-
тармен қатар жүріп, ел басқару ісіне белсе-
не араласқан ақжаулықтылар аз болмаған.
Кеңес үкіметінің тұсында да, тіпті, одан арғы
уақытта да қазақ әйелі қару ұстап, жауға
шапқаны өз алдына, азаматтармен бірдей
мал бағып, трактор тізгінін ұстады. Озат
шопан, озат механизатор атанып, талайды
тамсандырды. Барлық салада Еңбек ері
атағын алды. Бүгінде білім, ғылым, мәдениет,
әдебиет, ақпарат, техника, құқық қазақ қызы
игермеген кәсіп жоқ. Тіпті, қаракөздеріміздің
алды әуе кемесін де бағындыруда. Осы жер-
де лауазымды қызмет жайына келер болсақ,
бұл тұрғыда да ерлерден кем түспейтінімізді
ресми деректер аңғартады. Мысалы, ақпарат
көздері мемлекеттік қызметтегі әйелдердің
үлес салмағы 60 пайыздан асқанын көрсетеді.
Олардың арасында Мемлекеттік хатшы, Пре-
мьерминистр Кеңсесі басшысының орынба-
сары, министр, төтенше және өкілетті елші,
жауапты хатшы, облыстың, Астана және
республикалық маңызы бар қала әкімдерінің
орынбасарлары, селолық және қалалардағы
аудандардың, кенттердің, сондайақ, ауылдық
округтердің әкімдері де бар. «Нәсібін
кәсібінен» тауып жүрген іскер ханымдар да
жетерлік. Халық қалаулыларының арасында
да ақжаулықтылар аз емес.
Ананың абыройы – саналы ұрпақ тәр
биесінің кепілі десек, гендерлік тең дік
көрсеткіштері бойынша Қазақстан әлемнің
135 елінің ішінде 31орында екен. Үкі метіміз
әйел үстемдігін арттыруға ба рын ша көңіл
бөліп жатыр. Президенті міз мем лекетімізде
әйелдердің атқарып жат қан маңызды рөлі
жайлы Қазақстан әйел де рінің съезінде:
«Біздің гендерлік теңдік саласындағы сая-
сатымыз, әйелдердің эко но ми калық және
саяси өмірге қарқынды араласуы әлемдік
қауымдастық тарапынан жоғары бағаланды»
деп атап өтті. Осының бәрі қоғамдағы ген-
дерлік қатынастардың дамуына көмектесіп,
адамдардың рухани мәдениетін көтеруге сеп-
тігін тигізетіндігі анық.
Алтынгүл ҚАРАБЕКОВА,
Ақтау қаласы
№2 сотының судьясы
8 ай бұрын пәтеріне күрделі
жөндеу және әрлеу жұмыстарын
жүргізген талапкерге үлкен мөл
шер де материалдық шығын келген.
Шығын келтіргендер – пәтерді
жалдаушылар. Олар сол түні туған
күн тойлап, ұйқыға таңға қарай
жатқан. Соның кесірінен қатып
ұйықтап, ыстық су құбырының
жарылғанын да білмеген. Талап-
кер пәтер қожайынына хабар-
ласып, мәнжайды түсіндірген.
Бірақ, бұл жағдай бұрын да орын
алғандықтан, үй иесі оған аса
мән бермеген. Яғни, көршісінің
шағымына құлақ аспаған.
Пәтер құбыры бұдан бұрын
да сыр беріп отырған. Алайда, үй
иесі оны толық жөндетпей, пәтер
иелері кооперативінің сантехнигін
шақыртып, жарылған жерді ғана
жөндетіп қоятын болған. Пәтер
жалдаушылар ауысқан сайын
құбыр проблемасы қайталанады
екен. Үй иесі сөзіне құлақ аспаған
соң талапкер учаскелік полиция
шақыртып, пәтер тұрғындарына
әкімшілік жаза қолданылады. Ал,
пәтер иелерінің кооператив төр
ағасы осы жағдайға байланысты
жедел комиссия құрып, апаттың
шығу себебін жанжақты тек-
середі. Және тексеру негізінде
акт жасайды. Осы акт бойынша
арнайы жөндеу жұмысымен ай-
налысатын құрылыс компаниясы
талапкердің пәтеріне келтірілген
залалдарды толығымен жою және
қалпына келтіру жұмыстарына
байланысты сметалық құжаттарын
ұсынған. Сметаның құны 438 800
теңгені құраған. Осыған байланыс
ты талапкер соттан жауапкерден
материалдық зиянды және оның
пайдасына шешілген шығынды
өндіріп беруді сұрады.
Сот мәжілісінде талапкер
өзінің талап арызын толығымен
қуаттады. Сонымен қатар, ол
жауапкердің сот мәжілісіне кел-
меуіне байланысты азаматтық істі
Сот сөйлесін!
Көзқарас
Шешім
БІЗДІҢ АНЫҚТАМА:
Аты-жөні — Есбергенова
Шолпан Ерланқызы.
Туған жылы — 1986.
Бітірген оқу орны —
«Әділет» құқықтық жоғары
мектебі — Заңтану акаде-
миясы, ҚР Президенті
жанындағы Мемлекеттік
басқару академиясының
магистратурасы.
Хоббиі — кітап оқу, спорт.
Қызмет орны — Алматы
қаласының маманданды-
рыл ған ауданаралық
әкімшілік сотының судьясы.
«ЖАУАПКЕРШІЛІК — ЗАҢ БҰЗБАУДЫҢ КЕПІЛІ»
ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІНЕ ТЕҢДІК
ҚАНМЕН БЕРІЛГЕН
ПӘТЕР ИЕСІ ӨЗГЕЛЕРГЕ
КЕЛТІРІЛГЕН ЗАЛАЛДЫ
ӨТЕУГЕ МІНДЕТТІ
– Сіз өзіңізді жұмысқа қаншалық
ты дайын болып келдім деп бағалай
сыз?
– Мемлекет басшысы халыққа жол-
дауында «Өмір бойы білім алу – әрбір
қазақстандықтың жеке кредосына ай-
налуы тиіс» деді. Сондықтан, қанша
біліп тұрсаң да әрбір істің өз қиындығы
бар. Оны жеңу үшін, әрине, Елбасы
айтқандай, білім керек. Бакалаври-
ат, магистратурада алған білімім, сот
саласындағы жеті жылдық тәжірибем
судьялық қызметке жол ашып берді.
Ел, Президент сенім артып жүктеген
жұмысты кіршіксіз атқару күнделікті
дайындықты қажет етеді. Халқымыз
«Ізденген жетер мұратқа, ерінген қалар
ұятқа» деген жоқ па? Сол себепті,
білгенімізді одан әрі арттырып, іздену
мен үйренуден жалықпауға тиіспіз.
Тәжірибелі әріптестерімізден алар
өнегеміз көп.
– Адамдардың заң бұзуы, заңды
білмеуінен бе, әлде жауапсыздықтан
ба, қалай ойлайсыз?
– Әкімшілік сотта негізінен жолкө
лік апатына қатысты істер көп. Соған
бай ланысты айтар болсақ, әрине, алды-
мен жауапсыздықты атар едім. Себебі,
жауап кершілік бар жерде заң талаптары
сақталады, тәртіп бұзылмайды. Бұл
ең бірінші, азаматтардың өз өміріне
немқұрайдылығының салдары. Және
көбісі кінәлары мен қателіктерін мойын-
дамайды. Соттың атына жағымсыз пікір
қалыптастырады. Одан кейін қоға мы
мызда көлік басқарғанымен жол ере
жесінің талаптарын білмейтіндер жетер
лік. Мысалы, жол жүру туралы тізбесінде
ереже бұзған жүргізушінің ісәре кеті
көрініп тұрады. Бірақ, бұған мойын
ұсынғысы келмейді, сөйте тұра, кінәлі
еместігіне нақты дәлелдер келтіре алмай-
ды. Мұның өзі жауапсыздықтың көрінісі.
– Заңгерлік жолға түсуіңізге кім не
месе қандай жағдайдың әсері болды?
– Отбасымызда менен басқа заңгер
жоқ. Бұл салаға ешкімге еліктеп кел-
медім. Бір жағдай әсер етті десем де
болады. 7 сыныпта оқып жүргенімде
оқушылар арасындағы әділетсіздікті
көрдім. Сол кезде адвокат болғым,
әділетсіздікке ұшыраған оқушыны
қорғағым келді. Мектеп бітірген-
ше ойым өзгермеді. Атаанам менің
таңдауымды қолдады.
