СөЖ 1 Әдеби тіл туралы ұғым


ауызша тараған әдеби тілі



бет4/4
Дата02.10.2023
өлшемі63,58 Kb.
#112523
1   2   3   4
Байланысты:
Усманова Айдана СӨЖ1

ауызша тараған әдеби тілі өмір сүрді. Әдеби тілдің бұл екі типінің бір-біріне жақын келетін және бір-бірінен ажыратылатын тұстары едәуір болды. Олар мынадай:

  1. Ауызша әдеби тілдің қазақтың ауыз әдебиеті тілінен жоғарыда көрсетілген жақын келетін сәттері, бір жағынан, жазба тілден ерекшеленетін белгілері болып шығады.

  2. Ауызша әдеби тілдің арнасы мен үлгілері жазба тілге қарағанда әлдеқайда тар, яғни ақын-жыраулар өз халқының ауыз әдебиеті үлгілерінен басқа өзге халықтар әдебиетіне көп жуыспады (әсіресе XVIII-XIX ғасырларға дейін), бұл, сөз жоқ, олардың тіліне де салқынын тигізді. Жазба әдебиет болса, арабпарсы әдебиетінен де, өзге түркі халықтары әдебиеттерінен де, орыс әдебиетінен де үлгі-әсер алып дамыды. Мұның, әрине, тіл дамуындағы рөлі айрықша болды.

  3. Ауызша әдеби тілдің стильдік тармақтарға бөлінуі жазба тілмен салыстыруға мүлде тең келмейді. Алдыңғысы негізінен көркем поэзия мен ішінара шешендік сөздер түріндегі үлгілерден танылады. Оның көркем проза, публицистика, кеңсе-іс қағаздары, ғылыми стильдері болмады. Ал қазақтың төл жазба әдеби тілі өзінің пайда болған кезеңінен бастап аталған стильдердің барлығын қамтыды.

  4. Ең үлкен айырмашылық – бұлардың таралу, сақталу әдісінде болды. Ауызша әдебиет ауызша таралды, жазба әдебиет жазумен танылып, жазба түрде таралды.

  5. Келесі айырмашылық – әдеби дүниені тудыру тәсілінде болса керек. Жазба әдебиет өкілдері өз туындыларын сан рет түзетіп, қырнап, өңдеп отыратын мүмкіндікке ие. Ал ақынжыраулар шығармашылығында бұл процесс солғындау жү- реді, әсіресе импровизация болған тұста автор өз туындысын өңдеп, түзетіп жата алмайды. Бірақ бұл әдебиет – ең алдымен, түгел табан аузында туған экспромт дүниелер емес екенін ескеру қажет. Ақын мен жыраулардың өлең-жырларының дені – ойланып, толғанудың жемісі, іштей сан рет сөз саралап, ой түюдің нәтижесі болса керек. Демек, қағаз жүзінде болмаса да, «іштей редакция» мұнда да жүріп жататынын жоққа шығаруға болмайды. Қазақтың нағыз ақын-жыраулары – ауыздарына алғаш түскен сөзді ұйқастыра берушілер емес, белгілі дәстүрді ұстай отырып, сөзді таңдап жұмсаушылар, айтпағын тыңдаушыға әсерлі етіп жеткізушілер.

Сөйтіп, қазақтың ұлттық жазба әдеби тілі тұтқиылдан, айталық, Абай мен Ыбырайдың шығармалары туған күннен немесе, кейбір зерттеушілер жазғандай, «Түркістан уәлаяты газеті» мен «Дала уәлаяты газетінің» алғашқы нөмірлері шық- қан күннен басталған емес. Мұның алдында жақсы дамыған, санғасырлық ауызша әдеби тілі болған. Сонымен қатар орта- азиялық түркі әдеби тілі дәстүріне негізделген жазба әдеби тілі де болған. Әдеби тілдің бұл екі типі қазақтың төл, ұлттық жазба тілінің тез қалыптасып, әрі қарай дұрыс дамуына бірденбір жол ашып, арнасын салды.
Соңғы жылдарда XVI-ХVII ғасырлардан бастап XX ға- сырдың алғашқы онжылдықтарына дейін қазақ халқының әлеуметтік-мәдени дүниесінде қолданылып келген жазба тіл дәстүрін «ескі қазақ жазба әдеби тілі» деп тануға болады деген де пікірлер айтыла бастады. Ескі өзбек (староузбекский), ескі татар (старотатарский) жазба әдеби тілдері дегендерге негіз болған шағатай (ортаазиялық түркі) тілі ескі қазақ жазба әдеби тіліне де арқау болды. Бұл құбылыстың тарихи, әлеуметтік, мәдени негіздері (мотивтері) де жоқ емес. Ең алдымен, қазақ қоғамында, әсіресе XVI ғасырлардан бастап жазба дүниеліктерді қажет ету фактісі болғаны – даусыз. Келесі ұрпақтарға өсиет ретінде ата-бабаларының шежіресін тарату, яғни «жеті атасын білдіру» дәстүрі болған. Әсіресе ру басы болып танылған «текті аталар» мен ел билеуші хан-сұлтан- дардың арғы-бергі ата тегі туралы шежіре жазып қалдыру фактісін XVI ғасырда жасап өткен жалайыр Қадырғали бидің «Жами`ат-тауарих» атты шежіресі дәлелдейді. Тек шежіре саласында емес, жазу дәстүрі хат-хабар алысуда да орын алған. Бізге XVI ғасырдың ІІ жартысынан бастап қазақ хандарының өзге жерлердің билеушілерімен және өзара жазба арқылы қатынасып тұрғаны мәлім.
Демек, белгілі бір жанрларға қызмет еткен жазба тіл дәстү- рін қазақ қоғамы да ұстанып келді, бірақ бұл тіл қазақтың көркем әдебиетіне, әсіресе поэзиясына бойлап ене алмады, қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің негізі ретінде қалыптаса алмады. Дегенмен бұл жазба дәстүр қазақтың ауызша әдеби тіліне де, ұлттық жазба әдеби тіліне де игілікті әсерін тигізге- нін, сөздікті толықтырып, кейбір грамматикалық тұлға-тәсіл- дерді ұсынғанын жоққа шығаруға болмайды (бұл мәселелер жөнінде өз тұсында толығырақ айтылады).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет