Жауаптардың толық шкаласы кафедрада/институтта әр пән бойынша бекітілуі және Univer жүйесінде «Силлабус» өрісінде енгізілуі тиіс! 3. Курстың академиялық презентациясы. Криминалистика пәнінің мақсаты болып студенттерде қылмыстарды ашу, тергеу және алдын алуда криминалистік әдіс-тәсілдерді епті және дағдылы пайдалану туралы жүйелі білім және түсінік қалыптасуы табылады.
«Криминалистика» пәнінің негізгі міндеттері түйінді құзыреттіліктермен қатар, төмендегідей арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады: криминалистиканың міндеттері жалпы, арнайы және нақтылы болып бөлінеді. Басқа ғылымдардағыдай (қылмыстық қүқық, қылмыстық процестік құқығы және т.б.), криминалистиканың жалпы міндеті құқық қорғау органдарына қылмыспен күресте көмек көрсету болып табылады. Криминалистиканың арнайы міндеттері:
• ғылымның жалпы және жеке теорияларының өркендеуі мен криминалистика пәнінің негізін қүрастыратын объективті заңдылықтарды әрі қарай өндеу;
• қылмысты тергеудегі техника-криминалистикалық амалдарды жетілдіру;
• алдын ала тергеу мен соттық тергеудің үйымдастырушылық, тактикалық және әдістемелік негіздерін жетілдіру;
• қылмыстың алдын алудағы криминалистикалық әдістер мен тәсілдерді жандандыру;
• шетел криминалистерінің жетістіктерін, отанымыздың қылмыспен күрес тәжірибесіне енгізу мақсатында өндеу.
Оқу курсының типі: ТК Мақсаты: студенттердің қылмыс жасау заңдылықтары, олардың іздерін қалыптастыру механизмі, сондай-ақ оларды анықтау, бекіту, алып қою және қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін шешуде қолдану механизмдерінің заңдылықтары туралы білуі. Мазмұны: криминалистиканың пәні, жүйесі, міндеттері мен әдістері. Криминалистикалық сәйкестендіру және диагностика. Криминалистикалық диагностика, оның түсінігі мен мәні. Криминалистикалық техниканың жалпы ережелері. Криминалистикалық фотография, бейне және дыбыс жазу. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде киноға түсіру мен бейнежазбаны қолдану. Криминалистикалық трасология. Қылмыс іздерінің түсінігі және түрлері. Криминалистикалық тергеудің пәні мен міндеттері. Трасологиядағы іздерді жіктеу. Криминалистикалық баллистика. Құжаттарды криминалистикалық зерттеу. Адамның сыртқы белгілерін криминалистикалық зерттеу (криминалистикалық габитоскопия).
Қалыптастырылатын құзыреттер: студенттердің кәсіби міндеттерді шешу тиімділігін арттыру үшін алған криминалистикалық білімдерін пайдалана білу және негізгі дағдыларын қалыптастыру.