– Ең алғаш қараған ісіңіз есіңізде ме?
– Есімде, көлікті мас күйінде жүр
гізген азаматқа қатысты іс. Жүргі зу ші
нің алкогольді ішімдікті ішке ні меди
циналық қорытындымен дә ле лін тапқан.
Жүргізуші МАИ қызмет керлерінің
тоқтатқанына бағынбай, қашқан. Арты-
нан жол инспекторлары тауып, хаттама
толтырған. Оның әрекеті бейнежазбаға
жазылған. Соның өзінде жүргізуші сот
залында өзін кінәсізбін деді. Бірақ, мен
іс материалдарына сүйеніп, жүргізушіні
кінәлі деп таптым. Апелляциялық сотта
бұл іс өзгеріссіз қалдырылды.
– Сот шешімін естігендердің көбі
не қандай күйде болатыны белгілі.
Ризашылықтарын білдіретіндер бар
ма?
– Тараптар нақты мынандай күйде
болады деу қиын. Әрқайсысы өз эмоция
ларын білдіреді. Ал, кей кездері үлкен
кісілер рақмет айтып жатады. Мысалы,
зейнеткерлердің материалдық жағдайы
жоғары емес. Қазіргі уақытта 10 АЕК –
21210 теңге. Заң бойынша жеңілдетілген
жағдайға сәйкес, айыппұлдың құнын 30
пайызға азайтуға соттың құқығы бар.
Осындай істерде зейнет жасындағылар
батасын беріп жатады.
– Әңгімеңізге рақмет.
Т.ИБАШЕВА,
«Заң газеті»
Даналық әліппесі
Әйтеке бидің
нақыл
сөздері
* * *
Сарқылмайтын суат жоқ,
Тартылмайтын бұлақ жоқ.
Құйрығы суда тұрса да,
Уақтысы жеткенде,
Қурамайтын құрақ жоқ.
Дүние деген пәни бұл,
Баласы жоқта мият жоқ,
Бәрінен қиын сол екен,
Артыңда жанған шырақ жоқ...
* * *
Жігіттің жақсысы:
Дұрыс сөзге тоқтай білген,
Басқаны сөзіне тоқтата білген.
* * *
Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін;
Батыр болсаң, дұшпанға найзаң
тисін.
Бай болып пайдаң тимесе,
Батыр болып найзаң тимесе,
Жұрттан алабөтен үйің күйсін!
* * *
Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.
Ашу деген - ағын су,
Алдын ашсаң, арқырар.
Ақыл деген - дария,
Алдын тоссаң, тоқырар.
Кісі бірге туыспау керек,
Туысқан соң сөз қуыспау керек.
Сөз қуған пәлеге жолығады.
Жол қуған олжаға жолығады.
(Дереккөз www.kazaitys.kz)
Еліміздегі мемлекеттік гендерлік саясат 2006-2016 жылдарға арналған
Гендерлік теңдік стратегиясына сәйкес жүзеге асырылады. Онда
мыңжылдық даму мақсаттары мен әйелдерге қатысты кемсітудің барлық
нысандарын жою туралы Конвенцияның қағидаларына сай, Қазақстан
үшін гендерлік индикаторлар анықталған. Олар мемлекеттік орган-
дар әзірлейтін бесжыл дық мерзімге арналған аумақтарды дамыту
бағдарламалары мен стратегиялық жоспарларға енгізіледі.
Талапкер сотқа мате-
риал дық зиянды өндіру
туралы талап арызбен
жүгінді. Талап арызда
баяндалған жайттарға
сүйенсек, талапкер пәт ері-
не жоғары қабатта тұра-
тын көршісінің ыстық су
құбыры жарылуы сал-
да ры нан су кеткен.
Нәтиже сінде пәтердің
барлық бөлмесінің төбе-
сі бүлінген. Жуынатын
бөлменің кафельдері
түсіп, қалғандарының
қабырғалары бүлінген.
сырттай қарауды өтінді. Жауап кер
ге сот мәжілісінің болатын уақыты
мен өтетін орны бірнеше рет
хабарланған. Бірақ, жауапкер сот
отырысына келген жоқ және өзінің
келе алмауының дәлелді себеп-
терін хабарламады. Сондықтан,
талапкердің істің жауап кердің
қатысуынсыз қаралуына қарсы
еместігі ескеріліп, сот ҚР Азамат
тық процестік кодексінің 256ба-
бына сәйкес, азаматтық істің
сырт тай іс жүргізу тәртібімен
қаралуына ұйғарым қабылдады.
Заң талабына сай, сот сырттай
іс жүргізу тәртібімен істі қарау
кезінде іске қатысушылар берген
дәлелдемелерді зерттеп, олардың
дәлелдерін ескереді.
Сот отырысында талапкер түсі
ніктемесі тыңдалып, аза мат тық
іс құжаттары толықтай зерттел-
ді. Нәтижесінде талапкер дің та
лап арызы толықтай қана ғат тан
ды руға жатады деп есептелді.
Себебі, ҚР Тұрғын үй қатына
сы туралы заңының 4бабы,
2бөлігіне сәйкес, тұрғын үйді
пай да лану – оның бұзылуына
немесе бүлінуіне әкеліп соқпауға,
басқа тұрғындардың құқығына,
қоршаған ортаға залал келтірме-
уге тиіс. Бұған қоса 30.11. 2011
жылғы пәтерді сатып алусату
шартына байланысты екі тарап
та пәтерлердің меншікті иесі.
Пәтерге келтірілген шығын құны
жөндеу жұмыстарының сметасына
байланысты 438 800 мың теңгені
көрсеткен. Су басудан кейін гі
залалды анықтау актісіне байла-
нысты қонақ бөлменің 5 кв.м.,
бірінші жатын бөлменің 2,5 кв.м.,
дуалдың бұрышы сынып құлаған,
екінші жатын бөлменің 2,3 кв.,
төбесі, левкасы және гипсокарто-
ны шытынаған, т.б. бөлмелердің
бүлінген тұстары осылайша анық
көрсетілген.
ҚР АІЖКнің 72бабына сәй
кес, әр тарап өз талаптарының
және қарсылықтарының негізі
ретін де сілтеме жасайтын мән
жай ларды дәлелдеуге, қорғаныс
құралдарын пайдалануға, фак-
тілерді растауға, оларға дау айту ға,
іс жүргізуге жәрдемдесуге бағыт
талған дәлелдемелер және оларға
қарсылықтарды судья белгілеген
мерзімде келтіруге тиіс. Сондай
ақ, ҚР Тұрғын үй қатынастары ту-
ралы заңының 39бабы, 1 бөлігіне
сүйенсек, егер үйжайдың меншік
иесі ортақ мүліктің кез келген
бөлігіне немесе кез келген басқа
үйжайға залал келтірсе, оны өз
есебінен жоюға, шығындарды
өтеуге міндетті. Айта кетер-
лігі, ҚР Азаматтық кодексінің
8бабы бойынша, азаматтар мен
заңды тұлғалар өздеріне берілген
азаматтық құқықтарды, соның
ішінде өздерін қорғау құқығын
өз қалауынша пайдаланады. ҚР
АК 9 бабының 34 бөліктерінің
талабына сай, заң құжаттарында
арнайы көзделген реттерде аза
мат тық құқықтарды қорғау құ
қы ғы бұзылған адамның тіке-
лей іс жүзіндегі немесе заңдық
әрекеттерімен жүзеге асырылуы
мүмкін. Құқығы бұзылған адам
заң құжаттарында немесе шартта
өзгеше көзделмесе, өзіне кел-
тірілген залалдың толық өтелуін
талап ете алады.
Жауапкер сырттай шешім шы
ғар ған сотқа шешімнің көшірмесін
алған кезден бастап бес күн ішінде
бұл шешімнің күшін жою ту ралы
арыз беруге құқылы. Сырт тай
шешімге іске қатысатын адам
дар дың шағым жасау немесе
кү шін жою туралы арыз беру
мер зімі өтіп кеткен жағдайда,
сондайақ, берілген арызды қана
ғат тандырудан бас тарту тура-
лы сот ұйғарым шығарған күн
нен бастап бір ай ішінде про-
курор апелляциялық тәртіппен
наразылық білдіруі мүмкін.
Әсел МЕДЕТБЕКОВА,
Алматы қаласы
Алмалы аудандық
№2 сотының судьясы