СөЖ №1 Тақырыбы: Экономикалық ғылымның даму кезеңдері және ол қолданатын экономиканы талдаудың принциптері мен әдістері



Дата18.07.2023
өлшемі33,51 Kb.
#104485
Байланысты:
Абилова Арай ИС-001. СӨЖ № 1 Нарықтық эк.


Әлихан Бөкейхан университеті

СӨЖ № 1


Тақырыбы:
Экономикалық ғылымның даму кезеңдері және ол қолданатын экономиканы талдаудың принциптері мен әдістері

Орындаған: Абилова Арай


ИС-001 тобы

Семей 2023 ж.


Экономикалық теория пәнінің дамуында үш кезеңді бөліп көрсетуге болады: экономия, саяси экономия және экономикс.
Экономикалық пікірлердің қалыптасуы ежелгі заманнан басталды. Алғашқы экономикалық ой-пікірлер ертедегі Греция, Рим, Қытай, Индия сияқты елдерде Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқа да ойшылдардың еңбектерінде кездеседі.
Экономикалық теория алғашқы антикалық қоғамда «Экономия» яғни, үй шаруашылығын ұйымдастыру туралы ғылым ретінде қалыптасты. «Экономия» ұғымын алғаш ұсынған Ксенофонт. Қоғам дамуына байланысты «Экономия» ғылымы XVI ғасырдың аяғы XVII ғасырдың басында жаңа мәнге ие болып «Саяси экономия» деген атпен дамыды. Ол грек тілінде «полис» - мемлекет, «ойкос» - үй шаруашылығы, «номос» - заң деген мағынаны білдіреді. Яғни, саяси экономия – бұл қоғамдық шаруашылықтың қызмет ету заңдылықтары туралы ғылым
«Саяси экономия» ұғымын алғаш ғылымға енгізген француз ғалымы А.Монкретьен. Ғылым ретінде қалыптасқан саяси экономия бірнеше бағытта дамыды. Олар: меркантилизм мектебі, физиократтар мектебі, классикалық саяси экономистер мектебі, марксизм мектебі және бүгінгі таңдағы жаңа экономикалық мектептер (неоклассикалық мектеп, маржинализм мектебі, кейнсиандық мектеп және иниститутционализм мектебі)
Экономика ғылымының қалыптасуына үлестерін қосқан мектептердің алғашқысы - меркантилизм мектебі. Ол италиян сөзінен аударғанда саудагер, көпес ұғымын білдіреді. Бұл мектеп өкілдерінің негізгі көзқарасы бойынша мемлекет байлығының қалыптасу көздері мен нысаны - ақша, алтын, ал оның пайда болу көзі – сауда деп білді. Меркантилистердің көзқарасы бойынша тауарларды шет елден арзанға сатып алып, мейлінше қымбатқа сату арқылы елдегі алтын ақша қорын молайтуға болады. Алтын ақша неғұрлым көп болса, соғұрлым қоғамның байлығы да мол болады деп тұжырымдады.
Меркантилистік мектептен кейін қоғамда физиократтар мектебі пайда болды. (грекше физис-табиғат, ал кратос-билік дегенді білдіреді) Олардың пікірі бойынша қоғамдық байлықтың көзі саудада емес, өндірісте, соның ішінде тек қана ауыл шаруашылығында жасалады. Мектептің негізгі қалаушы Ф.Кенэ және А. Тюрго. Кенэ тұңғыш рет ұдайы өндіріс теориясына қатысты экономикалық кесте жасады. Бұл кестеде бір жылы ішінде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің ұдайы өндірістік үрдісі көрсетіледі.
Дегенмен, олардың өндірісті тек қана ауыл шаруашылығымен шектеуі және халық шаруашылығының басқа салаларын өнімсіз деп есептеуі қате пікір болады. Оны классикалық саяси экономиканың көрнекті өкілдері У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо С.Сисмонди сынға алды. Классиктер қоғамның байлығы жалпы өндіріс салаларында пайда болатындығын дәлелдеді. Олар ауыл шаруашылығымен қатар өнеркәсіптегі материалдық игіліктерді өндіру, өндеу үрдістерін жалғастыратын байланыс халыққа қызымет көрсету салаларында да жаңа құн өндіріліп қоғамдық байлық молая түседі деген қағиданы қалыптастырды. Классикалық саяси экономистердің басты жағалығы - олар еңбек-құн теориясының негізін қалады.
Еңбек-құн теориясын ары қарай маркстік саяси экономия дамытып қосымша құн туралы ілімді жан-жақты талдады. Маркстік теория бойынша пролетариат барлық еңбекші қауымды капиталистік қанаудан азат етіп қоғамдасқан социалистік өндіріс орнату тиіс деді.
XIX ғ. соңы XX ғ. басында бірнеше жаңа экономикалық мектептер қалыптасты. Олардың бірі - маржинализм (французша marginal-шекті) мектебі. Бұл мектептің негізгі өкілдері К.Менгер, Э.Бембавек, В.Визер. Олардың қарастырған негізгі мәселесі, шаруашылық қатынастарға тартылған жеке адамның іс-әрекетін субъективтік-психологиялық тұрғыдан экономикалық талдау. Яғни, кез-келген адам игіліктің құндылығын субъективті түрде анықтайды оның пайдалылығына қарай бағасын белгілейді. Экономикалық теорияның келесі бір жаңа бағыты неокласикалық бағыт. Бұл мектептің негізін қалаушы ағылшын экономисі А.Маршалл (1842-1938). Оның басты еңбегі 1890 ж жарық көрген «Экономика ғылымының қағидалары». Ол өндіріс шығындары, сұраныс пен ұсыныс, шекті пайдалылық және шекті өнімділік теориясын біріктіруге тырысады. АҚШ-та Дж. Кларк 1877-1938 шекті өнімдірілік және өндіріс факторлары өнімділігінің кему заңын тұжырымдады. Ол заң бойынша қолданыстағы өндіріс факторларының саны өскен сайын, оның өнімділігі кемиді. Сөйтіп, XIX - XX ғасырларда экономика ғылымын математикалық әдіс-тәсілдер арқылы зертеуге негізделген маржинализм мектебі пайда болды. Бұл бағыттың негізін салушылар - М. Вальрас, В.Парето және У.Джевонс.
XX ғасырдың басында Батыс елдерінде кең тараған дағдарыстық құбылыстың жиі қайталануы нарықтық механизм арқылы экономиканы дағдарыс жағдайынан алып шығудың мүмкін еместігін дәлелдеді. Осы «Ұлы күйзеліс» кезеңінен бастап экономиканы қалпына келтіру мақсатындағы көптеген бағыттар өз зертеулерін ұсынады. Солардың бірі-кейнстік бағыт. Оның негізін қалаған ағылшын экономисі - Джон Мейнард Кейнс. Оның «Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» атты әйгілі еңбегі бар. Осы еңбегінде Дж.М.Кейнс экономиканы дағдарыстан шығару үшін макроэконокалық құралдарды, тиімді сұраныс қағидасын қолданып, жұмыссыздық деңгейін төмендету шараларын ұсынады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет