түрлерімен жасқандыра алмайсыз.
6
№75 (2853)
12 шілде 2016
zangazet@mail.ru
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
Алматы қаласы
19 желтоқсан 2015 жыл
№ 237
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның
ведомстволарының, оның құрылымына кіретін
ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және
одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік
басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен
үлестес заңды тұлғалардың тауарларды,
жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі
қағидаларын бекіту туралы
6. Сатып алуды шарт жасасу арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен жүзеге
асыру тәртібі
218. Шарт жасау арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен жүзеге асырылатын сатып алу:
1) тез арада қалпына келтiрудi талап ететiн тетiктердiң, агрегаттардың, қосалқы
бөлшектердiң және материалдардың сынуы, iстен шығуы туындағанда растау құжаттары
болған кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу;
2) сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қатысты ерекше
құқықтары бар тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
3)
Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе басқа елдердің заңнамасында
белгіленген бағалар мен тарифтер бойынша не
Қазақстан Республикасының заңнамасында
айқындалған тұлғадан
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
4) мемлекеттік монополия субъектісінен, табиғи монополиялар субъектісінен, сондай-
ақ үлесі осындай нарықта 35 (отыз бес) пайыздан асатын, сатып алынатын тауарлардың,
жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің белгілі бір нарығында басым (монополиялық)
орын алатын тұлғалардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
5) сумен жабдықтау, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен
жабдықтау қызметтерін сатып алу;
6)
мына:
«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы
2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот орындаушылары;
«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 науры-
здағы Заңына сәйкес өткізілетін;
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне сәйкес өт-
кізілетін;
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының
1998 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес;
мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезіндегі сауда-саттықта (аукциондарда), конкурстар-
да өткізілетін мүлікті (активтерді) сатып алу;
7) тапсырыс берушінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі коопера-
ция бойынша сатып алуы;
8) тапсырыс беруші жасаған шарттар шеңберінде белгіленген міндеттемелерді орындау
үшін қажетті лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді және оны техникалық
қолдау (жаңғырту, ілеспе қызмет көрсету) бойынша қызметтерді сатып алу;
9) тапсырыс беруші жасаған шарттар шеңберінде белгіленген міндеттемелерді
орындау үшін қажетті тапсырыс берушінің жарғылық қызметінің мәні болып табылатын
өнімді дайындау және жеткізу үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін
қызметтерді сатып алу;
10) Ұлттық Банктің қызметін жүзеге асырумен және (немесе) телекоммуникация
желілерінің жұмыс істеуімен және ақпараттық жүйелерді пайдаланумен байланысты
үй-жайларды, үйлерді, ғимараттарды, жалдау қызметтерін және оларды пайдалануға, жер
учаскелерін ұзақмерзімді жалдауға байланысты қызметтерді сатып алу;
11) күрделі құрылыс объектілерінің жобалау құжаттамаларын әзірлеуге авторлық
қадағалау, тиісті авторлардың күрделі құрылыс объектілерінің құрылысына, қайта салуға
және күрделі жөндеуге қатысты авторлық қадағалау бойынша көрсетілетін қызметтерді
сатып алу;
12) сапа менеджменті жүйесі саласында сертификаттаудан өту қызметтерін сатып алу;
13) тапсырыс берушінің жарғылық қызметін қамтамасыз ету үшін кірме жолдарды
пайдалану қызметтерін, жүкті және өнімді жөнелтілген орнына дейін жеткізу қызметтерін
сатып алу;
14)
мемлекеттік кәсіпорындардан, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға
қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардан
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу
;
15) қандай да бір жеткізушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
сатып алған тапсырыс берушіде бірегейлендіру, қайта жинақтау, стандарттау немесе қолда
бар тауарлармен, жабдықтармен, технологиялармен, жұмыстармен немесе қызметтермен
сәйкестендіруді қамтамасыз ету мақсатында осы жеткізушіден басқа сатып алуды жүргізу
қажеттігі туындаса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
16) егер баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өтпеген деп танылса тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
17) егер конкурс тәсілімен сатып алу өтпеген деп танылса тауарларды, жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
18) Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша
күн сайынғы және (немесе) апта
сайынғы қажеттілік тауарларын, жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерді тапсырыс берушінің
конкурс тәсілімен сатып алудың қорытындысын жасағанға дейінгі және шарт күшіне енгенге
дейінгі, бірақ екі айдан аспайтын кезең ішінде қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті
көлемде сатып алу;
19)
шетелдік құқықты қолдануға байланысты мәселелер мен (немесе) құжаттар бойынша,
тапсырыс берушінің мүдделерін халықаралық төрелікте немесе халықаралық коммерциялық
төрелікте және шетелдік сот органдарында қорғау бойынша консультациялық және заң
қызметтерін сатып алу
;
20) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын (жарлықтарын) орындау
шеңберінде туарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
21) ұлттық валютаның банкноттары мен монеталарын дайындау, сатып алу, сату, өтеп
алу, сақтау, жеткізу, әкету, ауыстыру, айырбастау, айналыстан алу және жою, олардың
дизайнын айқындау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу, ұлттық валютаның
банкноттары мен монеталары туралы ақпараттық материалдарды олар айналысқа
шыққанға дейін дайындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
сатып алу, сондай-ақ аталған операцияларды жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
22) білім беру қызметін өз бетімен әзірлеген білім беру бағдарламаларының және
(немесе) шетелдік әріптестердің білім беру бағдарламаларының негізінде жүзеге асыратын
коммерциялық емес ұйымдардан қызметкерлерді дайындау, қайта дайындау және
біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
23) Қазақстан Республикасының және (немесе) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының
аумағында жалғыз жеткізуші болып табылатын, сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға
(көрсетілетін қызметтерге) қатысты өндірушіден (құқық иеленушінің) тиісті растауы бар
тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
24) банкноттарды, ұлттық валюта монеталарын және бағалы металдарды сақтау
орнының жұмыс істеу (күзет, дабыл, және өрт сигнализациясы, өрт сөндіру, байланыс,
кіруді бақылау, бейнебақылау, желдету, кондиционирлеу, электрмен қамтамасыз ету, сумен
және жылумен қамтамасыз ету) жүйелерін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды,
қызметтерді сатып алу.
219. Шартты жасау арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру
кезінде тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) әлеуетті жеткізушіге мынадай
мәліметтері бар жазбаша шақыру жібереді:
1) тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) атауы және орналасқан жері;
2) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы
және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамала-
ры, ұлттық стандарт, мемлекетаралық немесе халықаралық стандарт (ол болған кезде)
көрсетілген техникалық ерекше нұсқамалары.
Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды сатып алуды жүзеге асырған
кезде, сатып алынатын жұмыстардың сипаттамасының және талап етілетін функционалдық,
техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының орнына шақыруда белгіленген
тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама болады.
Қағидалардың 222-тармағына сәйкес белгіленген әлеуетті жеткізушіге жіберілетін ақпа-
рат конкурстық құжаттамада көзделген немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып
алудың талаптарына сәйкес келеді;
3) өткізілетін сатып алудың мәні болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмы-
стардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі;
4) тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету орны мен мерзімдері;
5) ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасына кепілдік
беру туралы талапты көрсетуге жол беріледі;
6) төлем талаптары мен маңызды талаптары көрсетілген шарттың жобасы;
7) Қағидаларда көзделген жағдайларда шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізудің
талаптары, нысаны, көлемі және тәсілі;
8) өткізілетін сатып алудың мәні болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген
қызметтерді сатып алуға бөлінген сомалар туралы мәліметтер;
9) Қағидалардың 218-тармағының 3), 5), 6), 7), 9), 13), 14), 16), 20), 21), 24) тармақ-
шаларында және 222-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда,
әлеуетті жеткізушінің (қосалқы мердігерлердің, (қоса орындаушылардың) олар тартылған
жағдайда) біліктілік талаптарға сәйкес келуін растайтын құжаттардың тізбесі.
Осы қаулы мынадай:
1) Қағидалардың 218-тармағының 1), 2), 4), 11) тармақшаларына сәйкес;
2) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір
жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға жүзеге асырылған, сондай-ақ оларды
жасаған кезде орындалатын сатып алуға қолданылмайды.
220. Шарт жасау арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен жүргізілетін сатып алудың мәні
болып табылатын тауарды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге ниет
білдірген әлеуетті жеткізуші шақыруды алған күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей
тапсырыс берушіге (сатып алуды ұйымдастырушыға) өзінің жазбаша келісімін жібереді,
оған қоса:
1) әлеуетті жеткізуші жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігері
(қоса орындаушы) ретінде тартуды көздеп отырған тұлғаларды көрсете отырып, әлеуетті
жеткізуші ұсынатын туарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасын;
2) ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларын береді.
Баға әлеуеттi жеткізушінің тасымалдауға, сақтандыруға, кеден бажын, қосымша құн
салығын және басқа да салықтарды, төлемдер мен алымдарды, жинақтаушы бөлшектер
мен мiндеттi қосалқы бөлшектер құнын, бiр өлшем бiрлiгiне пайдаланудың бастапқы
мерзiм iшiнде қызмет көрсетуге арналған барлық шығыстарын, басқа да шығыстарды
қоса алғанда, ұсынылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер құнының есебін
қамтиды;
3) ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін
қызметтердің техникалық ерек-
ше нұсқаманың (ол болған кезде) талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды;
4) Қағидалардың 218-тармағының 3), 5), 6), 7), 9), 13), 14), 16), 20), 21), 24) тармақ-
шала рында және 222-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда,
әлеуетті жеткізушінің (қосалқы мердігерлердің (қоса орындаушылардың) олар тартылған
жағдайда) біліктілік талаптарға сәйкестігін растау мақсатында құжаттардың тізбесін береді.
Әлеуетті жеткізуші жазбаша келісімінде өзінің Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз
қатысушылар тізілімінде жоқ екенін растайды.
221. Сатып алуды шарт жасау арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен жүзеге асырған
кезде сатып алуды ұйымдастырушы сатып алудың қорытындысын ресімдейді, оны:
Ұлттық Банкте – Ұлттық Банк Төрағасының жауапты бөлімшеге жетекшілік ететін
орынбасары немесе өзге де уәкілетті лауазымды адам;
Ұлттық Банктің филиалында – филиалдың директоры немесе оның міндетін атқаратын
адам, немесе өзге де уәкілетті лауазымды адам, немесе филиал директорының бұйрығымен
осыған өкілеттік берілген адам;
Ұлттық Банктің ұйымында – бірінші басшы немесе оның міндетін атқаратын адам, немесе
өзге де уәкілетті лауазымды адам бекітеді.
Сатып алудың қорытындысында мынадай ақпарат қамтылады:
1) сатып алудың шарт жасау арқылы бір көзден сатып алу тәсілін қолданудың негіздемесі;
2) шарт жасау арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алынатын тауарлардың,
жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы;
3) сатып алу туралы шарт жасалатын жеткізушінің атауы мен орналасқан жері және
осындай шарттың бағасы.
222. Конкурс тәсілімен, хабарландыруды жариялау арқылы баға ұсыныстарын сұрату
тәсілімен өткізілген сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, шарт жасау арқылы бір көзден
сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге
асырған жағдайда, тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) мынадай іс-шаралар-
дың біреуін жүзеге асырады:
1) Қағидалардың 159-тармағының 1), 8) тармақшаларында, 166-тармағының 1), 8) тар-
мақ шаларында, 237-тармағының 1) тармақшасында, 247-тармағының 1) тармақшасында
көзделген жағдайларда шақыру жіберілетін әлеуетті жеткізушіні тапсырыс беруші (сатып
алуды ұйымдастырушы) айқындайды;
2) Қағидалардың 159-тармағының 2) тармақшасында, 166-тармағының 2) тармақшасында,
237-тармағының 2) тармақшасында, 247-тармағының 2) тармақшасында көзделген
жағдайларда, тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) шақыруды
конкурсқа
қатысуға
өтінімді, баға ұсынысын берген әлеуетті жеткізушіге жібереді;
3) Қағидалардың 159-тармағының 3) тармақшасында, 166-тармағының 3) тармақша-
сында көзделген жағдайда, сатып алуды ұйымдастырушы шақыруды техникалық ерекше
нұсқамасы конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін не одан жақсы
конкурсқа
қатысуға
өтінімді ұсынған әлеуетті жеткізушіге жібереді;
4) Қағидалардың 159-тармағының 4), 5), 6), 7) тармақшаларында, 166-тармағының 4), 5),
6), 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда, сатып алуды ұйымдастырушы шақыруды
конкурстық баға ұсынысы жалғыз немесе жалғыз қабылданған болып табыла тын, конкурсқа
қатысуға рұқсат берілген әлеуетті жеткізушіге (конкурсқа қатысушы ға) жібереді.
Бұл ретте шарт жасау арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен өткізілетін сатып алуға
қатысуға шақырылған әлеуетті жеткізуші оның біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын
құжаттарды қайталап ұсынбайды;
5) Қағидалардың 237-тармағының 3) тармақшасында, 247-тармағының 3) тармақша сында
көзделген жағдайларда, сатып алуды ұйымдастырушы шақыруды баға ұсынысы жалғыз
қабылданған болып табылатын әлеуетті жеткізушіге жібереді.
223. Егер анағұрлым жақсы функционалдық және басқа да сипаттамалары бар тауарлар
мен көрсетілетін қызметтер ұсынылса, сондай-ақ неғұрлым үздік технологиялық шешімдер
және (немесе) жақсы материалдардан жұмыстарды орындау ұсынылса, әлеуетті жеткізушінің
техникалық ерекше нұсқамасының
тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы)
ұсынған
техникалық нұсқамаға сәйкес келмеуіне жол беріледі.
224. Ш
артты жасау арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алу мына жағдайларда:
1) егер әлеуетті жеткізуші ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызмет-
тердің бағасы осы сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асып түскен;
2)
егер әлеуетті жеткізуші неғұрлым жақсы техникалық, сапалық және функционалдық
сипаттамалары бар техникалық ерекше нұсқаманы ұсыну жағдайларын қоспағанда, тапсы-
рыс берушінің техникалық ерекше нұсқамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін
техникалық нұсқаманы ұсынған жағдайларда өтпеген деп танылады.
225.
Егер сатып алу өтпеген деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші (сатып алуды
ұйымдастырушы):
1) көрсетілген тәсілмен қайта сатып алуды жүргізу туралы;
2) Қағидаларда көзделген өзге де тәсілдермен сатып алуды жүзеге асыру туралы
шешім
қабылдайды
.
7. Сатып алуды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүзеге асыру тәртібі
1-параграф. Сатып алуды хабарландыруды орналастыру арқылы баға
ұсыныстарын сұрату тәсілімен ұйымдастыру және өткізу тәртібі
226.
Егер осындай тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық
көрсеткіш бойынша жылдық көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы
заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспаса,
хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу тау-
арларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге жүргізіледі, бұл ретте баға шешуші талап
болып табылады.
227. Х
абарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен:
1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бiрнеше түрлерiн сатып алуды
жүзеге асыру кезiнде тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) тауарларды, жұмы-
старды, көрсетілетін қызметтердi олардың бiртектi түрлері бойынша және (немесе) оларды
жеткізу (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөледі;
2) бiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алуды жүзеге
асыру кезiнде тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) тауарларды, жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтердi оларды жеткізу (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөледі.
Х
абарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен сатып алудың
жеңiмпазын айқындау әрбiр лот бойынша жүзеге асырылады.
228. Х
абарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілін қолдану
мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық
көлемін қаржылық жыл ішінде бөліктерге бөлшектеуге жол берілмейді.
229. Т
апсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) баға ұсыныстарын табыс ету
мерзiмi аяқталғанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей тапсырыс берушінің (сатып алуды
ұйымдастырушының) интернет-ресурсында Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысан бой-
ынша мемлекеттік тілде және орыс тілінде хабарландыруды орналастырады.
Хабарландыруда мына:
1)
сатып алу үшiн бөлiнген сомаларды көрсете отырып, өткізiлетiн сатып алудың ны-
санасы болып табылатын тауарлардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін
қызметтердiң көлемi туралы ақпарат;
2)
ұлттық стандарт, мемлекетаралық немесе халықаралық стандартты (болған кезде)
көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың,
көрсетілетін
қызметтердің
қысқаша сипаты;
3)
сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық ерекше
нұсқамасы ( болған кезде);
4)
тауар үлгілерін тестіден өткізу бағдарламасы (болған кезде);
5)
тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, көрсетілетін қызметтердi көрсету орны;
6)
әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын, тестіден өткізуге тауарлардың үлгілерін
(болған кезде) табыс етуді бастау және аяқтау мерзiмi туралы ақпарат;
7) әлеуетті жеткізушілер табыс еткен баға ұсыныстарын ашу күні мен уақыты;
8) төлем жасау талаптары;
9)
маңызды талаптарын, оның ішінде техникалық талаптарын көрсете отырып шарттың
жобасы (мәмілені Қағидалардың 264-тармағына сәйкес ауызша нысанмен жасаған жағдайда
көрсетілмейді) қамтылады.
230.
Орналастырылатын хабарландыруда тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілері-
не, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге,
тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алына-
тын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті жеткізушіге тиістiлiгiн
айқындайтын өзге де сипаттамаларға сілтемелердің болуына рұқсат етіледі.
Техникалық регламенттерге, стандарттарға және халықаралық шарттарда және Қа-
зақстан Республикасы заңнамасында көзделген өзге де талаптарға сәйкес айқындалған
сатып алу объектісінің техникалық және сапалық сипаттамаларына қатысты стандарттық
көрсеткіштерді, талаптарды, шартты белгілерді және
терминологияны көрсетуге
рұқсат
етіледі.
231.
Әлеуетті жеткізуші Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес әлеуетті жеткізушінің қолымен
және мөрімен (ол боған кезде) бекітілген бiр ғана баға ұсынысын табыс етеді, онда мына
мәліметтер мен құжаттар:
1)
әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;
2)
жеткізілетін тауарлардың атауы, сипаты және саны, орындалатын жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің атауы және көлемі;
3)
тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орын және мерзімі;
4)
тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты
шығыстарды қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бір
бірлігінің бағасы мен жалпы бағасы;
5)
әлеуетті жеткізуші қол қойған техникалық ерекше нұсқама (егер хабарландыруды
орналастыру арқылы
баға ұсыныстарын сұрату
тәсілімен сатып алуды жүргізу туралы
хабарландыруда техникалық ерекше нұсқама және әлеуетті жеткізушінің техникалық
ерекше нұсқаманы беруі туралы талап болса);
6)
тестілеуді жүргізу кезіндегі тауардың үлгісі (егер хабарландыруды орналастыру
арқылы
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыруда
тауарлардың үлгілерін тестілеу бағдарламасы болса
) қамтылады.
Әлеуетті жеткізуші табыс еткен баға ұсынысына өзгерістерді және (немесе)
толықтыруларды енгізуге рұқсат етілмейді.
Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын табыс етуі оның шарт жобасында (ол болған кезде),
сондай-ақ техникалық ерекше нұсқамада көзделген талаптарды сақтай отырып, тауарды
жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi жүзеге асыруға келiсiмін бiлдiру
нысаны болып табылады.
232. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысын хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсы-
ныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген конверттерді ашу
рәсімдерінің басталу уақытына дейін жабылған күйінде ұсынады.
Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар жабық конверттің сырт жағында мыналарды:
1) әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошта мекенжайын;
2) тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) сатып алу туралы хабарланды-
руда көрсетілген тиісті мәліметтерге сәйкес келетін толық атауын және пошта мекенжайын;
3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін тауарлардың, жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің, лоттың атауын көрсетеді.
Әлеуетті жеткізуші туралы мәліметтер Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
баға ұсыныстарын тіркеу журналына әлеуетті жеткізушілердің баға ұсынысы бар конверт-
терді беруіне қарай
хронологиялық тәртіпте енгізіледі.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттер пошта арқылы келіп түскен
жағдайда, баға ұсыныстарын тіркеу журналында тиісті белгі қойылады.
233. Б
елгіленген мерзім аяқталуы бойынша ұсынылған (алынған)
баға ұсыныстары бар
конверт ашылмай, қайтарылады және
баға ұсыныстарын тіркеу журналында
тіркелінбейді
.
234.
Б
аға ұсыныстарын ұсыну мерзімі аяқталуы бойынша баға ұсыныстары бар
конверттерді ашу жүргізіледі.
Сатып алуды ұйымдастырушы ұсынылған баға ұсыныстарын қарайды және әлеуетті
жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру мерзімі аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні
ішінде сатып алудың қорытындысын шығарады.
235.
Барлық мүдделі тұлғалар конверттерді ашу рәсіміне кедергісіз кіре алады.
Сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті жеткізушілер баға ұсыныстарында мәлімдеген
бағаларды жариялайды, әлеуетті жеткізушілердің уәкілетті өкілдерін ұсынылған
баға
ұсыныстарымен және баға ұсынысына қоса берілген құжаттармен таныстырады.
Сатып алуды ұйымдастырушы мен әлеуетті жеткізушінің арасында оның баға ұсынысына
қатыстыкеліссөздер жүргізуге жол берілмейді.
236.
Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы:
1)
егер ол осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлін-
ген сомасынан асқан;
2) егер әлеуетті жеткізуші осы лотқа баға ұсынысын қайтадан ұсынған;
3) тапсырыс беруші мәлімдеген техникалық және сапалық сипаттан асатын техникалық
ерекше нұсқаманы қоспағанда, егер әлеуетті жеткізушінің ұсынысы техникалық ерекше
нұсқамаға сәйкес келмеген;
4) егер әлеуетті жеткізуші Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде
тұрса;
5) егер хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып
алуды жүргізу туралы хабарландыруда ерекше нұсқаманы ұсыну жөніндегі талап болғанда,
әлеуетті жеткізуші оны ұсынбаған жағдайларда қабылданбайды.
Өзге де негіздемелер бойынша баға ұсыныстарын қабылдамауға жол берілмейді
.
237. Хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып
алу:
1) баға ұсыныстары болмаған;
2) екіден кем баға ұсыныстары берілген;
3) бас тартылмаған бір баға ұсынысы қалған жағдайда өтпеген деп танылады.
238. Хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу
өтпеді деп танылған кезде тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) мына:
1) хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайтадан
сатып алу;
2) шартты жасау арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алу шешімдерінің бірін
қабылдайды.
239. Хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу
қорытындылары хаттамамен ресімделеді және оларды:
Ұлттық Банкте – жауапты бөлімшеге жетекшілік ететін Ұлттық Банк
Төрағасының
орынбасары немесе өзге уәкілетті лауазымды адам
;
Ұлттық Банк филиалында – филиалдың директоры немесе оның міндетін атқарушы тұлға;
Ұлттық Банктің ұйымында – бірінші басшы не оның міндетін атқарушы адам не атқарушы
орган немесе өзге уәкілетті лауазымды адам
бекітеді.
240. Хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу
қорытындылары туралы хаттама Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес ресімделеді.
Тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) хабарландыруды орналастыру арқылы
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындыларын бекіткен күннен бастап
екі жұмыс күнінен кешіктірмей т
апсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының)
интернет-ресурсында қорытындылар туралы ақпаратты жариялайды.
Егер ең төмен баға ұсынысын бірнеше әлеуетті жеткізуші берген жағдайда, өзінің баға
ұсынысы басқа әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарынан бұрын түскен әлеуетті
жеткізуші жеңімпаз деп танылады.
241.
Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті жеткізуші қол қойылған шартты тапсырыс
берушіге белгіленген мерзімде бермесе не ауызша нысанда жасалған мәмілені жасасудан
бас тартса, тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) мына шешімдердің бірін қа-
былдайды:
1) осындай баға ұсынысын ұсынған әлеуетті жеткізушімен, ал мұндай әлеуетті жеткізуші
болмаған кезде баға ұсынысы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті жеткізуші ұсынған баға-
дан кейін ең төмен болып табылатын әлеуетті жеткізушімен шартты жасасады;
2) хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайтадан
сатып алуды жүзеге асырады;
3) шартты жасау жолымен бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: