денсаулығын қорғау жөніндегі заң құжаттарында
айтылғандай, мүгедектер, оның ішінде мүгедек
балалар жəне бала жасынан мүгедектер
медициналы-əлеуметтік көмек алуға, оңалтылуға
(реабилитация), дəрі-дəрмектермен, протездермен,
протездіортопедиялық бұйымдармен, жеңілдік
жағдайларда қозғалыс құралдарымен қамтамасыз
етілуге, сондай-ақ, кəсіби даярлану мен қайта
даярлануға құқықтары бар.
Лев Семенович
Выготский:
«Бала бойындағы кемістігін
толықтырудың екі түрлі ерекшелігі бар, оның бірі –
бала психикасының даму шамасына орай тəрбие
талаптары, екіншісі – кемістігін қалпына
келтірудегі өз бойындағы ерекшеліктері мен
мүмкіндіктері» — деп атап көрсетеді.
Дегенмен, «ерекше» балаларды оқыту мен
тəрбиелеу жəне əлеуметтендіру күрделі
мəселе болып отыр.
Аталған балалар
категориясын қоғамға интеграциялауға
дайындаудағы жағымды бет алыстардың
алдын-алу үшін оларды оқыту, тəрбиелеу
жəне барлық өмірлік əрекеттерін
ұйымдастыруда арнаулы (түзетім) білім
берудің қазіргі проблемаларын талдаудан
шығатын жаңа теориялық ықпал
жасауды талап етеді жəне де бұл мүгедек
балаларды əлеуметтік қорғауға қатысты
медициналық, педагогикалық, əлеуметтік,
əлеуметтік-психологиялық жəне өзге де
проблемалар комплексін ескере отырып
шешілу қажеттігін туында
тады.
Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға өзгелермен бірдей білім алуға,
жұмыс істеуге, демалуға т.б. яғни қоғамдық өмірге араласуға құқық
беру қажеттігі еш күмəн келтірмейді, дегенмен, бұны шынайы түрде
іске асыру оңай еместігі белгілі. Білім алу, қоғамдық өмірге араласу,
түрлі мүмкіндіктерді игеру, мемлекет, жергілікті əкімшілік білім беру
жүйесінен қолдау таппаған жағдайда тек қағаз жүзінде ғана қалып
қояды. Арнаулы білім беру мəселелерін қайта қараудың нақты
бағыттары білім беру жүйесінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды
интеграциялау туралы ұсыныстар жəне интеграциялық оқыту
практика барысында қолға алынып, практикаға енгізіліп, жақсы
нəтижелерге қол жетіп жүрген инклюзивтік оқыту барысы жəне жалпы
білім беру мекемелерінің жанынан ашылып жатқан арнаулы (түзетім)
топтар мен логопункттер. Психофизиологиялық ауытқушылықтары
бар балалармен психологиялықпедагогикалық оқытудың тəрбиелік
сипаты, көрнекілік, жеке ықпал ету сияқты жалпы дидактика
принциптерімен қатар арнаулы педагогикадағы түзете-дамыта оқыту
жəне практикалық бағытта оқыту принциптерін басшылыққа алады.
Дегенмен, осы балалармен жүргізілген жұмыстардың нəтижелілігі
қосымша факторларға да байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |