Соңы 8-бетте) (Соңы 2-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата03.03.2017
өлшемі5,09 Mb.
#6434
1   2   3   4   5   6

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА,

«Заң газеті»

Мәселе


Осылайша аларын алып болған Маты-

шов жеме-жемге келгенде Үмбет құлов-

тарды әбден сергелдеңге салып, аяғында 

жерінің жартысын бөліп бере алмай тын-

дығын, үйдің ауласынан тек үш метрдей 

ғана жер бөліп беретіндігін жеткізеді. 

Сөйтіп, даулас қан көршілер бұл жолғы 

келісімді нотариус арқылы растауға 

мақұл дасады. Алайда, нотариус үйге 

сатып алу-сату келі сімін жасамас бұрын, 

жер телімі заңды түрде бө лінуі керек-

тігін айтады. Ал, жерді бөлу мәселесімен 

тиісті орын   дарға жүгін генде заң бойын-

ша жер телімі тек тең бөлінуге жататын-

дығы белгілі болады. Мұны естігенде 

Матышов мырза тағы айниды. Жерінің 

тең жар  тысын бергісі келмей, салдары-

нан Майра Үмбет құлова Матышовтан 

таяқ жейді. 

Өткен жылдың маусым айында көр-

шісінен осылайша жазықсыз соққы ал-

ған Майра Үмбетқұлова сол түнгі оқи ға-

ны күні кешегідей есінде сақтап қа-

лыпты. «Алдымен Матышовтың екі 

ере сек баласы үйімізге баса-көктеп кел-

ді. Артынан әкелері Бағдат мені соққыға 

жықты. Басымнан жарақат алып, көзім 

көгеріп, Талғардың ауруханасынан бір-

ақ шықтым. Учаскелік полицияны да 

шақырғанбыз, бірақ келмеді. Талғардың 

ауруханасына түскен нен кейін дереу сол 

ауданның полициялары келіп, менен 

түсінік алды. Кейін мен басқа ауданнан 

болғандықтан, істі учас    келік полиция 

Сәбит Куржауовқа жіберді. Бірақ, ол 

жауап алуға келмеді. Өзім оны опорный 

пунктке іздеп барып, арызымды, дәлел 

болатын сараптама қорытын дыларын, 

тіпті, дәріханадан са тып алған дәріле-

рімнің чектеріне дейін өткіз генмін. 

Бірақ, сол құжаттардың қазір қайда 

екенін білмеймін.

Талғардың ауруханасы біраз медици-

налық көмек көрсеткеннен кейін мені 

өзімнің тұрғылықты жерім бойынша 

Азаттағы емханаға жіберді. Сөйтіп, екі 

апта ем қабылдадым. Қолымда барлық 

құжаттарым бар. Бірақ, неге екені бел-

гісіз, міне, бір жылдан асты, Еңбекші-

қазақ аудандық ішкі істер басқармасына 

өзімнің зардап шегуші екенімді дәлелдей 

алмай келемін. Тергеушілерді өзім іздеп 

барып, «менен жауап алыңыздаршы, 

Матышовпен беттес тіріңізші» деп жалы-

нумен келемін. Мен кінәлі болсам, мені 

жауапқа тартсын. Тек істі қолдарына 

алса екен», – деп күйінген Үмбетқұлова 

«қолымда таяқ жегенімді, жедел жәрдем-

нің келгенін, жарақат алғандығым тура-

лы құжатта рымның бәрі бар» деп қағаз-

да рын біздің де алдымызға жайып сал-

ды. Алдыңғы бас пана дауына байланыс-

ты құжат тарына кейінгісін қосқанда бір 

сөмкеге жүк болған құжаттарды ақтарып 

біз де таңғалдық.

МАТЫШОВ ЖӘБІРЛЕНУШІ МЕ, 

ЖӘБІР КӨРСЕТУШІ МЕ?

Ең қызығы, Үмбетқұлова аудандық 

құқық қорғау органдарына арызын қарата 

алмай жүргенде, Бағдат Матышов 2015 

жылдың тамыз айында Еңбекші қазақ 

аудандық ІІБ-не «Үмбетқұловтар мені 

соққыға жықты» деп шағым жазады. 

Алайда, Матышов өзінің зардап шек кенін 

дәлелдей алмағандықтан, аудандық ІІБ-

ның  аға  тергеушісі  Е.Даукенов  істі 

өндірістен қысқартады. Мұны аудандық 

прокуратура да растайды. Ең маңыздысы, 

Матышовтың арызы бойынша жүргі зіл-

ген тергеу барысында Матышовтың өзі 

дау дың баспана сатудан басталғанын, 

үйдің ақшасын толық ал ға нын, жерінің 

жартысын бергісі келмегенін, ауызша 

келі сімнің де болғанын растаған. Бұл жа-

ңа атап өткен қылмыс тық істі өндіріс тен 

қысқару туралы тер геушінің қаулысында 

анық көрсетілген. Десек те, бір түсініксіз 

мә се ле, қылмыс тық істі өндірістен қыс  -

қар   ту туралы қау лыда «...Сол аталған 

оқи ға болған уақыт та Умбетқұлова Май-

ра Матышев Багдатты ҚР-ның ҚК-нің 

108-ба   бының талаптарына сай, қылмыс-

тық жауапты лыққа тартуы туралы арыз-

дан ғандығын көрсет ті, алайда, атал ған 

арыз Умбетқуло ва Майраның жазған 

ары  зын Еңбекші қазақ аудандық сотының 

соты Е.Байболов қа рау сыз қалдырғаннан 

кейін жазбаша арызымен Еңбекшіқазақ 

аудандық прокуратурасына барғандығын 

көрсетті» деп жазады. Қаулыдағы бұл 

жаз баға қара ған да, Үмбетқұлованың 

ары зы бойынша сот қа дейінгі тергеп-тек-

 серу амалдары жүр ген және іс сотқа жет-

кен ге ұқсайды. Алайда, Үмбетқұлова 

Май  ра ның сөзіне сенсек, ол: «Менің 

ары зым еш қаралған жоқ. Қаралса, неге 

ме нен жауап алынбады? Матышовпен 

бет  тестіру де болған жоқ. Олар менің 

ары зым   ның қайда қал ғандығын білмейді, 

бәрі жоға лып кетті. Бұл істің қалай сот қа 

жет кенінен еш хабарым жоқ. Осы ған өзім 

де әлі күнге дейін таңғаламын. Сот  қа да 

ешкім ша қыр ған жоқ. Қолыма сот  тың 

менің арызымды қараусыз қал дыр ға ны 

туралы қа ға зы тигенде төбем нен жай 

түскендей болдым. Егер шынымен де іс 

қозғалып, тергеу жүргізілген бол са, онда 

неге мен осы уақытқа дейін шы   рылдап 

жүрмін? Ішкі істер басқар ма сы менің 

ары  зымды қайда тіркегенін, өт кіз ген дә-

лел деме құжаттарымды қайда екенін та-

уып берсінші! Менің арызыммен алынған 

жауаптарын көрсетсінші, бар болса...

Бірақ, менің күйеуіме жала жапқан 

Матышовтың арызы бойынша бізден 

жауап алынды. Сол кезде аңқау басым 

менің арызым бойынша шақырды деп 

қуанып жүрсем, Матышовтың арызы 

бойынша жауап беруге шақырту алып-

пыз. Бірақ, Матышов ештеңе дәлелдей 

алмады. Есесіне менің зардап шегуші 

екенім анықталды. Бұл да құқық қорғау 

қызметкерлерінің менің құқығымды 

қорғауына себеп болған жоқ», – дейді. 

Айтылғандардың ақиқатына көз жет-

кізу үшін Үмбетқұлованың қолындағы 

құ жаттарды ақтарып көрдік. Бірақ, 

Үмбет құлованың шынымен қайда арыз-

дан ғандығы анық көрсетілмеген. Еңбек-

шіқазақ аудандық ІІБ-на ма, прокура-

тураға ма, сотқа ма? Ол жағы белгісіз. 

Сосын Үмбетқұлованың арызы бойын-

ша не ішкі істердің, не прокуратураның 

бірде-бір құжаты қолымызға тимеді. Тек 

Үмбетқұлованың қолында Матышов пен 

өз ісіне салғырт қараған Сәбит Куржаев-

тың әрекетіне қатысты прокура тураға 

жазған арызы мен жоғарыдағы жер 

дауы на қатысты құжаттары ғана бар. 

АНЫҒЫ ҚАЙСЫ?

Сосын мәселенің мән-жайын анық-

тау үшін тергеушілердің өзіне хабарласу-

ды жөн көрдік. «Маған погон таққаның 

бәрі полиция. Қазір біздің арызымыз осы 

кісінің қолында», – деп Үмбетқұлова 

Серік Тұрғанбаев деген азаматтың теле-

фон нөмірін берген еді. Хабарласып жөн 

сұра сып, Тұрғанбаевтың тергеу бөлімі-

нің бастығы екенін білдік. Оның айтуын-

ша, Үмбетқұлованың да, Матышовтың 

да арыздары 2015 жылы қаралып, сотқа 

жолданған, Қылмыстық кодекстің 108- 

ба бына сай қозғалған істің ҚР ҚПК 408- 

бабының 2-тармағына сәйкес болмауына 

байланысты Үмбетқұлованың шағымын 

сот қараудан бас тарту туралы қаулы 

шық  қан. Ал, соттың істі қараусыз қалды-

руына негіз болған 408-бап шағымның 

сотқа шала жолданғандығын білдіреді. 

Яғни, мұнда да тиісті орындардың өз 

жұмысын жетесіне жеткізе алмағанды-

ғын байқауға болады. 

Бүгінгі таңда Үмбетқұлованың ары-

зы Еңбекшіқазақ аудандық прокурату-

расының қадағалауымен Еңбекшіқазақ 

аудан дық ішкі істер бөлімінде қаралып 

жат   қан көрінеді. Бірақ, Үмбетқұлова бұл 

дауға жақын арада нүкте қойылатын-

дығынан күмәнді. Себебі, тергеушілер 

арыз иесінен жауап алудың орнына, 

арыз данушы тергеушіден еш жауап ала 

ал май жүр. «Тергеушілерге қоңырау 

шал сам тұтқасын көтермейді. Жұмыс 

орындарына іздеп барсам, тыңдамақ 

түгіл, көздеріне де ілмейді. Не істерімді 

білмеймін. Былтыр да осылай болып еді. 

Биыл да солай. Бұлай жалғаса берсе 

әділ дікті кім орнатады? Азаматтардың 

құқығын қорғайтын заң қызметкерлері 

осылай істесе, мен секілді жапа шеккен 

жандар қайдан араша сұрайды? Әлде 

шенділердің жұмысы осылайша «жы-

ғылғанға жұдырық» жұмсау ма?» – деп 

сөзін түйіндеді. 

Камила ЫСҚАҚОВА,

«Заң газеті»


4

№107 (2885) 

28 қыркүйек 2016

zangazet@maiI.ru

ҰЛТ ЖОСПАРЫ

ТЕГЕУРІНІ МЫҚТЫ ТЕРГЕУ СУДЬЯСЫ

100 нақты қадамнан тұратын 

Ұлт жоспарында Елбасы Нұрсұл-

тан Назарбаев тергеу судьясының 

құзыретін  кеңейту  қажеттігіне 

көпшілік назарын аударды. Құ-

жаттың жиырма екінші қадамында 

адамның және азаматтардың конс­

титуциялық құқығын шектейтін 

барлық тергеу қызметі жөнінде­

гі өкілеттікті тергеу судьясына 

бір тіндеп беруді қамтамасыз ету 

арқылы сотта айыпталушы және 

қорғаушы арасындағы теңгерімді 

қамтамасыз ету керек делінген. 

Жалпы, бұл институттың енгізіл-

геніне көп бола қоймағаны белгілі. 

Тергеу судьясы – осыдан екі жыл 

бұрын қабылданған Қылмыстық 

процестік кодекстің негізгі жаңа-

лығының бірі еді.

Қолданысқа енгізілгеніне көп 

уақыт  өтпегеніне  қарамастан 

тергеу судьясының жұмысынан 

көпшілік жан­жақты хабардар бо-

лып үлгерді. Бүгінде тергеу судья-

сы институты бірыңғай тәжірибе 

қалыптастырып,  өзінің  маңыз-

дылығын айқындай түсті. Жаңа 

институттың қозғалыссыз  қалмай, 

өз мақсатына сай тиімді жұмыс 

істеуіне судьялар мен адвокаттар, 

прокурорлар, қарапайым азамат-

тар көп септігін тигізді. Әсіресе, 

тергеу судьясының міндеті мен 

мақсатын түсіндіріп, жаңа баста­

ма ның  жалпыхалықтық  сипат 

алуына судьялар мүдделік таныт­

қанын ұмытпауымыз керек. 

Тергеу  судьясы  –  тек  қана 

сотқа дейінгі іс жүргізу барысын-

да Қылмыстық процестік кодексте 

көзделген өкілеттіктерді жүзеге 

асыратын бірінші сатыдағы сот 

судьясы. Сотқа дейінгі іс жүргі-

зу барысында прокурорлық қа-

дағалаумен қатар, тергеу судьясы 

институтын  енгізу  арқылы  сот 

бақылауын жүргізу азаматтардың 

конституциялық құқықтары мен 

бостандықтарының мемлекет та-

рапынан қорғалуына тиімді әсерін 

тигізетіні  сөзсіз.  Осы  уақытқа 

дейін бұл институттың тиімділі-

гін,  азаматтардың  құқығы  мен 

бостандығын  қорғаудағы  мүм-

кіндігін  түсіндіру  мақсатында 

қаншама шаралар қолға алынды. 

Тергеу судьясының жұмысын на-

сихаттап қаншама мақалалар жа-

рыққа шықты. Соның арқасында 

жаңа лауазым иесіне жүгінушілер 

легі былтырғымен салыстырғанда 

биыл әлдеқайда көбейгенін айта 

кетуіміз керек.

Тергеу  судьясы  қылмыстық 

сот өндірісінің сапасын жақсар-

туға айтарлықтай көмектесті. Осы 

арқылы азаматтар мен қоғамның 

мүддесін қорғау тетіктері халықа-

ралық талапқа біртабан жақындай 

түсті. Әрине, жаңа институтты 

қоғамның бірден жылы қабылдай 

қоймағаны рас. Содан болар, қа-

рапайым азаматтармен өткізілген 

жиындарда «Тергеу судьясы не 

үшін керек? Ол біздің құқығымыз­

ды қорғауға көмектесе ала ма?» 

деген сауалдар жиі қойылатын. 

Шындығына келгенде тергеу су-

дьясы  сотқа  дейінгі  өндірісте-

гі адам тағдырына қатысты кез 

келген мәселені қатаң қадағалап, 

оның заң талабына сәйкес  мүл-

тіксіз орындалуын бақылайды. 

Әсіресе, тергеу судьясы қорға-

ушылар жұмысына үлкен серпін 

бергенін мойындауымыз керек. 

Өйткені, бұрын сот алдындағы 

тергеу кезінде қорғаушылар өз 

құқығының тапталғанын жиі алға 

тартып, сұратылған құжаттарына 

жауап ала алмағандарын айтып 

жататын. Бұл өз кезегінде сотқа 

түскен материалдың шала дай-

ындалуын, шикілігін көрсететін. 

Айталық, тергеу судьясы маңызы 

бар мәліметтерге салынған сұрау­

ды  орындаудан  бас  тартылған 

не ол бойынша үш тәулік ішінде 

шешім қабылданбаған жағдайда 

қорғаушы ретінде қатысатын ад-

вокаттың уәжді өтінішхаты бой-

ынша мемлекеттік  құпияларды 

құрайтын мәліметтерді қоспаған-

да, қылмыстық іс үшін маңызы 

бар кез келген деректі, құжатты, 

басқа да  нәрселерді талап етіп ал-

дыру және қылмыстық іске қосып 

тігу туралы мәселелерді қараумен 

айналысады.  Мұның  өзі  кейін 

сотта қаралатын істің толықтығын  

ерте бастан  қамтамасыз етіп, істі 

қарайтын  судьяның  жұмысын 

көп жеңілдетеді. Ал бұған дейінгі 

заңнамада  осындай  тегеурінді 

тетік тің болмауынан қорғаушылар 

жұмысы ақсап жатты. 

Сондай­ақ,  осы кезге дейін 

күдіктілерді қинау деректерінің, 

кінәні  заңсыз  әрекеттер  жасау 

арқылы мойындату фактілері кез-

десіп қалатын. Жаңа заңнама бұл 

мәселенің  шешімін  табуды  да 

тергеу судьясына жүктеген. Яғни, 

күдікті өзіне азаптау және басқа 

да заңсыз әрекеттер қолданылға-

ны  туралы  арызданса,    тергеу 

судьясы қадағалаушы прокурорға 

көрсетілген фактілерді дереу тек-

серуді тапсырып, істің барысын 

өзі қадағалайтын болады. Мұндай 

пәрменді жұмыс тергеу сапасының 

жоғарылауына да септігін тигізіп 

отырғаны ақиқат. 

ІЗДЕНІСТЕР ЖЕМІСІ

Тәуелсіздігіміздің  алғашқы  жылдарынан  бері  отан-

дық сот жүйесі талай реформаны басынан кешірді. Сот 

пен судьялардың өзекті мәселелерін кәсіби түрде талқыға 

салып, мемлекеттік деңгейде талдайтын алаңның қажет-

тігі сол кезден­ақ белгілі болған еді. Осы мақсатта 1996 

жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасы судья-

ларының алғашқы съезі өткізілгені мәлім. Бұл съезд өз 

жемісін берді. Осы жиында ұйым ретінде Қазақстан Рес­

публикасының  судьялар  одағы  құрылды,  сот  жүйесін 

реформалаудың сол кезеңдегі өзекті мәселелері кеңінен 

талқыланды.

2009  жылғы  18  қарашада  өткен  республика  судья-

ларының V съезінде Елбасымыз Н.Назарбаев судьялар-

дың және жалпы алғанда сот жүйесінің ел дамуы үшін 

маңыздылығын айқындап, бірнеше тапсырма берді. Осы 

съезде сот жүйесіндегі реформалардың маңыздылығына 

тоқталған Елбасы судьялардың кәсіби деңгейін арттыру, 

сот өндірісін жетілдіру, мамандандырылған соттарды ен-

гізуді жалғастыру, соттарды өзіне тән емес міндеттерден 

арылтып, тек сот әділдігін жүзеге асыруға бағыттау және 

заңдарды жетілдіру міндеттерін алға қойған еді. Жетін-

ші съездің алдында тұрып біз осыған дейін өткізілген әр 

жиын сот жүйесінің дамуына белгілі бір ықпалын тигізді 

деп сеніммен айта аламыз. 

Судьялардың алғашқы съезінен бері 20 жылға жуық 

уақыт өтті. Осы аралықта алты жиын өткізілген екен. Әр 

съездің маңыздылығы ерекше. Мәселен, 2013 жылғы 20 

қарашада  өткен  VI  съезде  Елбасы  Н.Назарбаев:  «Әділ 

қазылық ету – кез келген судьяның қасиетті парызы. Ол 

үшін заңды бес саусақтай білу жеткіліксіз. Ең бастысы, 

би адал, әділ болуы керек», –деп қазыларға үлкен жауап-

кершілік жүктеді.

Осы  жиында  берілген  тапсырмаларды  тыңғылықты 

орындау  мақсатында  барлық  жергілікті  соттарды  мате-

риалдық техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету жұ-

мысы  өз  мәнінде  жүргізілуде.  Сот  отырысының  залда-

ры  түгел  дыбыс­бейнеқондырғылармен  жабдықталған. 

Қазір барлық соттар заманауи технологиямен қамтама-

сыз  етіліп,  интернет  жүйесіне  қосылған.  Соның  арқа-

сында  азаматтардың  талап  арыздары  мен  полициядан 

келетін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер «Сот 

кабинеті»  электронды  жүйесі  арқылы  жіберіледі.  Та-

раптар  сотқа  «Төрелік»  акқпараттық  жүйесі  арқылы 

СМС­хабарламалармен  шақырылады.  Осылайша  зама-

науи  техникалық  құрылғы  сот  жұмысының  ашықтығы 

мен  жария лылығын  қамтамасыз  етуге  оң  ықпалын  ти-

гізуде. 


А.БИСЕНҒАЛИ,

Ырғыз аудандық сотының төрағасы

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ



Елбасы «100 нақты қадам» – Ұлт жос­

парында  еліміз  сот  саласының  ұстанар 

бағыт­бағдарын тайға таңба басқандай айқын­

дап берді. Бағдарламаның «Заңның үстемдігін 

қамтамасыз ету» атты екінші бөлімі тұтастай 

сот саласына арналған деуге болады.

Ұлт жоспарында көзделген барлық құқық­

тық шаралар сотқа дейінгі тергеу­тексеру 

қыз метінің сапасын жақсартуға, азаматтардың 

құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына 

бағытталған. Халыққа заңды жетік білетін, заң 

үстемдігін әрқашан жоғары қоятын, қара қыл-

ды қақ жаратын кешегі әділ билердей судьялар 

керек екені де ескерілген. Қазіргі сот талабы 

да – осы. 

«Қазіргі уақытта заң үстемдігін қамтамасыз 

ету үшін нақты іс­шараларды жүзеге асыру 

кезеңі басталды. Ал ондай шаралар Ұлт жоспа-

рында көрсетілгені баршаға аян. Адамдар кейде 

сот істі заңды қараған жоқ, заңсыздық орын 

алды дейді. Олар мұны неге айтады? Заңсыз-

дықтар орын алатын жағдайлар болуы мүмкін 

ғой. Міне, енді байқасаңыздар, осындай заңсыз­

дықтарға жол берілмеуі үшін қажетті тетіктер 

жаппай қарастырылып отыр», – деген еді бір 

сұхбатында Жоғары Сот төрағасы Қайрат Мәми.

Расында, байыптап қарасақ, Ұлт жоспарына 

сай, қазір тараптарға сотқа жүгіну мен судья-

ларға сот ісін қарау оңтайлы болуы үшін сот 

жүйесінде елеулі жаңалықтар пайда болғаны 

анық байқалады. Мұндағы міндеттелген 11 

қадамның барлығы да заңды түрде реттелді. 

Азаматтар құқының талапқа сай қорғалуын 

оңтайландыру үшін көптеген заңдарға өзгеріс­

тер мен толықтырулар енгізілді. Сөйтіп, уақыт 

талабына толық сәйкес келетін жаңа Азаматтық 

процестік кодекс пен «Жоғары сот кеңесі ту-

ралы» жаңа заң қолданысқа енді. «Сот жүйесі 

және судьялардың мәртебесі туралы» консти-

туциялық заңға, Қылмыстық­процестік кодекс 

пен Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы 

кодекске тиісті өзгерістер енгізілді. 

Мемлекет басшысы аталған бағдарламаның 

20­шы қадамында барлық сот процестерін бей-

не және таспаға жазуды тапсырған болатын. Бү-

гінде Шығыс Қазақстандағы облыстық, аудан-

дық және оған теңестірілген соттардағы 141 сот 

залы 100 пайыз дыбыс, бейнежазба құрылғы-

ларымен жабдықталды. Өскемен қаласындағы 

соттардың барлығы да 100 пайыз дыбыс, бей-

нежазба құрылғыларымен жарақтандырылған.  

Қай салада болсын білікті кадрлар ауадай 

қажет. Ал халықпен тікелей жұмыс істейтін, 

ары тапталып араша іздеген жұртқа дұрыс 

бағыт­бағдар сілтеп, әділ шешім шығаруға тиіс 

судьялар қауымына жүктелер жауапкершілік 

қай кезде де салмақты. Содан болар «100 нақты 

қадамда» судьялардың біліктілігіне ерекше мән 

берілген. Судьялыққа үміткерлер үшін соттарда 

шәкіртақы төленетін бір жылдық тағылымда-

мадан өту мүмкіндігі қарастырылды. Аталған 

тағылымдамадан кейін судьяның бір жылдық 

сынақ мерзімінен өтуінің белгіленуі де дұрыс 

деп санаймыз. Өйткені, әр істің артында адам 

тағдыры бар. 

Еліміздің сот саласына тың серпін берген 

бұл бағдарламаға қазіргі уақытта өзге мем-

лекеттер де қызығушылық танытып отыр. 

Халықаралық сарапшылар «Жаңартудың кең 

көлемді жобасы» деп баға берсе, бірқатар ше-

телдік саясаттанушылар мен әлеуметтанушы-

лар «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жүзеге 

асырудың табысты тәжірибелерін басқа елдерге 

де тарату қажет деп санайды. 

Айжан РАМАЗАНОВА, 

Өскемен қалалық сотының судьясы

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Жоғарғы  Сот  қазіргі  кезде 

Ұлт жоспарындағы өзіне жүктел-

ген тапсырмаларды заңнамалық 

тұрғыдан толық іске асырды. Атап 

айтар болсақ, 2015 жылғы 31 қа-

занда жаңа редакциядағы Азамат-

тық процестік кодекс қабылданды. 

Осы кодексте азаматтардың 

сот  төрелігіне  қолжетімділігін 

жеңілдету үшін сот жүйесі бес 

сатылы сот жүйесінен үш сатылы 

сот жүйесіне көшіп, бүгінгі күнде 

тыңғылықты жұмыс жасау да. Бұл 

модель сот шешімдерінің заңды 

күшіне жедел енуіне ықпал етеді, 

процесті қасақана созу мүмкінді-

гін азайтады.

Сондай­ақ, сотта өкілдік ету, 

оңайлатыл ған іс жүргізу, татуласу 

рәсімдері тараулары жаңарған түр-

де қарастырылып, азаматтардың 

құқықтарын тиісті түрде қорғау 

тетіктері тиімді жүзеге асырылған. 

Жоғарғы Сот жанынан дауларды, 

соның ішінде ірі инвесторлардың 

қатысуымен болатын істерді қа-

райтын мамандандырылған алқа 

құрылып, осы санаттағы істердің 

қаралу соттылығы аталмыш кодек-

спен белгіленіп отыр. Азаматтық 

істерге  прокурордың  қатысуы 

қысқартылып, тараптардың жа-

рыспалылығы принципінің мәні 

күшейтілген.

Сот жүйесін реформалаудағы 

тағы  бір  басты  мәселенің  бірі 



ИГІЛІКТІ ІСТЕН 

ШЕТ  ҚАЛМАЙМЫЗ

Тәуелсіздік сот саласын түбегейлі өзгертті. Елбасы-

мыздың  сот  жүйесіне  ерекше  көңіл  бөлуінің  нәтиже-

сінде соттар техникалық­материалдық жағынан жоғары 

деңгейде қамтамасыз етілген. Соттардың мәжіліс залда-

рында бейне және дыбыс жазу құралдары орнатылған. 

Соның арқасында сот мәжілістері түгелдей таспаға жа-

зылып отырады.  Мұндай игіліктен Жаңаарқа аудандық 

соты да шет қалмаған. 

Аталған сотта даулы істер  біршама азаюда. Себебі 

бейне және дыбыс жазу құралдарымен іс қарау кезінде 

тараптар өздеріне жүктелген жауапкершілікті жақсы 

сезінеді. Заманауи құрылғылар азаматтардың сот отыры-

сына мерзімінде келуіне, залда өзін талапқа сай ұстауына 

ықпал етті. Бұл, сонымен қатар, тараптардың мәжіліске 

дайындалуына септігін тигізді. Өйткені, бұған дейін сот 

отырысына дайындықсыз келіп, ойын жинақтай алмай, 

сасқалақтайтындар жиі кездесетін. Ал енді таспаның жа-

зылатынын, оны редакциялауға мүмкіндіктің жоқтығын 

білген азаматтар іске қатысты ойын жинақтап айтуға 

үйренді. Сонымен қатар, бұл бұрынғыдай «Тисе терекке, 

тимесе бұтаққа» деген ұстаныммен судьялар жұмысын 

сынайтындарға үлкен тосқауыл қойды. Ағымдағы жыл-

дың 8 айында Жаңаарқа аудандық сотында бейне және 

дыбыс жазу құралдарымен 160 азаматтық, 35 қылмыс­

тық, 169 әкімшілік іс қаралды.  

Сонымен қатар, Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақ-

сатында Азаматтық процестік, Қылмыстық процестік 

т.б.кодекстерге, «Медиация туралы» заңға толықтырулар 

мен өзгерістер енгізілді. Жаңаарқа аудандық сотында 

ағымдағы жылдың өзінде медиация заңын қолдана оты-

рып 3 қылмыстық іс, 8 азаматтық іс қаралып, оң шешімін 

тапты.  


Елбасымыздың Ұлт жоспары сот саласына көптеген 

оң өзгерістер әкелді.  Жаңа бастаманы халыққа насихат-

тау үшін Жаңаарқа аудандық сотында аудандық мекеме 

қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер, се-

минарлық сабақтар, «Ашық есік» күндері ұйымдасты-

рылып, аудандық, облыстық газеттерге мақалалар жа-

рияланды.  Халық пен соттың байланысын нығайтатын 

мұндай жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет