СөЖ-2 Тақырыбы: «Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 6-сынып әдебиетіне талдау» Орындаған: Сарымсақ Камила 305-топ 3-курс студенті Қабылдаған: Қабатай б алматы, 2022ж. «Қазақ әдебиеті»


-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінің базалық білім мазмұны



бет2/4
Дата23.10.2022
өлшемі31,38 Kb.
#44990
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4
6-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінің базалық білім мазмұны:
1) түсіну және жауап беру:
әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау, шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселе, идеясы, кейіпкерлердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау, көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту;
туған өлкенің табиғаты және тарихы сипатталатын поэтикалық, прозалық шығармаларды білу; туған өлкеге арналған бір өлеңді жатқа мәнерлеп оқу, өлкетану аясында прозалық үзінділер жазудың алғашқы дағдыларын меңгеру;
2) анализ және интерпретация:
шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау, әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу, шығармадағы көркем ауыстырулар: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау;
туған өлкенің ақындары мен жазушыларының шығармашылығы туралы деректер жинау және презентация дайындау. Мәтіннің ақпараттылық, оның көркемдік, тілдік ерекшеліктері негізінен өлкетану сипаттамаларын талдау;
3) бағалау және салыстыру:
кейіпкерлерді өзара салыстыру, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру, кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру, әдеби эссе жазу, сыни хабарлама жасау.
Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:
1) «Аяз би» ертегісі;
2) «Алып Ер Тұңға» жыры;
3) Әл Фараби «Қашықтасың туған жер», «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» өлеңдері;
4) Доспамбет жырау «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын, Ақ Жайық» толғаулары;
5) Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдері, қара сөздері: «Бірінші сөз», «Жетінші сөз», «Отыз бірінші сөз»;
6) С. Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы» өлеңдері;
7) С. Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесі;
8) О. Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесі;
9) Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаяты;
10) А. Алтай «Прописка» әңгімесі;
11) Е. Жүніс «Менің атым -Тәуелсіздік» өлеңі;
12) Р. Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі, «Менің Дағыстаным» әңгімесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет