СөЖ №4 Пән: Электроника Тақырыбы: Күшейткіш каскадтар. Күшейткіш каскадтар жұмыс режимі. Орындаған: Қуантқали т топ: ау-601 Тексерген: Турусбекова Б. Ш. Семей 2018 Жоспар



бет4/4
Дата17.10.2023
өлшемі63,18 Kb.
#116838
1   2   3   4
3. Күшейткіштердің қызметі
Күшейткіш деп кіріс сигналының қуатын арттыруға (күшейтуге) арналған құрылғыны атайды. Күшейту, энергияны қорек көзінен тұтыну есебінен активті элементтердің көмегімен жүзеге асырылады. Күшейткіштерде активті элементтер көбінесе транзисторлар болып келеді және мұндай күшейткіштерді жартылай өткізгіштік немесе транзисторлық деп атайды. Кез келген күшейткіште кіріс сигналы қорек көзінен жүктемеге берілетін энергияны басқарады. Күшейткіштің негізі болып екі элемент табылады: кедергі R және басқаратын активті элемент АЭ (6-1 сурет), кедергі Uвх кіріс сигналының әсерінен өзгереді. Активті элементтің кедергісінің өзгеруінен қорек көзінен Еп кернеуімен R-дан және АЭ тізбегінен өтетін ток өзгереді. Нәтижесінде схеманың элементтеріндегі кернеу өзгереді, сонымен бірге Uвых шығыс кернеуі де өзгереді. Дұрыс жобаланған күшейткіште Uвых > Uвхкернеу алу қиын емес.Күшейту шамасына байланысты кернеуді, токты және қуатты күшейткіш деп бөледі. Барлық күшейткіштер қуатты күшейтеді, бірақ кернеуді күшейткіш ең бастысы кернеуді күшейтеді, ал токты күшейткіште ең алдымен ток күшейеді. Күшейткіш каскадтарды Rвх және Rг шамаларының қатынасы бойынша бөлу ыңғайлы. Егер күшейткіште Rвх >> Rг болса, онда оның потенциалды кірісі бар және ол кернеуді күшейткіш болып табылады. Токты күшейткіште Rвх << Rг , яғни ол жердегі кіріс токтікі болады. Қуатты күшейткіште Rвх ≈ Rг, яғни кіріс, кіріс сигналының қорегімен дәл келеді. Сонымен қатар Rвых және Rн бойынша да кернеуді күшейткіштер (Rвых << Rн), токты күшейткіштер (Rвых >>Rн) және қуатты күшейткіштер (Rвых ≈ Rн) деп бөлуге болады.Күшейтетін сигналдарының түріне байланысты күшейткіштерді гармоникалық сигналдарды күшейткіштер және импульстік сигналдарды күшейткіштер деп бөледі. Гармоникалық немесе квазигармоникалық сигналдарды күшейту процесі олардың жиілік спектрінің өзгермеуімен, сонымен қатар барлық гармоникалық құраушыларының амплитудалық қатынастарымен анықталады.


Қорытынды
Транзисторлық күшейткіштің күшейткіштік қасиеті оның сапалы сипаттамаларымен бағаланады, оларға: кіріс және шығыс кедергісі, күшейу коэффициенті және П.Ә.К, динамикалық диапазон, жиіліктік, фазалық және ауыспалы сипаттамалар жатады. Күшейткіштің негізгі параметрлерінің бірі оның күшейту коэффициенті, кернеу бойынша, ток бойынша және қуат бойынша Күшейткіштер үшін күшейту оэффициенті әртүрлі болуы мүмкін, бірақ әрқашан. Көп каскадты күшейткіштің жалпы күшейту коэффициенті жекелеген каскадтардың күшейту коэффициенттерінің көбейтіндісіне тең: K=K1*K2*K3…KN. Күшейтуді көбінесе логарифмдік бірлік децибелмен (дБ) береді. Кернеу бойынша күшейткіш үшін Ток бойынша қуат бойынша . Орта және жоғарғы қуатты күшейткіштер үшін маңызды көрсеткіш П.Ә.К болып табылады.


Пайдаланылған әдебиеттер:
1. http://helpiks.org/5-25431.html
2. http://main.tpkelbook.com

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет