СөЖ №4 Пән: Электроника Тақырыбы: Күшейткіш каскадтар. Күшейткіш каскадтар жұмыс режимі. Орындаған: Қуантқали т топ: ау-601 Тексерген: Турусбекова Б. Ш. Семей 2018 Жоспар


Күшейткіштердің шығыс каскадтары. Күшейткіштердің жұмыс режимі



бет3/4
Дата17.10.2023
өлшемі63,18 Kb.
#116838
1   2   3   4
Байланысты:
stud.kz-88127

2. Күшейткіштердің шығыс каскадтары. Күшейткіштердің жұмыс режимі
Шығыс каскад жүктемеге жоғарғы ПәК кезінде және сызықты емес және жиілікті бұрмаланулардың минималды деңгейінде сигналдың берілген қуатын беру үшін арналған. Максималды бұрмаланбаған қуат және шығыс каскадының ПәК-і транзистор типіне, каскадтың схемасы мен жұмысының режиміне тәуелді.
Шығыс каскадтарындағы үлкен емес шығыс қуаты кезінде (милливатттан ондаған ватт үлесіне дейін) алдынғы каскадтардағыдай транзисторлар қолданылады. Орташа және үлкен қуат алу үшін қуатты транзисторлар қолданады. Шығыс каскадтарда ксбінесе ортақ эмиттермен схемалар қолданылады. Бұл жағдайда қуат бойынша сигналдың күшею коэффициенті үлкен болады, сондықтан алдынғы күшейткіштен азырақ күшеюі талап етіледі. Шығыс каскадтары біртактілі және екітактілі болып жобаланады. Р жұмыс нүктесінің жағдайына байланысты транзистордың сипаттамасында қуатты күшейткіштердің келесі негізгі жұмыс режимдері ерекшеленеді: А, В, АВ, С.
Бұл режимдерді транзистордың өтпелі динамикалық сипаттамасы көмегімен қарастыру жеңіл, яғни транзистордың шығыс тогының Iк кіріс кернеуіне (Uбэ) тәуелділігі. өтпелі сипаттаманы құру үшін шығыс Iк=f(Uкэ) және кіріс Iб = f(Uбэ) сипаттамалар жеткілікті. Шығыс сипаттамаларының құрамында жүктемелік түзуді құру және жүктемелік түзудің қиылысу нүктесінің шығыс тогының статистикалық сипаттамаларына сәйкестенетін барлық база токтарын құру жеткілікті. Осы нүктелерді кіріс сипаттамасына ауыстырсақ Iб=f(Uбэ) Uкэ≠0 болғанда, оларға сәйкес кіріс кернеулерін (Uбэ) табамыз. қандай коллектор тогына Iк кіріс кернеуінің Uбэ сәйкес екенін біле отырып, өтпелі динамикалық сипатаманы Iк=f(Uкэ) құру керек (2.4, а - в сурет).

2.4 сурет - Транзистордың шығыс сипаттамалары
А режимінде транзистордың шығыс тізбегінің тогы сигналдың барлық периоды мерзімінде өтеді. Бұл режимде Р жұмыс нүктесін сипаттаманың түзусызықты бөлігінің ортасынан таңдайды (2.5, а сурет). Ол сәйкес ауытқудың Eаутранзистордың кіріс тізбегіне берілуіне жетеді. Бұл режимде абсолютті шама бойынша ауытқу кернеуі әрқашан кіріс сигналы амплитудасынан көп болады (Eсм≥ Umax), ал тынышталу тогы I0 әрқашан шығыс тогының айнымалы бөлігінің амплитудасынан көп болады (I0≥Iшығ). Сондықтан шығыс тогының тербелісінің формасы кіріс тізбегінің сигналының өзгерісін тура қоюға мүмкіндік береді. Бұл сигналдың минималды сызықты емес бұрмалануын қамтамасыз етеді. Алайда бұл режим төмен ПәК-пен (20 - 30% ретте) сипатталады. Бұл қоректендіру көзінен күшейткішпен алынатын транзистордың тынышталу тогымен Iкр шақырылады, әрқашан пайдалы қуатты анықтайтын айнымалының амплитудасы Imшығ жоғары.
А режимі кіші сызықты емес бұрмаланулар маңызды болатын төменқуатты каскадтарда қолданылады, ал ПЭК маңызды мәні болмайды. әдетте бұл режимде алдынғы күшейту немесе төмен қуатты шығыс каскадтар жұмыс істейді.
В режимінде (2.5, б сурет) жұмыс нүктесі тынышталу тогы нөлге тең болатындай таңдалынады.

2.5 сурет - Транзистордың жұмыс режимдері
Каскадтың кірісіне сигналдың айнымалы кернеуі берілгенде оң жартылайтолқын транзистор арқылы шығыс тогының пайда болуын шақырады; кіріс кернеуінің теріс жартылайтолқынында шығыс тізбекте ток болмайды. Сонымен шығыс ток θ = π/2 қиылу бұрышымен импульстер формасында болады.
Қиылу бұрышы деп сигналдың тогы күшейткіш элемент арқылы өтетін периодтың бөлігінің жартысын атаймыз. шығыс тогының бұрмаланған формасы тым артық сызықты емес бұрмалануларды шарттайды.
В режимінде жұмыс істейтін күшейткіштің артықшылығы А режиміндегі күшейткішпен салыстырғанда үлкен ПЭК-і (60-70%) болып табылады. Ол сигналдың болмауы кезінде транзистор тогы нөлге тең, ал қоректендіру көзінің энергиясы тек сигналды күшейту уақытында шығындалады.
В режимінде сызықты емес бұрмаланулардың деңгейі жоғары, сондықтан ол осы кемшіліктердің орнын толтыратын және жоғары ПәК-те үлкен шығыс қуатын алуға мүмкіндік беретін екітактілі схемаларда қолданылады.
АВ режимі (2.5, c сурет) А және В режимдері арасындағы аралық болып табылады. Ол А режиміне (ПәК 40 - 50%) қарағанда экономды және В режиміне қарағанда кіші сызықты емес бұрмаланулармен сипатталады. АВ режимі екі тактілі қуатты күшейткіштерде қолданылады.
С режиміндегі күшейткіштерде шығыс тізбегіндегі ток кіріс сигналының периодының жартысынан аз өтеді. Күшейту каскады сигналдың болмауы кезінде және оның аз мәнінде жұмыс істемейді, сондықтан күшейткіш В режиміне қарағанда қоректендіру көзінен аз энергия алады. С режиміндегі күшейткіштер күшейтілетін сигналдың бар периодын қояды. Ол сигналды бұрмалайды. Сондықтан аж бұрмаланулармен күшейткіштерде С режимі қолданылмайды. Ол радиотасымалдағыш құрылғыларда қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет