СөЖ №1 «Табиғи ресурстар және табиғатты тиімді пайдалану жолдары (Қазақстан бойынша)» Орындаған



бет5/5
Дата01.02.2023
өлшемі22,5 Kb.
#64405
1   2   3   4   5
Байланысты:
Документ (1)

Қайта өңдеу


Біз қолданатын көптеген өнімнің шикізаты табиғи материалдардан жасалады. Бүгінгі күні халық санының артуымен бірге артқан тұтыну осы табиғи көздердің азаюына және жойылуына жол ашуда. Табиғатта шектеулі мөлшерде табылатын осы көздердің сақталуы үшін өндірісте балама әдістер қолданылуы керек. Осы мақсатпен жүргізілген істердің бірі де қайта өңдеу. Қайта өңдеу белгілі қалдықтардың түрлі физикалық немесе химиялық өңдеуден өтіп, екінші орындағы шикізатқа айналдырылуы және қайтадан өндіру үдерісіне қосылуы деген сөз. Темір, болат, бақыр, қалайы, қағаз, пластик, аллюминий, каучук, шыны және осындай қалдықтар кері өңделеді. Айырықша электронды қалдықтар, аккумуляторлар, майлар да қайтадан өңделеді. Осы қалдықтардың қайта өңделіп қолданылуы табиғи ресурстардың азаюының алдын алады. Қалдықтардың қайта өңделуі табиғи ресурстарды қорғаумен бірге шикізат құны мен өндірісте тұтынылған энергияны да үнемдейді. Қайта өңдеудің басқа бір артықшылығы да жойылуы керек қатты қалдықтардың санын азайтуы. Осылайша әрі қалдықтардың табиғатқа берген зияны азаяды, әрі сақтау құны үнемделеді. Қайта өңдеуді дұрыс істеудің алғашқы сатысы - қалдық шыққан жерде іріктелуі. Қайта өңделетін материалдардың басқа қалдықтармен араластырылмауы және жіктеліп, арнайы жәшіктерге салынуы өте маңызды.
Қайта өңдеуге үлес қоса отырып табиғи ресурстардың сақталуына және энергия үнемдеуге көмектесуге болады.
    1. Қорытынды


Адамзат ежелгі уақыттардан бері экологиялық шараларды аңғармай жүзеге асырды. Өсімдіктерді сақтап қалу мақсатында бір аумақтан екіншісіне мал айдап көшті; балық аулайтын орындарда балықтарды жемге үйретті; аумақты дауыл құлатқан ағаштан және арамшөптерден тазартты; құстарды ұя салу кезінде, кәсіптік жануарлардың төлдеуі немесе кәсіптік балықтардың уылдырық шашқан кезінде аулауға тыйым салды.
Ғылыми-техникалық төңкеріс адамның табиғатқа ықпал ету қарқынын шұғыл күшейтті. Сондықтан адамның іс-әрекетін табиғатпен өзара әсер кезінде қатаң реттеу қажеттігі туды. Барлық елдерде адамның табиғи ортаны реттеу бойынша және табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша сансыз көп заңнамалық актілер қабылданды. Әр түрлі экологиялық шараларды жүзеге асыру үшін ең алдымен белгілі уақыт кезеңінде литосфера, гидросфера және атмосфераның терең де жан- жақты экологиялық зерттеулерін жүргізу қажет. Мұндай зерттеулер мониторинг (бақылау) деп аталады. Белгілі уақыт аралықтары арқылы бақылау, зерттеулерін салыстыру қоршаған ортадағы экологиялық өзгерістер қозғалыстарының зерзаттық көрінісін береді.
Қазақстанның табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілуі өте жоғары
және шаруашылықтың өзінің ресурсы негізінде дамытуға мүмкіндік зор. Табиғат ресурстарына жауапкершілікпен қарау, еліміздің табиғат байлықтарын сақтау, яғни табиғи ортаны қорғау, оның ресурстарын ұтымды пайдалану әрбір азаматтың міндеті.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


Интернет ресурстары


Сағымбаев Экология негіздері


Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет