СөЖ 1 XIX ғасыр қазақ әдебиеті


Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867)



бет3/7
Дата30.03.2023
өлшемі35,92 Kb.
#77828
1   2   3   4   5   6   7
Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867) Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында туған.Исатай бастаған көтеріліске қатысқан.Күрес жеңіліске ұшырағаннан кейін Баймағамбет сұлтанның қудалауына ұшырайды.Өзінің өлеңдерінде өктем билікке сес көрсеткен өршіл рух, өжет жігер сезіледі. Әсіресе Баймағамбет сұлтанға суырып салып айтқан сөздері.Ал терме-толғауларында өмір-ғұмыр жайынан өнегелі ой-пікір шертуге шебер.
Шортанбай Қанайұлы (1818-1881) ОҚО, Қаратау жерінде туған. Шығармалары ХІХ ғасырдың жетпісінші жылдарында «Бала зары» деген атпен Қазан қаласында басылып шыққан. Ақын қазақ даласына отаршылдық алып келген қайғылы хал-ахуалды, заман зарын, дін мен діл, имандылық ирімдерін өз шығармаларына өзек етті.
Мұрат Мөңкеұлы(1843-1906) Атырау жерінде дүниеге келген. ата-тегі мал баққан шаруа қазақ. Молдадан сауатын ашқан. Ақын. Айтыстарға қатысып, қарсыластарының бәрін жеңіп отырған. Ескі сөздерді, елдің шежірелерді өте жақсы білген. Орақ, Мамай, Қарасай, Қази, Қазтуған секілді батырлар жөнінде көп жырлаған. Орыс отаршылдығының озбырлылығын әшкерелеген ұлы сарынына байланысты, оның шығармалары кеңес өкіметі кезінде дұрыс бағасын ала алмады. Ақынның өлең-толғауларын жинап бастырып, 1923 жылы өзінің «Аламан» аталатын жинағында алғаш ғылыми талдау жасалған –проф.Халел Досмұхамедұлы.
Сүйінбай Аронұлы (1822-1895) айтыстың асқан шебері, ешкімге жүлде бермеген ерен ақын.Қазақ, қырғыз елдеріне аты мәлім әділетсіздіктерді әшкерелеп отырған батыл да әділ сыншы.Сондықтан да М.Әуезов С.Аронұлына,«ХІХ ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі» деген баға берген.1935 жылы І.Жансүгіровтің әзірлеуімен алғаш жинағы шықты.Кеңес тұсында ақын мұрасын профессор С.Садырбаевтың зерттеуімен баспаға шыққан.

ХІХ ғасыр ақындарын бірнеше топқа бөлуге болады.

  1. Зар заман ақындар —Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы

  2. Жыршы ақындар —Абыл ақын Тілеуұлы «Ноғайлының қырық батыры» жырын сақтап, келер ұрпаққа жеткізушілердің бірі, Жанақ ақын(«Қозы көрпеш – Баян сұлу» жырының ең таңдаулы нұсқасы осы Жанақ есімімен байланысты. Мұрын,

  3. Айтыскер ақындар —Шөже Қаржаубайұлы, Орынбай ақын, Мәделі Жүсіпқожаұлы, Сүйінбай Аронұлы, Күдеріқожа Көшекұлы, Түбек Байқошқарұлы, Бұдабай Қабылұлы, Кепірбай Бөгенбайұлы т.б.

  4. Күрескер ақындар –Махамбет, Нысанбай жырау т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет