СөЖ-2 Ілгерілемелі қозғалыстың динамикасы. Жұмыс және энергия. Ілгерілемелі қозғалыстың динамикасы


Қуат. Механикалық энергия түрлері



бет3/3
Дата09.05.2022
өлшемі16,84 Kb.
#33185
1   2   3
3 Қуат. Механикалық энергия түрлері.

Жұмыстың жасалу жылдамды-ғын сипаттау үшін қуат деген физикалық ұғым енгізіледі. N=dA/dt 



dt уақыт ішінде F күш Fdr жұмыс жасайды және қуат мына шамаға тең болады: N=(Fdr/dt)= Fv

Қуаттың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшем бірлігі-ватт.

Жүйенің механикалық қозғалыс энергиясы кинетикалық энергия деп аталады. Тыныштықта тұрған денеге әсер ететін F күш ол денені қозғалысқа келтіреді де жұмыс жасайды, ал қозғалысқа келген дененің энергиясы істелген жұмыс шамасына тең шамаға артады. Соныменен, дене жылдамдығын 0-ден v-ға дейін арттыруға кеткен уақытта жүріп өткен жолында Fкүштің жасаған жұмысы дененің кинетикалық энергиясының артуына кетеді, яғни dA=dT

Ньютонның екінші заңын қолданып F=m(dv/dt), теңдіктің екі жағын да drорын ауыстыруғакөбейтсек келесі теңдік шығады: Fdr=m(dv/dt)dr=dA.



Соныменен, v жылдамдықпен қозғалған массасы m дененің кинетиткалық энергиясы T=mv 2/2 болады. (3.5) формуладан көретініміздей, кинетикалық энергия дененің массасы мен жылдамдығынан тәуелді болады, яғни жүйенің кинетикалық энергиясы оның қозғалыс күйінің функциясы болады.

Потенциалдық энергия-жүйені құрайтын денелердің өзара орналасуымен анықталатын және олардың арасындағы өзара әсерлесу күшімен сипатталатын механикалық энергияның түрі. Денелердің өзара әсері күш өрістері арқылы жүзеге асады. Осындай өрістегі олардың бір орыннан екінші бір орынға орын ауыстырған кезде әсер еткен күштің жұмысы дене қандай траекториямен қозғалатынына тәуелді болмай, тек оның бастапқы орны мен соңғы орнына тәуелді болады. Мұндай өрістер потенциалды деп аталады, ал оларға әсер ететін күштер консервативті күштер деп аталады. Мысалы, серпімді, гравитациялық күштер.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет