дәрежесіне көтеріле алмайды», – деп жазады. Дәл осындай тұжырымды Ғ.Мұсабаев та айтады: «Әдеби тіл ең әуеліақ жазуға сүйенеді. Жазу стилінсіз әдеби тіл болмақ емес», – дейді. Енді бірқатар зерттеушілер қазақтың әдеби тілін XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады деп, мұны ұлы ағартушы-демократтар – Абай мен Ыбырайдың есімдерімен байланыстырады. Әсіресе бұл қағида Абай мен Ыбырай сияқты қаламгерлердің шығармашылығы мен қызметін сөз еткен тұстарда баса айтылып келді. Тіпті қазақ әдеби тілі Қазан революциясынан кейін ғана пайда болып, дамып отыр деген пікірлер де жоқ емес.
Бұл көзқарастар қазақ әдеби тілін тануда үзілді-кесілді орныққан бірден-бір айқын пікірге келтірмей отырғаны белгілі.
Халықтың әдеби тілінің қалыптасып, дамуы сол халықтың әлеуметтік тарихымен тығыз байланысты. Қауымның ру-тайпалық дәуірін былай қойғанда, бірнеше саяси-территориялық бөлікке бөлініп, бытырап келген феодалдық дәуіріндегі әдеби тілі мен ұлт болып құралған кезеңіндегі әдеби тілі бірдей болмақ емес. Әсіресе айырмашылық тілдің әлеуметтік қызметі мен стильдік тармақталуы жағынан көзге түседі. Сондықтан осы күнгі ұлт болып қалыптасқан халықтардың тілдерін ұлттық дәуірге дейінгі және ұлттық әдеби тілі деп бөліп зерттеу дұрыс деп танылып жүр. Қазақ тілі де дамудың осы ортақ белгісінен қалыс қалмайды.
Қазақ әдеби тілін де біз қазақ халқының ұлт болып қалыптаса бастағанға дейінгі түрі және ұлттық түрі деп бөліп қараймыз. Бұл екі кезеңнің аралық тұсы – өткен ғасырдың екінші жартысы, яғни қазақтың ұлттық әдеби тілі XIX ғасырдың II жартысынан бастап қалыптасты деген тұжырымға келеміз.
Әдеби тіл дегеннің ең басты белгісі – оның өңделген, сұрыпталған, нормаланған тіл болуы, бұл – бір. Қызметі жағынан сол халықтың өмірінде ұйымдастырушы, қоғам мүшелерінің басын қосушы сипаты, яғни жалпыға ортақтық қасиеті болуға тиіс, бірақ әдеби тілдердің бір кезеңдердегі жазба түрлерінде әрдайым соңғы белгінің болуы – шарт емес. Әр нәрсенің, әр құбылыстың заты (мән-мәнісі, табиғаты) салыстыру арқылы, өзге құбылыстардың қарама-қарсысына қою арқылы таныла түседі. Әдеби тілді тану үшін оның қарамақарсысына қойылатын басты құбылыс – ауызекі сөйлеу тілі. Бұл – үшінші шарт. Әдеби тіл қолданылу тәжірибесінде қоғам сынынан өткен, нормаларын қоғам санасы дұрыс деп қабылдаған және ол нормалар барша үлгілерге ортақ болуы шарт. Бұл – әдеби тілдің төртінші сипаты. Осы сипат-белгілерді нысанаға алып қарасақ, қазақтың тіл қолдану тәжірибесінде «әдеби» деген атрибут – сапаны ұлттық дәуірге дейін де беруге болатын уәждер бар.
Бірқатар мамандар, жоғарыда айттық, әдеби тіл категориясын жазу-сызумен тікелей байланыстырғандықтан, қазақтың ауыз әдебиеті тілін былай қойғанда, Абай, Ыбырайларға дейінгі неше сан ақын-жыраулар тілін де әдеби емес деп табады.
