«Еспенбет» дастанының әдеби – фольклорлық сипаты. Дастанның композициялық құрылысы. Дулат Бабатайұлы шығармашылығының даралық, суреткерлік шеберлік қырларын сөз еткенде, оның тіл көркемдігін, сөз кестесін нысанаға аламыз. Сол арқылы ақынның алғыр ойын, жүйрік қиялын, талғампаздығы мен шешендігін қатар танытатын тіл көрнекілігін толық түсінеміз. Ақынның сөз қолданысындағы шеберлік қыры, тілдегі бар сөзді орынды пайдаланумен ғана емес, оларды бейнелік құрал ретінде алмастырып, ауыстырып жаңа, тың образдар тудыруынан айқын көрінеді.Дулат Бабатайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «өсиетнама» 1880 жылы Қазан қаласында жарық көрген. Тәуелсіздік тұсында ғана Дулат Бабатайұлының шығармашылығы толық жинақталып, ақынның 200 жыл толуы қарсаңында бірнеше еңбектері жарыққа шыққан Дулат – жыраулық мектептен шығып, ақындық мектепті күшейткен суреткер. Олай дейтін себебіміз өлең сөз арқылы насихат, дидактикалық сипат пен заман, қоғам, адам жалпы философиялық қозғалысты қозғаса, ал ақындық мектепте поэзиядағы нақтылық,сынау, күйіну, сүйіну сияқты нақты суреттерге тоқталған. Көркем сөзді халыққа қызмет ететін қару деп ұғынған ақын өз шығармаларында заманының көкейкесті мәселелерін қозғайды. Ол өмір, тіршілік, тұрмыс, қоршаған орта, әлем жөнінде, өзгермелі, құбылмалы, опасыз, алдамшы, жалған дүние турасында толық тебіренеді.
Дулат шығармаларының ішіндегі ең күрделісі «Еспембет» поэмасы. Оның әлеуметтік лирика, дидактикалық поэзияға ғана емес, сюжеттік шығармаларға да шебер екендігі көрсетеді. «Еспембет» - сюжетке құрылған шағын ғана поэма. Оның көркемдік қасиеті де осы шағындығында. Көп сөзге салынбай, поэмада суреттелетін көп оқиғаны аз жолға сыйғызып көрсеткен. Елін қорғап, ел үшін жауына оқ ататын батыр ұл, елді әділ басқарушылар болса деген арман, тілектерінің сәулесі ретінде «Еспембет» поэмасы туғанға ұқсайды. Поэманың сюжеті: жетім Еспембет нағашысы Ер Қосайдың үйінде тәрбиеленеді.
Есейген соң нағашысының елінде жүруе арланып, ол өзінің туған жеріне кетуге рұқсат сұрайды.Нағашысы Қосайдың ұсынған сыйлықтарынан бас тартып, тек Ақбөрте тайды беруін сұрайды.Нағашы атасы Ер Қосай ақ батасын береді.Атасының батасын алып, өзінің туған жеріне келгесін, ағайындары ұнатпай, онша елемейді.Арада 3-4 жыл өткеннен кейін, тай Ақбөрте бесті болады. Сол елде болғаннан кейін әйгеге қосады.Сол бәйгеден жалғыз өзі озып келеді де, оның бәйгесіне тігілген жүз тайлақты бес Сыбанның ұлына Еспембет бөліп беріп,
Шақырып алып Еспембет
Ақтамберді қолбасын
Бес Сыбанның ұлына
Ортаға салды олжасын.
Жүз тайлақты есептеп
Біреуін де алмады.
Осы жолдардан-ақ өзінің ірілігін, мырзалығын көреміз. Осы оқиғадан кейін көзге түсіп, ауызға ілігеді.
Қаракерей Қабанбай, Байжігіт, Ақтамберді батырлар қалмаққа қарсы жасақ құрып, қол жиғанда, жас жігіт Еспембет те бірге аттанады.Қалмақпен шайқасқан жерде, ұрысқа алты жүз рет кіріп, талайды тұралатқан, тап сол күні жекпе-жекте қазақтан сегіз батырды бір өзі өлтірген қалмақтың батырына Еспембет жалғыз өзі қарсы шығып
Жетіп келіп Еспембет :
- Ақтамберді ер,- деді, -
Мен барамын сіз үшін,
Кезегіңді бер, -деді.
