2 кезең - Адам іс-әрекеті мен жануарлар белсенділігінің айырмашылығын көрсетіңіз. Жануарлар белгілі бір шеңбер ішінде ғана әрекет ете алады. Ал қалған барлық істері биологиялық қалаудың негізінде туындайды. Олардың мотивациялық бірлігі де биологиялық тұрғыда ғана іске қосылады. Жануарлар өздерінің биологиялық қалауларынан тыс ештеңе жасамайды. Нақты әрі практикалық әрекеттерінің тууы олардың сол сәттегі аяқ асты туындаған жағдайларына байланысты болмақ. Олар нақты бір іске оқталған кезде ғана шешім қабылдай алады.
Ал адам баласы қиялдау, абстракті әрі ойлау қабілеті арқылы бір істің түрлі шешімін жасауға бейім.
Жан-жануарлар кез келген затты қару ретінде пайдалана алады тек олар ол қаруды ешқашан өз еңбектерімен ойлап таба алмайды. Олар тұрақты бір ортада өмір сүрмейді, ұжымдық әрі топтық әрекеттерге де бармайды. Тіпті өзге бір аңның ісіне қарап тұрып одан сабақ та алмайды, бір-біріне көмектеспейді.
Ал адам баласы әр нәрсені өз еңбек күшімен ойлап тауып, оны ұжыммен бірге жүзеге асырады. Адам мен жануарлардағы ең үлкен психологиялық айырмашылық – сезім. Жануарлар тек қалыпты және қалыпсыз жағдайдағы сезімді бастан кешуі мүмкін. Бірақ қайғы, мұң, қасірет пен махаббат, сүйіспеншілік сынды дүниелерді сезіне алмайды, табиғатқа немесе кез келген сұлулыққа адам секілді тамсана да алмайды.
Жануарлар мен адамдар арасындағы психологияның аса айтарлықтай айырмашылығы – жануарлар биологиялық заңдылыққа бағынады, ал адам тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты заңдылықтарға жүгінеді.
Екі тіршілік иесі де белгілі бір тітіркену және жиіркену сынды дүниелерге тап келеді. Бірақ одан өмірлік тәжірибе алатын әрі сезініп қорытынды жасай алатын – тек қана адам. Сезім мен түйсігі жоқ дегенмен, тек биологиялық заңдылықтың жаратылысы деп жүріп сол жануардың кейпіне түсіп кетпесек игі. Адам адамдық келбеті мен адамгершілік қасиетін сақтап қалған кезде ғана адам болып қала бермек.
4 кейс: Жеке адамның қоғамдық мәні
Әлеуметтануда тұлға – адамның әлеуметтік қасиеттерінің тұтастығы. Тұлға – әлеуметтік дамудың және жеке тұлғаның қоғамдық қатынастар жүйесіне қосылуының жемісі. Тұлға қоғамдық қатынастардың субъектісі ретінде қоғамнан белгілі бір дәрежеде тәуелсіздікпен, оған қарсы тұру қабілетімен сипатталады.
2 кезең - Жеке адамның қоғамдағы мәнін ашып көрсететін жоба құрастырыңыз.
Адам — қоғамның бірінші клеткасы. Қоғам — күрделі əлеуметтік бірлестігі. Бұл бірлестік, бұл қоғам дұрыс, жақсы даму үшін оның ішіндегі қарым-қатынастарды реттеп, басқару керек болды. Оны қоғамның объективтік даму процесінің заңдарына сүйене отырып, адамдар өздері əлеуметтік нормалар арқылы реттеп, басқарып отырады. Сондықтан мемлект пен құқық пайда болды. «Адамдар өз тарихын өздері жасайды, — деп жазды Маркс, — бірақ олар оны өз қалауынша жасай алмайды, қолындағы барды, бұрынғыдан қалған мұраны қолдануға мəжбүр болады».
Адам – қоғамның бөлшегі. Тіпті, “даланың бөрісі” деп, жалғыздықта еркін өмір сүремін дейтін адамдардың өзі саналы түрде бір ортаның мүшесіне айналады. Алдымен, елестетіп көріңіз. Сіздің университетіңізде (сынып, әріптес) тобыңызға бірлесе атқаратын топтық жұмыс ұсынды. Бұл – адамдардың рөлін анықтауға арналған ең маңызды құрал. Өйткені, жауапсыздық, көшбасшыға тән қасиеттердің барлығы осы алаңда байқалады