Әдеби тіл жайын арнайы сөз еткен М.Әуезов: «Қазақтың әдеби тілін Абайдан басталады дейтін тілшілерге дау айтамыз. Абайдың алдындағы қазақ халқының көп ғасырдан келе жатқан мол эпостарындағы, ұзынды-қысқалы салттық, тарихтық жырларындағы, шебер, көркем өлең үлгілеріндегі тілдерді ұмытуға бола ма? Бұхар, Махамбеттерде қазақ әдеби тілінің үлгі-өрнектері жоқ деуге бола ма?» – дейді. Осыған үндес пікірді І.Кеңесбаев та айтты: «Абайға дейін де қазақ әдеби тілінің ұрығы себілген болатын… Олар жаңа туа бастаған жазба әдебиеттің кейбір уәкілдерінің (Махамбет Өтемісов, Ы.Алтынсарин сияқты) шығармаларынан табылады» – деп жазды. Абайдың алдында өткен Шортанбай, Базар, Бұхар жыраулар жазба әдебиет өкілдері, Абайдың ірі ақын болуына себепкер – осы бай әдебиет дегенді С.Мұқанов та айтты. Қазақ тілі тарихына назар аударған ғалым – Н.Сауранбаев қазақтың толық мағынасындағы әдеби тілі Совет заманында ғана қалыптасты дегенді айта отырып (сірә, ғалым бұл жерде әбден кемелденген, әлеуметтік қызмет өрісі кеңейген, стильдік тармақтарға бөлінген, ауызша да, жазбаша да түрлері дамыған ұлттық әдеби тілді көздей айтқан болар), оның революциядан бұрын жасалған бірнеше заттық, ұлттық негізі болды дейді. Олар: «1) XVIII ғасырдың II жартысынан бастап, XIX ғасыр- дың аяғы, XX ғасырдың басында іргесі қалана бастаған жазба әдебиет дәстүрі, 2) көп ғасырлар бұрын шығып қалыптасып, қазақ халқымен бірге келе жатқан ауыз әдебиетінің дәстүрі, 3) қазақ руларының сөйлеу тілі». Демек, бұл зерттеуші қазақ- тың жазба әдеби тілінің басын XVIII ғасырдың II жартысынан алады. «XVIII-XIX ғасырларда және XX ғасырдың басын- дағы қазақтың жазба әдебиеті деп отырғанымыз: 1) ауыз әдебиетінің арнасынан шығып, жазба әдебиеттің дәстүріне түсе бастаған, сол замандағы қоғамдық өмір туралы сюжетті бірне- ше әдеби шығармалар қалдырған Бұхар, Дулат, Нысанбай сияқ- ты ақындардың шығармалары, 2) шығыс әдебиетінің дәстүрін қазақ жеріне таратып, оны дәріптеген жазба ақындардың: Жүсіпбек Шайхысламұлының, Шәдінің, Ақмолданың т.б. шы- ғармалары, 3) Абай, Алтынсарин бастаған ағартушылық, демократияшыл бағыттағы жаңашыл ақындардың шығармалары».
Сөйтіп, әдеби тіл деген категорияны қазақ тіліне қалайша қатыстыруға болады? Қазақтың жазба әдеби тілінің жаңа кезеңі (осы күнгі түрі) басталғанға дейін, яғни «XIX ғасырдың екінші жартысына дейін қазақта әдеби тіл болды ма? Болса – жекедара біреу ғана ма, жоқ, бір қоғамға екі әдеби тіл қатар қызмет етті ме?» деген сияқты сұрақтарға жауап беру керек.
«Әдеби тіл» деген ұғым – қазақ тілі үшін де тарихи, құбылмалы түсінік. Қазіргі қазақ тілі үшін оның жазба түрінің болуы, сан салалы стильдерге тарамдалуы, қоғам өмірінің барша саласына түгел қызмет етуі – занды шарттар. Ал бұл шарттарға қазақ топырағында қызмет еткен әдеби тілдер әрдайым барлық дәуірлерде бірдей жауап бере алмаған. Және әдеби болуы үшін бұл белгілердің түгел болуы міндетті де емес, мүмкін де емес.
Әдеби тілді зерттеу үшін сол халықтың рухани-мәдени дүниесінің тарихымен жақсы танысу қажет. Көптеген халық- тардың тарихында оның әдеби тілінің қалыптасып, дамуы көркем әдебиетінің, оның ішінде поэзиясының бары мен барысына тікелей қатысты болып келетінін бүгінгі тілтану теория- сы мақұлдайды. Демек, белгілі бір кезендердегі көркем әде- биетті қалай танимыз, соған орай оның тілін де анықтауға тиіспіз. Осы жағынан келгенде, кейбір әдебиет зерттеушілері- мен келіспейтін жерлеріміз бар. Қазақ әдебиеті тарихының I томын жазушылар Абайға дейінгі қазақ поэзиясын әдебиетке («литература»дегенге) қоспайды, оларды «халық өлендері» («народные песни») деп табады да ақын-жырауларды «өлең- шілер» («песенники») деп атайды. Бұл жерде «әдебиет» дегенге тек жазба әдебиетті жатқызу принципі тұрғанын байқау қиын емес. Ол – әрине, әдебиетшілердің өз ісі, қай терминді қалайша саралап қолданады, ол – өз ықтиярлары. Бірақ мұның ғылымның өзге салаларын шатастыратын бір жағы бар: егер XIX ғасырдың II жартысына дейін бірнеше ғасыр бойы жасап келген қазақтың көлемі жағынан мол, сипаты жағынан ерекше (өзге түркі халықтарымен салыстырғанда), көркемдігі жағы- нан күшті әдеби дүниесі – ақын-жыраулар шығармашылығы шын мәнінде әдебиет санатына қосылмаса, оның тілі де әдеби тілге жатпауға тиіс. Егер олар «халық өлендері» ғана болса, тілі де халық мұрасы – ауыз әдебиеті тілімен бір болуға керек. Логикалық байлам осыған саяды, бірақ бұл байламға келіспеуге тура келеді.
Ең алдымен, қазақ дүниесіне келгенде, оның бірнеше ғасырлық ақын-жыраулар поэзиясын әдебиет деп тану керек, яғни «әдебиет» терминін Еуропа мен орыс филологиясы қалай таныса, біздің де солай тануымыз – шарт емес. Ал бұларша бұлжытпай тануымыз «ұлттық әдеби тілдің қалыптасуындағы көркем әдебиеттің рөлі және оған қатысты тіл дәстүрі жайын- дағы мәселелер өте күрделі, оның үстіне барлық тілге ортақ жалпы бағыт-бағдардың болуына қарамастан, жеке әдеби тілдердің тарихында олардың өздеріне ғана тән даму ерекшеліктері орын алады» деген дұрыс пікірлерді ескермеушілік болар еді. «Әдебиет» («литература») деген сөздің түп-төркінінде «литера» («әріп»), демек, «жазу» мағынасы болғанымен, бұл сөздің терминдік мәні Еуропа мен орыс мәдениетінің өзінде сан рет құбылып қолданылып келгенін білеміз. Сондықтан қазір «литература» сөзі о бастағы мағынасын қайткенде де сақтап қолданылуы шарт болмаса керек. Егер біз «әдебиет» сөзіне тек жазба түрде емес, өзгеше жолмен де өмір сүріп келген, біздің дәуірімізге дейін түбегейлі өзгермей, жоғалмай жеткен көркемсөз деген ұғым беретін болсақ және оны ауыз әдебиеті мұрасынан бөліп қарайтын болсақ, оның тілін де фольклор тілінен бөлек сапада деп тануға тиіспіз. Бұлайша бөліп тануға негіз болатын мынадай белгілер бар.
Халық ауыз әдебиеті авторсыз дүние екені мәлім, ал ақын-жыраулар шығармашылығы – иелері бар мұралар және ең маңыздысы, әр автордың шығармалары өзінің құрылым бітімі (композициясы), мазмұны (тақырыбы), идеясы, көркем- деу тәсілдері жағынан бір-бірінен ажыратылып тұрады, демек, ақын-жырауларда даралық шығармашылық сипаты бар, ал бұл сипат – әдебиетке тән басты белгінің бірі.
Халық ауыз әдебиеті тіліне, әсіресе оның эпос сияқты кесек шығармаларына көптеген дәстүрлі образдар, бір шығар- мадан екіншілеріне көшіп отыратын дайын қалыптар (клише дегендер), жеке сөздер мен фразеологизмдер ортақ болып келеді, олар біріне-бірі ауысып та жүреді. Ал ақын-жыраулар тілінде мұндай ортақ элементтер фольклорға қарағанда кемдеу кездеседі, бірақ олар мұнда да бар. Бар болу себебі мынада: біріншіден, ақын-жыраулар тілінің негізгі көзі – ауыз әдебиеті тілі, соның лексикалық-көркемдік қазынасы. Екіншіден, авторлы әдебиеттің ауызша таралып, ауызша сақталуының нәтижесінде әр алуан қоспалардың болуы әбден ықтимал. Бірақ айырмашылығы да бар: фольклор тілінде стереотип формулалар: әртүрлі образдар, ортақ тұстар, негізгі поэтикалық үлгілер, композициялық тәсілдер тұрақты болып келеді, ал қазақтың ақын-жыраулары тілінде бұлардың болуы – міндетті емес. Қайткен күнде де ақын-жыраулардың әрқайсысына тән өзіндік сөз қолданыстары бар екендігі хақ. Мысалы, Махамбет пен Дулатты, Марғасқа мен Бұхарды, Шернияз бен Шортанбайды тақырыптары, суреткерлік үндері, стильдері жағынан бір-бірімен шатастырмаймыз.
Ал ертеректегі Шалкиіз, Доспамбет, Қазтуғандардың тілі мен қолтаңбалары (көркемдік стильдері) бір-біріне ұқсас келіп жатса, мұны олардың өлең-толғауларының идеялықмазмұндық жақындықтарынан және, ең бастысы, ертеректен ауызша таралып, араласып кеткендіктен көру керек болар.
Ақын мен жырау поэзиясында уақыт пен мекенге қарай нақтылық, адамның ішкі дүниесін суреттеушілік, лиризм сарыны фольклорға қарағанда күшейе түседі. Бұлар – ауыз әдебиетіндегі тілдік дәстүрден бірте-бірте қол үздіре бастайтын, суреттеудің жаңа амалдарын тудыратын сәттер. Демек, бұл – авторлы поэзия тілінің лексика мен грамматика саласында да жалпы поэтикалық мүмкіншіліктері байи түсті деген сөз. Ақын-жыраулар тілінің осы белгісі халық ауыз әдебиеті тіліндегі біршама қасаңдықты (консервативтікті), дәстүрліктілдік шектеушілікті бұзып, оның құрсауынан босаттырады.
Әрбір ақын немесе жыраудың қабілетіне орай өлең-жыр шығарушылық ерекшелігі өлең техникасына шым-шымдап жаңалықтар, даралықтар қосады, яғни авторлы поэзия ұйқас таңдау, синтаксистік және ырғақтық топтарды пайдалану сияқты салаларда ауыз әдебиеті тілі шеңберінен шығып кетеді.
Осы көрсетілгендер – бұл екі саланың бір-бірінен ажыратылуға тиіс айырым белгілері болса, сонымен қатар олардың бір-біріне ұқсас ортақ тұстары да айтарлықтай. Олар мыналар:
Ең басты ортақ белгі – екеуінің де ауызша таралып, ауызша сақталуында. Осының салдарынан заман озған сайын олардың текстері біртіндеп «редакцияланып», там-тұмдап жаңғыртылып отыру фактісі бар. Сондықтан бұларда көне тұлға-тәсілдермен қатар, жаңа сөздердің, тіркестердің, бергі замандарға тән