Жас санама, бас сана,
Қайратымды көр,- деді.
Ақтамберді қарт батыр
Қол жайып бата берген.
Тотан шығып жөнелді
Найзаға таққан шоқтай боп,
Ақбөрте кетті құнтиып
Садақтан тартқан оқтай боп,
Қанға сусап қалмақ тұр
Обатұғын оптай боп.
Еспембет келе сөйледі,
Ерлікке сай қайраты,
Қаруға сай амалы:
«Сен – қалмақтың қабаны.
Қарсыңа қалай жіберді
Қазақ саған баланы?
Қазақ сені қорлады,
Баладан төмен санады
Жігерің болса, қайраттан,
Баланы саған балады.
Ағаштан жұлып алмадай
Басыңды бала алады», - деп қалмақтың намысан тиіп, ащы тілімен мұқата білді. Осы сөзден кейін Еспембетке жігерленіп, қалмақты қалайда жеңу керектігін ойластырды. Сол кезде қалмақтың батыры ашуланып, тістеніп, екі ұртына қан толып, шыдай алмай Еспембетпен қылыштасады.Қылыштары жарқ-жұрқ етіп, денелері қанға боялып, екі батырдың жекпе-жектегі ерлігін Қабанбай, Ақтамберді сынды бытырлар жандарын шүберекке түйіп, ел үшін туған ерім деп Еспембетті қолдайды.Иә, күрес үстінде жеңіліс пен жеңіс бар. Біреуі озып шығатыны шындық.Қазақтар мен қалмақтардың арасындағы күресте Еспембет өзінің батырлық ерлігін көрсетіп, қалмақ батырын өлтіріп, атын олжа етеді.Осыдан кейін рухтанған қазақ қолы жөпелдемеде шабуыл жасап, қалмақтарды жеңіп, еліне қайтады.Жасынан-ақ халқының жауына қару жасап қызмет етсем деген тілегі орындалады.
Бет бұрып тізгін тартқан жоқ
Жаудың мың мен санынан.
өле-өлгенше ел болды
Еспембеттің арманы.
өзімен бірге жасады
Астындағы тарланы.
Бәрін айт та, бірін айт,
Еспембеттей ер қайда?
Еспембеттей ер туса,
Ер күтетін ел қайда?, -деп
Еспембеттің «батыр» деген даңққа жетуімен поэма аяқталады.Қай халықтың болсын адамның адамдық қасиетін көрсететін мінез - өз жері, өз елін сүю. Келешекте халқына тұлға боларлық батыр Еспембет те жастығына қарамастан аталық сөздер айтып, ақыл, парасатының жоғарылығын аңғартады. Эпостарда батырлыққа тән және бір шарт - өзіне серік боларлық атты өзі танып, тақымына басуы. Еспембет бұл сыннан да өтеді.Ақбөртені ол құлын кезінен танып, көзінен таса қылмаған.
Жігіттің батырлығын айқындайтын – оның ерлігі. Ерлік әр жерде емес, тар жерде көрінеді.«Ер басына күн туып, етегімен су кешкен, ат басына күн туып, ауыздығымен су ішкен» жағдайларда, көпшілік үшін басын бәйгеге тігіп, өліміне бел байлап, қалың қолға жол ашады, жауды жеңуге мұрындық болады.
«Еспембет» поэмасы қалмақ батырының басын алуымен аяқталады.Бұл шығарма арқылы қазақтар мен қалмақтар арасындағы күресті байқаймыз.
Жалпы, Дулат Бабатайұлының ақындық мұрасы негізінен осы алуандас жанды, бейнелі образдық жүйесімен, нақышты, кестелі тілімен, терең мағыналылығымен, сыңғыр қаққан келісімімен ерекшеленеді.